Күрделі сөз тіркестері
тінде жұмсалатын дəрежеге ие болды. Сонымен, қазіргі кездегі
қысқарған сөздер де, тарихи жағынан алғанда, сөз тіркестері
негізінен пайда болған.
Сонымен қысқарған сөздер:
1. Тілдегі арнайы сөз тіркестері болатын сөздердің негізінде
пайда болған.
2. Бұрын еркін сөз тіркестері болғанымен, енді түрлі форма-
да қысқаруының нəтижесінде сөз тіркесі формасынан бүтіндей
өзгеріп, бір-ақ сөздің мағынасын береді.
3. Сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
4. Сөз тіркесінің бір сыңарының қызметінде жұмсалады.
Қос сөздер қазақ тілінде екі сөздің қосарлануы арқылы жаса-
лып, бір күрделі лексикалық мағына тудырады.
Н. Сауранбаев қазақ тіліндегі қос сөздерді бес топқа бөліп
көрсетеді [2, 64].
1. Мəндес қос сөздер (қыз-келіншек, келін-кепшік).
2. Қайшы мəндес қос сөздер (үлкен-кіші, ыстық-суық).
3. Қайталама қос сөздер (тау-тау, бара-бара, бес-бестен).
4. Сыңар мəнді қос сөздер (алай-дүлей, кəрі-құртаң, өте-
мөте).
5. Қоспа буынды қос сөздер (ап-ауыр, ұп-ұзын, тəп-тəтті).
Қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ор-
тақ [36, 126].
Бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі
сөзден құралатындығы, оның əрбір сыңарының кейде толық ма-
ғыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі. Алайда кей-
бір зерттеушілер екі сөзден құралатындығына сүйеніп, қос сөз-
дерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызады.
Кейбір еңбектерде қос сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың
сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы барлығын көрсе-
теді.
Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз
тіркесіне жатпайды. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы бол-
ғанымен, бір сөздің орнына қолданылады.
Қос сөздердің əрбір сыңары басқа тілге калька бойынша ау-
дарылмай, тек мағынасы жағынан аударылады. Қос сөздердің
сыңарларының мағыналық жағынан жақындасқандығы сонша-
лық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты, айтуда арасына кідіріс
38
Күрделі сөз тіркестері
(пауза) жасап айтуға болмайды [37, 90]. Осылай екені сөзсіз. Де-
генмен мына жайды да ескеру керек.
Қос сөздердің əрбір сыңары, жоғарыда айтылғандай, мағы-
налы да, мағынасыз да болуы мүмкін. Бір сыңары өздігінен мағына
бере алмайтын қос сөз тіркесі бола алмайды деген пікір дұрыс.
Ал ата-ана, қызыл-жасыл, бара-бара, күні-түні сияқты əрбір
сыңары толық мағыналы қос сөздерді де сөз тіркесіне ұқсас деп
айту қиын. Өйткені қос сөздердің қай түрі де бір-ақ ұғымды біл-
діреді. Олар біріне-бірі бағыныңқы-басыңқылық қызметте жұм-
салады.
Сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мəселесінің бірі – күрделі
сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығы. Бұл мəселе тіл-
тілдердің барлығында да арнайы зерттеліп жүр. Күрделі сөз бен
сөз тіркесі құрылымы жағынан алғанда ұқсас екені белгілі. Мы-
салы, Екі басында екі пұттық гирдей домалақ темірі бар сом
тұтқасын айналдырып тұрған жалпақ бетті, қошқар мұрынды,
қалың ерінді зор қара жігіт Матвей Степановичтің əніне қосыл-
мақ болды (Ə. Сəрсенбаев). Сұлулық жерден өніп, көктен жау-
ған, Тапқан ол тыныштықты таза ауадан (І. Жансүгіров). Осы
сөйлемдердегі қошқар мұрынды, жалпақ бетті, қалың ерінді –
күрделі сын есімдері, жерден өну, көктен жауу, тыныштықты
табу – жай сөз тіркестері. Бұлардың əрқайсысы екі-үш сөзден
жасалған. Алайда сөз тіркесінің құрылымында айырмашылық
бар. Мысалы, тыныштықты табу, жерден өну, көктен жауу
деген сөздер бірі басыңқы, бірі бағыныңқы қызметте жұмсалып,
меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрап тұр. Ал жалпақ бет-
ті, қошқар мұрынды, қалың ерінді деген күрделі сын есімдер осы
қалпында сөз тіркесі бола алмайды, өйткені олардың əрқайсысы
біріне-бірі басыңқы-бағыныңқы қызметте жұмсалмай, екеуі бі-
рігіп, басқа бір сөзді анықтап, бағыныңқы қызметте жұмсалып
тұр. Бұлардың бағыныңқы қызметте жұмсалып, күрделі сөз жа-
сауында -ды/-ді жұрнағының да тікелей əсері бар. Жалпақ бет,
қошқар мұрын, қалың ерін деп, -ды/-ді жұрнағын қоспай айтсақ,
бұл сөздер бірі бағыныңқы, бірі басыңқы қызметте жұмсалған
жай сөз тіркесі болар еді. Сонда өз алдына жай сөз тіркестері
енді -ды/-ді жұрнақтарының əсерінен күрделі сөзге айналған.
Сөйтіп құрылымы жағынан күрделі сөздер сөз тіркестеріне
ұқсас, ал мағыналық жағынан олардың əрқайсысының өзіндік
39
Күрделі сөз тіркестері
ерекшеліктері бар. Айталық, күрделі сын есімдер қаншалықты екі
сөзден құралғанымен, бір ғана мағынада заттың сынын білдіреді.
Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажыратуда мына сияқты мəсе-
лелерге көңіл бөлген жөн.
1. Əрбір сөз табының күрделі түрі, оның жасалу жолдары.
2. Жалпы күрделі сөздер, олардың түрлері, бір-бірінен айыр-
машылығы.
3. Күрделі сөздердің сөз тіркестерінің жеке сыңарларынан
жəне бүтіндей жай сөз тіркестерінен айырмашылығы.
4. Олардың мағыналық ерекшеліктері, т.б.
Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесі Н.Н. Прокопович, Н.И. Фи-
личева, Ю. Сеидов, А. Хаджиев, М. Балақаев, А. Ысқақов, К. Аха-
новтардың еңбектерінде арнайы сөз болады.
Əзірбайжан ғалымы Ю. Сеидов күрделі сөз бен сөз тіркесте-
рінің айырмашылығымен бірге, бұл екі категорияның бір-біріне
ұқсастық жақтарын да қарастырады.
Біріншіден, мұнда автор күрделі сөз де, сөз тіркесі де екі сөздің
бірігуінен жасалады деп көрсетеді. Бұған біз де қосыламыз. Бірақ
олардың өздеріне тəн белгілерін ажыратып алу керек. Күрделі
сөзде екі сөз бірігіп бір-ақ мағынаға ие болса, сөз тіркесін екі
сөздің бірігуі дегеннен гөрі, екі сөздің тіркесі ретінде қарастыру
қажет. Олай болса, Ю. Сеидовтың сөз тіркесі мен күрделі сөздер-
дің құрама сыңарлары бірыңғай формадағы бірыңғай сөз тапта-
рынан жасалады дейтін пікірі сын көзбен қарауды қажет етеді.
Өйткені бұл пікірге қарағанда, күрделі сөз бен сөз тіркесінің əрбір
сыңарлары бір сөз табынан жасалатын сияқты. Оның үстіне олар
тек бір грамматикалық формада жұмсалатын категория делінеді.
Мысалы: қызыл ала, он екі, оқып отыр сөздері əрқайсысы бір
сөз табынан, яғни сын есім, сан есім, етістіктен құралған. Алайда
күрделі сөздер əр уақытта бір сөз табынан құралмайды, оған таяқ
жеу, ала жаздай, құрмет қыл, бас бұзар [38, 72] сөздері дəлел
бола алады.
Екіншіден, сөз тіркестері тек бір ғана сөз таптарының шең-
берінде келеді деу де біржақты. Алтын сағат, темір күрек, оқып
айтты сияқты сөз тіркестері бір ғана сөз таптарына жататын
компоненттерден құралғанымен, əртүрлі сөз таптарынан жасал-
ған сөз тіркестері де тілімізде аз кездеспейді.
40
Күрделі сөз тіркестері
Ал Ю. Сеидовтың күрделі сөз бен сөз тіркестерінің əрбір
сыңары бір грамматикалық формада жұмсалады деуі де тілдік
фактілермен дəлме-дəл келе бермейді.
Үшіншіден, автордың сөз тіркесі мен күрделі сөздердің құ-
рама сыңарларының орналасуы бірдей болып келеді жəне күр-
делі сөз бен сөз тіркесінің құрама сыңарлары грамматикалық
бірыңғай байланысқа түседі деуі де ойланарлық. Сөз тіркестері
əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсіл арқылы байланыса
алатын болса, күрделі сөздерде, көбіне, орын тəртібі басым
болады.
Сонымен, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олар-
дың жасалу жолында емес, сөз санының көлемінде. Саны жағы-
нан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сы-
ңарларының өзіндік ерекшеліктері тұрғысынан оларда ұқсастық
жоқ. Өйткені сөз тіркесінің əрбір сыңары толық мағыналы, син-
таксистік қызметі бар, біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы қызметте
жұмсалуға тиісті сөздер болса, күрделі сөздердің сыңарлары кей-
де толық мағыналы, кейде дербес мағынасы жоқ сөздер де бо-
лады, олардың арасында сөз тіркесіндегідей толық грамматика-
лық байланыс жоқ. Сол тобымен бір-ақ сөз табы қызметінде
жұмсалады.
Бұл екі синтаксистік топтың өзара айырмашылықтары жөнін-
де Н.И. Филичева:
1. Күрделі сөз сөз тіркесіне қарағанда лексикалық мағына
жағынан біртекті.
2. Сөз тіркесі – синтаксистік категория, күрделі сөз – сөз
жасаудың бір түрі.
3. Сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары дербес, бірақ өзара син-
таксистік байланыста болса, күрделі сөздер өзара тығыз мағына-
лық байланыста тұрады.
4. Сөз тіркестері бір-бірімен берік синтаксистік байланыста
құралса, күрделі сөзге синтаксистік қатынас міндетті емес.
5. Сөз тіркесі мен күрделі сөз формасы жағынан ұқсас дейді.
К.Аханов сөз, яғни күрделі сөздің сөз тіркесінен айырмашылы-
ғын ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұ-
тастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгі-
41
Күрделі сөз тіркестері
лері аталып жүр дей келе, осы үш топтың əрқайсысына жеке-же-
ке тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |