177
Күрделі сөз тіркестері
мөлшерiн бiлдiредi. Ал оның ұзын-ырғасы
eкi жүз шақырымдайға
созылатын («Жалын»). Үй iшiнен түскен жарық
бiр сəтке ғана
қыз жүзiн жарқ ет кiзiп көpceттi де, жұтып жiбердi (F. Мүсіре-
пов). Майдың аяқ ке зiнде өзеннiң eнi кейбiр жерiнде
20-30 кu-
лометрге жеттi (С. Бақбергенов). Сөз
20 минутқа созылды («Жа-
лын»). Eкiciнe келгенде бесiкте жатып ойнаған,
үш жасына кел-
генде, жай тасындай жайнаған (Батырлар жыры). Мектеп көрдiң
жетiңде, жол тaныдың бекiндiң, ой қанатың жетiлдi,
он төрт
жасқа кеп жеттiң (Мақтымқұлы).
4. Сын есiмдер күрделi түрiнде
барыс септiгiнде объектiлiк
қатынаста қимылдың реңкiн бiлдiредi: Аспан
ашық көкке боя-
лып, əр жерiнде түтiлген мақтадай, жеңiл ақ
бұлттар ғана
қалды (Ғ. Мүсірепов).
5. Басқа сөз таптарына қарағанда күрделi түрде ба рыс септi-
гiнде eтicтiктepiмeн тipкecyгe ең көп қолданыла тындары сан
есiмдер. Олар пысықтауыштық қатынаста əр
қимылдың алуан
қасиеттерiн бiлдiредi:
а) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің жас мөлше piн бiлдi-
редi: Бұл күнде жасы
он төрт, он беске келген бала жiгiт Рахым-
ның бойы бойшаң, ақшыл жүзi ашаң, арықтау екен (М. Əуезов).
б) Күрделi сан есiмдер қимылдың баға-мөлшерiн бiлдiредi:
Совхоздың Шиелi фермасындағы жегжаттары ның жетектеткен
жылқыларын апыл-құпыл
тоғыз мыңға сатқызыпты, совхоз қа-
ражатына салғызып алған үйiн совхозға ептеп өткiзiп,
қалтаны
қалыңдатып, Шымкенттeгi дос-жарандарын аралапты (С. Талжа-
нов). Жүздiретiн ағаш ты
он мыңға кес деп бұйырсаң –
жuырма
мыңға кеседi.
в) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мақсатын бiлдiредi:
Бip Тəкенжанда қазiр сегiз жүз жылқы бар екен. Жиренше-
де сегiз жүз, Оразбай да
мың бес жүзге жеткiзiптi (М. Əуезов).
Механикаландырудың көмегімен шошқа өсiрушi бiр адамның
күтетін шошқасын
800-ге жеткiздiк («Социалистік Қазақстан»).
г) Күрделi сан есiмдер қимылдағы icтің мезгiлiн бiл дiредi:
Биағаң түнгi
он eкiгe таянғанда
қаулы-қарарлар дың аударма-
сына тоқтады. Tүнгi
он eкiгe азғана қалған да Сəбит телефон
соқты (Ғ. Мүсірепов).