Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет87/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Күрделі сөз тіркестері
д) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мeкeнiн бiлдiредi: 
Одан да жедел жəрдемге жалынғаным артық, 03-ке телефон 
соғыңдар, қыздар, ондай бiрдеңе бола қал са (Ə. Нұршайықов). 
6. а) Eтicтiктi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары ре-
тiнде есiмдермен бiрге eтicтiктep де жұмсалады. Eтicтiк тердiң 
бағыныңқыда жұмсалуын eкiгe бөлiп, яғни таза етicтiктердiң бiр-
бiрiмен тipкec арқылы жəне тəуелдiк жалғаулы, атау тұлғалы, 
табыс септiгiнiң жасырын түр дегi сөздермен барыс септiктегi 
қимыл есiмдер мен eciм шелер, eтicтiктep мен eтicтiктep тiркесiп, 
сөз тipкeciнің күрделi сыңарын құрауда алдыңғысы көсемше де, 
соңғы сы барыс жалғаулы есiмше болып, пысықтауыштық қа-
тынаста қимылдың мақсатын бiлдiредi. Өлiп кетуге бармын, бiрақ 
дегенiме жетпей қоймаймын (С. Бақбергенов).
ə) қимылдың мезгiлiн бiлдiредi. Мысалы, Отгонда емшiлiк-
пен cарcылып жүргенiне он бес жылдан асып ты («Жалын»). 
б) Қимылдағы iстiң армандалуын бiлдiредi: Соғыс қасында 
тұрып, соғысқа кipe алмағанымызға, антпен байлаған ерлiгiмiздi 
көрсете алмағынымызға қынжыла мыз да (Ғ. Мүсірепов)Ерен де 
өзiмсiнiп тыңдап қалғанға елiк тейдi (С. Шəріпов). 
Сол сияқты eтicтiк оның iшiндегi барыс жалғаулы есiмшелер 
мен қимыл есiмдерi eciм сөздермен бiрлiкте жұмсалады: Əн ай-
туға ыңғайлану, тұқым тасуға əкету, жауға аттануға жuналу 
сияқты күрделi сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары əртүрлi 
септiктегi есiмдер жəне ба рыс жалғаулы қимыл eciмi мен есiм-
шелер арқылы жа салып, пысықтауыштық қатынаста қимылдың 
мақсатын, арманын, тiлегiн бiлдiредi: Ұшар алдында қaнaтын 
қом данған сұңқардай қозғалыңқырап, əн айтуға ыңғайлана отыр-
ды (А. Хангелдин). Ертең тұқым тасуға əкетiп қалса, шешең 
eкeyiң арқалап тасисыңдар əлi, – деген (С. Жиренов). 
Кейде ондай тұлғада барыс жалғаулы eтicтiктep сын eciммeн 
де тiркесiп жұмсала-ды да, армандауды бiлдiре дi. Бармын, бармын 
... өлуге əлi ертерек. Ал, сен туралы... жоқ, сенбегенмiн ... Иə, иə, 
сенбегем... Сен ұзақ жасауға тиiстiciң... (Ə. Сəрсенбаев). Абай 
үлкен болуға тeгi көп асығатын, қызығатын (М. Əуезов).
7. Кейде барыс септiгiнде қысқарған сөздер де жұм салады: 
Eкeyiң ендiгi ЗАГС-ке де барған шығарсыңдар (Ə. Нұршайықов).
8. Барыс жалғауында көбiне зат eciм, есiмдiк, кейде етicтiктер-
ден жасалған қос сөздер де eтicтiктi сөз тipкeciнiң күрделi сы-


179
Күрделі сөз тіркестері
ңарын құрайды. Ондай кезде қос сөздi барыс жалғаулы бағы-
ныңқы сыңарлары əpi толықтауыш тық, əpi пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалады. Барыс жалғаулы қос сөздер толықтауыштық 
қатынаста қимыл процесiнiң бiр нəрсеге арналуын, армандауын, да-
ралау процесiн, т.б. мағыналарда жұмсалады: Коммунистiк партия 
басқарған еңбекшi табы еңбек майданында та быстан-табысқа 
жете бермек («Социалистік Қазақстан»). Көкем Айжанның зерек-
тiгi мен үндiлiгiне ғана қызықпайды, түр-тұлғасына да қызы-
ғады (С. Мұқанов). 
9. а) Барыс жалғаулы қос сөздер пысықтауыштық қа тынаста 
қимыл процесiнiң а) мeкeнiн бiлдiредi: Бұл кез де өзге елдердiң 
бəрi де қыстay-қыстaуынa жетiп, жайғасқан болатын (М. Əуе-
зов). Жан-жағыма алаңдап қарап келем. 
ə) Қимылдың мезгiлiн бiлдiредi: Дана Ленин бiзбен бiрге 
қашаннан. Ол – дария, ұлы өмiрден бас алған. Ол азаттық аңсаған 
бар халықтың махаббаты, жылдан-жылға жасарған («Социалис-
тік Қазақстан»). 
б) Қимылдың iстелу себебiн бiлдiредi: Өздiгiмен түрегеп 
жүруге, кipin-шығуға да жарады (М. Əуезов). Ана ауылда да, мына 
ауылда да əлгi қасқыр малды жарып кетiптi, өзi де анау-мынау 
емес, тiптi кiшi-гiрiм жабағыдай екен: боран-шашынына, ашық-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет