Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет204/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

төрт арыстың баласы, əзірет əлінің күші, байғұс басым, бақсы 
ойнағы, бақыт құсы, мал басы, басының садағасы, бел атасы, бел 
немересі, бетке ұстары, бетіндегі шіркеуі, бір асым, бір атым, 
біреудің қаңсығы біреудің таңсығы, бір жұтым, дене бітімі, 
өз үйім өлең төсегім. Мысалы: Қамауда отырған Бақытжан – 
Қаратайдың бел немересі (X. Есенжанов). Баяғы əруақты ие-
лерге қонатын бақыт құсы енді бір қара шыбынға айналып, 
таздың басына, соқырдың көзіне қонатын бол ды деп барамын 
(Ш. Смаханұлы). Үшеуінің бетке ұстағаны бір ғана Зейнұр 
(Ə. Əбішев). He үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, 
тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің – 
бəрі бірдей (Абай.) Бұл жердегі тəуелдік жалғаулы тұрақты 
тіркестер əдеби тілде де сол қалпында кездесетін болca, ал енді 
тəуелдік жалғауда жұмсалатын тұрақты тіркестердің екінші тобы 


413
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
нөлдік формада тұрып та сөйлемде ыңғайына қарай тəуелденіп 
жұмсалады: Оның ұзын құлақтан естіген бұралқы сөзі Тəтиев 
жолдасты алты ай əуреледі (С. Төлешев). Сары ағаш сазға біткен 
секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім (Халық əні).
Тұрақты тіркестердің тəуелденіп келуі тек нөлдік формадағы 
топтар емес, кейде етістік тұлғадағы егіліп жылады, емініп алды 
сияқтылар да қимыл есімді тұлғада тəуелденіп келе береді: 
Абайдың егіліп жылауы қандайлық терең сырлы, қандайлық жан 
азабы десеңізші (Е. Ысмаилов). Емініп алғаның арыңды айыр-
бастап алғаның. Арсыз қалғаның – жалаң бұт қалғаның (Ғ. Мұс-
тафин).
Тұрақты тіркестер табиғи түрде септеліп, көнеленген септік 
жалғаулары арқылы жұмсалады. Ондай кезде тұрақты тіркестер 
көбіне барыс, жатыс, шығыс, кейде көмектес жалғауында ғана 
көріне алады. Мұндай көнеленген септік жалғаулы тұрақты тір-
кестер екі бағытта, яғни таза түрдегі септік жалғауда жəне негізгі 
сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы келеді. Соңғысы-
на көбіне шылау, көмекші есім жəне көмекші етістіктер қатысты 
жұмсалады, ондай кезде модаль сөздер кездеспейді десе де болады. 
Олардың əрбір септік жалғаулары арқылы келуі мына дəрежеде. 
Бірінші тобы: тұрақты тіркестер үнемі көнеленген септік жал-
ғауларында (əдеттегі көнеленген үстеулер сияқты барыс, жатыс, 
шығыс жəне көмектес жалғауларында) келеді.
Барыс септігінде: бітер істің басына, жақсы келер қасына, ер-
теден қара кешке дейін, өз алдына, бірдің кесірі мыңға, мыңның 
кесірі түменге, жоқтан өзгеге, қазаны басқа; 
Жатыс септігінде: бас аманда, басы айдауда, малы талауда, 
баяғы бір заманда, дін мұсылман аманда, бел ортасында, бұрын-
бұрын бұрында, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде, бір қайнауы 
ішінде, бір қалыпта, бір қоян екеу болып көрінгенде, демнің ара-
сында, ел аман, жұрт тынышта, бақыты алдында дегенде, əйт 
дегенде;
Шығыс септігінде: берсе қолынан, бермесе жолынан, бет-
аузы шімірікпестен, бірауыздан, бір есептен, бір кіндіктен, жеті 
түптен бері қарай, əрі-беріден соң, басқа бəле – тілден;
Көмектес септігінде: көз мөлшерімен, өз бетімен, бесіктен 
белі шықпастан, бүйен боғымен. Мысалы: Əзірет əлінің көлең-


414
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
кесінде аман-сау жүріп жатырмыз (А. Тоқмағамбетов). Екпініне 
шаң ілеспей, əйт дегенде алты қырдан бір-ақ асып, керқұла ат 
зымырап келеді (Қазақ ертегісі). Көлденең салынған бастырықты 
сырғытып, ентігіп, демігіп əзер дегенде қақпаны ашты (Ж. Жұ-
маханов). Əлдене уақытта бала есін жиып: – Маған осы қызды 
алып бермесеңіз, мен сізден безем, – деді (Қазақ ертегісі). Əрі-
беріден соң майдан қайсы, оны да шатастырып отырып алды 
(Т. Ахтанов). Баяғы заманда тау етегіндегі жазықта сабан төбелі 
ескі, ескі болғанда өте ескі үй тұрды (М. Тиесов). Бұрын, бұрын 
бұрында қаңбақшал деген шал бопты (Халық ертегісі). Бір есеп-
тен бұл ойыңыз іс болып қалуы да қисынды (С. Шаймерденов). 
Бір көрмеге тəп-тəуір, қазаны мен қалбаңы (Абай). Еламан бір 
кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айырылды (Ə. Нұрпейісов). Ел 
аман, жұрт тынышта күйінесің де отырасың, не көрінді сонша 
(Ғ. Мұстафин).
Екінші тобы: тұрақты тіркестер сөйлемде арнайы септеліп те 
жұмсала береді. Ондай кезде олар барлық септік жалғауларында 
да келе береді. 
Ілік жалғауы: Сонар қардың үстінде жортқан тышқан құрлы 
із қалдырған жоқ еді (Ғ. Мұстафин). Қызыл сөзді желге шашқан, 
дуасыз ауыздың нағыз өзі еді ғой, – деп қарт Софы кеңкілдеп 
күлді (Ə. Нұршайықов). Қазір екінің бірінің аузындағы сөзі осы 
қыс боп тұр, Абай аға! (М.Əуезов). 
Барыс септігі: Бұның бəрін бере алмай, албырт жасты айбал-
талы əккі жауға құр қол жібердік (Ғ. Мұстафин). Мөңкежан-ау, 
менің де амалым құрып, ішіме тікен қадалғандай боп жүрмін 
ғой, – деп бұл білмейтін бүйір əңгімеге басып бара жатты. 
Табыс септігі: Жоқтан-барды сөйлесіп, сауқым салып, Алыс-
ты пияланы оңды-солды (Абай). Əр жерде төрт-бестен оңаша 
сөйлесіп отырған ылғи кебеже қарын, бұқа мойын, шұбар төс-
терді көргеннен-ақ Мүсəпірдің жүрегі мұздап сала жөнелді 
(Ə. Əбішев). 
Жатыс септігі: Шешем осы баланы ойланбай бере салғаны 
үшін Құдай тағаланың өзін де ет қызуында біраз шықпыртып 
алды (Б. Соқпақбаев). Барлы-жоқты киініп алған туристер жоғары 
палубаға шығып, жел өтінде тұрып, теңіз құшағында бұлдырлап 
көрінген қалаға қарайды («Қазақ əдебиеті»). Қазір де анасының 
жылы құшағында отырып, сол кездегідей əсер қалды (Т. Ахтанов). 


415
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Шығыс септігі: Шауып келген Баймұхамбеттің керуен басты-
ғы жаралы мосқал адамнан білгені – бұларға тиген Ағыбай тобы 
екен (I. Есенберлин). Раушан мына қалпын қоймаса, екі аяғымды 
бір етікке тығудан тайынбас, – деді Қоңырбай (Б. Майлин). 
Теріс тəрбиеде өскен баланы ес кіргеннен кейін түзеп аламын 
деп үміттену екіталай нəрсе (С. Көбеев). Бөкенші ет ашуымен 
Оралтайдың тентектігіне орай бір оғаш іс істепті (М. Əуезов). 
Қанат оны құмай деп жүгіріп келсе, қасқыр қып-қызыл ала қан, 
өлім халінде жан далбасамен тұрып жығылады (А. Хангелдин).
Міне, бұл сөйлемдерден тұрақты тіркестердің барлық сеп-
тіктерде де келе беретінін көруге болады. Мұнда таза күйінде 
жəне көмекші сөздердің тіркесі арқылы да келе береді. Тұрақты 
тіркестердің негізгі сөздері септік жалғауында келеді де, оған сол 
септіктерге тəн шылаулар тіркеліп жұмсалады. Екінші жағынан 
тұрақты тіркестердің негізгі сөздері нөлдік тұлғада келеді де, ал 
оған түйдектелген көмекші сөздер белгілі септік жалғауларда 
келуі арқылы жұмсалады. Тұрақты тіркестердің септік жалғаулар 
арқылы келуінде соңғы сөздердің қай сөз табы болуының да 
үлкен маңызы бар. Оны мына мысалдардан көруге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет