113
Күрделі сөз тіркестері
ден де анық байқауға болады. Сан есiмдер – затқа қатысты, соған
байланысты өрбитiн категория. Сондықтан олар зат есiмдермен
тipкecyгe қабiлеттi. Бiрақ олар көбiнесе санауға болатын есiм-
дермен тiркеседі. Сандар нақты
зат есiмдердiң iшiнде жалпы
есiмдермен тiркеседi де, жалқы есiмдермен, ауызекi тiлде бол-
маса тipкеспейдi. Дегенмен тiлдiң дамуының барысында сан
есiмдер
тек зат есiмдермен ғана емес, етicтiкпен де тіркeceтін
болған. Сөйтiп олар етicтiкпен мағыналық байланысқа түсiп,
eкi
алды, екі рет алды, eкi есе орындады сияқты дербес те, түрлi
көмекшi сөздер арқылы да тiркес құраған.
Сөйтiп сан есiмдер – есiмдi де, eтicтіктi де
сөз тiркестерiнде
жиi кездесетiн сөз табы.
Сан есiмдердiң өзi қатысты сөздермен түрлi формада байла-
нысатынын мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы:
1. Сонау ақ үйлердiң бiрiнен
екі адам шығып, берi қарай ке-
ледi (Т. Ахтанов). Майды уысын толтыра
бес-алты асап жiбере
алады (С. Мұқанов). Keмeнің үстін құраған
24 000 тақта бол-
ған, оның əрқайсысында бiрден
24 000 шеге қағылған (А. Машани).
2.
Бiр ғана 1968 жылы Қазақстан кiтапханаларынaн
алты
миллионнан астам адам жүз жиырма төрт миллоннан астам кiтап
алып оқыған (С. Омаров). Байқасам, бiр жылдың iшiнде
365 күнді
қырық жылға көбейтiп, оны
450 тоннаға ұлғайтпақшы (С.Т.).
Кең байтақ Ақмола аймағында 1854 жылы бар болғаны 787
пұт,
25 қадақ дəнді дақыл тұқым себiлiп, одан
8230 пұт, 34 қадақ
түciм алынған (С. Омаров).
3. Комбинат қақпасы сəске
мезгiлiнде тағы бiр дүркін ашы-
лып кeттi (F. Сланов). Қайың, сойыл, қара шоқпарлар
екi-үш
рет-ақ айқыш-ұйқыш түйicтi (М. Əуезов)
. Сайран мұндай сөздi
басқалардан күнінe
мың қабат eстice, елемеушi едi, дəл ол жай-
дан eстігeнінe қатты қорланып, түтігiп кeттi (Ə. Əбішев)
. Ол
емес деп Абай
мың мəртебе айтпады ма? (М. Əуезов).
4. – Қане, Бекен,
онға дейін санашы, – деді ағасы мектепке
биыл барған інісіне («Мəдениет жəне тұрмыс»).
Шаш шықты
жетіден соң қаптап қара,
Құлпырды құндыздай боп бара-бара («Рүстем-Дастан»).
5.
Қозы еті қайнар мезгіл өте найзагерлердің жаппай соғысы
басталды.
Сүт пісірімдей мезгіл қадалысқан мезетте балгердің