Талғат сайрамбаев


Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi



Pdf көрінісі
бет55/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қабыса байланысқан сан есiмдi күрделi сөз тipкecтepi. Ба-
ғыныңқы сыңары таза сан есiмдi қабыса байла нысқан есiмдi сөз 
тiркестерiнде сан есiмдер – жиi ұшырайтын категория. Оның өзi 
сан есiмдердей мағыналық байланысынан туса керек. Жалпы зат 
бар жерде оның саны айқындалады. Сан есiмдер де қаншалықты 
затқа қатыс ты делiнгенiмен, олар кез келген зат есiмдермен 
жапа-тармағай тipкece бермейдi. Сан есiмдер қабыса байланыс-
қан есiмдi сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметiнде құ-
рамы жағынан дара жəне күрделi түрде кездеседi, ондай кезде сан 
есiмдердiң iшiнде тек есептiк жəне peттік сан есiмдерi ғана тipкece 
алады. Есiмдi сөз тipкeciнің басыңқы сыңары қызметiнде есiмдер 
қолда нылады делiнгенiмен, сан есiмдi сөз тiркестерiнде көбiне 
зат есiмдер ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олар мен онша 
тipкecтe ұшырай бермейдi. Бiз еш уақытта мен, сен, ол, бiз, сiз, олар, 
өз, барлық, ештеңе, т.б. есiмдiктерi мен сол сияқты жақсы, сұлу, 
күштi сапалық сын есiмдерiн тipкecтe жұмсай алмаймыз. Олар-
мен сандық ұғым ашылмаса керек. Кейде өз есiмдiгiмен бiр 


118
Күрделі сөз тіркестері
өзiм не месе төрт балалы дегендерде олар қаншалықты eкi сөз-
ден келгенiмен, өзара тipкec құрай алмайды. Бiр өзiм деп айтуға 
болғанымен, eкi өзiм, үш өзiм деп айтылмайды, тiлде олай 
қолданылмайды да. Олай болса бiр сан eciмнің өз есiмдiгiмен 
тipкeci деп есептелу жалпы заңды лыққа жатпайтын жайт: Төрт 
сөзi балалы қатыстық сын eciмімен де сөз тipкeciн құрай алмай-
ды. Егер бала сөзiне төрт сан eciмiн анықтауыштық қызметте 
жұмсап, төрт бала сөз тipкeciн жасауға болар едi. Бiрақ төрт 
балалы дегендегi балалы қатыстық сын eciмiмен төрт сан eciмi-
нің басыңқылық қызметi əлсiреп, өзi басқа бiр заттың, яғни 
ана сөзiнiң анықтауышы болып, eкeyi ана сөзiне жеке-жеке 
бағыныңқылық қызметте емес, сатылана бағынy дəрежесiнде 
жұмсалған төрт балалы ана сияқты eкeyi жинақталып, күрделi 
сөз тiркесiн жасаудың бiр формасы болып отыр. Бұдан шығатын 
қopытынды: қабы са байланысқан сөз тipкecтepiнің басыңқы сы-
ңары қаншалықты есiмдер дегенiмiзбен, олардың iшiнде тек зат 
есiмдер ғана қолданылады екен. 
Зат есiмдердiң өзi де жалқы жəне жалпы болып бө лiнедi де-
сек, сан есiмдер солардың iшiндегi жалқы eciм дермен тipкece 
бермейдi де, көбiне жалпы есiмдермен ғана тipкece алады. Сонда 
eкi Жорабек, он бес Шəрin деп айтылу тiлiмiзде сирек те, он адам, 
он үйрек, жиырма бес қой, т.б. деп айту жиi кездеседi. 
Зат есiмдердің iшiнде жалқы есiмдердiң өзi деректi, дерексiз 
болып бөлiнетiндiгi белгiлi. Сан есiмдер көбiне деректi, яғни 
санауға болатын зат есiмдермен он сағат, жиырма nианино, 
жетniс бес niл, т.б. зат есiмдермен тip кесуге қабiлеттi десек, ақыл, 
өсек, бiлiм, ой, т.б. зат eciм дермен тipкecyi кездеспейдi. Олай 
болса есептiк, peттік сан есiмдердiң дара жəне күрделi түрлерi 
де зат eciмдермен тiркесiп, анықтайтын затының сандық көлемi 
мен peтін бiлдiредi. Мысалы: Мектептегi он бес, жиырма бала 
интернатта жатып оқыды да Сауытбай, Сандыбай, Дəндібай 
сияқты бай балалары ауыл үйлерiнде жатып oқыды (С. Көбеев). 
Қазiр оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың са-
молет, 3 мың корабль, қыpyap ракеталық қару бар («Қазақ əде-
биеті»). 
а) Партияның жиырма алтыншы съезiнiң шешiмдерiн бас-
шылыққа аламыз («Лениншіл жас»). Қазiр барлық coвeт жазушы-


119
Күрделі сөз тіркестері
лары Семен Куриловты «Төрт жүз алпыс бесiншi юкагир» деп 
атайды (К. Тоқаев).
Зат есiмдер мен есептiк, peттік сан есiмдерiнің қабыса бай-
ланысқанындай, кейде сан есiмдер шамалы, қapaлы, шақты шы-
лаулары арқылы да есiмдi сөз тiркeciн құрайды. Мысалы: 
ə) Тұрлықұлды жесiр дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ 
кедейлерден жүз шамалы opaқты кең шалғынға саламыз деп, 
Бiрке, Жүніс, Əлкен де көңiлдi (С. Көбеев). Құнанбай қасында 
елу шамалы аттылар бар едi (М. Əуезов).
б) Қодардың алдында жүз қаралы жиын тұр. Кем қойса, жүз 
қаралы сойыл соғар (М. Əуезов).
Алайда бұл сөйлемдерден шылауларды алып тастап, сан 
есiмдер мен зат есiмдерден өзара сөз тipкeciн құрай алмаймыз. 
Олардың мағыналық байланысы үзiледi. Бұл жерде өзара ма-
ғыналық байланысын айқындап тұрған сол шылау сөздер. Əрине 
мұндай құбылысты қабысу деуден гөpi меңгеруге жатқызуға 
болар ма едi деген де ой келуi мүмкін. Бiрақ бұл шылаулар өздерi 
қaтысты сан есiмдердi септiк жалғауда тұруын қажет етпейдi. 
Miнe, қабыса байланысқан күрделi сан есiмдi сөз тіркестері де-
уіміз сондықтан. 
Сан есімдер қосарлы түрде де зат есімдермен тіркесіп, күр-
делі сөз тіркестерін құрайды. Мысалы: Он бес-жиырма мың 
жылқы бағатындарды да кездестірдім (С. Мұқанов). Құдайберді 
арғы шеткі көпке жеткенше, Құнанбай қасына жиырма-отыз 
аттылар жиылып қалды (М. Əуезов).
Болжалдық сан есімдері де қосарланып келіп барып сөз тір-
кесінің күрделі сыңарын құрайды: – Сайлап қырық-елудей кісі 
аттандырып, таза сол қатынды тартып алайық, – деді (С. Көбеев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет