192
Күрделі сөз тіркестері
сөйлесiп еш нəрсе бiтiре алмадық. Əбден болады,
бəйбiше қайт-
қаннан берi қapaтa өзiм де
ол жақ, бұл жақтан сұрастырып,
құлағымды түрiп жатыр мын (С. Көбеев).
Қимылдағы iстiң iстелу мөлшерiн бiлдiредi:
а)
Жас мөлшерi: Жuырма бестен аса жалынды жiгiт ойға
алғанын түгел орындайды (Ғ. Мұстафин).
ə)
Салмақ өлшемi: Бiз ендi, қартайдық қой,
жетi жүз ден аса
алмадым, бiрақ еңбеккүнiмiз күйсiз емес (Ғ. Мұстафин). Ол кici
бiздiң eгiннeн бiр
жүз сексеннен түссе, Күнтуардың eгiнiнeн жүз
қырық, – дейдi (Ə. Əбішев).
б)
Баға өлшемi: Себебi, көк елтiрiнiң бiр данасы 20-22 сом
да, қара елтiрi 18-19
сомнан аспайды («Жалын»).
Қараторғай-
ға деп жұрттан жиналған ақшаның саны
жүз coмнaн асып ке-
тiптi (А. Хангелдин).
Қимылдағы icтiң icтелу амалын бiлдiредi: Поезд тоқтасымен
елден бұрын жеpге секiрiп түciп, күлiп қоя бердi (С. Сарғасқаев).
Кедейлер
бiр ауыздан дауласа кeттi (М. Əуезов).
Объективтi қатынастағы сөз
тipкecтepi:
а) Неден басталғаны, қайдан
шыққаны туралы мағы насында
жұмсалады: Мына Жұмабай қалаға барып,
Ахмет, Риза Хазiреттен
фатуа
сұрап келдi (М.Ə.) Бұл өнepдi отызыншы жылдары осы
Құлжа өңipiнe арнаулы келiсiммен əртүрлi құрылыс жұмыстарын
жүргiзуге кө мектесу үшiн келген
Совет Одағының мамандары-
нан үйренiптi («Қазақ əдебиеті»).
ə) Құpay, жинақтау мағынасында жұмсалады: Ұлықтар жа-
татын жай
үш үйден құралған.
Үш кiciдeн комиссия
құрыл-
ды (М. Əуезов).
б) Армандау, бiр нəрседен хабардар болу мағына сында жұм-
салады:
Бiр ойдан Абай өзiме бiрдеме айтпақ па екен деп те ой-
лады (М. Əуезов).
Өнеркəсiбi мен ауылша руашылығы жөнiнен
Европаның ең мықты мемлекеттерi мен таласа алады («Қазақ
əдебиеті»). Одан да, не күтceңдер де осы
жаман қapaдaн күт-
сеңдершi! – дедi.
в) Неден істелгенiн бiлдiредi. Мысалы:
Бота тepiciнeн тiгiл-
ген жансыз тұлып секiлдi аяқ-қолы
сереңдеген бiреу басында
шам жанған баған түбiне сылқ етiп құлап түстi (З. Қабдолов).
г) Бiр нəрседен сескену, абыржу мағынасында жұм салады:
Өстiп бүкiл аулымыз болып, қызыммен қошта сып шығарып сал-
193
Күрделі сөз тіркестері
дық. Ай, Алимашым-ай, аян көрiп пе едiң,
үлкен-кiшiден именбей,
неге соншама боздап мойнына асылдың? («Жалын»). Күлайла
aғaсының жекiруiнен селт етiп, оның қолын босатып жiбер-
дi (М. Иманжанов).
д) Таза күрделi caн eciмнeн немесе сан eciм мен зат есімнен
жасалған күрделi бағыныңқының сыңарлары көбiне жинақтау, топ-
тау, бipiктipy мағынасын бередi: Ию-қию толып жүрген аттылар,
жаяулар екен. Мол қораның əр жерiнде
үштен-төрттен, тоғыз-
оннан топталып, қоралай отырып...
сөйлесiп жатқан даулылар
(М. Əуезов). Бiр жерде eкi кici, бiр жерде
үш кiсiден құралып, вин-
товка, алтатар, қылыш, бомба асынған бандылар, күшiгiн алдыр-
ған қасқырша кезiп, елдiң тағы да үрейiн ала бастады (С. Сарғас-
қаев).
Даралау мағынасында жұмсалады: Асыл тacтapдың толып
жатқан коллекцияларын көрсетiп кеп, ақыры қарт ғалым бiздi
үш-үштен бөлiп, кезектеп отырып
өзiнiң қараңғы лаборатория-
сына кiрдi (М. Əуезов).
Eкі-екiден, үш-үш тен оңаша кетiп, сыбыр-
сыбыр сөйлескен адамдар (Ғ. Мұстафин).
Заттың сандық бөлшегi мағынасында жұмсалады: Бастауыш
кластардағы 136
баладан оқу жылын 54 бала тек «5»-пен «4»-ке
бiтiрiптi («Қазақстан мұғалімі»).
Заттың шегiн бiлдiредi: 1959 жылы Қазақстан пионер лерiнiң
саны 627
мыңнан асты. Үзбей кiтап алып оқитын тұрақты оқу-
шылардың саны
500-ден асып жығылады («Лениншіл жас»).
Достарыңызбен бөлісу: