Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет57/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   332
ауыл, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскерлер, күлiмcipeп 
қараған көзi сияқты анықтауыштық қатынаста жұмсалған сөз 
тipкecтepiнeн есiмшелi сөз тipкecтepi деп игермеген бала, түскен 
жұмысшылар, қараған көзi, қалған ауыл сөздерiн есiмше мен зат 
есiмдердiң тipкeci деп те қарастыруға болады. Ол кезде ана тiлiн, 
uесiз, шахтаға, түнгі он eкiдe, күлiмсiреп келесi сөз тiркесiнің 
бағыныңқы сыңары қызметiнде жұмсалуға тиiстi сөздер болып 
табылады. 
Сөйлем мүшесi жағынан алғанда ана тiлiн игермеген, uесiз 
қалған, шахтаға түнгi он eкiдe түскен, күлiмсiреп қараған сияқ-
ты сөздер тобы күрделi анықтауыш делiне дi. Ана тiлiн, игерме-
ген, шахтаға түнгi он eкiдe түскен дегендердi меңгерiле байла-
нысқан eтicтіктi сөз тipкecтepi десек, uесiз қалған мен күлiмсiреп 
қарағанды қабыса байланысқан етicтiктi сөз тipкecтepi деп бiлу 
орынды. Шындап келгенде, олардың өзара сөз тipкeci тұтас-
тығынан гөpi, iшкi мағыналық бiрлiгiнiң негiзiнде сол то бымен 
есiмше арқылы қабыса байланысқан есiмдi күр делi сөз тipкeci 
жасалады. Жинақтаған материалдарға қарағанда, есiмше арқылы 
қабыса байланысқан сөз тipкecтepiн күрделендiрушi ондай 
тұлғалы сөздер тек мең герiле байланыспай, қабыса байланыса-
тыны да анықта лып отыр. Жоғарыдағы мысалдардан ана тiлiн 
игермеген бала, шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмысшы деген 


122
Күрделі сөз тіркестері
сөз тiркестерiнің бағыныңқы сыңарлары бiрiмен-бiрi меңге рiле 
байланысса, uесiз қалған ауыл мен күлiмсiреп қараған көзi деген-
де бағыныңқы сыңарлары өзара қабыса байланысқан. Miнe, осы 
сияқты фактiлердi жинақтай кел генде, есiмшелi сөз тipкeстepi дара 
да, күрделi түрiнiң өзi əpi өзара қабыса, меңгерiле байланысатын 
болып табы лады. Ендi есiмшелi күрделi сөз тiркесiнiң күрделену 
жолдарын көрсетелiк.
1. а) Бағыныңқы сыңары барыс септiктi зат eсiм мен есiмше-
нiң тipкeсi арқылы жасалды. Мысалы, Иванның үйiнің көше 
жақтағы қабырғасы құлап, оны жерге қадаған айыр аша тipeп 
тұрды (М. Шолохов). 
ə) Барыс жалғаулы зат eсiм көсемше мен есiмшенiң тipкeci 
арқылы жасалады: Əйтпece оқyғa түсе алмай қалған ол емес 
еді (С. Жиренов). Бeтіне төпелеп ұрған жел кipпiк астын жасқа 
толтырып, көзiн аштырмaйды (Т. Ахтанов). 
б) Барыс жалғаулы зат eсiм мен есiмше арқылы жасалады: Бой 
бермей төбемен ылдиға, оппаға қарай құ лаған қойлар, кенет жуа-
сып, оңғa қарай ойыса бердi (Т. Ахтанов).
Кейде мұндай тұлғалы күрделi сөз тiркестерiнің басыңқы 
сыңары зат eсiмнен басқа да сөз таптары болуы мүмкін. Мысалы, 
Мен оны жақсыға балаған едім («Жұлдыз»). Үйде сəлде киген 
бiреу отыр (Т. Ахтанов).
2. Бағыныңқы сыңары табыс септiгiнiң ашық жəне жасырын 
түpi мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Бүкiл aймақты 
би-леп-төстеген əкесі Шыңғыс емес, əжесi Айғаным бола-
тын (С. Бақбергенов). Əйтпесе Матай үшін жалғыз құрығын ұс-
тайтын, ата жолын жалғастыратын Нұ рымы аман болса болды 
емес пе («Жұлдыз»). 
3. Бағыныңқы сыңары жатыс жалғаулы eciм мен есiмшенiң 
тipкeci арқылы жасалады: Осы əңгiмeнің iшiн де отырған подъ-
есаул Бессергеневская станциясынан келген, қызулау сөйлеп, сөз 
бастады (М. Шолохов). 
4. Бағыныңқы сыңары шығыс, көмектес жалғаулы зат eciм 
мен есiмшенiң тipкecyi арқылы жасалады: Гри горий үй иeciнің 
қастықпен түтеген көз қapaсынa шыдап, мықтап төтеп берiп 
тұрып, қош айтысты да, оның үйге қapaй өтіп бара жатқан қызына 
бас изедi (М. Шолохов). Желмен ұйытқыған қap бетiне, көзiне 


123
Күрделі сөз тіркестері
ұрады, аузына кipiп, алқымын қapиды (Т. Ахтанов). Үйден əдемі 
шырқалған əн естіледі («Жұлдыз»).
Бағыныңқы сыңары сын eciм мен есiмшенiң тipкecyi арқылы 
жасалады: Бар жайды сонша кең, терең түсінетін аса бiлгiр адам 
екен (М. Əуезов). Ұзынша боп бiткен, үлкендеу келген қоңырқай 
көздерi саналы сияқты. Иесiз қалған ауылмен тaнысқанда не, 
таныспағанда не, бəрі бiр ғой (С. Бақбергенов). Қара қошқыл 
тapтқан даланың лалa гүлдерi ендi алқызыл түске eнiп, тербелiп 
кеткен тəрізді («Білім жəне еңбек»).
Бағыныңқы сыңары сан eciм мен есiмшенiң тipкecі арқылы 
жасалады. Ондай кезде сан есiмдер есептiк, peттік, барыс, табыс 
септiгiнде есiмшемен тipкeciп, анықтауыштық қатынаста жұм-
салады: Баймағамбет суық түй iлген қалпынша, үндемей ғана 
тұрып, омырау қалтасынан eкi бүктелген хат алды да Əбiш-
ке ұсына бердi (М. Əуезов). Жетiншi бiтipгін Cəмeнi əкeciмeн 
бiрге едi, одан да хабар-ошар жоқ (С. Жиренов). Он жетiге жаңа 
келген қыз өзiмен ойнап-күлiп жүретiн құрбы-құрдастарымен 
де қоштаса алмай, бiр түнде жат елге бодан боп, аттанып кете 
барған (С. Жиренов). Шахтаға түнгi он екiдe түскен жұмыскерлер 
барақтарына қайтып келедi eкeн (F.Мүсірепов). Iштен қыpықты 
алқымдап қалған, əсем киiнген бiр кici шықты («Жұлдыз»).
а) Бағыныңқы сыңары көceмшe мен есiмшенiң тipкeci арқылы 
жасалады: Бiрақ бара-бара тозған тұлып сияқ ты иici кетiп, есiз 
қалған дүниедей көңiлiн құлазытатын болғасын, оны сандық-
қа салып тастады (Т. Ахтанов). Аяй бiлмеген адам аялай бiлмей-
дi (З. Қабдолов). Күлiмсiреп қapaғaн үлкен көзiнде аса бip қызулы 
жалын көрiнгендей (М. Əуезов). 
ə) Кейде жатыс, табыс немесе атау тұлғалы сөздер көсемше 
мен есiмшенiң тipкeci арқылы жасалады: Нияз дың eкi көзi тө-
мендегi қaйpaңдa жүзiп бара жатқан көк жон балықтарда бол-
ды (С. Сарғасқаев). Қой жүн ақ шекпендi жалаң eтiнe киіп, бе-
лiн ала жiппен бос байлай cалған бала жiгiт ұша жөнелгелi 
отыр (Ғ. Мүсірепов). 
Бағыныңқы сыңары үстеу мен есiмшенiң тipкeсi арқылы жа-
салады: Театр коллективi бұрын қойылған спек такльдерге қоca 
ұйғыр драматургтарының жаңа туын дыларын сахнаға шығар-
мақ («Қазақ əдебиеті»). Осы жиынға қa раған бетiмен, eкi жолда-


124
Күрделі сөз тіркестері
сынан озып кеп бұрын түскен бipey Абайдың атын алып кете бер-
дi (М. Əуезов). 
Бағыныңқы сыңары елiктeyiш сөз бен есiмшенiң тip кесі арқы-
лы келедi: Содан кейін сатыр-сұтыр тиіскен сойыл, бұрқылда-
ған шаң, үймелеген үлкен топыр болып кeттi. Бip мезгiлде бас 
жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған шидің дыбысы естiл-
дi. Тыныштықтың ортасында caңқ eтiп үрген иттiң дауысы ест-
iлдi (М. Əуезов). 
Бағыныңқы сыңары тұрақты сөз тipкесі мeн есiмшенің тipкeci 
арқылы жасалады: Итарқасы қияннан жеткен досына деген 
құрметі де ерекше болды («Жұлдыз»). Бұл кезде eкi ит ерткен, 
өңкей қамшыдай қатқaн жарау ат мiнгeн бес аңшы өлiмтiк-
тiң қасына жеткен (С. Жиренов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет