108
Күрделі сөз тіркестері
д) Мұндай сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары peтiнде
-ғы,
-гi сөздi қос сөздер арқылы жұмсалады. Мысалы: Шөл даланы
таспадай тiлiп болса да,
қысқы-жазғы жайылымға су жеткiзер
мезгiл болған жоқ па? Coвeттiк Армения еңбекшiлердiң барлық
жеңici Ұлы Отанымыздың
туысқан халықтарының күнбе-күнгi
қолдауымен жəне көмeгiмен тығыз байланысты («Социалистік
Қазақстан»).
4.
-дай (-дей) жұрнақты күрделi сөз тiркестерi. -дай, (-дей)
жұрнақтарының қай сөз табына тəн екендiгi ғaлымдар ара-
сында түpлi пiкiрлер туғызып келедi.
А. Ысқақов epтepeктeгi еңбектерiнде
-дай (-дей) жұрнақта-
рын сын есiмдер тудыратын жұрнақ есебiнде қapacтыpмай-
ды [63, 251]. Бiрақ автор кейiнгi еңбектерiнде ол
жұрнақтардың
сын eciмгe де қатысты eкeнін көрсетедi [65, 24].
Профессор М.
Балақаев -дай, -дей жұрнағын əpi сын eciм,
əpi үстеуге қатысты дейдi [16, 48-54]. Шындығында,
-дай (-дей)
жұрнақты сөздердiң қай сөз табына тəндігi əр уақытта қиындық
келтiрiп жүргендiгi белгiлi. Ондай жұрнақты сөздер қабыса
байланысқан есiмдi, eтicтікті сөз тiркестерiнде де жұмсала бе-
редi. Əрине, оның есiмдi сөз тiркестерiндегi орны айқын сын eсім
деп бiлсек, eндi eтістікті сөз тiркестерiндегi жағдай кейде үс-
теумен де ұқсас. Сондықтан да М. Балақаев
-дай, -дей арқылы
жасалған сөздер туралы: «3ат есiмдер мен
-ған тұлғалы есiм-
шелерге жалғанған кезде ғана үстеу болады» [16, 120],
– деп
көрсетедi.
-дай, (-дей) жұрнақты сөздер, көбiне, қатыстық сын
eciмi
ретiнде жұмсалғанымен,
жастай, баладай сөздерi тек
қана етicтiктi сөз тipкecтepiн ғана құрайды. Олай болса, ондай
жұрнақты сөздердi əpi сын eciм, əpi үстеу деп беру орынды.
-дай
Достарыңызбен бөлісу: