р/с Күрделі сөз
Сөз тіркесі
1
Күрделі сөз – сөз жасаудың бір
түрі.
Сөз тіркесі – синтаксистік
категория.
2
Күрделі сөздің əрбір сыңары
бір-бірімен тығыз мағыналық
байланыста айтылады.
Сөз тіркестерінің сыңарлары бір-
бірімен синтаксистік байланыста
болады.
3
Күрделі сөздің əрбір сыңарында
жеке-жеке мағына болуы да,
болмауы да мүмкін. Бірақ оның
сыңарларының жеке-жеке
мағынасы болғанымен, тұтас
сөздің мағынасы сыңарларының
мағынасынан гөрі күңгірттеу
болып келеді.
Сөз тіркесінің əрбір сыңарының
мағынасы айқын болады.
4
Күрделі сөздің əрбір сыңарына
жеке-жеке сұрақ қойылмайды,
ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап
береді.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
дербес сұраққа жауап береді.
5
Күрделі сөздің əрбір сыңарының
орны жылжымалы емес,
тұрақты.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
дербес сұраққа жауап береді.
6
Күрделі сөздің тұтасымен
морфологиялық өзгеріске
ұшырамайды. Яғни оның
əрбір сыңары жеке-жеке
морфологиялық өзгерісте
болмайды, сол тобымен
тұлғаланып көптеледі,
септеледі, жіктеледі.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
түрлі мор-
фологиялық өзгерістерге
ұшырайды.
7
Күрделі сөз тұтасымен басқа
сөзбен синтаксистік байланысқа
түседі.
Сөз тіркесінің əрбір сыңары
жеке-жеке синтаксисік
байланыста жұмсалады.
3. Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері
Дербес мағыналы сөздердің сөз тіркесін күрделендірудегі
қызметі. Жасалу жағынан келгенде алғашқы академиялық грам-
матикада күрделі сөз тіркестері бірнеше сөзден келгенімен, олар-
ды іштей бірнеше байланысу формаларына қарай жіктемейді.
Екінші академиялық грамматикада, керісінше, бір күрделі сөз
43
Күрделі сөз тіркестері
тіркесінің өзінде қиысу мен қабысу, қиысу мен қиысу, меңгеру
мен қабысу, əртүрлі формадағы қабысу сияқты іштей бірнеше бай-
ланысу формаларына жіктейтін сөздер тобы шыға береді. Бірақ екі
академиялық грамматикада да сөз тіркесінің күрделі түрлері мен
толық мағыналы сөздердің ыңғайында жасалатындығы айтыла-
ды. Бұған қарағанда сөз тіркесінің құрылысы жайлы мəселе орыс
тіл білімінің өзінде толық шешілді деп айту əлі ертерек сияқты.
Сөз тіркесі құрылысын зерттеудің теориялық та, практикалық
та мəні зор. Оның өзі жай жəне күрделі сөз тіркестеріне де тəн.
Əрбір сөз тіркесінің кез келген сыңарын білу үшін, ең алдымен,
оны құрайтын элементтерін білу қажет. Ал оның құрамында дер-
бес мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздер де болуы мүмкін.
Дербес мағыналы сөз таптары ғана (көбіне) жай сөз тіркестерін
құрай алады. Сонымен бірге, бұл сөз таптары – күрделі сөз тіркесін
жасаудың негізгі материалы. Яғни күрделі сөз тіркесін жасау-
да əр сөз табының өздеріне тəн ерекшеліктері айрықша қызмет
атқарады.
Сол сияқты сөз тіркестерінің байланысу формалары арқылы сөз
таптарының морфологиялық өзгерістері, ал олардың байланысу
тəсілдері арқылы əрбір сөз табының мағынасы айқындалады. Сөз
тіркесін құрауда сөз таптары – басты элемент, бірақ сөз тіркесінің
түрлерін ажыратуда олардың да арақатынасы бірдей емес. Сөз
тіркестерін құруда зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімшелер
затқа қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз, көсемше, т.б. сөздер
қимылға қатысты, яғни солармен тіркесуге қабілетті болып келеді.
Бұдан қай сөз табының қай сөз табына қатысты екені айқындалады.
Жалпы алғанда сөз тіркестерінің əрбір сыңары арқылы жеке сөз
табын, оның морфологиялық өзгерісін, құрылымдық жүйесін,
тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен дербес мағынасы
жоқ сөздің рөлін, т.б. айқындауға мүмкіншілік туады. Мұның өзі
морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Орыс тілі мен түркі тілдері əдебиеттерінде сөз тіркесін жай, күрделі
деп бөледі де, олардың күрделенуі жөнінде түрліше көзқарастар
байқалады. Біріншіден, Ю. Шведова, Н.А. Баскаковтардың пі-
кірлері бойынша, күрделі сөз тіркестері болу үшін бірнеше сөздер
болуға тиіс те, оларды іштей бірнеше байланысу формаларына
талдауға болады дейді. Екінші пікір бойынша, ондайда бірнеше
|