Талғат сайрамбаев


Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы



Pdf көрінісі
бет257/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Үстеудің баяндауыш қызметінде жұмсалуы
Осы уақытқа дейін үстеу тек пысықтауыш болып жұмсалады 
делінетін. Негізінде солай да. Дегенмен үстеулер басқа да, 
соның ішінде баяндауыш қызметінде жұмсалуын 1939 жылда-
ры С.Аманжолов айтқан еді. Онда автор «мезгіл, мекен, қимыл 
үстеулері баяндауыш болады» дейді де, «уақыт, мезгіл сөздері 
бастауыш болып келгенде оның баяндауышы үстеу болып 
келеді» деп, екі түрлі жағдайда үстеудің баяндауыш болуын 
алғаш көрсеткен еді. Қазіргі əдеби тіл материалдарынан қимыл-
сын үстеулерінің де баяндауыш болуын көрсетеді. Сол сияқты 
М.Балақаев, А.Ысқақов та үстеу тек жіктеліп барып қана баян-
дауыш бола алады деп көрсетеді. Зерттей келгенімізде, үстеулер 
баяндауыш қызметінде де мол жұмсалатын дəрежеге ие. Мұның 
өзі əдеби тілдің жəне аударма тілінің дамығандығынан да көріне-
ді. Үстеулер баяндауыш болған кезде көбіне бастауышпен қатар 
тұрады. Үстеулерге қатысты, яғни онымен тіркесте жұмсалатын 


518
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөздері көбіне үстеу сөздері немесе мекендік мағынаны білдіретін 
болып келеді.
Үстеулер баяндауыш қызметінде əртүрлі тұлғада да келеді. 
Мезгіл, мекен үстеулерінің нөлдік тұлғада баяндауыш болуы жиі 
кездеседі. Mысалы: Ол мəселені қозғау əлі ерте («Жұлдыз»). 
Оның қабілеті сендерден бір саты жоғары (М.Мақатаев).
Үстеулерге түрлі көмекші етістіктер тіркесіп келуі арқылы: 
Жұмыстың бəрін бір күнде тындыра алмаймыз, – деді Қапез басын 
кегжитіп, – күн – бүгін, жыл – биыл емес (М.Хасенов). – Қазір ба-
рам. – Жо-жоқ, қазір келме, кейін, кейін дедім ғой (Қ.Найманбаев). 
Хасеннің келгені де жаңа еді (М.Əуезов). Үстеулердің шырай 
тұлғасында келуі арқылы: Бүгінде шалқадан түсіп жату ертерек 
болар (С.Бердіқұлов). Мекен үстеулерінің баяндауыш болуы: 
Шынында, ең қиыны жоғарыда екен (А.Фадеев). Сын-қимыл 
үстеуінің баяндауыш болуы: Алас ұрған жас жігіт өзімен-өзі əуре 
(F.Мұстафин). Үстеулердің -нікі, -дікі жұрнағы арқылы: Есіңде 
болсын, інішек, ақын алдымен бүгіндікі (М.Мақатаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет