Талғат сайрамбаев


Зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет249/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Зат есімнің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Зат есімнің сөйлемде баяндауыш болуы бұрыннан айты-
лып жүрген мəселе болғанымен, оның тұлғалық ерекшеліктері, 
құрылысы, оған кейбір дəнекер сөздердің қосылуы арқылы баян-
дауыш болу мəселелері жан-жақты қаралған емес.
Жалпы, зат есім жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара, күрделі 
жəне түрлі жалғаулар арқылы да келе береді. Осы құрамдағы зат 
есімдердің зат есімдік қасиеті олардың баяндауыштық қызметінде 
сақтала ма? Негізінде зат есімдер – морфологияда тұлғалық 
жағынан басқа сөз таптарына қарағанда өзгеруге бейім сөз табы. 
Енді ол сөз табы баяндауыш болған кезде едəуір дəрежеде осы 
қалпын сақтайтынын көруге болады. Зат есімдердің баяндау-


503
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ыш қызметінде жұмсалуын алдымен құрылысына қарай бөле 
келіп, онан кейін олардың тұлғалық ерекшеліктерінің негізінде 
қарастыруды жөн көрдік. 
Зат есімді дара баяндауыштар. Дара зат есімді баяндауыш-
тар көбіне бір сөзден болып келеді. Кейде баяндауыш құрамына 
көмекші сөздер тобына жатпайтын, сол зат есімдермен дефис не 
бірігіп жазылатын дүр, тұғын формалары мен демеулік шылаулар 
енеді. 
а) Нөлдік тұлғадағы зат есімдердің баяндауыш қызметінде 
жұмсалуын ең алдымен жалқы есімдердің нөлдік тұлғасынан 
бастасақ: Бұл топтың ортасындағылар – Абай мен Асылбек 
(М.Əуезов). Оның беталысы – Сырдария (Ғ.Мүсірепов). – Са-
лаумағайлакүм, мен Сырбай ғой, Əбеке (Ə.Тəжібаев). Қазақ əнін 
салатын – Күнзила мен Жабай (Ғ.Мүсірепов). Мұндағы курсив-
пен жазылған баяндауыштар – ономастикалық, топонимикалық 
жағынан да жалқы есімдер. Ондай кезде олар дара жəне бірыңғай 
түрде де жұмсала береді. Ал соңғы сөйлемдегі Сырбай жалқы 
есіміне қатысты жұмсалған ғой шылауы баяндауыштық тұлғаның 
бірі ретінде алдындағы сөзді нақтылай түсіп тұр.
ə) Жалпы есімдердің атау тұлғада баяндауыш болуы. Мысалы: 
Мұндай шарт-шұртта командир де жауынгер. Тасығандары – өзі 
өскен шөп емес, қолдан еккен жоңышқа, бидайық, мысыққұйрық 
(Ғ.Мұстафин).
Зат есімдердің баяндауыш қызметінде тек нөлдік тұлғада емес, 
түрлі жалғаулардың жалғануы арқылы баяндауыш болуы жиі 
кездеседі. 
а) Көптік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Мысалы: Шал-
ғын арасы толған – ұсақты-ірілі, қанатты-қанатсыз шегірткелер 
(С.Мұқанов). 
ə) Тəуелдік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Мысалы: 
Əкенің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың 
(Абай). Ескіліктің қалдығынан қол үзбеу – кейбір ақындардың 
надандығы, білімсіздігі (Е.Ысмайлов). 
б) Септік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Зат есімнің сеп-
тік жалғауында баяндауыш болуы, оның ішінде көбіне жатыс 
септікті баяндауыштар бұрыннан айтылып келе жатыр. Шығыс 
жалғаулы зат есімді баяндауыштар да бұрыннан бар екені айқын. 


504
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Соңғы септік жалғаулы баяндауыштар көбіне мақал-мəтелдерде 
көп жұмсалады. Кейінгі кезде барыс жалғаулы сөздер де баянда-
уыш қызметінде жұмсалу дəрежесіне ие бола бастады. Əрине, 
жатыс, шығыс жалғаулы баяндауыштар тілімізде бұрыннан қа-
лыптасып, баяндауыштық тұлға ретінде айтылып келе жатқанымен, 
барыс жалғаулы баяндауыштар – соңғы кездің жемісі. Алдыңғы 
септік жалғаулы баяндауыштарды уақтысында орыс тілі неме-
се аударманың əсері арқылы қалыптасты дейміз. Шынында, со-
лай да болар. Əсіресе, жатыс жалғаулы баяндауыштар туралы 
осыны айтуға болар. Ал шығыс жалғаулы баяндауыштар тарихи 
қалыптасқан тұрақты тіркестерде толық орын алған. Сондықтан 
да ол септікті баяндауыштарды орыс тілі немесе аударманың əсері 
деу онша келе бермесе керек. Ал барыс жалғаулы баяндауыш таза 
аударманың əсерінен туған құбылыс екені рас. Жаңа қалыптаса 
бастаған барыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар баяндауыш 
қызметінде жұмсалуында əлі де болса естілуі жағынан да, қолдану 
дəрежесі жағынан да басқа септікті баяндауыштарға қарағанда 
енді-енді ене бастағанын байқатады. Сонымен, зат есімдер баян-
дауыш қызметінде барыс, жатыс, шығыс септік жалғауларында 
жұмсалады деп білеміз. Əрине, олардың қолданылу аясы бірдей 
емес. Жатыс, шығыс жалғаулы əрі бұрын, əрі мол жұмсалса, ба-
рыс жалғаулы баяндауыштар əрі соңғы кездің жемісі, əрі жаңа 
қалыптаса бастаған баяндауыш формасы деп білеміз.
а) Барыс жалғаулы зат есімді баяндауыштар: СОКП XXVI 
съезінің қарарлары – өмірге! («Қазақ əдебиеті»). Ең жақсы 
кітап балаларға («Қазақ əдебиеті»). Бүкіл билік – советтерге 
(«Социалистік Қазақстан»). ə) Жатыс жалғаулы зат есімді ба-
яндауыштар: Екі көзі осы ауылдың ақылшысы есепті сақалы 
аппақ қудай – Сансызбайда (Б.Мұқаев). Ананың көңілі – балада, 
баланың көңілі – далада (Мақал). Ел адамы аттылы-жаяу, үлкен-
ді-кішілі тегіс далада (Ғ.Мұстафин). б) Шығыс жалғаулы зат 
есімді баяндауыштар: Күндестік те еліңнен, Қамалау да еліңнен, 
Табалау да еліңнен, Абалау да еліңнен (Дастандар). Көрші, 
Қазақстанның қай түкпіріненмін дедің? – Оңтүстіктен (Б.Қой-
шыбаев).
Жалпы, септік жалғаулы сөздерге қойылатын сұрақтардың 
да саны, түрі туралы ойлану қажет. Бұрын зат есімнен жасалған 


505
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
баяндауыштардың сұрауы ретінде көбіне қайда, қайдан сұраула-
ры ғана айтылып келді. Өйткені зат есімдердің ішінде ондай септік 
жалғаулы сөздер көбіне мекендік мағынаға ие деп келушілік ба-
сым болды. Негізінде жатыс, шығыс жалғаулы сөздер үнемі ол 
сұрақтарға ғана жауап беріп қана қоймай, кімде сұрауларына да 
жауап береді. Оны жоғарыдағы мысалдар дəлелдейді. Екіншіден, 
есімді баяндауыштардың сұраулары ретінде енді барыс септігінің 
де сұраулары анықталу керек. Яғни есімдер, оның ішінде зат есім-
нен болған барыс жалғаулы баяндауыштарға қайда сұрауларынан 
гөрі кімге, неге  сұраулары мағыналық жағынан ыңғайлы келеді.
в) Жіктік жалғаулы зат есімді баяндауыштар. Біздер, жастар, 
көппіз, жұлдызбыз, арыстанбыз, батырмыз, қорықпаймыз, жан-
шып, таптап кетеміз, жанып тұрған отпыз, жауынбыз, біз қой-
маймыз, біз кенелтеміз, біз қарық қыламыз дей бергеннен не ты-
нады (Ж.Аймауытов). Мен баяғы Жамбылмын, Əлі сөзге даңғыл-
мын (Жамбыл). 
Зат есімдердің жіктік жалғауы арқылы баяндауыш қызметін-
де жоғарыдағы мысалдардан көрінгендей, екі түрлі жағдайда 
кездеседі. Зат есімдерге жіктік жалғауы тікелей жалғанса (жұл-
дызбыз, Жамбылмын), кейде шығыс жалғауынан кейін де жалға-
нып жұмсала береді. Жалқы зат есімдердің жіктеле бермейтіні 
бұрыннан мəлім. Бірақ жіктік жалғауы тек түбір зат есімдерге ғана 
жалғанып қоймай, шығыс септік жалғаулы зат есімдерге де жалға-
на береді. Мысалы: мен данамын, мен ауылданмын, т.б. Сол сияқты 
жіктік жалғауы -нікі, -дікі қосымшалы зат есімдерге де жалғанып, 
бұрын да баяндауыштық қызметте жұмсалып тұрған сөзге тағы 
да үстемеленіп жұмсала береді. Мысалы: Мен осы жердікімін 
(Ғ.Мұстафин). Бұл жер колхоздікі («Социалистік Қазақстан»).
Зат есімнен жасалған баяндауыштарға кейде, тұғын қосым-
шасы қосылып та жұмсала береді. Негізінде бұл қосымша ай-
татұғын, жазатұғын сияқты көбіне етістікке қатысты болып 
келетін болса, олар қазіргі кезде белсенді құбылыс емес. Деген-
мен етістікті түбірге жалғануының өзі сиреп бара жатқан 
бұл тұлға кейде зат есімдерге де қосылып, көбіне тарихи 
романдардағы кейіпкерлердің сөйлеуі арқылы қазіргі əдебиет-
терден де кездестіреміз: Əуелден еншісі бөлінбеген ен қазақтың 
ене қазаны Сайрам болған да, аяқтарының ұшынан басып, ай-


506
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
быны кірер ата шаңырағы Түркістан-тұғын. Жер түбіндегі 
жеті атаңның аруағы түгел риза болар, жер бетіндегі жеті 
ұрпағыңның кеудесін аяққаптай қылар айрықша əңгіме-тұғын 
(Ə.Кекілбаев). Кейде дүр тұлғасы арқылы да зат есімдер баян-
дауыш қызметінде жұмсала береді. Бұл қосымшаның да тұғын 
қосымшасы сияқты қазіргі кезде көп кездеспейтінін көруге бо-
лады. Мысалы: Жолдарымның түскені игі еді. Сейфолла кісі 
-дүр (Т. Əлімқұлов). б) Кейде зат есімді баяндауыштар -тын, - тін 
қосымшалары арқылы да жасала береді: Атасы үлкен басымен ша-
руадан жеркенбейтін, бейнетқор кісі- тін (Б. Шаханов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет