Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет100/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Кіші Ардақ əн аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жұмсалады. 
Осы сияқты номинативтік мəн тек сын есімді анықтауышты 
тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз тау қиялап жүріп 
келеміз» немесе «Өзіміздің туған жерде еңбек қарқынын артты-
рудамыз» деген сөйлемдердегі курсивпен жазылған зат есім мен 
көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған 
жер» тіркестерінің қызметі мен мəні бірдей емес. Біріншісінде 
кəдімгі еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі əннің аты ретінде 
жұмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан 
əйелдері», «Қазақстан мұғалімі», «Үгітші блокноты» сияқты 
журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық су, Адамзатқа хат
сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде 
жазылған орнында ғана номинативтік мəнге ие де, егер тұнық 
судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, 
əдеттегі анықтауыш, анықталушы сөздер тобы болып шығады. 
Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау 
ретінде жұмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі 
сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олардың тобымен бір заттың атын 
білдіруі еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады. 
Сонымен, кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер 
тобының бəрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш қызме-
тінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркесте-
ріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.
Д.В. Фоменко номинативті мəн туралы айта келіп: «номинатив-
ті мəн анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая 
березка) тəн, – дей келіп, – ал күрделі жəне құрама сөз тіркесте-
рінде (редкая критика профорга за бездеятельность) ойлану ке-
рек» – деген болатын [5,60]. Шындығында, жай сөз тіркестерінен 
номинативті мəнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз 
тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті 
мəн сөз тіркестерінің дара түріне тəн, күрделі түрі жайлы ойлану 
керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесінің 
дара, күрделі, тіпті аралас түрлері жайындағы номинативті мəні-
нен гөрі грамматикалық жағына назар аудару – негізгі принцип.
Сонымен, сөз тіркестерінен номинативті мəннен гөрі олар-
дың синтаксистік ерекшеліктерін айқындау орынды.


209
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер са-
бақтаса жəне салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарының 
арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу 
туралы пікірталасы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса бай-
ланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз 
тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады [8].
Егер сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөз-
дердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қыз-
меті мен мағыналық тобы, əртүрлі сөз таптарынан жасалуы сөз 
тіркесі дейтін ғалымдар, оларға тең дəрежеде əрі жалғаулы, əрі 
жалғаусыз Асан мен Үсен; жазушы жəне оқушы; жақсы мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет