515
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сан есімдерге кейде оған қосарланып жұмсалатын нумеративті
сөздерге
жуық, тарта көмекші сөздерінің тіркесуі арқылы да ба-
яндауыш жасала береді. Ондай кезде сан есімдер не нумеративті
сөздер ретіне қарай септеліп, оған кейін
жуық, тарта көмекші
сөздері де тіркесе береді. Мысалы: Үй маңында жайылып жүрген
қозылар саны
онға жуық (Н.Əбуталиев). Милықұдық жағындағы
бұл алқаптың аумағы
он гектарға жуық (Қ.Сəтбаев). Биіктігі жеті
метрдей, ені он төрт
метрге жуық (Қ.Жұмаділов). Ал қазақтарда
мұндай жырлардың саны
елуге тарта (Ə.Нұр-шайықов).
Сан есімдер тек өздері ғана баяндауыш болып қоймай, кейде
зат есімдермен қатар тұрып, баяндауыштық қызметте жұмсала
береді. Əрине, ондай кезде осы аралас баяндауыштардың негізгі
мағынасы сан есімдер болғандықтан, сол бірліктегі бастауыштың
сандық қасиетін білдіреді. Мысалы: Барак үйшіктерінің бірі –
он
кісілік (С.Сейфуллин). Барлық істің ұшығына жету – мəселенің
үшінші түйіні (Ю.Семенов). Абай мен Оспан арасы –
бес-алты
жас. Сондықтан оған Абай аға іспетті (М.Əуезов).
Достарыңызбен бөлісу: