401
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бір адам мен екінші адамның немесе бір топ пен екінші топтың
арасында қарым-қатынас құралы ретінде пайда болды ма деген
мəселе туындайды. Сөздердің аз кезінде сол бір сөзді сөйлемдер
өз уақтысында белгілі дəрежеде қызмет етті. Бірақ осы бір сөзді
сөйлемнің болуы үшін олардың қай сөз таптары жағынан да, яғни
не есім, не етістікті болу тұрғысынан, əсіресе, бала тілін зерттеу
арқылы ең бірінші сөйлемдер есімдер екеніне баса назар ауда-
рылмайды. Есімдердің сөйлем ретінде жұмсалуы морфологиялық
көрсеткішсіз-ақ бір уақыттарда жұмсалса керек. Ал бір сөзді
есім сөздер сөйлем бола ала ма? Оның сөйлем болу үшін не
баяндауыштық, не сөйлемдік формалық
белгілері болмағаны
айқын. Міне, бұл жағы да ойлануды қажет етеді. Негізінде бір
сөзді есімді сөздер сөйлем дəрежесінде жұмсалу үшін мына
фактіге де баса назар аудару қажет сияқты. Бір сөзді есімді сөздер
ешбір формалық белгісі болмағанымен, оған екінші фактор се-
беп болуы тиіс дейтін қорытынды жасау керек болады. Ондай
фак тор – интонация. Қазіргі кезде интонация ғылыми дəрежеде
жан-жақты зерттелінуде. Ол синтаксистік категорияның барлық
саласына толық енді. Оның сөйлемнің мағынасын ажыратуда,
сөйлемнің ішкі процесінде немесе бір сөйлемнің ішіндегі əртүрлі
сөздерге байланысты бірде жоғары, бірде төмен айтылуы да əрбір
сөздегі екпін тəрізді өзіндік орын алса керек. Тіпті, интонация жай
сөйлемдерде
ғана емес, құрмалас сөйлемнің əрбір түрінің өзінде
əртүрлі айтылатыны да бірінде ұластырушы, бірінде ажыратушы
қызмет атқарады. Кейде ондағы интонациялық кідіріс құрмалас
сөйлемнің баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай
біртүрлі болса, ал салалас құрмалас сөйлемде де оның жалғау-
лықты, жалғаулықсыз сөйлемдерінде түрлі болатындығы айқын.
Міне, интонацияның осы сияқты ерекшеліктері арқылы сөйлеу
процесінде ескертуді,
нақтылауды, өтінуді, хабарлауды, бұйы-
руды, салыстыруды, сұрауды, қорқытуды, т.б. бірнеше мағына
бере алатын дəрежеге ие боламыз. Сондықтан да қазіргі кезде
тілдік категорияларды айта келіп, соның бəріне
ортақ тағы бір
тілдік категория ретінде интонацияны баса көрсеткіміз келеді.
Қазіргі кезде интонация сөйлем құрылысының əбден жетілген
кездегі бір əдісі арқылы танылып, соңғы кезде оның рөлі ерекше
қолға алынып отыр. Профессор В.А. Артемов тəжірибе арқылы
402
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
«осторожно» деген бір сөз 22 түрлі интонациямен айтылатынын
көрсетеді [19,13]. Интонацияны жалпы сөйлеу процесімен де
тығыз байланысты қарауымыз керек. Жоғарыда айтылғандай, ең
алғашқы сөйлемдеріміз, яғни адамдардың алғашқы кездегі бір-
бірімен қатынасы бір сөзді сөйлемдер арқылы жүзеге асты деген-
де, сол бір сөзді сөйлемдерде предикативтілік көріністі жасауда
тек
интонация арқылы көрсетпесек, жеке сөз өз алдына сөйлем
дəрежесіне көтеріле алмаған да болар еді. Яғни алғашқы сөздер
сөйлемдік дəрежеге ие болуы тек интонацияның қатысы арқылы
ғана жүзеге аса алады.
Бала тілінің синтаксистік ерекшелігін арнайы зерттеген
Т.Т. Аяпова: «Бір сөзді сөйлемдер 48 қазақ баласының тілінде 55
бір типті жеке сөзді түбір сөздер болған», – дейді [20,6]. Балалар
тілінің алғашқы қалыптасуы «қарапайым синтаксис» дəреже-
сінде болса, ал тілдің де алғашқы қалыптасуы осы дəрежеде
болды деп білеміз. Оның үстіне қазіргі бала тіліндегі бір сөзді
сөйлемдердің өздерінің көп болса 48 баланың тілінде небəрі
48-ақ бір типті жеке сөйлемдер бар екені дəлелденсе, алғашқы
қоғам кезінде де осы дəрежеде деп айту дұрыс болар. Бірақ
Т.Т. Аяпова осы бала тіліндегі бір
сөзді сөйлемдер туралы ғана
айта келіп, алғашқы кезде сөз таптары болған емес,
бір дегеннен
синтаксис пайда болып, тек бала тілінің шығу барысы сөйлем
арқылы көрінеді деп мəселені біржақты ғана қарастырады. Ол
жеке сөз сөйлем болды дегенмен, дəл осы арада
сол
жеке сөздің
сөйлем болуы мүлдем жеткіліксіз екенін ашып айта
алмайды. Тек
бала тілінде синтаксистік ерекшелік басым деумен шектеледі.
Шынында, оның бұл сөзі дұрыс болар. Бірақ
сөздер сөйлем болу
үшін, біздіңше, міндетті түрде интонацияның қатысы керек,
ол оны сөйлем дəрежесіне жеткізе алады. Біздің бұл ойымызды
қазіргі тілдік фактілер дəлелдей алса керек.
Достарыңызбен бөлісу: