550
Қазіргі қазақ тілі
Ар-ұятын сатқанға?
Ойлансаңшы, Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды?
(Абай).
2. Халық ұстазынан айырылса, не таппақ? Ел несімен ел?
Жақсысымен ел. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? (М.Əуезов).
Азғана малды сатып, соя берсе, ертеңгі күні кедейленіп қалса?
Сараның сөзін кім тыңдамақшы? (Б.Майлин).
3. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? Енді жұрт машина
мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?... (З.Шашкин).
Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрмалас
сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында
əйтеуір,
қалайда деген сөздер қолданылады:
Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақкөңілділігі ме, əлде қабағына
қақ тұрмайтын ойнақылығы ма? – əйтеуір Шеген мені біржолата
тартып əкетті (Ғ.Мүсірепов).
§6. Бұйрықты сөйлем
Б ұ й р ы қ т ы с ө й л е м біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен
айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық
ретінде ғана айтылып қоймай, сонымен қатар кісінің еркін, тала-
бын, кеңесін, тілегін, жалынышын, т.б. да білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əде-
биетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды.
Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы
арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады
да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты
сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсауына
қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап
мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады;
егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бəсең
дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе
сөйлемнің басына қойылады, мысалы:
–
Шеген! Тоқта! Қайырыла кет! Ғ.Мүсірепов).
Еріңдер
Достарыңызбен бөлісу: