554
Қазіргі қазақ тілі
Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді! Ана көк шөпке бауырыңды
төсеп жатар ма еді! – О, шіркін, ең болмаса, біздің қолымызда
пышақ болар ма еді! (Ж.Верн).
3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған і с к е
ө к і н у р е т і н д е айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай
сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше
тұлғасындағы көмекші етістік
(екен), одан кейін
де демеулігі
тұрады:
–
Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!
Балаңды кеше жібермеген екенсің де! Ə, əттеген-ай, билетті ол
кеше алып қоймаған екен де!
Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке -
шы/-ші
қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен
айтылады:
- Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы!
Апамның тілін алсамшы!
ə) Тұйық райлы етістікке
керек еді ғой деген тіркес жалғасатын
күрделі баяндауышты лепті сөйлемдер де кейде ө к і н і ш м ə н д і
болады:
–
Омарбекке солай деп айту керек еді ғой! Машинаны кеше
жіберуің керек еді ғой!
б) Кейде тұйық етістікке
-ың//-ің қосымшасы жалғанып, одан
кейін
ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөйлемдер де
ө к і н і ш м ə н д е айтылады:
-
Кеше осыны айтуың ғой! Бұл жұмысты Сабыржанмен
бірігіп істеуің ғой! Пішенді ертерек шабуларың ғой!
4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау
мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің
ішінде кейде
қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай,
Достарыңызбен бөлісу: