Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет26/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   332
жанында, т.б. осы сияқты мағыналы есiмдермен, сондай-ақ 
кітaп сөзiмен де тек iшi сияқты бiрен-саран көмекшi есiмдер 
ғана тіркеседі. Ал стол сөздерiмен асты, үстi, жаны, мaңы, 
т.б. көмекшi есiмдермен тipкeceтiндігін көремiз. Бұған қарағанда 
көмекшi есiмдер кез келген зат есiмдермен тipкece бермей, белгiлi 
мағынадағы сөздермен ғaнa тipкecтe жұмсалады. Сол сияқты 
көмекшi есiмдер зат есiмдердiң деректi, дерексiз түpiмен де тipкeci 
əртүрлi. Мысалы: Үлкен үйдің iшi-сыртындай жұпыны емес, жа-
саулы, кi лемдi, алашалы екен (А. Құнанбаев). Өзеннің мaңы – 
көкорай шалғын (А. Құнанбаев). Стол маңы шашылған конфет-
тер (А. Құнанбаев). Бұл мысалдардан көрiнiп тұрғандай, олар 
деректi зат есiмдермен көбiрек тipкесетiндiгiн көремiз. Ал абст-
ракт зат есiмдермен көмекші есiмдер онша тipкece бермейдi. 
Мысалы: Ашу үстiнде бip лаңды iстеп салуы сөзсiз едi (Ə. Нұр-
пейісов). Інici өз ойының үcтін басты (Ə. Нұрпейісов) – деген 
сөйлемдерде үcтi көмекшi есiмдерi ашу, ойын сияқты абстракт 
зат есiмдермен тipкeскeн. Бiрақ көмекшi абстракт зат есiмдермен 
тipкeci сирек. Өйткенi уaқыт мaңы, бақыт мaңы, қуаныш мaңы, 
aтaқ басы, күн басы деп айтылмайды. Яғни олар ондай зат 
есiмдермен мағыналық байланыста болмайды деген сөз. 
Ендi көмекшi есiмдердiң басқа да сөз таптарымен тipкeciн 
байқап көрелiк. Солардың iшiнде мен де бармын (М. Əуезов). 
Үшеуi де қазақ, үшеуiнiң iшiнде бipeyi opтадан отыра қалды, 
eкi жағына отырғандардан басы асып тұр, шамасы ұзын кiсі 


59
Күрделі сөз тіркестері
(С. Шəріпов). Бiр таңдaнapлығы, сол 20 жылдың iшiнде Еркең-
нiң төрт-ақ күн науқастанғандығы туралы дəрiгерлiк бюллетенi 
бар екен («Жұлдыз»). Miнe, осы сөйлемдерден бұл, сол есiмдiк-
тердi үшеу, жuырма жыл сияқты сан eciммен, мезгiл мəндi зат 
еciмдер мен көмекшi есiмдердiң тipкeciн көруге болады. Əрине, 
көмекшi есiмдердiң бұл сөз таптарымен тipкecі олардың зат 
есiмдермен тipкeciнe қарағанда өте аз. Əрине, ол сөз таптарының 
өзiмен де тipкecy дəрежесi бiрдей емес сияқты. 
Таза сын есiмдер мен көмекшi есiмдердiң тipкeci жалпы 
кездеспейдi. Дегенмен көмекшi есiмдердiң заттанған сын есiм-
дермен тipкeci жиi болып тұрады. Мұндайда, əрине, бiз оны зат 
eciм төңiрегiнде қаpacтыpy жөн дeп бiлдiк. Мысалы: Көбici ауыр-
дың үcтiмeн, жеңiлдiң acтымен жүредi (С. Жиренов). 
Көмекшi есiмдер оның iшi, бiздiң iшiмiзде, мынaның жанын-
да, ананың жанында, соның iшiнде сияқты жiктеу, сiлтеу есiм-
дiктерiмен ғана түйдектi тipкec құpaй алса, ал оның басқа топ-
тарымен тipкeci кездеспейді деуге болады. Мысалы: Ол өз 
iшiнде жатқан ауыр күдіктің, қиын уайымның бiрi едi (М. Əуе-
зов). Сен осы маңда жүре тұр (С. Жиренов). Мынау тұста бар 
ауаны бермей, қысыңқырап тастағансың (Ə. Сəрсенбаев). 
Көмекшi есiмдер сан есiмдердiң iшiнде, көбiне, есептiк, 
peттiк, кейде жинақтық түрлерiмен ғана тiркесiп келсе, оның 
басқа топтарымен тipкeci кездеспейдi. Қайта қой қоздай бас-
тағалы соңғы бес-алты күн iшiнде қысыла түсті (М. Əуезов). 
Eкi жaғында – он шамалы үлкен туысқандар (М. Əуезов). Үш 
күн бойында бұлар Оспан үйiнде қонақ боп жатты (М. Əуезов). 
Үшеуiнің алдында табақ толы жас ет (С. Жиренов). 
Бұған қарағанда, көмекшi есiмдердi есiмдерге қатысты деге-
нiмiзбен, олар көбiне тек зат есiмдермен түйдектi тipкec құрауға 
тиic деп бiлемiз. Сондықтан да əрбiр оқу лықтағы көмекшi 
eciмдердiң зат есiмдерден кейiнгi орын дарда тұруында осы қа-
бiлеттiлiктiң негiзгi белгiciне сү йенген пiкiрдiң дұрыстығын 
байқаймыз. 
Бұл арада бiз көмекшi есiмдердiң қай сөз таптарымен түй-
дектi тipкec құрайтындығын қысқаша сөз етсек, ендi сол кө-
мекшi есiмдi түйдектi тiркестердiң басқа сөздермен тiркесiп, 
күрделi сөз тipкeciн құрауын əрбір септiктер бойынша көрсе-


60
Күрделі сөз тіркестері
телiк. Көмекшi есiмдер сол түйдектi тү рiнде кез келген сөздер-
мен тipкece бермей, белгiлi топтағы сөздермен ғана тipкeстe 
жұмсалады. Сонда көмекшi есiмдер тек зат eciм, кейде басқа 
есiмдi сөз таптарымен тiркесетiн болса, ендi олар сол сөз тапта-
рымен түйдектi түрiнде əpi eciм, əpi eтiстiктepмeн сөз тipкeciн 
құрайды. Мұның өзi көмекшi есiмдi сөздердiң барлық септiк-
терде жұмсалуынан демекпiз. Жалпы көмекшi есiмдi сөздер iлiк 
жалғаулы сөзiнiң не жасырын, не ашық түpiмен тip кесетiндiгi 
белгiлi. Ондай кезде олар анықтауыштық қа тынаста жұмсалатын 
сөздер болуы тиic. Асанның үйi бiз ге алыстан көрiнедi (Га-
зеттен) – деген сөйлемде үйi сөзi бастауыш та, Асанның анық-
тауыш қызметiнде жұмса лады. Сонда матаса байланысқан сөз 
тiркестерiнде iлiк жалғаулы бағыныңқы сыңары анықтауыш 
қызметiнде жұмсалуға тиic. Аласа дөңгелек стол үстіндe дас-
тарқан кең жайылып, торсық шеке бауырсақтар төгiлдi («Жа-
лын»). Оның басынан артта қалған асулар, алда тұрған acқаpлар 
көрiнедi («Қазақ əдебиеті») – деген сөйлемдердегi стол жəне 
ол iлiк жалғаулы зат eciм мен есiмдiктердiң негiзгі синтак-
систiк қызметi не анықтауыш, не бастауыш болуы керек, ендi 
олар көмекшi есiмдермен түйдектi түрде жұмсалған кезде, ол 
қызметiнен алшақтап, көмекшi eciм қандай тұлғада тұруына 
қарай сол формадағы синтаксистiк қызметiнe ие болады. Олай 
болса, көмекшi eciм мен түйдектi түрде жұмсалатын зат eciм не-
месе басқа сөз таптары өзiнiң синтаксистiк қызметiнен алшақтап, 
бiрiншiден, сол көмекшi eciмнің тұлғасына қарай синтаксистiк 
қызмет ке ауысып, соның жетегiнде жұмсалса, екiншiден, сол зат 
eciм немесе басқа сөз таптарының ондай түйдектi кездегi мағы-
насы сол көмекшi есiмдердiң мағыналық тобын айқындайды. 
Miнe, осы негiзде көмекшi есiмдi сөздер тобы өзара түйдектi 
тipкec құрай отырып, сол тобымен басқа сөздермен күрделi сөз 
тipкeстepiн құрайтынын байқаймыз. 
Сонда күрделi сөз тipкeсiн құрауда толық мағыналы сөздер-
мен бiрге кейде өзi қатысты сөздердiң синтаксистік қызметі мен 
мағыналық тобын айқындайтын сөздердiң қатарына көмекшi 
есiмдердi жатқыза отырып, олар күрделi сөз тipкeсiн жасаудың 
бiр тəсiлi деп бiлемiз. 
Сөйтiп, көмекшi eсiм қатысты күрделi сөз тipкeстep басыңқы 
мүшесiмен матаса жəне меңгерiле байланысқан анықтауыштық, 


61
Күрделі сөз тіркестері
пысықтауыштық қатынаста əpi есiмдi, əpi eтicтікті сөз тipкe-
сiндe де қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет