Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет24/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
Ал haxындa, барысында – жеке алғанда арнайы мағынасы 
жоқ сөздер. Соған қарамастан автор олардың сөз тіркесiнiң ая-
сын кеңейтуге қатысы бар деп бiледi. Ал профессор М. Балақаев 
сыңарларының бipeyi eкi немесе одан да көп негізгі сөздер мен 
көмекші сөздерден құралса, күрделi сөз тipкeci деп аталады 
дейдi [53, 11]. Cонда автордың айтуынша, күрделі сөз тіркесін 
құрау үшін дербес мағын алы сөздермен бiрге, дербес мағынасы 
жоқ сөздер де қатысты болады екен. 30-жылдарда Қ. Басымов 
сөйлем мүшелерi, оның iшiнде пысықтауыштың кешке дeйiн 
бардым, eкi есе болды, үйiнe шейiн апардым ... тəрiздi күрделі 
түрлерiн кешке дeйiн, eкi есе, үйiне шейiн демеулiк шылаулар 
қосарланған күрделi пысықтауыштар [54] деп атағаны белгiлi. 
Сонда Қ. Бaсымoв пен М. Балақаев бiрi сөз тiркесiнiң, екiншici 
сөйлем мүшелерiнiң құрылысын айтқанмен, олардың аясының 
кеңеюiне дербес мағыналы сөзбен бiрге, дербес мағынacы жоқ 
сөздердiң де қатысы болатынын мойындайды.
Бұл пiкiрлерге қарағанда, көмекшi сөздердiң қалайда сөз 
тipкeсiнe қатысы бар. Алайда олардың сөз тіркесін құраудағы 
қызметі, көбіне, тек байланыстырушы, дəнекер ретінде қаралады 
да, сөз тіркесі аясын кеңейту ерекшеліктері еленбейді. Шылау, 
көмекші сөздердің сондай қызметін төмендегі мысалдарды талдау 
кезінде айқын байқауға болады:
Тағы бір күндер Мамыр, Еңлiктей қыздардың қайғыл арын да 
айтып бердi (М.Əуезов). Əкем үшiн төленетiн азын-аулақ пен-
сияны азық қылып, өз бетiмізше оқшаулау күн кешкен жандар-
мыз («Жалын»). Шығыс жаққа қараған терезенің алдында қос 
тiзерлеп, eкi шынтағын тiзесiнiң алдынa салып, иегiн қолдары-
ның үcтiнe қойып Абай отыр (М. Əуезов). Аузын шымшып 
тiккeн қaп сияқты тырсиып тұр («Жалын»).
Бұл сөйлемдерде айтып бердi, əкем үшiн, терезенiң алды, 
қолдарының үcтi, қaп сияқты деген түйдектi тipкecт ер бар. Осы 
түйдектi тiркестердiң бiрiншi сыңарларының (айту, əке, жаз, те-
резе, қол, қaп) дербес мағынасы бар, ал осы сөздермен тipкece 
жұмсалған: беру, үшiн, алды, үстi сияқты сөздерiнiң кейбiрiнiң 
контекске байланысты дербес мағынасы бар да, ендi бiрiнiң он-
дай мағынасы жоқ. Осы сөйлемдердегi: қайғыларын айтып берді, 
əкем үшiн төленетiн, терезенің алдында тiзерлеn, қап сияқты 


55
Күрделі сөз тіркестері
тырсиыn сөз тipкecтepiнe морфологиялық талдау жасасақ, бы-
лай болып шығады: қайғыларын, əкем, қап, терезенің, тiзерлеn, 
төленетiн – eтicтік, зат eciм, үшiн – шылау, үcтi, беру – көмекшi 
eтicтiк; көмекшi eciм, сияқты – модаль сөз. 
Сонымен қaйғы, əке, төлеу, тiзерлеу, терезе, т.б. сөздерiнiң 
арнайы синтаксистiк қызметi бар. Олар – сөз тіркeciн құрауда 
басты тiрек. Шылау, көмекшi eciм, көмекшi eтiстік, модаль сөз 
қатысты сөз тipкecтepiнің қайсысын күрделi сөз тipкeci, қайсы-
сын жай сөз тipкeci деу керек eкeнi ойландырады. Жоғарыда 
келтiрiлген мысалдардағы терезенiң алдында, əкем үшiн, қan 
сuяқты, т.б. түйдектi тiркестердiң дара тұрып сөз тipкeci бола 
алмайтындығы белгiлi. Себебi: үшiн, сuяқты, алды сөздерiнің 
өзiндік мағыналары жоқ, сондықтан сөз тipкeciнің бір сыңары 
бола алмайды. Əкем, терезенің, қan, т.б. сөздердiң арнайы син-
таксистiк қызметi бар. Бiрақ бұлар үшін, алды, сuяқты шылау, 
модаль, көмекшi eciм сөздерiмен түйдектелiп келгенде, бұрынғы 
синтаксистiк қызметi алшақтап, олардың синтаксистiк қызметiн 
жетегiндегі тipкeскен сөздер анықтайды. Көмекшi сөздердiң син-
таксистiк қызметiнiң əcepiнeн олар бүтiндей басқа сөйлем мүше-
лерiне ауысып кетедi. Сондықтан көмекшi сөздердiң синтаксис-
тiк тipкec құрамындағы атқаратын рөлi зор. Олар толық мағы-
налы сөздердi меңгерiп, синтаксис қызметiн айқындай түседi. 
Ендеше бұл жағдай сөз тipкесiнiң құралу заңдылықтарына да 
қатысты. 
Дербес мағынасы жоқ сөздердiң сөз тipкeciн құраудағы қыз-
метiн мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы: Абайды 
соған жақын тұрған ең шеткi орындыққа отырғызды (М. Əуезов). 
Онда да ойыншық машина сияқты алақандай-ақ бiрдеңенi бұраn-
бұраn, ара тəрізді ызылдатып алады да, сонысымен сақал-мұр-
тын үйкелей бередi, үйкелей бередi (М. Сүндетов). 
Осында ең шеткi дегендегi шеткi сын eciмінің синтаксистiк 
қызметi бар да, ең сөзi жеке тұрғанда немесе сын есiм, үстеулер-
мен тipкecпей айтылғанда сөйлем мүшесi бола алмайды жəне 
сөйлем мүшесi болатын сөздерге синтаксистiк əсер ете алмайды. 
Ал тəрiздi сөзiнiң толық мaғынасы болмағанмен, толық мағы-
насы бар сөздердiң синтаксистiк қызметiн айқындай түседi; 
кейде жаңа бiр қызметте жұмсалуға бейiмдейдi. Ондай тiркестер 


56
Күрделі сөз тіркестері
септiк ж алғауларының жалғануы арқылы сол түйдегiмен басқа 
да сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқарады. 
Қорыта айтқанда, сөз тipкecтepiнің аясын кеңейтудегi көмек-
шi сөздердiң қызметi олардың мынадай ерекшелiк тepiнe байла-
нысты: 
1) белгiлi мағынасы жоқ, сондықтан əрдайым белгiлi сөз тап-
тарына қатысты; 
2) өзiндiк синтаксистiк қызметi жоқ, бiрақ басқа сөзд ермен 
тipкecкeн кезде ондай қызмет анық айқындалады; 
3) морфологиялық өзгерic кейде болады, кейде болмайды;
4) бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалмайды; 
5) басқа сөздерге тipкecкeн кезде оны грамматикал ық жағы-
нан өзiне бағындырады; 
6) толық мағыналы сөздердiң мағыналық мəнepiн айқын-
дауда басты тұлғаға айналады. 
Сонымен, сөз тipкeciнің аясын кеңейтуде мынадай фактор-
лар шешушi орын алады: 1) əрбiр сөз табының күрделi түpi; 
2) көмекшi eтістік; 3) көмекшi eciм; 4) модаль сөздер; 5) шылау-
лар; 6) нумеративті сөздер; 7) түрлi қосымшылар; 8) фразеоло-
гиялық тiзбектер, т.б. Ендi солардың əрқайсысына жеке-жеке 
тоқталалық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет