524
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
шылаулар қатысты пысықтауыш, толықтауыш сөйлем мүшелері
объектіні, мекенді, мақсатты, бағытты білдірсе, енді олар сол
мағынада баяндауыш болып та жұмсала береді.Бұған төмендегі
мысалдар дəлел болады: Күн тəртібіндегі мəселе – егіс жоспарын
өсіру туралы (Б. Майлин). Əділ би – халық үшін, зұлым би –
құлқын
үшін (Мақал). Қазіргі əзілдері
Ардақ жайында (Ғ.Мұстафин). Үй
саны
жиырма шақты (Б.Майлин).
Сонымен, көмекші сөзді тұрлаулы мүшелер осы уақытқа дейін
арнайы зерттеудің, арнайы қарастырудың объектісі болған емес.
Көмекші сөзді бастауыштардың, соның ішінде модаль сөздің жəне
шылаулы бастауыштың болуы туралы осы күнге дейін ауызға
алынып, сөз болмаған мəселе болса, шылаулы, көмекші есімді ба-
яндауыш туралы да сол іспеттес. Жалпы, көмекші сөзді тұрлаулы
мүшелер қазіргі кезде тілімізде көп қолданылатын категория бо-
лып отыр. Сондықтан да тілдегі осы сияқты материалдар – тілде
арнайы сақталып, жеке зерттеуді керек ететін күрделі мəселе.
Достарыңызбен бөлісу: