Талғат сайрамбаев


Көгерсін, қалқам, көсегең! Мақсатыңа жет



Pdf көрінісі
бет278/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Көгерсін, қалқам, көсегең!
Мақсатыңа жет көксеген!..
Көңілдерің жай болсын!
Бақ кетпесін басыңнан! (К.Əзірбаев).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған 
-шы/-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде 
бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдер І 
жақта қалау мағынасында да айтылады:
Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына ба-
ланы риза қылшы! Мына жұмысты тезірек бітірші! Сабыр 
ертең біздің үйге келсінші! Бір ауыз сөз айтайын, қатар тұрып 
тыңдаңыздаршы! (Ə.Əбішев). – Ататай, «түсі жақсыдан 
түңілме» деген еді, түсіңіз жылы екен, түсіндіре кетіңізші! 
(Ə.Əбішев). – Балам, жөніңді айтшы! (М.Əуезов).
-шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баян-
дауыштары бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта 
сөйлегенді білдіреді:
Қане, осы баланың бəйгесін бермей көрші! (Ғ.Сланов). 
Көмірсіз тырп етіп көрші! (Ғ.Мұстафин). Тапсырманы орында-
май көрші (Газеттен).
4. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баянда-
уыштары бар сөйлемдер ұ р а н , ү н д е у мағынасында да жұм-
салады:
Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауылшаруашылық 
мамандары! Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мəдениетін 
арттырыңдар, егіннен мол өнім алатын болыңдар! Тың жəне 
тыңайған жерлерді онан əрі игеру үшін күресіңдер! (Газеттен).
§7. Лепті сөйлем
Кісінің көңіл күйін, əртүрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін 
жұмсалатын сөйлемдер л е п т і болады. Лепті сөйлемдердің 
мағыналары жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы, 
қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмəні, 
жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді.
Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың 
құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі 


553
Қазіргі қазақ тілі
лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен, 
лептілік интонациямен айтылады:
 Қап! – деді Ахмет өте шығып (Ғ.Мұстафин).
– Пай-пай-пайбұл неткен жан! (Ə.Тəжібаев).
Пай-пай, Ысқақ-ай, осындай адамдарды көре білмейсің
(Ғ.Мұстафин).
Түу, сіз қызық екенсіз! (Ш.Хұсайынов). – Апырай, аман 
болғай-ақ та! (Ғ.Мүсірепов). – Шіркін-ай! Біздің ауылдың 
жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей кетуші еді! 
Ауыл келіп қонғанда, жұпар исі мұрныңды жарушы еді!.. Тау 
аясындағы айдын көлдің айнадай суы қандай еді! (Ж.Аймауытов).
Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың 
құрамындағы одағай, модаль сөздермен, сөйлемдердің лептілік 
əуенімен байланысты:
1. Қ о р қ у , с е с к е н у , а я у , ө к і н у , т а ң ы р қ а у сияқты 
кісінің көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының 
құрамындағы -ау, -ай демеуліктері айтылады:
Құлайды-ау! Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау (Ғ.Мұста-
фин). – Ой, байғұс бала-ай!... Қарғадай баламды тағы шырыл-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет