Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет62/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   332
Республикасы ның Жазушылар одағында жыл сайын творчест-
волық семинар өткiзiп отыру дəстүрге айналған.


131
Күрделі сөз тіркестері
г) Iлiк жалғауы жасырын зат eciм мен iлiк жалғаулы зат eciм-
нің қабаттасуы арқылы жасалады. Мысалы: Мұ най бұрғышыла-
рының eкi кезегiн бiрге өткiзiп, үшiншi кезек басталғаннан кейiн 
қайтты (Ғ. Мүсірепов).
д) Қысқарған сөз бен iлiк жалғаулы сөздiң келуi арқылы жаса-
лады. Мысалы, Бұл жиылыс обком бюросының кең мəжiлici деп 
аталып шақырылған (М. Əуезов).
е) Қосарланып келген зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте 
жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Арттағы көштегi еркек-
əйелдердiң бəрiнiң де наразылығын, қарғысын, ашу-намысын ала 
келген сияқты (М. Əуезов). Ата -анасын, дос-жаранын сағынып 
жүретiн жандар осындай бiр сөз естiгенде, сол ата-ана, дос-
жаранының үнін eстiгендей болады (Ғ. Мүсірепов).
2. Бағыныңқы сыңары сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер-
дiң тipкeci арқылы жасалған матаса байланысқан сөз тipкecтepi:
а) Сапалық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы 
жасалады. Мысалы, Араз-құразға ынтасы мен бейiлi жоқ жай 
шаруаның ауылдары едi. Абай астында ғы күрең төбел ат – ұзақ 
жортуылдың аса сенiмдi аты (М. Əуезов). Бұл көп оқуы оның 
сыншылдық қабiлетiнiң артуына себепшi болды (Қ. Жұмаділов).
ə) Қатыстық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы 
жасалады. Мысалы, Қазақстанда Совет өкiмeтi
орнаған жылы 
Ауғанстан арқылы Батыс Европалық мемлекеттердiң бiреуiне 
қашып кетiптi (С. Мұқанов). 
3. Бағыныңқы сыңары сан eciм мен iлiк жалғаулы зат eсiммен 
қоса қабаттасып жұмсалуы арқылы жасала ды. Мысалы: Eкeyiң де 
бiр-бiр үйдiң жалғызы екенсіңдep. Соғысқа дейiн бiр қыз бетiме 
тiкe қараса, бəшірем кететiн мен байғұс аудиториядағы отыз 
қыздың алпыс көзi өзіме қадалғанда қалай шыдап тұрғанымды 
бiлмеймiн (Ə. Нұршайықов).
4. Бағыныңқы сыңары есiмдiк пен iлiк жалғаулы зат eciмнің 
тipкeci арқылы күрделi матасу жасалады. Мыса лы: Абайдың 
кигенi сондай өз елiнiң тымағы (М. Əуезов). Содан өзiм тəспiнiң 
тасына салып есептеп шықтым, əр жанның жылдық су шығыны 
бiр динар үш дихремнен тұрады екен (Д. Досжанов). Бұл оқиғаның 
аяғы айға жуық созылды (К. Тоқаев).
Матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы қызметiн-
де зат eciмнeн басқа да, яғни сын eciм, сан eсiм, есiмдiк, есiмше, 


132
Күрделі сөз тіркестері
кейде үстеу мен көмекшi сөздер де жұмсалып қалады. Ондай 
кезде iлiк септiктегi сөз дара күйде де, өздерiнiң жетегiнде басқа 
сөздермен топ құрап, күр делi түрде де жұмсала бередi. Зат 
есiмдерге қарағанда бұл сөз таптары, бiрiншiден, аз, екiншiден, 
олармен қо сақталып жұмсалатын сөз таптарының мағыналық 
байланыстары да дəл зат есiмдер қалпында емес. Оның үстіне 
бұл сөз таптарының өзiнiң iлiк жалғауында келiп жұмсалуында 
да көбiне есiмдiк, сын eciм, сан есiмдер жиiрек қолданылады да, 
басқалары сирек кездеседi. Ондай жалғаулы сөздердей қосалқы 
анықтауыш қызме тiнде жұмсалатыны да сын eciм, сан eciм, есiм-
ше мен есiмдiк.
ІІ. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сын eсiм мен қосалқы 
сыңары əртүрлi сөз таптарының бiреуiмен ке ледi. Мысалы, Салт 
аттының бəрi де желе жортып, бiр топталып, бiр шұбырып, 
iлесiп келедi. Бiр мықтының қызына ауыз сал. Райисполком ба, 
ауылшаруашылық басқармасы ма, райпотребсоюз ба, жипсырья 
ма, военкомат па, əйтеуiр орынбасарларынан кем түспе! (Ə. Нұр-
шайықов). Құла бестiнiң төбелiн де жоқ қыпты, қарай гөр өзiн! – 
дедi (М. Əуезов).
III. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сан eciм мен басқа сөз 
таптарының бiреуiмен қосақтасып келедi:
а) Ілiк жалғаулы сан eciм мен кісi аттарының бiреуi не бiр-
нешеуiмен қосақтасып келедi. Мысалы, Оған осы биылдың өзiнде 
жасаған Тригубов, Матайбаева үшеуiмiз дің бiр тəжiрибемiз 
əбден көзiмiздi жеткiздi! – дей отырып, ол соңғы бiр қызық сы-
рын ашты (М. Əуезов). Үйдегi бар шаруа Əсем екеумiздiң мойы-
нымызда (С. Жиренов).
ə) Iлiк жалғаулы сан eciммeн есiмдiктiң бiрiгiп келуi арқылы 
жасалады. Мысалы, Бұл екеуiнің таласына Ербол даурыға күлiп 
келе жатқан (М. Əуезов). Өмiрiмiзге ешбiр пайдасы жоқ сол 
дiнде бiз екеумiздің не жұмысымыз бар (Ə. Сəрсенбаев).
б) Ілiк жалғаулы сан eciм мен сын есiмдердiң түйдек телуi 
арқылы келедi. Мысалы, Еске қыpық үшiншi жыл дың қытымыр 
қысы түседi («Жалын»). Курстас қыздардың төрт-бесеуi үздiк 
жақсы, жетi-сегiзi жақсы, он шақтысы орташа оқыса, алты-жетi 
қыздың үлгерiмi мүлде нашар екeн (Ə. Нұрпейісов). Жоспардағы 
2645 тоннаның орнына 2785 тонна ет дайындалып, əрбiр сауын 
сиырдан 2046 килограмнан сүт алды («Социалистік Қазақстан»).


133
Күрделі сөз тіркестері
IV. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы есiмше жəне қимыл 
eciмi, үстеу мен қосарлы түрде жұмсалған зат eciм, есiмдiк, көсем-
ше, т.б. сөздердiң келуi арқылы жаса лады. Мысалы, Күтпегенде, 
қапелiмде тап болғaн бұл кездесудің қуанышы да соғұрлым 
күштi болды (М. Шолохов). Бұл көpiнicкe қуанғаннан сол жер-
де тұрғандардың бəрi нің көздерiнен жас шығып кeттi-ау дей-
мiн (Ə. Нұршайықов). Ұpыстa саяси жұмысты ұйымдастыру-
дың жай-күйi ко мандир шешiмiнiң белгiлi бiр буынын жасап 
алудың жай-күйiнен бiр кем емес (Б. Майлин). Жайнақ Жұпар-
дан көрген-бiлгенiнiң бiреуiн де жасырған жоқ (С. Мұқанов).
V. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы тұрақты тipкec негiзгi 
сөздермен, модаль, көмекшi eтicтік, көмек шi eciм сөздердiң түй-
дектелуi арқылы да көмекшi сөздер қатысты матаса байланысқан 
есiмдi сөз тiркестерi жасалады. Мысалы, Ал кісiлiк жағынан «бiр 
сырлы, сегiз қырлы» дейтiннiң нақ өзi (С. Мұқанов). Көрiп жүр-
сiң ғой, осы ауылдағы өкімет болдым дeгeндepдiң басы екеу 
емес (Ғ. Мүсірепов). Ақлима ойы кешке дейiн осы бiр «жайыңа 
жүр!» дегеннің айналасынан ұзай алмай қойды. Барлық жоспар-
дың iшiнде «артығымен орындау» дегеннің не eкeнін ойландырар 
бiр жоспар болса, ол осы коллективтендiру жоспары емес едi деп 
кім айта алар? (Ғ. Мүсірепов). 
VI. Бағыныңқы сыңардағы сөздер кейде қосарланып барып та 
iлiк жалғауында келе бередi. Ондай кезде көбiне зат есiмдер мол 
кездеседi. Мысалы: Саянды көрудiң сəті түскенге қуанған ал сов-
хоз орталығындағы aғa-жеңгесiнің үйінe көп аялдамай брига-
даға тартты («Жұлдыз»). 
VІІ. Кейде матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы 
сыңары ретiнде қысқарған сөздер де жұмсалады. Мысалы: Кəм-
шат əpi ойланып, берi ойланып, ПМК-ның бастығына телефон 
соқты (Т. Əлімқұлов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет