Талғат сайрамбаев


Сан есiмдi сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет53/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сан есiмдi сөз тipкeстepi
Сан есiмдердің соңғы кезде ғана синтаксис, оның iшiн де сөз 
тiркесiндегi тipкecy қабiлетi, байланысу формала ры мен байла-
нысу тəсiлдерi, мағыналық топтары мен синтаксистiк қызметi ар-
найы сөз бола бастады [53; 99]. Онда да көбiне етicтiкпен тipкeci 
сөз етiлгенi болмаса, ал олардың күрделi сөз тiркесiн жасаудағы 
ерекшелiктерi туралы əзiрше зерттеулер жоқ. 
Профессор М. Балақаев сөздердiң өзара тipкecy барысын та-
рихи тұрғыдан қарау керек екендiгiн айта келiп, қазiр гi тiлдердегi 
сөз тipкecтepi жүйесi тiлдiң тарихи дамуы ның нəтижесi eкeндiгiн, 
сөз тipкecтepi жүйесiнiң дамуын сол қолдану процесiмен тiкелей 
байланыстылығын баса көрсетедi. Тiлдiң сөздiк қорының баюы, 
синтаксистiк жүйесiнiң жетiлуi сөздердiң тipкecy қабiлетiн 
кеңейтедi [45, 407]. Шындап келгенде, əрбiр сөз табының өзiндiк 
тipкecу қa бiлеттерiн айқындаудың мəнi зор. 
В.В. Виноградов сан есiмдер негiзiнде қалыптасқан сөз тiр-
кестерiнiң басқа түрлерiнен ерекше болып келе тiндiгiн айтады. 
Оның себебi деп жазады ғалым: «Сан есімдердiң басқа сөздер-
мен синтаксистiк қатынасқа түcyi ерекше болып келедi, өйткенi 
сан есiмдер құрамын да əртүрлi дəуiрлерге қатысты граммати-
калық құбылыстардың iзi қалған», – деп, оның өзiндiк ерекше-
лiгiне тоқталады. 
Miнe, осы сияқты ерекшелiктердi қазақ тiлiндегi сан есiмдер-


113
Күрделі сөз тіркестері
ден де анық байқауға болады. Сан есiмдер – затқа қатысты, соған 
байланысты өрбитiн категория. Сондықтан олар зат есiмдермен 
тipкecyгe қабiлеттi. Бiрақ олар көбiнесе санауға болатын есiм-
дермен тiркеседі. Сандар нақты зат есiмдердiң iшiнде жалпы 
есiмдермен тiркеседi де, жалқы есiмдермен, ауызекi тiлде бол-
маса тipкеспейдi. Дегенмен тiлдiң дамуының барысында сан 
есiмдер тек зат есiмдермен ғана емес, етicтiкпен де тіркeceтін 
болған. Сөйтiп олар етicтiкпен мағыналық байланысқа түсiп, eкi 
алды, екі рет алды, eкi есе орындады сияқты дербес те, түрлi 
көмекшi сөздер арқылы да тiркес құраған. 
Сөйтiп сан есiмдер – есiмдi де, eтicтіктi де сөз тiркестерiнде 
жиi кездесетiн сөз табы. 
Сан есiмдердiң өзi қатысты сөздермен түрлi формада байла-
нысатынын мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы: 
1. Сонау ақ үйлердiң бiрiнен екі адам шығып, берi қарай ке-
ледi (Т. Ахтанов). Майды уысын толтыра бес-алты асап жiбере 
алады (С. Мұқанов). Keмeнің үстін құраған 24 000 тақта бол-
ған, оның əрқайсысында бiрден 24 000 шеге қағылған (А. Машани).
2. Бiр ғана 1968 жылы Қазақстан кiтапханаларынaн алты 
миллионнан астам адам жүз жиырма төрт миллоннан астам кiтап 
алып оқыған (С. Омаров). Байқасам, бiр жылдың iшiнде 365 күнді 
қырық жылға көбейтiп, оны 450 тоннаға ұлғайтпақшы (С.Т.). 
Кең байтақ Ақмола аймағында 1854 жылы бар болғаны 787 пұт, 
25 қадақ дəнді дақыл тұқым себiлiп, одан 8230 пұт, 34 қадақ 
түciм алынған (С. Омаров). 
3. Комбинат қақпасы сəске мезгiлiнде тағы бiр дүркін ашы-
лып кeттi (F. Сланов). Қайың, сойыл, қара шоқпарлар екi-үш 
рет-ақ айқыш-ұйқыш түйicтi (М. Əуезов). Сайран мұндай сөздi 
басқалардан күнінe мың қабат eстice, елемеушi едi, дəл ол жай-
дан eстігeнінe қатты қорланып, түтігiп кeттi (Ə. Əбішев). Ол 
емес деп Абай мың мəртебе айтпады ма? (М. Əуезов).
4. – Қане, Бекен, онға дейін санашы, – деді ағасы мектепке 
биыл барған інісіне («Мəдениет жəне тұрмыс»). 
Шаш шықты жетіден соң қаптап қара,
Құлпырды құндыздай боп бара-бара («Рүстем-Дастан»).
5. Қозы еті қайнар мезгіл өте найзагерлердің жаппай соғысы 
басталды. Сүт пісірімдей мезгіл қадалысқан мезетте балгердің 


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет