Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет200/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   332
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
екі топтағы сөздер сөйлемде еркін немесе бірі екіншісіне іргелес 
тұруы арқылы байланыса барып жұмсалса, оқшау сөздер сөйлемге 
элемент болуы сөйлемде жеке бір сөздерге қатысы арқылы жүзеге 
асады. Бұған қарағанда, сөйлем құраудағы басты тұлға делінетін 
сөз таптарының өзі сөйлемге элемент болуда арақатынасы бірдей 
емес екендігін көруге болады. Мұның өзі ол сөз таптарының 
қолданудағы ерекшелігінен туса керек.
Сонда бір сөздер сөйлемге арнайы элемент ретінде жұмсалса, 
енді бірде ол сөз ретіне қарай жанама немесе көмекші қызмет 
атқаратынын көруге болады. Əрине, бұл жерде одағай, қыстырма, 
қаратпа сөздердің де сөйлемге қатысында іштей ерекшеліктері 
бар екені айқын. Ал ол сөздерге қарағанда дербес мағыналы не-
месе оларға түйдектеліп жұмсалатын көмекші сөздердің қатысы 
бірдей деп айта алмаймыз. Сонымен, сөйлемге элемент ретінде 
қатысатын сөздер дара тұрып та немесе бір сөзге селбесіп те 
бүкіл сөйлемнің өн бойына қатыстылығы арқасында ғана эле-
мент бола алады екен. Бірақ біз бұл жерде негізінен сөз таптары 
туралы ғана сөз етіп отырмыз. Ал сонда сөйлемге элемент болу 
тек сөз таптарының үлесіне ғана тиеді ме? Сөйлем тек солардан 
ғана құралады ма? Шындап келгенде, сөйлем құрауда сөз таптары 
70-80% басты тұлға болғанымен, кейде оның аясын кеңейтуде 
басқа сөздердің де қатысы айқындалуы керек. 
Синтаксистің көптеген мəселелері жете зерттелгенімен, оған 
фразеологиялық бірліктердің қатысы арнайы зерттеу объектісі 
болған емес. Фразеология мəселелері бұрыннан зерттеліп келе 
жатқанымен, оның қарқынды түрде қолға алынуы – соңғы кез-
дің жемісі. Фразеология туралы 500-ден астам мақала жария-
ланған екен. Осы көрсетілген еңбек ішінде орыс жəне түркі тіл-
дерінде де жазылған мақалалар мен жекелеген еңбектер бар 
[21, 225-308]. Қазақ тілі материалдары негізінде фразеология-
лық бірліктер туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды. I. Ке-
ңесбаевтың еңбектерінде фразеологиялық бірліктің синтаксистік 
жағы онша айтылмаған
[22,491]. Сондай-ақ Р. Сəрсенбаев [23] 
пен Ө. Айтбаевтың [24] еңбектерінде фразеология тек бірлік 
аспектісінде ғана зерттелініп, олардың синтаксистік ерекшеліктері 
сөз болмайды.
Ал Т. Қордабаев, X. Қожахметова [25], М.М. Копы-
ленколардың еңбектерінде тұрақты тіркестердің сөйлем мүшесін-


406
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
де жұмсалуы айтылады. Сонымен, жалпы фразеология туралы 
шыққан еңбектерге шолу жасай келгенде, біріншіден, ол еңбектер 
өте көп, екіншіден, олардың 99 пайызы таза фразеологиялық 
аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік өзгешеліктері ту-
ралы жазыл ған еңбектерде көбіне тек сөйлем мүшелері тұрғысы-
нан баяндау басым.
М. Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің 
жасалу жолының бірі тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл 
білімінде тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары 
қызметінде жұмсалатындығын алғаш рет дəлелдеп берді. Бірақ 
автор ол мəселенің ішкі ерекшеліктерін ғана айтып, тұрақты 
тіркестердің сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде ғана 
жұмсалатындығын ескертумен қанағаттанады
[26,32]. Тілдік 
фактілер əр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолдануға 
тиіс десек, фразеологиялық бірлік те (ФБ) тілдің басқа салалары-
мен тығыз байланысты. Ол сол тілдік фактілер ішінде синтаксис-
тік, оның ішінде сөйлем мүшесімен де, тіпті сөйлем түрлерімен 
де тығыз байланыстылығы жоғарыдағы аталған еңбектерде 
ескеріліп отыр. Біздің байқауымызша, фразеологиялық бірліктер –
тек сөйлем мүшесі ғана емес, сол сияқты сөз тіркестеріне де 
қатысы бар категория. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы, 
жоғарыда аталған еңбектердің ішінде фразеологиялық бірліктер-
дің көбіне сөйлем мүшесіне қатысы көбірек айтылады да, олардың 
сөз тіркесіне катысы тек З.В. Валюсинская-Донскова [27] мен 
В.П. Жуковтың мақалаларында аздап сөз болады.
В.П. Жуков ФБ-ның сөз тіркесіне қатысы туралы былай дейді: 
«Лексикалық бірліктер сияқты фразеологизм де меңгерілуге 
бейім. Тіпті, басқа сөзбен қиыса да, қабыса да байланысады. Басқа 
сөздерге қарағанда оны бөлшектеуге келмейді, ол біртұтас нəрсе» –
деп, сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасында жұмса-
латындығын көрсетеді
[28]. Жалпы, сол мақалалардағы негізгі 
пікір ФБ-ның сөйлем мүшесі болатындығын тіл фактілерімен 
дұрыс дəлелдейді. Бірқатар авторлар ФБ-ны бастауыш қызметінде 
жұмсалуы тиіс деп, олар қалайда сөйлемнің кез келген мүшелері 
болатындығын айқындайды. Сонда тұрақты тіркестер сөйлем 
мүшелерінің қызметін атқаратындығы айқын десек, арнайы 
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын категориялардың сөз 


407
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тіркесіне де қатысы айқындалуы тиіс. Өйткені сөз тіркесі мен 
сөйлем мүшелерінің қызметінде ұқсастықтарының барлығы 
белгілі. Екеуі де өз тұрғысынан сөйлемнің аясын кеңейтіп, ойды 
жеткізуде бірдей қызмет атқарады. Сөз тіркесінің сыңарларына 
қойылатын шарттардың бірі – олардың бағыныңқы сыңарлары-
ның анықтауыштық, толықтауыштық жəне пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалатындығы (қызыл орамал, кітапқа құмар, бүгін 
келді). Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары басыңқы сыңар-
ларымен қабыса, меңгеріле байланысады десек, олар синтак-
систік қызметі жағынан анықтауыштық, толықтауыштық, пы-
сықтауыштық қызметте жұмсалады. Мысалы: Сол сияқты Сейіт-
құлдың үйінде бір ай жатқан жігіт қарға адым жердегі Бархан-
ның баспанасына бас сұққан жоқ («Жұлдыз»). Оның үстінен 
өтетін үлкен көпір қол созым жерде. Қас қарайған кезде үйге 
кірісті (Б. Майлин).
Осы сөйлемдерде қарға адым жер, қол созым жер, қас қа-
райған кезде тұрақты тіркестері бар. Сөйлем мүшесі жағынан 
қарға адым жердегі жұрнағы арқылы Бархан сөзінің анықта-
уышы, қол созым жерде тұрақты тіркесі сол сөйлемнің баяндауы-
шы жəне қас қарайған кезде пысықтауыш қызметінде жұмсалған. 
Бұған қарағанда, тұрақты тіркестер сөйлемнің кез келген мүшесі 
қызметінде жұмсалады. Сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала ала-
тын мұндай оралымдар сол тобымен сөз тіркесінің де бір мүшесі 
қызметінде жұмсала алады демекпіз. Сонда ФБ сөйлемде сол то-
бымен жеке сөз таптарының қызметіне ұқсас дəрежеде болады. 
Олар сол тобын жазбай, өзара түйдекті тіркес тобын құрайды. Сол 
түйдекті тобымен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық 
байланысқа еніп, сөз тіркесінің байланысу формаларының барлы-
ғында да жұмсала береді. Жоғарыдағы қарға адым жер тұрақты 
тіркесі Бархан сөзімен қабыса, қол созым жерде тұрақты тіркесі 
көпір сөзімен қиыса, қас қарайған кезде тұрақты тіркесі кірісті 
етістігімен қабыса байланысқан.
ФБ құрылымдық ерекшеліктеріне қарай əртүрлі топталады. 
Н.Н. Амосова ФБ-ны ішкі құрылысына қарай топтауда сөйлем 
мүшесі тұрғысынан да, сөз тіркесі тұрғысынан да екіжақты бірдей 
қарастырады
[29,121-147]. В.П. Жуков «глагольные фразеологиз-
мы, наречные фра зеологизмы, именные и предикативно-именные 


408
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
фразеологизмы» деп бірде сөз табы, бірде сөйлем мүшесі жағы-
нан топтаса [30,84], А.И. Молотков «есімді, етістікті, субъективті, 
адвервиальды, етістікті-пропозициалды» деп сөз табы жағынан 
топтайды [31,8]. Əрине, оларды ішкі ерекшелігіне қарай бұлай 
топтау сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі жағынан қарастыру үшін 
ыңғайлы-ақ. Біздің байқауымызша, ФБ жұмсалу ерекшелігіне 
қарай бірнеше нұсқада жəне жеке сөйлемдік түрде ғана қол-
данылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет