Талғат сайрамбаев


жаман; əрі оқыды, əрі жазды



Pdf көрінісі
бет101/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

жаман; əрі оқыды, əрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз 
таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да 
байланысады деушілер сөз тіркесін басқаша түсінеді. Неге сөз 
тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
1. Сөзде ондай тіркесу нəтижесінде жаңа грамматикалық ма-
ғыналар пайда болады (анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-
тауыштық). Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде 
ғана кездеседі. Ондағы сөздер біріне-бірі бағынады. Ал салала-
са байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды. Сондықтан да 
ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа жатпай-
тын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, 
мың бес жүз, оқып отыр, оқып еді тəрізді сөздер тобынан не 
салаластық, не сабақтастық элемент таба алмаймыз. Əсіресе 
мұндағы сын есім, сан есімдермен салыстырғанда күрделі етіс-
тіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші сыңары көмекші 
қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен 
бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу 
жағы көріне бастады. Осы сияқты топтарды қай топқа болсын 
жатқызу күрделі проблема. Ондай сөздер тобы негізінде күрделі 
сөздер тобын құрайтындықтан, өзара сөз тіркесі бола алмайды. 
Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркесте-
рінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.


210
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ІІ. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ 
НЕГІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
Сөз тіркесінің жалпы мəселелерімен бірге оның жеке тілге, яғни 
қазіргі тілге тікелей қатысты жақтарын жан-жақты зерттеу қажет. 
Бұл – оның байланысу формасы мен байланысу тəсілін, түрлерін, 
кейбір сөз таптарының тіркесу қабілетін жеке-жеке қарауды талап 
етеді. Біз төменде солардың əрқайсысына арнайы тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет