Талғат сайрамбаев


кейінге сақтап, ол турасында лəм демеді. Ертемен кімді жұтсақ  екен деп арандарыңды ашып тұрсыңдар. Туған бөлесі Ғанидың  күні кешеге дейінгі



Pdf көрінісі
бет108/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

кейінге сақтап, ол турасында лəм демеді. Ертемен кімді жұтсақ 
екен деп арандарыңды ашып тұрсыңдар. Туған бөлесі Ғанидың 
күні кешеге дейінгі бар өмірі есінде (М. Дүзенов). Ертең бе? – 
Ол председательдің жауап беруіне де мүмкіншілік бермейді. 
Ертеңнен қалдырмаңыз (Ə.Нұршайықов). Сонымен, бұл факті-
лерден үстеулерден тек септік жалғаулы тұлғада меңгеріле байла-
нысатын тіркестер қалыптасқандығын байқаймыз. Онымен бірге, 
үстеулердің шылаулар жетегінде тіркесетін түрлері де пайда бол-
ды (Бүгінге дейінгі өмір, т.б.). Ал күшейткіш үстеулер сын есім, 
үстеулерге күшейткіш мағына берумен бірге өздері де дербес 
қолданылатын дəрежеге жетті [34,20]. Өте асықты, өте ұрысты, 
өте кейіді, тым мақтады, т.б. Бұл құбылыс тіл құрамында 
болып отыратын ықшамдау процесінің нəтижесі екендігі айқын. 
Сондай-ақ əрине үстеулердің тіркес құрау қабілетінің кеңеюін 
де көрсетеді.
Қазақ тілінде сөз тіркесінің басыңқы сыңары қызметінде есім-
дер мен етістік жұмсалатыны қалыптасқан заңдылық. Ал үстеу-
лер негізінде бағыныңқы сыңар қызметінде жұмсалатын сөздер 
тобына жатады. Алайда қазіргі əдеби тілімізде үстеулердің ба-
сыңқы сыңар қызметінде жұмсалу процесі пайда бола бастағанын 
көруге болады. Мысалы: Көзін уқалап ашқан халық бұған аң-таң. 
Əрине, одан қат-қабатта нақтылы жауап күте қою əзір ерте-
ректеу (М. Дүзенов) тəрізді сөйлемдер құрамындағы аң-таң, ер-


222
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
теректеу үстеулері басыңқы қызметте қолданылған. Бұл əдеби 
тіл құрамындағы тілдік элементтердің функциялық дамуының 
нəтижесі болса керек.
Қазіргі тілімізде көмекші сөздердің қатынасы арқылы сөз 
тіркестерінің жасалуы кең құбылыс. Дегенмен бұл құбылыс – тек 
соңғы кездің жемісі. Өйткені ескі ескерткіштер тілінде көмекші 
сөздер өте аз [35, 49], тіпті ХVІІІ ғасыр нұсқауларының тілінде 
қазіргі тіліміздегі шылаулардың көпшілігі кездеспейді [36, 146]. 
Бұдан мынадай жайды аңғаруға болады. Қазіргі тіліміздегі шы-
лаулардың кеш қалыптасуы. Қазіргі тіліміздегі көмекші сөзді 
тіркестер сала-сала ретінде қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет