Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет261/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   332
Көмекші есімді баяндауыш. Ал күрделі баяндауыштың кө-
мекші есімдер арқылы жасалуы жайлы бірен-саран ғана 
оқулықтарда сөз болды. Атап айтқанда, С.Аманжолов, А.Əбілқаев, 
И.Ұйықбаев мектеп оқулығында негізгі сөз бен көмекші есімдердің 
күрделі баяндауыш болатындығын мысал арқылы көрсетеді: Бізде 
қазір қол еңбегі – жоқтың қасы (С.Сарғасқаев).
Күрделі баяндауыштың көмекші есімдер арқылы жасалуы 
қазіргі кезде көркем əдебиетте мол кездеседі. Мысалы: Жан-жаққа 
қараймын, ештеңе көрінбейді, неде болса қалың қамыстың ішінде 
(«Қазақ əдебиеті»). Бұлардың беті – қалың нудың іші (М.Əуезов). 
Абай айналасындағы Байкөкше, Көбей, Мағауия, Ақылбай, Əбіш, 
Əлмағанбет, Уəйістердің мекені де сол маңда (М.Əуезов). Мен де 
сол тілектердің ішіндемін (Ғ.Мүсірепов). Бірінші, екінші, үшінші 
сөйлемдерде баяндауыш ілік септігіндегі зат есімдер мен іші 
көмекші есімінің түйдектелуінен жасалып тұрса, төртінші сөйлемде 
сілтеу есімдігі мен маңда көмекші есімі арқылы жасалып тұр. Бұл 
мысалдарға қарағанда көмекші есімдер көбіне ілік септігіндегі 
(ашық, жасырын түрі) зат есім жəне, т.б. түйдектеліп келіп ба-
яндауыш болатындығын көруімізге болады. Бұл мысалдардағы 
баяндауыш жасауда негіз болып тұрған қамыстың, таудың, 
тілектің сөздерін алатын болсақ, бұлардың барлығы да (көмекші 
есімдерсіз) зат есім мен есімдіктен болған толық мағыналы сөздер. 
Ал іші, маңы көмекші есімдері тек жəй ғана көмекшілік қызмет 
атқарып тұрған жоқ, морфологиялық мағынасына қарай сөздің 
синтаксистік қызметін өзіне бағындырып, осы сөйлемді аяқтап, ба-
яндауыш қызметінде жұмсалып тұр. Егер де осы сөйлемдерімізді 
көмекші есімдерсіз жеке алсақ, онда ол сөйлемдеріміз аяқсыз
мағынасыз, не айтпақ екеніміз түсініксіз болып шыққан болар 
еді. Жалпы, ілік жалғауы арқылы сөйлеміміз аяқталмаған күйінде 
қалар еді. Алайда ілік жалғаулы сөз бен көмекші есімнің баянда-
уыш қызметінде жұмсалуының басты шарты сөйлемнің соңында 
келіп, оны тиянақтауға негіз болуы. Сонымен, көмекші есімдер 


523
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізгі сөзге көмекшілік қызмет атқарып кана қоймай, сонымен 
қатар ойымызды тиянақтауға да қатысты жұмсалады екен. Тағы 
бір айта кететін жайт, көмекші есімдер морфологиялық жағынан 
өзгерімпаз. Олар басқа сөз таптары секілді нөлдік формада да, 
септік, жіктік формада да келе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет