Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет203/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тауыш-анықталғыш, пысықтауыш-пысықталғыш жəне тура то-
лықтауыш пен толықталатын құрамда келетініне баса назар ау-
дарады. Бұл жағынан келгенде, автордың тұрақты тіркестерді 
сол қалпында ғана біржақты талдауы басым. Бұл талдау бойын-
ша, осы ереже тұрақты тіркестердің өз ішіндегі синтаксистік 
ерекшелігі болып табылады. Дегенмен тұрақты тіркестердің 
контексте ғана барлық қызметі айқындалуы тиіс. Сондықтан да 
олардың сөйлемдегі қолдану, жұмсалу ерекшеліктеріне де на-
зар аудару қажет болады. Осы күнгі əдебиеттерде көбіне оның 
ерекшелігін ашу – басты мақсат болса, негізгі мəселенің бірі –
тұрақты тіркестердің сөйлемнің ішіндегі қолдану ерекшеліктерін 
айқындау болып табылады. Ондай кезде тұрақты тіркестердің 
ішкі ерекшелігінен гөрі, енді олар екі, үш, тіпті бірнеше сөздерден 
болғанымен, олардың соңғы сыңарының ғана морфологиялық 
құрамын айқындау керек. І.Кеңесбаев бұл мəселе жөнінде тек 
екі-үш мысалдың төңірегінде, олардың соңғы сыңарының басқа 
сөздермен тіркесуі кезінде өзіндік өзгеріске ұшырайтынын айтып 
өтті. 
Сөйлемге қатысты сөздер сөйлемде қандай морфологиялық 
өзгерістерге ұшыраса, тұрақты тіркестер де морфологиялық жа-
ғынан өзгеріп отырады. Тұрақты тіркестер мұндай өзгерістерге, 
түптеп келгенде, бұдан басқа да түрлі өзгеріске түрлене алады. 
Тұрақты тіркестерде тұлғалық жағынан ең көп кездесетін – нөл-
дік форма. Нөлдік форма дегенде біздің негізге алып отырғаны-
мыз екі, үш, тіпті одан да көп сөзді тұрақты тіркестердің ең соңғы 
сөзінің тұлғасына баса назар аудару. Əрине, ондай құрамды сөз 
тіркесінің соңғы сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімше де бола 
береді. Нөлдік тұлғадағы тұрақты тіркестердің соңғы сөздері 
көбіне өзі қатысты сөздің алдында тұрып, қабыса байланысқан 
анықтауыштық қатынаста жұмсалады: кəнігі жау, кəрі құлақ, 
кебеже қарын, шұбар төс, көлденең қонақ, көлденең кісі, қанды 
балақ, қан базар, құлан таза, айқабақ алтын кірпік, айқай дүние, 
ай дүние, айшылық алыс жер, дудар шаш, жүрісі суық, көнтек 
ауыз, көл иесі Қамбар, соқыр тауыққа бəрі бидай, шала оқу, шала 
байлық. Мысалы: Бұлар өз қолымен талай жанды өлтіріп, өзі де 
талай өлімнен қалған, қанқұйлы кəнігі жау (Ə. Нұрпейісов). 
Барақтың қанды балақ жендеттері, Төндіріп даламызға өртін, 


412
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
зілін (Қ. Бекхожин). Жұрт арасындағы лақап сөз кімнің керегін 
өтер еді (А. Тоқмағанбетов).
Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер де біршама баршылық: 
жауыр сөздер, зəр ішкірлер, күндес қатындар, сары тіс сақа 
айғырлар, шиеттей балалар, жылау күндер, бұлау күндер, көңіл 
жұбатарлар, иттен де сүйек қарыздар. Мысалы: Жаттан-
ды, қолдан қолға өткен, бедері кеткен ескі тиын секілді жа-
уыр сөздер оқушыны селт еткізбейтіні заңды («Лениншіл жас»). 
Емініп артыңнан қалмайды, асыңды ішкізбейді, зəр ішкірлер 
(М. Əуезов). Күндес қатындар сотқар етіп асыраған балалар жетім 
балаға жекіп, жер тезектей тепкілеп, əрқайсысы бір сабай берген 
(Қ. Əбдіқадыров). Тек мына биелер мен сары тіс сақа айғырлар 
күн райының бұзылғанын басқа жылқылардан бұрын сезді 
(Ə. Нұрпейісов.) Көптік жалғаулы тұрақты тіркестер сөйлемде 
көбіне баяндауышты керек етіп, субъектілік предикаттық мағына-
да жұмсалады. Көптік жалғаулы тұрақты тіркестердің соңғы 
сөздері көбіне есімдер болып келеді.
Тəуелдік жалғаулы тұрақты тіркестер де мол кездеседі. Ол 
кезде олар екі-үш сөзді де бола береді. Ондай тұрақты тіркестер-
дің бағыныңқы, басыңқы сыңары да көбіне есімдер болып ке-
леді. Тұрақты тіркестер тəуелдік жалғаулы болғанда əр жақта 
жұмсалады да, олар ілік жалғауының ашық жəне жасырын 
түріндегі сөздермен де тіркесе береді: соқырдың тілегені екі көзі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет