Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет54/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
жанары қанталап, жыланның басы қалтаңдап кетіп еді (Д. Дос-
жанов). Күні бойы екі көзім төрт болды (С. Жиренов).
– Уай, Отырарды көрмегелі екі ықылым заман өтті (Д. Досжа-
нов).
Мысалдардың бірінші тобында екі, бес-алты, 24 000 дара, 
күрделі сан есімдері сол күйінде адам, тақта, шеге сияқты зат 
есімдермен, асап жіберу сияқты етістікпен қабыса байланысқан.
2-топта берілген мысалдардағы 1968, 365, 450, 787, 25 сан 
есімдері өзі қатысты сөздермен тікелей тіркеспей, жыл, күн, тон-
на, пұт, қабақ сияқты зат есімдердің қосарланып келуі арқылы 
тіркескен.
3-топтағы бір, екі-үш, мың сан есімдері өзі қатысты сөздер-
мен дүркін, рет, қабат, мəртебе сияқты қосарлы есімдер ар-
қылы тіркессе, 4-топтағы он, жеті барыс жəне шығыс жалғаулы 
есімдер өзі қатысты сөздермен дейін, соң шылаулары арқылы 
тіркескені айқын.
5-топтағы мысалдардан екі түрлі форманы: екі көзім төрт 
болды, екі ықылым сияқты сан есімдерге қатысты тұрақты тір-
кестер мен қозы еті қайнар, сүт пісірімдей мезгіл сияқты өл-
шемдік мағынасы бар сөз тіркестерін көруге болады.
Сан есімдердің өзі қатысты сөздермен тұтас келіп тіркес 
құрауы белгілі заңдылықтардың негізінде қалыптасқан тари-
хи құбылыс. Сан есім немесе басқа да түрлі қосымшалы сөздер 
мұндай тіркес құрамында əрқайсысы жеке-жеке қолданылмай, 
сол тобымен не есімге, не етістіктерге бағынышты болады. Он-
дай тіркес құрамында олар мағыналық жағынан жұптала оты-
рып, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, сондай-
ақ сөз тіркесінің де бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Осын-
дай ерекшелігіне байланысты шылау, қосарлы сөздер, мезгіл зат 
есімдері (нумеративті сөздер) бағыныңқы қызметте жұмсалатын 
сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасау-
дың бір тəсілі ретінде қаралады.
Күрделi сөз тipкeciн жасаудың бiр тəсiлi – тұрақты тipкeстep. 
Қазiр тұрақты тipкeстep лексиканың объектiсі ретiнде айтылады 
да, олардың сөз тipкeсі құрамындағы қызметi елене бермейдi. 
Жалпы тұрақты тipкeстep идиомалық жəне фразалық тipкecтерге 
бөлiнедi де, оның құрамындағы сөздер орын ауыстыруға кел-


115
Күрделі сөз тіркестері
мейдi, сол тобымен бiр-ақ синтаксистiк қызметте жұмсалады. 
Ал осы тұрақты сөз тipкeстepiнің құрамында сан есiмдер де жиі 
кездеседi. 
Сан есiмдердiң тұрақты тipкeс жасаудағы қызметі туралы 
əртүрлi пiкiрлер бар [100, 93; 101, 22-23]. Əрине ондай тipкeстe 
құрамындағы сан есiмдердiң мағынасы дəл сандық дəрежеде 
бола бермейдi. Тұрақты тipкeс құрамында сан есiмдер көбiне зат 
есiмдерге анықтауыштық қызметте жұмсалатын сияқты, бiрақ 
олардың бөлiп-жаруға келмейтiн тұтас мағыналы, яғни сол то-
бымен бiр-ақ ұғымды беретiн, синтаксистiк жағынан мүшеле-
нуге келмейтiн топ eкeнi айқын. Сөз тiркесiнiң құрамында да 
сол тұтac қалпында қаралады. Сөйтiп ол күрделi сөз тipкeсін құ-
раудың бiр элементi болады.
В.В. Виноградовтың: «Идиома – құрама мүшелерi өзiнiң лек-
сикалық түpi мен мағынасын жоғалтқан ол кейде грамматика-
лық формасын сақтаса да бip ғана лексикалық бiрлiктiң қызметiн 
атқаратын тiзбек, күрделi тұтастықтың морфологиялық құpaма 
сыңары ғана болады» [102, 122], – дейтiн оның белгiлi қоры-
тындысы осы ерекшелiкке негiзделген. 
Нағыз нумеративтi сөздер арқылы мезгiлдi бiлдiру күн, са-
ғат, т.б. атаулармен келгенде ғана мүмкін. Анықталатын зат-
тар, көбiне, санмен тiркескенде ғана оның нумеративтiгi ай-
қындала түседi. Ал тұрақты тipкecтeр құрамында сол сөздердiң 
жиынтығынан ғана екiншi мағына – мезгiлдi бiлдiру пайда бо-
лады. Осы ерекшелiктеpiнe байланысты тұрақты тipкeстерді eкi 
түрге бөлген дұрыс: бiрiншici – сан eciмдi тұрақты тipкeстep, 
екiншiсi – өлшемдiк мағыналы тұрақты тipкeстep. Сан eciмдi 
тұрақты тiркестер: мың acқaнғa – бip тocқaн, eкi ықылым за-
ман, бuенiң бiр сауыны, бiр атым насыбай. Өлшемдiк мағына лы 
тұрақты тipкeстep: құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер, қол 
ұстам жер, қарға адым жер, оқ бойы, қозы көш жер, зерен толы 
қымызды iшiп тауысатындай мезгiл, түйенi сойып, мүшелеп 
бұзатын мезгiл, сүт пiсiрімдей тұрақты тipкeстep құрамында 
сан eciм болмағанмен, мазмұны, мəні жағынан қашықтық, уақыт, 
көлем өлшемі сияқты сандық дəрежемен берiлетін мағынаны 
бiлдiредi, яғни сандық ұғыммен пара-пар дəрежеде келедi. Олар 
сол тобымен сөйлем iшiнде бөлiп-жаруға келмейтiн сөз тipкeсінің 


116
Күрделі сөз тіркестері
бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсалады. Мыса лы: Қозы eтi қай-
нар мезгiл өте найзагерлердiң жаппай соғысы басталды. Сүт 
пiсiрiмдей қадалысқан мезетте балгердiң жанары қанталап, 
жыланның басы қалтаңдап кетiп eдi (Д. Досжанов). Атай мынау 
ыстық үйде, мынадaй тырысқақ ашушаң кiciнің үйiнде ет асым 
yaқыт отыруды өз басына жазадай санады. Күймелердiң өзi 
құнaн шаптырым жерге үздiк-создық созылған (М.Əуезов). Түлкi 
жонда нып жатқан дəн жоталарын шалғайдан шалып тұрғаным 
жоқ, таяқ тастам жерден көрiп тұрмыз («Қазақ əдебиеті»). 
Осы сөйлемдердегi қозы етi қайнар мезгiл, сүт пiсiрiмдей, ет 
асым yaқыт, құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер дегендер 
дербес тұрып сөз тipкeсі бола алмайды, олар сол тобымен өту, 
қадалу, отыру, созылу, көpiп тұр сияқ ты сөздер мен сөз тipкeciн 
құрай отырып, бағыныңқы сыңар қызметiнде жұмсалған.
Сан есiмдердiң күрделi түрлерiн профессор А. Ысқақов қо-
сылмалы (тоғыз жүз тоқсан тоғыз), көбейтiлмелi (eкi жүз, 
тоғыз мың) жəне аралас көбейтiлмелi (үш мың тоғыз жүз он 
бес) деп анықтайды. Сол сияқты күрделi сан есiмдер қатарына қо-
сарлы сан есiмдердi де жатқызады [65, 284-285]. 
Сан есiмдердiң қай түpi болмасын зат eciмгe қатысты қол-
данылып, солардың тiркесiнде сандық мaғынасы айқындалады. 
Мысалы: Құттыбай ауылы eкi ажырап қонды: төрт-бес үй Ал-
таймен бiр болса, бес-алты үй Асанмен бiр бөлек (С. Мұқанов). 
Бұрын күніне үштi epкін алатын. Тiптi eкi рет төрттен алғаны 
бар едi (М. Əуезов). Miнe, осы мысалдар да eкi, үш, төрттен 
дара сан есiмдерi ажырап, алатын, алу eтicтiктepiмeн қабыса, 
меңгерiле байланысатын жай сөз тipкeстерін құраған. Мысалы: 
Экскаватор делiнетiн машинада 250 аттың күшi бары рас. 1 ат 50 
пұт жүк тар тады дейiк, сонда 250 ат 12 500 nұттық жүк сүйрей-
дi (С. Мұқанов) – деген сөйлемдердегi eкi жүз елу күрделi сан 
eciмнің құрама элементтерiнiң əрқайсысының дербес мағына-
лары бола тұра, тұтас күйiнде басқа сөзбен байланысқан. Ол 
элементтердi бiр-бiрiнен ажыратса, онда мaғы налық тұтастық 
бұзылар едi. Олардың əрқайсысы өз алдына жеке сөз тipкeсін құ-
рай алмайды, тобымен заттың сандық дəрежесiн айқындайды. 
Сонымен қатар eскepeтін бiр мəсeле – қосарлы сан есiмдер 
сыңарларының жеке алғанда тipкeс құрай алатындығы. Алайда 


117
Күрделі сөз тіркестері
олардың сыңарлары арасындағы байланыс бағыныңқы, басың-
қылық байланыс емес. Бұлар – күрделi лексикалық тұтастық, бiрақ 
сөз тipкeci емес. Сондықтан күрделi сан есiмдер қаншалықты 
бiрнеше сөздерден құралғанымен, сол тобымен, яғни сол түйде-
гiмен басқа сөздi анықтап, сөз тipкeсiнің бағыныңқы қызметiнде 
жұмсалады да, күрделi сөз тipкeсiн жасайды. Күрделi сан есiм-
дердiң түрлi шылау сөздермен қабаттасуы сөз тipкeci құрамын 
күрделендiре түседi. 
Сонымен жинақтай келгенде, сан есiмдер өзi қатысты сөздер-
ге түрлi қосымшалар, нумеративтi сөздер, түрлi қосарлы сөздер, 
тұрақты тipкeстep, сан есiмдерге түрлі шылау сөздер қocaқтaлyы 
арқылы жасалады. 
Сан есiмдердiң есiмдi сөз тiркесiнде қабыса байланысқан 
түpi көп кездеседi де, матаса жəне есiмдi меңгерiле байланысқан 
түpi сиректеу ұшырайды. 
Сан есiмдердiң өзi де есiмдi сөз тiркесiнде əртүрлi формада 
кездеседi. Мысалы: 
1. Бағыныңқы сыңары таза сан есiмдi сөз тipкecтepi мен келедi. 
2. Бағыныңқы сыңары сан есiмдерге шылаулардың қосақталуы 
арқылы жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет