І. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ
Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас
сөйлем жəне күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғысын
В.В. Виноградов «Завершающей частью грамматики»
[1, 13] деп
синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік категориялардың
барлық жиынтығының шоғырланған тобы деп берген болатын.
Кейде осы күнге дейінгі синтаксистік категорияларды осы
ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық,
құрмалас сөйлем, жай сөйлем жəне сөз тіркесінің синтаксисі деп
қарастыру да кездеседі.
Əсіресе синтаксистің осы салаларының ішіндегі соңғы кезде
жан-жақты қолға алына бастаған объектісінің бірі – сөз тіркесінің
синтаксисі жөнінде қазақ тілі жəне қазақ тілі мен басқа тілдерді
салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық жəне мақала
жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мəселелері,
сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла
берілуі, тарихы сияқты мəселелер қамтылғанымен, сөз тіркестерін
мектептерде оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде
ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты
методикалық мəселелер – жан-жақты қарастыруды күтіп отырған
күрделі мəселе. Сөз тіркесінің теориясында, түркологиялық
еңбектерде бір ізге түспеген мəселелер баршылық.
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс
категория ма, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы,
олардың құрылысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы
сияқты мəселелері əлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді.
Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла
ма? деген мəселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мə-
селенің өзі тек түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша
шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.В. Ви-
ноградов, В.Н. Ярцева, Д.Ю. Кобрин, К.Н. Абервух, түркологияда
205
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
М. Балақаев, М.Х. Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде, яғни
сөйлемнің құрылыс материалы ретінде қолданылады деп дəлел-
дейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тəрізді қолданылады. Жал-
пы сөз лексика, семасиология, морфология мен синтаксистің
объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына
да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде
үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер (ТТ),
күрделі терминдер (КТ) де сол сөз сияқты өмір сүреді. Сонда сөз
де, ТТ, КТ де сөйлемде қолданысы жағынан ұқсас. Олай болса,
бұл топтар сөйлемге материал болады. Əрбір сөз сөйлемде өзі
мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың
жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады.
Сөз тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы болуының өзі оның
ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, əсіресе сөйлемнің
ойды білдірудегі алғышарты сөз тіркестері арқылы жүзеге аса-
тынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде
жұмсалатындығының негізгі шарты. Əрине, мына нəрсені де еске
алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді.
Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Əрине, ол сөйлемнің
негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі
де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем
ішінде сөйлем құрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз
тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын əрбір сөздің
келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің
негізінде айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз неме-
се күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ-де басқа
сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты
топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де аясын кеңейтеді.
Бұдан шығатын қорытынды – сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен
құрала бермейтін де жайттар бола береді.
2. Сөз тіркесі – синтаксистік единица. Орыс тіл білімінде,
сол сияқты түркологиялық білімнің алғашқы қалыптасу кезінде
де сөз тіркесі айтылып келді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөй-
лемнің синтаксисінде, кейде керісінше, жай сөйлем сөз тірке-
сінің бір нұсқасы ретінде қарастырылады. В.В. Виноградов ең-
206
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
бектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі
бір жеке объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы
күнге дейінгі орыс тілі жайлы еңбектердің барлығында син-
таксистің басты объектісі ретінде сөз тіркесі жəне сөйлем деп
берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт түрко-
логиялық əдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И. Убрятова
сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің ыңғайына қарай қарас-
тырды, осы пікірді С. Аманжолов та қолдаған-ды. Ал қазіргі
кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де синтаксистік бірлік ретінде
арнайы қарастырылып келеді. Солай бола береді. Дегенмен де
сөз тіркесінің синтаксистік единица екені туралы соңғы кезде
талас пікірлер де орын ала бастады.
А.Н. Гвоздев, Д.В. Фоменко сияқты ғалымдар, əсіресе,
соңғы ғалым «Словосочетание является ли единицей языка?»
деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға
тиіс емес деген қорытындыға келді
[2, 21]. Осы мақаланың төңіре-
гінде де бірнеше даулы мақалалар жарияланды
[3, 18]. Сол жа-
рияланған мақалаларда сөз тіркесінің единица екеніне баса назар
аударылады.
Негізінде сөз тіркесі синтаксисі – синтаксистің негізгі бір са-
ласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа
дейінгі бүкіл грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлем-
нің де іштей өз жасалу жігі, өзіндік тобы болатыны еске алынуы
керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы ғана көріне ала-
ды. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлем де
емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің
аясын кеңейту, соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал
болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде
қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін
дəлелдесе керек.
3. Номинативті мəн. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын
қызметі туралы да бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жал-
пы сөз тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының өзіндік қызметі бар.
Сол қызметі сөз тіркесінде номинативті сөйлем коммуникативті
екені туралы пікір алғаш рет В.В. Виноградовтың еңбектерінде
кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағыт-
та айтылып жүр.
207
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
В.В. Виноградов, А.С. Смирницкий, В.В. Бабайцева, А.Н. Бас-
каков [4]
сөз тіркесінің номинативті мəнін айтса, В.Г. Адмони сөз
тіркесінде номинативті мəнімен бірге коммуникативті мəні туралы
да айтады. Ю.В. Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенін жоқ-
қа шығарса
[5, 60], А. Моисеев, М. Балақаев сөз тіркесінің грам-
матикалық жағына назар аударады [6, 56]. Жалпы номинативті
мəн сөзге тəн, сондықтан да сөз заттың, қимылдың, санның,
сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен
номинативті мəн іздеудің ойға онша қонбайтынын мынадай жайт-
тардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың, сапаның ата-
уы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған
синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікті (ата-
уышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш
сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі.
Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген
сөз тіркестеріндегі əрбір бағыныңқы сөздердің əрқайсысының
өзіндік номинативтік мəні бар екені мəлім. Енді сол номинативті
мəні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мəн
пайда болды деуге келе бермейді. Демек номинативтік мəн тек
жеке сөздерге тəн, кейде ондай мəн сөз тіркестеріне формалдық
жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау,
газет, журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құралады жəне олардың əрқайсы-
сының өзіндік жасалу жолы болады. Сол тобымен тілде но-
минативтік қызметте жұмсалады. Əрине сол КТ пен сол іспеттес
синтаксис тіркестер кейде бір-біріне ұқсас та бола береді. Мына
мысалдарға назар аударайық.
үлкен
кіші
тау
биік
аласа
қарлы
тау
қарсыз
Бұлар тау сөзінің əртүрлі сындық қасиетін көрсетсе ке-
рек. Ондай сындар тау сөзінің əртүрлі қасиеттерін көрсетеді де,
өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды.
208
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің əртүрлі ерекшелігін
білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ құрайтын болса, енді
Достарыңызбен бөлісу: |