120
Күрделі сөз тіркестері
Есімшелер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінде жиі
ұшырайды. Мысалы: Қазір
жуынатын ыдыс əкелейін (М. Шо-
лохов). Таң қараңғысы болар, алайда қара түнек, аспанның түбі
тесіліп кеткендей
ұйытқыған боран басылар емес (Т. Ахтанов) –
деген сөйлемдерде
жуынатын, ұйытқыған есімшелері
ыдыс,
боран зат есімдерімен тіркесте
анықтауыштық қызметте жұм-
салады. Жалпы, есімшелер таза күйінде алғанда үнемі дара жұм-
салуға бейім. Бірақ есімшелер тек дара жұмсалып қана қоймай,
кейде басқа сөздердің жетегінде де жұмсалады. Осы сияқты
фактілер қазақ тілінде ғана емес, басқа да тілдерде байқалатын
сияқты.
И.И. Мещанинов бірнеше толық мағыналы сөздерде де кейде
мағыналық тұтастық жəне орын тəртібінің ерекшелігіне қарай сөз
тіркесінің күрделі сыңарын құрайтындығын айтады [103, 78].
Профессор М. Балақаев есімше қатысты формалардың мына-
дай екі түрін береді:
1.
Бұл жердің адамдарында біз білмейтін тағы бір мінез бар
(Ғ. Сланов). Есіркеп тұратын үйдің іші біз
көргендей (С.Мұқанов).
2.
Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады.
От жағылған екі
темір
пеш түксиіп тұр (Ғ. Мүсірепов).
Шыңғыс жаққа қараған
терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр (М. Əуезов).
Қолдан
келер жəрдемді көрсеттік (Ғ. Мүсірепов) [16, 142].
Осы сөйлемдердің бірінші тобында
біз білмейтін, Есіркеп
тұратын сияқты бастауыштық пен баяндауыштық қатынастан
құралған топты сөз тіркесі жағынан қарастырмай, тек үйірлі
анықтауыш дейді. Мұндай формалы тipкeс сөздердi есiмшелi сөз
тipкeстepi деп есепте мейтiн сияқты. Келесi топтағы
төбеде жүрген
самолет, от жағылған пеш, шығыс жаққа қараған терезе, қолдан
ке лер жəрдем дегендердi айта келiп, профессор М. Балақаев
есiмшелердiң құрамында меңгерiлетiн есiмдердiң бола тындығын,
олар сол тобымен күрделi сөз
тipкeсiн ғана құрайтындығын
көрсетедi [16, 45].
Сонда
төбеде, от, шығыс жаққа, қолдан зат есiмдерi жа-
тыс, барыс, шығыс септiктерiнде
жүрген, жағылған, қараған,
келер есiмшелермен бiрлiкте, iштей
меңгерiле байланысқан сөз
тipкecтepiн айқындайды. Бұл арада автор есiмшеге қатысты
сөздердiң қай септiкте, қай сөй лем мүшесi қызметiнде жұмсалуы-
121
Күрделі сөз тіркестері
на қарай оларды бiрде күрделi сөз тipкeci, бiрде үйiрлi мүше деп
ажырату ке peктігін айқын аңғартатын сияқты.
Осы сияқты есiмшелер арқылы күрделену процесін басқа да
авторлардан бiлуге болады [83; 104; 105].
Сөйлемнiң iшiнде есiмшелер де осы сияқты дара түр де қол-
данылумен бiрге, кейде тек өзi ғана анықтауыш тық қызметте
жұмсалып қоймай, өзiне басқа сөздердi жетегiне ала отырып
жұмсалуы мүмкін. Ол үшiн мына мысалдарды талдап көрелiк.
Ана тiлiн игермеген баланы шетел тiлiне үйрету – тəй-тəй бас-
паған баланы атқа мiнгiзiп жүргiзумен бiрдей («Лениншіл жас»).
Иесiз қалған ауылмен танысқанда не, таныспағанда не, бəрiбiр
ғой (С.Бердіқұлов).
Шахтаға түнгi он eкiдe түскен жұмыскер-
лер барақтарына қайтып келедi екен (F.Мүсірепов).
Күлiмсiреп
қараған үлкен көзiнде аса бiр қызулы жалын көрiнгендей (М. Əуе-
зов). Miнe, осы сөйлемдерден:
ана тiлiн игермеген бала, uесiз қалған
Достарыңызбен бөлісу: