Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет202/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Түйдекті тіркесті ФБ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, 
жауап берді, жауыр болды, жел берді, жəбір қылды, жер болды, 
жылтың етті, зақым қылды.
ФБ сөйлемнің ішінде кейде өзі сөйлемдік дəрежеде болғаны-
мен, сол тобымен сөйлемнің бір мүшесі ретінде, кейде тырнақ-
шаға алынып, кейде төл сөз қалпында да көбіне көмекші етіс-
тіктердің көмегімен сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық 
байланысқа еніп те жұмсалады. Жалпы, сөз тіркесін құрайтын 
элемент  сөз. Сөз сөйлемде жеке-дара қызметімен бірге, енді сол 
сөздер өзара бір-бірімен тіркесіп, сөйлемді құрауға негіз болады. 
Бірнеше сөзден құралатын тұрақты тіркестер де сол сөздің қызметі 
іспеттес. 2-3-топтағы фразеологиялық бірліктер сөйлем ішінде 
қолданылып, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, сөй-
лем мүшелік қызмет атқарады. 
Фразеологиялық бірліктер сонымен сөз тіркесінің белгілі сы-
ңары қызметінде жұмсала алады десек, оның өзінің іштей 
ерекшеліктерін айқындау қажет сияқты. Мысалы, бір ұрты май, 
бір ұрты қан сияқты тұрақты тіркестер де сөйлем кұрауға 
қажет элемент дедік. Əрине, жеке сөздердің элемент болуына 
қарағанда тұрақты тіркесті сөздердің элемент болуының өзіндік 
ерекшеліктері де бaр. Егер жеке сөздер бір сөзден ғана келіп, 
сөйлем мүшесі болса, тұрақты тіркестер сөйлемге кемінде екі 
немесе одан да көп сөздер арқылы келіп барып жұмсалады. Бұл 
жағынан келгенде, əдеттегі сөздерге қарағанда тұрақты тіркесті 
сөздердің көлемі олардан қала қоймаса керек. Жеке сөздердің 
мағынасы дара бір ұғымды беру жағынан келгенде тұрақты 
тіркестің білдіретін мағынасына қарағанда тар. Тұ рақты тіркесті 
топ əдетте жеке сөздерге қарағанда күрделі. Негізгі мəселе сол 
тұрақты тіркестердің сөйлемге элемент болудағы морфология-
лық ерекшеліктері сөз болған емес.
I. Кеңесбаев фразеологияны тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі 
екенін айта келіп: «Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер (фразеоло-
гизмдер) тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін ай-
рықша категория жəне олардың əр алуан ірілі-ұсақты ерекшелік-
тері мен айырым белгілерін саралай зерттейтін дербес пəн – фра-
зеология» – дейді. Əрине, бұл жерде автордың фразеологияны 
«тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін айрықша ка-


410
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тегория» деуі өте орынды [32]. Бірақ осы арада мына мəселені 
айқындау орынды сияқты. Егер бала зат есімі сөйлемде балаға 
болып септеліп, баласы болып тəуелденіп, баласымын болып 
жіктеліп барып жұмсалатын болса, тұрақты тіркестер сөйлемде 
қандай ерекшеліктерімен қатынасқа түсетіндігі ашылмаған. Осы 
күнге дейінгі еңбектерде тұрақты тіркестер сөйлем мүшесінде
жұмсалады (Т. Қордабаев, X. Қожахметова) делінеді де, бірер мы-
салмен көрсете салады. Немесе тұрақты тіркестер сөз тіркесінің 
бір сыңары болады деп айтушылар да олардың ішкі ерекшелік-
терін жан-жақты ескермейді.
Қай сөз болсын немесе тұрақты тіркес болсын сөйлемге эле-
мент болуда өзіндік заңдылықтарына сүйенуі тиіс. Бізде осы 
күнге дейін дербес мағынасы бар сөздердің өздерінің табиғи 
қасиетіне сай септеліп, көптеліп, тəуелденіп, жіктеліп барып 
жұмсалатындығы, енді бір сөздер тек орын тəртібі арқылы ғана 
сөйлемнің бір элементі болатындығы айтылуда. Ал тұрақты 
тіркестердің сөйлем ішінде қолданылуындағы морфологиясына 
назар аударсақ, мынаны көруге болады. Академик I. Кеңесбаев:
«Фразеологизм сөйлеу процесінде, демек, белгілі бір сөйлем 
ішінде құлпыра кететіні белгілі, – дей келіп, одан əрі – ФБ-ның 
мəн-мəнісі, қызметі, тұлғалық белгісі түгел контекст аумағында 
тұрып айқындалады», – дейді. Міне, бұл пікірге сүйенсек, тұрақ-
ты тіркестер қалайда сөйлемнің ішінде ең негізгі бір элемент бо-
лып жұмсалатын категория деп қарауымыз керек. 
Бірақ сөйлемге элемент болып табылатын сөз де, сөз бен 
көмекші сөздің тіркесі жəне тұрақты тіркестер де сөйлемге енген-
де қалай да белгілі заңдылықтар негізінде жүзеге асады. Яғни сөз 
сөйлем ішінде əрі септеліп, көптеліп, тəуелденіп жəне жіктеліп 
немесе түрлі жұрнақтар жəне орын тəртібі, болмаса көмекші 
сөздер арқылы сөйлемдегі екінші бір сөздермен тіркесуге себеп 
болса, сөйлемдегі тұрақты тіркестер туралы да соны айтуға бо-
лады. Біздегі осы уақытқа дейінгі еңбектерде сөйлемге қатысты 
сөздер, олардың морфологиялық элементтері айтылады да, тұ-
рақты тіркестердің морфологиялық құрамы тіпті сөз болып 
қозғалған емес.
І. Кеңесбаев тұрақты тіркестердің ішкі синтаксистік ерек-
шеліктеріне, əсіресе, оларды іштей бастауыш, баяндауыш, анық-


411


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет