І. Семантикалық тұтастық белгі. 1. Күрделі сөз құрамын-
дағы əрбір сыңарлардың мағыналық жəне грамматикалық дер-
бестілігі күңгірттенеді.
2. Сондықтан оның əрбір сыңары жеке-жеке мағынаны біл-
дірмей, сол жинағымен немесе тобымен бір-ақ мағынаны білді-
реді. Мысалы: қолғап. ІІ. Морфологиялық тұтастық белгі. Күрделі сөз де жалаң
сөз сияқты көптеледі, септеледі, жіктеледі, ондай кезде оның
сыңарларының əрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде
түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Автор А.И. Смирниц-
кийдің пікірін қолдай келіп, тіл біліміне тұтас тұлғалану жəне
ажыратыла тұлғалану деген терминді енгізді де, тұтас тұлғалану
күрделі сөзге тəн де, ажыратыла тұлғалану сөз тіркесіне тəн де-
ген қорытынды жасайды.
Осының ішінде сөздің тұтас тұлғалануының арасына басқа
да сөздерді сала беруге болады деп А.И. Смирницкийдің пікірін
профессор К. Аханов та қолдайды.
ІІІ. Синтаксистік тұтастық белгі.Күрделі сөз: 1) оның сы-
ңарларының арасында синтаксистік қатынастар сақталмайды;
2) күрделі сөздің құрамындағы əрбір сыңар сөйлемде өз алды-
на дербес мүше бола алмайды, мұндай қызметті (сөйлемге мүше
болу қызметін) күрделі сөз тұтас күйінде атқарады; 3) күрделі
сөздің əрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен қатынасқа
(байланысқа) түсе алмайды, күрделі сөз мұндай байланысқа
тұтасқан күйінде ғана түсе алады [37, 54-63].
Ю. Сеидовтың күрделі сөздің бір сыңарында ғана екпін бо-
лып, екінші сыңарында екпін болмайды деуі біржақты пікір. Бұл
пікір көбіне жүріп еді, айтып жүр сияқты күрделі етістіктер
ыңғайында ғана дұрыс. Ал сан есім, сын есімдерден жасалған
қызыл ала, түлкі тымақты, он екі, алты жүз, жиырма бес сияқ-
ты күрделі сөздерде екпін бірінде басым, екіншісінде солғын емес.
Осы пікірлерді қорыта келгенде, күрделі сөз бен сөз тіркес-
терінің арасындағы айырмашылықтарды мына төмендегіше бө-
луге болады: