Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет20/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
айырмашылығын, сонымен бірге күрделі сөз тіркестерінің жа-
салу жолдарын сөз етеді. Автор жай сөз тіркестері болу үшін 
негізінде толық мағыналы сөздер болу керектігін қолдайды. 
М.З. Закиев: «...сөз тіркесі сөздерден құралады. Негізгі сөз тірке-
сінің не басыңқы, не бағыныңқы сыңары болады. Ал көмекші 
сөздердің кейбірі (шылау мен көмекші сөздердің орнына 
жұмсалған сөздер) сөз тіркестерінің құрамында олардың сыңар-
ларын байланыстыру үшін жұмсалады» [31, 105], – дей отырып, 
дербес мағынасы жоқ сөздер сөз тіркесінің бір сыңары бола ала-
тынын көрсетеді, бірақ мұндай сөздердің күрделі сөз тіркесін 
құрудағы рөлін сөз етпейді. Мысалы, автор келесі аптада қайту 
дегендегі келесі аптада – өз алдына сөз тіркесі, ал аптада қайту 
сөз тіркесі емес, өйткені бұл екі сөз келесі сөзімен бірлікте 
ғана бір мағынаға ие болады, сондықтан олар сөз тіркесінің бір 
сыңары: мұндай тіркестер іштей жай сөз тіркестеріне талдауға 
келмеуі себепті күрделі сөз тіркестері болады дейді, сөйтіп ав-
тор күрделі сөз тіркестері болу үшін тек толық мағыналы сөздер 
қатысу керек дегенге қосылады. Сонымен бірге ол татар тілінде 
күрделі сөз тіркестерінің фразалық жəне еркін сөз тіркестерінен 
жасалатындығын айқындайды. Ю. Сеидов, А.А. Абдуллаев, т.б. 
ғалымдар да күрделі сөз тіркестері туралы орыс тіліндегі прин-
ципті қолдайды [33; 43]. Соңғы кезде қазақ тілі мен өзбек тілі 
материалдарының негізінде жазылған «Түркі тілдеріндегі күр-
делі сөз тіркестері» атты кандидаттық диссертациясында 
Н. Базарбаев көмекші есім мен етістіктерді сөз бен сөзді байла-
ныстырушы дəнекер дейді. Одан ары ол қазақ, өзбек тілдерінде 
күрделі сөз тіркестерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне тəн 
бірнеше құрылымдық типтері бар екенін, оның бесеуін есімді, 
төртеуін етістікті сөз тіркесіне жатқызып, күрделі сөз тіркесте-
рінің тоғыз түрлі жасалу жолын көрсетеді [44]. Автор кейбір 
қосымшалар мен есімшелердің қызметі туралы айта келіп, Қа-
зақстанның орталығы орнағанға дейін Алматының халқы суды 
арықтан ішкен. Қазақстан орталығы орнағанға дейінгі Алма-
тының халқы суды арықтан ішкен деген екі сөйлемнің бірін-
шісіндегі орнағанға дейін – баяндауыш қызметінде, автордың пі-
кірінше, ол – жай сөз тіркесі, ал екінші сөйлемдегі орнағанға 
дейінгі дегендегі -гі жұрнақты түр анықтауыштық қатынасқа ауы-


47
Күрделі сөз тіркестері
сып, күрделі сөз тіркесін құрайды [44, 34]. Бұл арада автор мəсе-
лені дұрыс көрсеткенімен, өзінің бастапқы, күрделі сөз тіркесі 
болу үшін толық мағыналы сөздер болу керек деген пікіріне 
қайшы келіп отыр.
Ю.М. Сеидов «Словосочетания в азербайджанском языке» 
деген еңбегінде сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығын айта ке-
ліп: «Евэ тəртэф кетмəн» сияқты ішінде көмекші сөзі бар үш 
сөзден құралған сөз тіркесінде екі-ақ сыңар бар деп, көмекші 
сөздердің қызметін елемейді. Көмекші сөздердің сөз тіркесі 
ішінде жұмсалатындығын айтқанымен, ондағы қызметін елемей, 
сөйлемнің ішінде тұрған еш сөзге қатысы жоқ сияқты сөздер 
деумен шектеледі [33, 15].
Қазақ тіліндегі сөз тіркесін жүйелі түрде зерттеп келе жатқан 
профессор М. Балақаев 1961 жылы жарияланған «Структур-
ные особенности словосочетания в тюркских языках» [45]
деген 
мақаласында қазақ тіліндегі жəне басқа да түркі тілдеріндегі сөз 
тіркестерінің құрылымдық ерекшеліктерін арнайы сөз еткен.
Жалпы тіл білімінде сөз тіркестерінің құрылысы туралы 
бірсыдырғы айтылып келеді. Алайда сөз тіркестері құрылысы-
ның түрлері мен ондағы сөз саны туралы мəселеде пікір ала-
лығы кездеседі.
Кейбір ғалымдар күрделі сөз тіркесі болу үшін кемінде үш 
немесе одан да көп толық мағыналы сөздер қатысуға тиіс дейді. 
Осы пікірді В.В. Виноградов пен оның шəкірттері де қолдайды. 
Енді бір зерттеушілер бұл пікірді толығымен қолдай отырып, сөз 
тіркестері аясының кеңеюіне дербес мағынасы жоқ сөз таптары 
да қатысады дегенді айтады.
Сөз тіркестерінің құрылысы туралы орыс тіл білімінде ар-
найы мəселе көтерген В.В. Виноградов сөз тіркесін құрау үшін 
тек толық мағыналы сөздер ғана қажет десе, М. Балақаев күр-
делі сөз тіркесіне толық мағыналы сөздермен бірге көмекші 
сөздер де қатысады дейді.
Күрделі сөз тіркесі болу үшін кемінде үш немесе одан да көп 
дербес мағыналы сөздер қатысады деген пікір ойға қонымды.
Н.Н. Прокопович, В.П.Сухотин жəне басқа да кейбір ғалым-
дар В.В. Виноградовтың сөз тіркесі туралы пікірлеріне сүйеніп, 
күрделі сөз тіркесін тек толық мағыналы сөздер ғана жасайды 


48


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет