Талғат сайрамбаев


Жатыс жалғаулы сөз тipкeстepi



Pdf көрінісі
бет90/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Жатыс жалғаулы сөз тipкeстepi
Жатыс жалғауында зaт eсiм, сан eciм, сонымен бiрге сол сөз 
таптарына көмекшi eciм мен кейбiр шылаулар тipкecy арқылы 
жасалады. Жатыс жалғаулы сөздер кө бiне пысықтауыштық, 
кейде объектiлiк қатынаста да жұмсалады.
Пысықтауыштық қaтынacтaғы сөз тipкecтepi мeкeндiк мағы-
нада:
а) Iлiк жалғауының жасырын түpi мен тəуелдеулi жатыс 
септiктi сөздердiң тipкeci арқылы жасалады. Mы салы, Гүлжай-
саң мұның алдында жылға жуық мектеn кiтaпхaнaсындa·
icтeгeндe Еркежанмен онша-мұнша араласы жоқ едi («Лениншіл 
жас»). Қамбар батыр да Ойрат жерiнде екі peт болған (І. Есен-
берлин).


185
Күрделі сөз тіркестері
Iлiк жалғаулы сөздер мен тəуелдеулi жатыс жалғаулы eciм-
дepдiң тipкeci арқылы жасалады. Бiр демалыс күнi бiрсыпыра 
оқушылар инстuтуттың клубында oтыр ды (С. Сарғасқаев). Бүгiн 
оның жүзiнде ешқaндай қуаныштың да, үмiттiң де белгiсi жоқ 
тəрiзді (Ə. Сəрсенбаев). 
Көмекшi eciмдep мен дара есiмдер тipкecy арқылы жасала-
ды: Орданың iшiнде тек ағаштан жасалған мүлiктер ғана қалады 
(С. Мұқанов). Əрбiр топ өздi-өз пəтерiнен жеке-жеке шоғыр бо-
лып шығып, қала сыртында тоғысқан (М. Əуезов). Былқылдақ 
арбаның үстінде қалпақ киген екеу отыр (А. Хангелдин).
Көмекшi есiмдер күрделi есiмдермен тipкec арқылы жаса-
лады: Алдыңғы күнi бiз асық ойыны үстінде араз дасып қал-
ған eдік (Ə. Сəрсенбаев). Еламан көрiп тұрып соқпай кетуге 
бата алмай, орыс байының алдында қорқa-қорқа сөйледi (Ə. Нұр-
пейісов). Аңшылар сəтте иiн тipecкeн жұрт итерiс кенде Бектұр-
сын қатты қысылып, жұрттың аяғының ас тында қалып қой-
ғаны бар (М. Иманжанов). Сол төрт ұлдың ор тасында бұлаң-
дап өскен Шұға дейтiн қызы болды (Б. Майлин). 
Қимыл процесiнiң мезгілiн бiлдiредi: 
а) Зат eciм мен жатыс жалғаулы зат eсiмнің жəне жаз, күз, 
шай, тамақ, түс, түн, оқу, т.б. сөздер жатыс жалғаулы кезiнде, 
yaқтыcындa, уақытта, айларында, айында сөздерiнiң тipкeci 
арқылы жасалады. Мысалы, Жаз кезiнде өзiмiз үйде барда күндiз 
бiздiң үйдiң eciктepi еш жабылмайды (Б. Соқпақбаев). Жаз 
айларында мал баққан ел су iздеп, алыстағы өзендерге батыра-
ды (С. Мұқанов). Түн қараңғысында Mepyepттi анықтап көре ал-
мады (М. Сүндетов).
ə) Iлiк жалғаулы есiмдер мен кейде үстеулер, eciмдер, 
есiмшелермен кезiнде, yaқытындa сөздерiмен тipкe сiп жұмса-
лады да, мезгiлдi бiлдiредi. Мысалы, Бұл кеш тiң соңғы кезiнде 
Абай алғашқыдай емес, тартынып қалғандай баяу едi (М. Əуезов). 
б) -ғы, -гi жұрнақты қазiр, соң, əуелгi, былтыр, бuыл, кеш сөз-
дерi мен тaңдa, мезгiлде, кезінде, мaусымдa, уақытта сөздерi-
мен тiркесiп, сөз тipкeстepiнің күрделi бағыныңқы сыңарын жа-
сайды: Көлемi аз бұлақтың айналасына жиi қонған ауылдардың 
үйлерi де, шұбыртқан малы да, адамдары да кешкi мезгiлде 
ыю-қию араласып жатқан сияқты (М. Əуезов). Cоңғы кезде туып 


186
Күрделі сөз тіркестері
жатқан жаңа шығармалар да молшылық (Ə. Нұршайықов). Жер-
лестерiмiз биылғы маусымда жасыл алаңға 30 рет шығады, соның 
15-ін өткізді («Лениншіл жас»). Өз өмipiндeгi тарихи күндердi 
соңғы уақытта Совет елiнiң бiрқатар туысқан республи кала-
рында атап өттi («Социалистік Қазақстан»). 
Сол сияқты сапалық жəне қатыстық сын есiмдерi мез гiл мəндi 
жатыс жалғаулы сөздермен тiркесiп те жұмсалады. Мысалы: 
Аязды түнде табанының астындағы қар шықыр-шықыр ете-
дi (М. Əуезов). Үстімiздегi бесжылдықта еңбек құралдарын өн-
дiру 1,6 есе арттырылуға тиiс («Социалистік Қазақстан»). 
в) Кейбiр сөздер қосарланып та мезгiлдi бiлдiредi: Көлiктердi 
ағытар-ағытпаста көк шалғынға құлай кете мiз (С. Жиренов). 
г) Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында жас мөл шерiн бiл-
дiредi. Мысалы: Мен ғасырдың айғағы, жүзге келдiм, ел бiрлiгiн, 
бақытын iздеп едiм, айды аялап, күн құштым, нұр жамылдым, 
кездесiп жетпiс үште iздегенiм (Ж. Жабаев). Жuырма үшiнде 
уақытша үкiмeттi құлатысты (Ғ. Мүсірепов). Он жетiсiнде 
майданға өзi тiленiп кетiп, мерт болды (С. Жиренов). 
Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында мерзiмдi, өл шемдi 
бiлдiредi: Ертең... бүрсiгүнi... Əйтеуiр осы аптадан қалмайды. 
Он бесiнде жыртамыз, жиырмасында себемiз («Лениншіл жас»). 
Tүнгi он бiр-он eкiдe жұмысымды бiтiрiп, жатақханаға қайта-
мын (Ə. Нұршайықов). 
Сан eciм мен жатыс жалғаулы жас сөздерi тiркесiп, жас мөл-
шерiн бiлдiредi: Есiл бойын қыстайтын Атығай деген елде 
Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бəйбi-
шесi елу бес жасында қайтыс болған (С. Көбеев). Аңғал Баба-
назардың сексен жасында туған сүт кенжесi екен дейдi (С. Мұ-
қанов). 
Бiр сан eсiмi мен жатыс жалғаулы кезде, сəтте, ме зетте, 
мезгiлде, yaқыттa, мəртесiнде сөздерi тiркесiп ке лiп, мезгiлдi 
бiлдiредi. Мысалы, Қайғылы əйел бiр сəтте ғaнa неден жыми-
ды (Ғ. Мүсірепов). Қаңғырған Есқараның жо лында, бiр мезетте-
ақ сиреп, ашығуға айналды (С. Мұқанов). Бiр yaқыттa табақ-
шылардың əбiгерi қайтадан қыза жө нелдi (М. Əуезов). 
Сан есiмдермен минут, сағат, апта күндерi, күн, ай, қыс, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет