513
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ə) Шырай тұлғасындағы сын есімдердің баяндауыш кызметін-
де жұмсалуы: Көкше көктен гөрі
көгірек (С.Мұқанов). Дене
бітімі
нып-нығыз, тұп-тұтас, шойындай (С.Сейфуллин). Қара
жұмысшылар, əсіресе қазақтар лек-легімен келіп жатқанымен, ма-
ман
өте аз (Ғ.Мұстафин). Дос пен Мөңкенің арасы
тым жақын
(Ə.Нұрпейісов).
Қатыстық сын есімдерінің баяндауыш қызметінде жұмсалуы:
а)
-сы, -сі жұрнақты баяндауыш. Оның ойынша, мұғалімдер
мəдени-эстетикалық жағынан
ұсқынсыз-ақ (Ы.Сүйінов). ə)
-лы,
-лі жұрнақты баяндауыш: Сақалына буырыл кіргені болмаса,
Майбасар баяғысынша
қызыл күрең жүзді (М.Əуезов). Сенің
бұл бейбастық ойың
күлкілі, қымбаттым! (III.Айтматов). б)
-дай,
-дей жұрнақты баяндауыш; Отырмыз біз үшеуміз бір кісінің
ұлындай (Жамбыл). в)
-шақ, -шек жұрнақты баяндауыш: Зəремнің
ұшатыны-ақ жөні бар, өйткені менің əйелім де барлық ұрғашы ата-
улы сияқты өте
қызғаншақ-тұғын (Ə.Əлімжанов).
Сын есімдер септеліп те, жіктеліп те баяндауыш қызметінде
жұмсалады: Туған жері де адам білмес
алыста (Ə.Əлімжанов). –
Қали, Гриша, Илия, Есентай, Қасым, сендер маңдай алды
екпіндісіңдер, ал барактарыңда мəдениетсіздік, ластық былығып
жатыр (С.Ерубаев). Сын есім қайталанып келуі арқылы да ба-
яндауыш бола береді. Бес болыстың би-болыстарына бір ауыл-
най Сибанды кінəлі етіп шығару
оңайдың оңайы (Ғ.Мүсірепов).
Құсмұрын дуанына он үш жыл аға сұлтан болғанда, Шыңғыстың
аузы мен тырнағы батпаған ауыл
кемде-кем (С.Мұқанов). Өзі бір
барып тұрған
жуастың жуасы (С.Бердіқұлов).
Достарыңызбен бөлісу: