549
Қазіргі қазақ тілі
Богданов:
Олай болса, сонша малға жерді қайдан таппақсың?
Жанар:
Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па?
–
Біздің ауылға барасың ғой, қызым?
–
Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов).
–
Ой, мынау тамаша емес пе?
–
Несі тамаша? (Т.Нұртазин).
3. Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің
жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге
күмəнданғанын да білдірді: Ондай əрі сұраулы, əрі күмəнді
сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында
ма//ме ... екен,
екен-ау жəне
ə деген сөздер болады.
–
Сол жаққа мен де барсам ба екен?
–
Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов).
4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнді
сұрақ формаларында немесе
деймісің деген сөзбен келетін сұрау-
лы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да
айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті болатындық-
тан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар
қойылады:
–
Сізде де арман бар ма екен?! (Ə.Əбішев).
–
Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! (Ғ.Мүсірепов).
–
Мен білмейді деймісің?! – Бұл да келіп қалып па еді?
(Ғ.Мұстафин).
Сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл-күйін білдіретін
одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа
эмоциялық реңк қосыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: