Алтын орденалғаным, Терең жырдың тиегі. Көрікті Отан алдына Ақын жырын үйеді. (Жамбыл)
2. С а л ы с т ы р у , т е ң е у м а ғ ы н а с ы н д а ж ұ м с а л а д ы : қа- мыс құлақ (ат) –аттың құлағы қамыстай д.м.; пісте мұрын (қыз) –
қыздың мұрны пістедей д.м.; жібек жүн – жүні жібектей д.м.;
құрыш білек – құрыштай қатты білек д. м. Мысалы:
Қаракерқамыс құлағынқайшылап оқта-текте жерден ба- сын алып, төңірекке едірейіп қарап қояды (Ғ.Сланов). Жібек жүніңжелкілдеп, жайраңдайсың ақ лақ. Құрыш білек, болат дене, еңбек сүйген бала жаста (Ə.Сəрсенбаев). Құлаш мойын, кез құлақбір бедеу ат, денсаулық ер жігіттің сұрағаны (Ғ.Сланов).
3. Б і р з а т т ы б а с қ а з а т қ а а р н а у м а ғ ы н а с ы н д а қ о л -
д а н ы л а д ы . Мысалы: ат қора – ат тұратын қора; мал қора –
мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге арналған кесе; кір сабын – кір жууға арналған сабын; қазан пышақ – қазан
қыру үшін жұмсалатын пышақ (қырғыш); өкше біз – өкшеге шеге
қағу үшін жұмсалатын біз.
Арнау мағынасында анықтауыштық тіркес құрамында жұм-
салатын сөздердің өзара бірлігі күшті. Əдетте, олар бөлек
жазылғанмен, мағыналық, ритмикалық бірлігі жағынан біріккен
сөздер тəрізді. Сондықтан олар сөйлемнің бір мүшесі ретінде
жұмсалады. Мысалы: Баймырза Қалампырға қараған кезде, Қалам- пырдың қолы өгіздіңмүйіз жібінетиді (С.Мұқанов).
4. Б і р з а т е к і н ш і з а т т ы м е к е н і н е қ а р а й а н ы қ т а й -
д ы : тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта са- ғат, т.б. Олардың екі түрі бар.
а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер-су аты болып, ба-
сыңқысы заттың сонда өсіп-өнетінін (мекенін) білдіреді: тау ешкі, су жылан, көл бақа, түрікпен кілем, т.б.
ə) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есім болып,
бірі екіншісінің қ а й ж е р д е г і , қ а й о р ы н д а ғ ы зат екенін
анықтайды: мойын ет, желке тамыр, тамақ без, ауыз үй, тамақ бау, т.б.
Бұлар – бір лексикалық бірлікте айтылатын тіркестер. Мысалы:
Мұныма біреу қарсылық айта қалса, шеке тамырым көгерген-
578
Қазіргі қазақ тілі ше, өңешім қызарғанша айтыса кетуге де əзірмін (Ғ.Мүсірепов).