Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет17/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58

Дейiн  шылауының  күрделi  есiмдермен  тipкeci:  Май данға 

аттанарға  дeйiн  абыржу,  түннің  бiр  уағына  дeйiн  тоңу,  түн 

ортасына дeйiн кuiндiрin алу, eкi күнге дeйiн шаршау, осы кезге 

дeйiн  бiлмеу,  бұл  кезге  дeйiн  кездес тipмey,  сағат  тоғызға  дeйiн 

жабылу,  қара  кешке  дeйiн  отыра  беру  сияқты  сөз  тipкecтepi-

нің  бағыныңқы  сыңар лары  сан eciм,  мезгiл  мəндi  сөздер  жəне 

есiмшелерге  кейiн,  дейiн  шылауы  тiркесiп  жұмсалып,  сағат, 

күн,  ай,  жыл  жəне  жалпы  ұзақ  мерзiмдi  уақыт  өлшемiн  бiлдiре-

дi:  Түн  ортасына  дейiн  жасырын  бас  қосқан  ата-ана,  туыстары 

кеп  қызын  киiндiрiп  алды  (С.  Жиренов).  Олардың  нешеуi  қыp-

ғa  шығып,  нешеуi  шыға  алмағанын  мен  осы  күнге  дeйiн  бiл-

меймiн (Ғ. Мүсірепов). Сағат тоғызға дeйiн бұл үйдiң үлкен сары 

eciгi,  судан  шығып  қалған  жайынның  аузына  ұқсап,  қайта-қайта 

ашылып, жабылумен болады (Ə. Нұршайықов). 

2.  Жақын  шылауының  барыс  жалғаулы  сөздермен  тipкeci 

қимылдың  мезгiлiн  бiлдiредi:  Түске  жақын  Ертicкe  шомылып, 


181

Күрделі сөз тіркестері

күнге  күйiп,  ешбiр  алаңсыз  жүргенiнде  су  жағасына  бiрге  оқи-

тын досы Бейсен далбалақтап келе қалды («Жалын»). 

3.  Қарай  шылауы  барыс  жалғаулы  сөзбен  тiркесiп,  бұл  да 

мезгiлдi бiлдiредi: Бiз мұнда кешке қарай келгенбiз (Б. Соқпақбаев). 

4.  Шейін  шылаулы  барыс  жалғаулы  сөздер  мезгiл  зат  есiмдi 

сөздер мен күрделi eтicтiк жəне сан eciм мен үстеу лердiң тipкeci 

арқылы  түйдектi  топтар  құрайды.  Оның  өзi  дара  жəне  күрделi 

түрiнде  де  келе  бередi.  Мысалы:  Көктемге  шейiн  күндiз-түнi 

кiтап  оқуға  салынды.  Бұл  кез десуде,  осы  күн  кешке  шейiн  Абай 

Михайловтың қасынан кете алмады (М. Əуезов). Сиырлар түске 

шейiн  жайылған нан  кейiн,  мерзiмдi  уақытында  көлдiң  жағасына 

жусат тық («Жалын»). 

Мекендi  бiлдiретiн  шылауларға  қарай,  дейiн,  таман,  шейiн 

шылаулары жатады.

1. Қарай шылауы көп қолданылатын шылаулардың бiрi. Олар 

көбiне зат eciм, кейде есiмдiктермен тipкecтe жұмсалады. Ондай 

кезде  есiмдердiң  өзi  дара,  күрделi  түрде  де  келе  бередi.  Қарай 

шылаулы  күрделi  сөз  тipкecтepi  пысықтауыштық  қатынаста 

қимылдың мeкeнін, бағытын бiлдiредi. 

Қарай шылауының дара есiмдермен тipкeci: Аяғын Жəнiбек-

ке қарай басып көрсiн! Tipi кетпейді – деп, ке кесiптi (М. Əуезов). 

Шолохов  əңгiменi  Қазақстанға  қарай  бұра  сөйлеп  отыр (F. Мү-

сірепов).  Осыдан  он  жыл  бұрын  көктемде  солтүстiкке,  күзде 

оңтүстікке  қарай  Гypьeвтің  үстiнeн  қалың  құс  өтeтiн («Ара»). 

Құнанбай  өз  алдындағы  мына  бейбастақтыққа  қатты  ашуланып, 

Оспанды сол қолымен өзiне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақ-

тан тартып-тартып қалды (М. Əуезов). 



Қарай  шылауының  күрделi  есiмдермен  тipкeci:  Бiздiң  үйге 

қарай келе жатыр, қой қора жаққа қapaй өту. Ом быдан Семей-

ге қарай келе жату, оңнaн солға қapaй жүру, жас жiгiтке қapaй 

бұрылу, ұшу aлaңынa қарай аяңдау сияқты өзара қабыса, матаса, 

меңгерiле байланысқан сөздер тобымен тipкeстe жұмсалады. Мы-

салы,  Мен  са бырсызданып,  жаңағы  жас  жiгiтке  қарай  бұрыл-

дым  (Ə.  Нұрпейісов).  Уəли  eкi  иiнiнен  дем  алып,  жүгiре  басып, 



штаб жаққа қарай дедектеп келедi (Т. Ахтанов). 

2.  Дейiн  шылауы  да  дара  жəне  күрделi  есiмдермен  тiркесiп, 

пысықтауыштық  қатынаста  мекендiк  мағына  бередi:  Шыңғыс 


182

Күрделі сөз тіркестері

сыртындағы  Бақанас,  Байқошқарға  дейiн  көшiп  барыспақ 

(Ж. Өмірбеков). Ауылға дейiн бiраз жер (С. Жиренов). Кейбiреулер-

дiң  үйлерiне  дейiн  өзi  хат  жазып,  жауынгер  достарының  жады-

рап  жүруiне  бар  жанын  салатын  (Ə.  Нұрпейісов).  Қарқаралыдан 



Шыңғысқа дейiн жүретiн жол ұзақ (М. Əуезов). 

3.  Таман  шылауы  да  есiмдермен  тiркесiп,  мекендiк  мағына 

бередi.  Мысалы:  Ендi  тек  анда-санда  ғана  ақы рын  бiр  қозғалып, 

отқa  таман  жылжи  түседi (Ə.  Сəрсенбаев).  Жақып  өзенге  та-

ман жүрдi (F. Мұстафин). 

4.  Шейiн  шылауы  да  мекендiк  мағынаны  бiлдiредi:  Сонау 

Жайлаудағы  Байқош-қарға  шейiн...  көш  жерде  ылғи  соның  көк-

темі, күзеуi, қыстауы мен жайлауы (М. Əуезов). 

5.  Кейде  мекендiк  мағынаны  қарай,  таман  шылаулары  кө-

мекшi есiмдермен де тiркесiп келiп бiлдiредi: Əйтeyip бала-шаға 

болған  соң  бой  үйретiп,  көндiгiп  кетiп  бара  жатырмын,  теңiзге 

лақтырылған  бiр  кесек  тастың  су  түбiне  қарай  сыбдырсыз  до-

малағанына  ұқсап  (Ə.  Нұршайықов).  Кенжебек  бiрiншi  вагонда 

едi, Айгүлдер сос тавтың алдына таман тұрған (Қ. Тоқаев). 

6.  Қимыл  процесiнiң  өлшемiн  дейiн,  жуық  шылаулары  бiл-

дiредi: 


а)  Салмақ  өлшемi:  Гектарынан  жүз  жuырма  бес  центнерге 

дейiн  алдық («Лениншіл  жас»).  Жоспар  бойынша  əр  бұзаудың 

тəулiктiк  салмақ  қосуын 600 грамға  жеткiзу  керек  болса,  оны 



850-900 грамға дейiн өсiрiп жүр («Социалистік Қазақстан»). 

ə) Баға өлшемi: Бiр елтiрi дүниежүзiлiк рынокта 35 сомға де-



йiн барады («Жалын»). 

б) Сандық өлшемi: Бұл репликаны залдағылар тү гелге жуық 

қайталамап  па  едi? (С.  Шəріпов).  Бесжылдық  тұ сында  тұрмыс 

қызметiнiң  көлемi  бүкiл  елiмiз  бойынша  шамамен  eкi  есе,  ал 

селолық жерде 3 есеге жуық артады («Социалистік Қазақстан»). 

Табыс жалғаулы сөз тipкeстepi

Табыс  септiктi  сөздер  салт  eтicтiктepмeн  тығыз  байланы-

сты. Олар үнeмi толықтауыштық қатынаста дара да жəне күрделi 

түрде де бағыныңқы қызметте жұмсала бередi. 

Табыс  жалғаулы  күрделi  бағыныңқының  сыңарлары  негiзiн-

де мынадай жолдар арқылы жасалады:  



183

Күрделі сөз тіркестері

1. Николай Тихоновты көрдiм (күрделi зат eciмнeн); 

2.  Шешесiнiң  сөзiн  тыңдау (iлiк  жалғаулы,  оның  ашық,  не 

жасырын  түрiнде  есiмдермен  табыс  септiктi  зат eciмнiң  тipкeci 

арқылы); 

3. Жарыс туын желбiрету; 

4.  Жарты-ақ  беттейiн  жазу  (сын eciм  мен  зат eciмнiң  тipкeci 

арқылы); 

5 Үш тоғызды байлау (күрделi сан есiмдер арқылы); 

6. Жай-жапсарын сұрау (қосарлы сөз таптары арқылы);  

 

7. Үш сомды сұрау (сан eciм мен нумеративтi сөздер арқылы); 



8. Өз тiршiлiгiн icтey (есiмдiк пен зат eсiмнiң тipкeci арқылы);

9.  Үйдiң  сыртын  əктеу (iлiк  жалғауының  ашық,  не  жасырын 

түpiндeгi зат есiм мен көмекшi eciмнiң тipкeci арқылы);

10. Күрең қасқаны босату (күрделi сын есiм арқылы);  

11. Алып қайтуды ойлау (күрделi eтicтiк арқылы);

12. Aсан  eкенiн  бiлдiк  (зат  есiм  мен  көмекшi eтicтіктepдiң 

тipкeci арқылы).

Шайдан  кейiн  ол  сыртқа  шығып,  ер-тоқымдар  мен  ноқта-



жүгендердi  алып  кiрдi («Жалын»).  Ол  былтыр  жайлауға  келiп, 

осы  үйде  үш  күндей  жатып,  «Қозы  Көрnеш-Баянды»  жырлап 

берген  (М.  Əуезов).  Көрсетiлген  фактiлеp  тамыр  системасының 

қоректiк заттарды ciңipy пассивті eмec, aктuвтi eкeнiн дəлелдейдi 

(«Бiлім  жəне  еңбек»).  Меңтай,  Майра  жəне  мен  үшеумiз  Зəйкүл, 

Caқила  сuяқтыларды  қамқорлыққа  алдық.  Мен  КазПИ-дiң 

əде6uет  факультетiн  1935  жылы 4 июльде  бiтiрдiм  (Ə.  Нұрша-

йықов).  Қалай  да  Шоқанның  осы  келе  жатуын  Зейнеп  пайдала-

нып не «əрiciн», не «берiciн» iстетпек (С. Мұқанов). Mен сөйтiп

оның отты көздерiн көре алмадым (С. Ерубаев).

 

Етicтiктi меңгерiле байланысатын сөз тipкecтepiнiң бағының-



қы  сыңарлары  барыс,  табыс,  жатыс,  шығыс  жə не  көмектес  жал-

ғаулы  сөздер  десек,  барлық  ғылыми-практикалық  əдебиеттерде, 

бiрiншiден,  бағыныңқы  қыз метте  жұмсалатындығы,  екiншiден, 

олардың  мағыналық  топтары  арнайы  сөз  болады.  Сонда  əр 

септiкте белгiлi мeкeнiнe, бағытына, мезгiлiне байланысты əртүрлi 

пы сықтауыштық  жəне  толықтауыштық  қaтынaста  жұмсалатын-

дығы  белгiлi.  Бiрақ  табыс  септiгi  туралы  тек  толықтауыштық 

қатынаста жұмсалады деумен шектеледi де қояды. 



184

Күрделі сөз тіркестері

Профессор  М.  Балақаев  табыс  жалғаулы  сөздердi  мaғыналық 

жағынан  нақтылы  объектiлi  жəне  абстрактiленген  объектi  деп 

оларды  қай  сөз  табынан  болуына  қарай  бө леді.  Бұл  жағынан 

дұрыс та. Өйткенi септелетiн сөздердiң бiрiншi табы зат есім мен 

есiмдiк  те,  қалғaн  сөз  таптары  заттанып  барып  қана  септелетiн-

дiгiн нeгiз eткeн болу керек. 

Табыс жалғаулы күрделi бағыныңқының сыңарлары: 

а)  Бiлу,  хабардар  болу  мағынасында:  Тау  жайын   малшыдан, 

дала жайын егiншiден сұра (Мақал).

ə)  Құралдық  мағынада:  Қосауыз  мылтығын  иығына  асып 

алыпты («Жалын»). 

б)  Дəрiптеу  мағынада:  Бұл  кез  жеңiс  үнiн  жиi-жиi  естiп,  күн 

сайын шаттыққа бөленiп тұрған кезiмiз болатын (Ə. Əбішев).  

в)  Формасы  немесе  ұқсатуын  бiлдiредi:  Шұнақ  оның  өктем 

сұрауына  аузын  ашып  үлгiргенше  болмады,  керенау  қатын  үкi 

тұмсығын  оң  қолының  жеңiмен  бiр  сүйкеп  өттi  де,  өзi  сайрай 

жөнелдi (Б. Тілегенов). 

г)  Бiреуге  арналу  мағынасында:  Ду  қол  шапалақтау!  ...Пав-

ло Неруда, Николай Тихонов, Луи Арагон, Илья Эренбург, Жорж 

Амаду, Нuколас Гuльендi құттықтап сөйледi (Б. Майлин).

Бағыныңқы  сыңары  күрделi  табыс  жалғаулы  сөздер  барлық 

уақытта тек толықтауыштық қатынаста жұмса лады. 

Жатыс жалғаулы сөз тipкeстepi

Жатыс  жалғауында  зaт  eсiм,  сан eciм,  сонымен  бiрге  сол  сөз 

таптарына  көмекшi eciм  мен  кейбiр  шылаулар  тipкecy  арқылы 

жасалады.  Жатыс  жалғаулы  сөздер  кө бiне  пысықтауыштық, 

кейде объектiлiк қатынаста да жұмсалады.  

Пысықтауыштық  қaтынacтaғы  сөз  тipкecтepi  мeкeндiк  мағы-

нада:

а) Iлiк  жалғауының  жасырын  түpi  мен  тəуелдеулi  жатыс 



септiктi  сөздердiң  тipкeci  арқылы  жасалады. Mы салы,  Гүлжай-

саң  мұның  алдында  жылға  жуық  мектеn  кiтaпхaнaсындa·



icтeгeндe Еркежанмен онша-мұнша араласы жоқ едi («Лениншіл 

жас»).  Қамбар  батыр  да  Ойрат  жерiнде  екі peт  болған  (І.  Есен-

берлин).


185

Күрделі сөз тіркестері

Iлiк  жалғаулы  сөздер  мен  тəуелдеулi  жатыс  жалғаулы eciм-

дepдiң  тipкeci  арқылы  жасалады.  Бiр  демалыс  күнi  бiрсыпыра 

оқушылар инстuтуттың клубында oтыр ды (С. Сарғасқаев). Бүгiн 



оның  жүзiнде  ешқaндай  қуаныштың  да,  үмiттiң  де  белгiсi  жоқ 

тəрiзді (Ə. Сəрсенбаев). 

Көмекшi eciмдep  мен  дара  есiмдер  тipкecy  арқылы  жасала-

ды: Орданың iшiнде тек ағаштан жасалған мүлiктер ғана қалады 

(С.  Мұқанов).  Əрбiр  топ  өздi-өз  пəтерiнен  жеке-жеке  шоғыр  бо-

лып  шығып,  қала  сыртында  тоғысқан  (М.  Əуезов).  Былқылдақ 



арбаның үстінде қалпақ киген екеу отыр (А. Хангелдин).

 

Көмекшi  есiмдер  күрделi  есiмдермен  тipкec  арқылы  жаса-



лады:  Алдыңғы  күнi  бiз  асық  ойыны  үстінде  араз дасып  қал-

ған  eдік  (Ə.  Сəрсенбаев).  Еламан  көрiп  тұрып  соқпай  кетуге 

бата алмай, орыс байының алдында қорқa-қорқа сөйледi (Ə. Нұр-

пейісов).  Аңшылар  сəтте  иiн  тipecкeн  жұрт  итерiс кенде  Бектұр-

сын  қатты  қысылып,  жұрттың  аяғының  ас тында  қалып  қой-

ғаны  бар  (М.  Иманжанов).  Сол  төрт  ұлдың  ор тасында  бұлаң-

дап өскен Шұға дейтiн қызы болды (Б. Майлин). 

Қимыл процесiнiң мезгілiн бiлдiредi: 

а)  Зат eciм  мен  жатыс  жалғаулы  зат  eсiмнің  жəне  жаз,  күз, 

шай,  тамақ,  түс,  түн,  оқу,  т.б.  сөздер  жатыс  жалғаулы  кезiнде, 

yaқтыcындa,  уақытта,  айларында,  айында  сөздерiнiң  тipкeci 

арқылы жасалады. Мысалы, Жаз кезiнде өзiмiз үйде барда күндiз 

бiздiң  үйдiң eciктepi  еш  жабылмайды  (Б.  Соқпақбаев).  Жаз 

айларында  мал  баққан  ел  су  iздеп,  алыстағы  өзендерге  батыра-

ды (С. Мұқанов). Түн қараңғысында Mepyepттi анықтап көре ал-

мады (М. Сүндетов).   

ə) Iлiк  жалғаулы  есiмдер  мен  кейде  үстеулер, eciмдер, 

есiмшелермен  кезiнде, yaқытындa  сөздерiмен  тipкe сiп  жұмса-

лады  да,  мезгiлдi  бiлдiредi.  Мысалы,  Бұл  кеш тiң  соңғы  кезiнде 

Абай алғашқыдай емес, тартынып қалғандай баяу едi (М. Əуезов). 

б) -ғы, -гi жұрнақты қазiр, соң, əуелгi, былтыр, бuыл, кеш сөз-

дерi  мен  тaңдa,  мезгiлде,  кезінде,  мaусымдa,  уақытта  сөздерi-

мен  тiркесiп,  сөз  тipкeстepiнің  күрделi  бағыныңқы  сыңарын  жа-

сайды:  Көлемi  аз  бұлақтың  айналасына  жиi  қонған  ауылдардың 

үйлерi  де,  шұбыртқан   малы  да,  адамдары  да  кешкi  мезгiлде 

ыю-қию араласып жатқан сияқты (М. Əуезов). Cоңғы кезде туып 


186

Күрделі сөз тіркестері

жатқан  жаңа  шығармалар  да  молшылық  (Ə.  Нұршайықов).  Жер-

лестерiмiз биылғы маусымда жасыл алаңға 30 рет шығады, соның 

15-ін  өткізді («Лениншіл  жас»).  Өз  өмipiндeгi  тарихи  күндердi 



соңғы  уақытта  Совет  елiнiң  бiрқатар  туысқан  республи кала-

рында атап өттi («Социалистік Қазақстан»). 

Сол сияқты сапалық жəне қатыстық сын есiмдерi мез гiл мəндi 

жатыс  жалғаулы  сөздермен  тiркесiп  те  жұмсалады.  Мысалы: 



Аязды  түнде  табанының  астындағы  қар  шықыр-шықыр  ете-

дi (М. Əуезов). Үстімiздегi бесжылдықта еңбек құралдарын өн-

дiру 1,6 есе арттырылуға тиiс («Социалистік Қазақстан»). 

в) Кейбiр сөздер қосарланып та мезгiлдi бiлдiредi: Көлiктердi 



ағытар-ағытпаста көк шалғынға құлай кете мiз (С. Жиренов). 

г) Күрделi сан есiмдер жатыс жалғауында жас мөл шерiн бiл-

дiредi. Мысалы: Мен ғасырдың айғағы, жүзге келдiм, ел бiрлiгiн, 

бақытын  iздеп  едiм,  айды  аялап,  күн  құштым,  нұр  жамылдым, 

кездесiп  жетпiс  үште  iздегенiм  (Ж.  Жабаев).  Жuырма  үшiнде 

уақытша  үкiмeттi  құлатысты  (Ғ.  Мүсірепов).  Он  жетiсiнде 

майданға өзi тiленiп кетiп, мерт болды (С. Жиренов). 

Күрделi  сан  есiмдер  жатыс  жалғауында  мерзiмдi,  өл шемдi 

бiлдiредi:  Ертең...  бүрсiгүнi...  Əйтеуiр  осы  аптадан  қалмайды. 



Он  бесiнде  жыртамыз,  жиырмасында  себемiз («Лениншіл  жас»). 

Tүнгi  он  бiр-он  eкiдe  жұмысымды  бiтiрiп,  жатақханаға  қайта-

мын (Ə. Нұршайықов). 

Сан eciм мен жатыс жалғаулы жас сөздерi тiркесiп, жас мөл-

шерiн  бiлдiредi:  Есiл  бойын  қыстайтын  Атығай  деген  елде 

Тұрлықұл деген байдың қырық жыл отасқан Қанша деген бəйбi-

шесi  елу  бес  жасында  қайтыс  болған  (С.  Көбеев).  Аңғал  Баба-

назардың  сексен  жасында  туған  сүт  кенжесi  екен  дейдi (С.  Мұ-

қанов). 


Бiр  сан  eсiмi  мен  жатыс  жалғаулы  кезде,  сəтте,  ме зетте, 

мезгiлде, yaқыттa,  мəртесiнде  сөздерi  тiркесiп  ке лiп,  мезгiлдi 

бiлдiредi.  Мысалы,  Қайғылы  əйел  бiр  сəтте  ғaнa  неден  жыми-

ды (Ғ. Мүсірепов). Қаңғырған Есқараның жо лында, бiр мезетте-

ақ  сиреп,  ашығуға  айналды  (С.  Мұқанов).  Бiр yaқыттa  табақ-

шылардың əбiгерi қайтадан қыза жө нелдi (М. Əуезов). 

Сан  есiмдермен  минут,  сағат,  апта  күндерi,  күн,  ай,  қыс, 

жаз,  күз,  көктем,  жыл  аттары  жатыс  жалғауында  тiркесiп,  мез-


187

Күрделі сөз тіркестері

гiлдiң  əртүрлi yaқытын  көpceтeдi: 1944 жылдың  февраль  айын-



да  Украина  жерiнiң  ұлы  өзенi  Днепрге  жеттi («Жалын»).  Ха-

мит күндегiciндей таңертең сағат 8-де тұрып, терезеден қарап, 

күзге салымғы жаңбыр арты нан ашылған күннiң шуағына көңiл-

денгендей  болды  (С.  Сарғасқаев).  Аттың  сырын  бiр  айда,  адам 

сырын жылда бiлесiң (Шығыс халық мақалы).  

 

Кейде  деген  есiмше  формалы  көмекшi eтicтiгi  кейбiр  сөз-

дермен  тiркесiп  келiп,  мезгiл  пысықтауышы  болады.  Мысалы, 

Мен  ə  дeгeнде  шошып  кeттiм  де,  аздан  кейiн  буындарымды  би-

леп, тықыр естiлген бағытқа қарай аяңдай бастадым (Ə. Сəрсен-

баев). 


Cоңғы  жұмалар  iшiнде  имам,  молдаларды  ешбiр  жаназа-

ларға, хатiмдерге шақырмай қойған осы жұрт едi (М. Əуезов). 



Сəскелiк  ас  алдында  кici  жіберiп  білдiрсе,  Банзаров  келмептi 

(С.  Мұқанов).  Кеше  ақшам  мен  eкіндінің  арасында  машинасына 

астық  тиетiп,  жолға  əзiрленiп  қойған  едi.  Көз  алдымда  Атырау 

қойнауын  жартылай  қоршаған  жатаған  үйлер,  комбинат  мұр-

жалары  (Ə.  Сəрсенбаев).  Бесжылдық  iшiнде  Қазақстанда  өнер-

кəсiп өнiмiн шығарy 1,6 еседей apтты («Жалын»). Үлкен жарықтың 



өшер  алдында  бiр  сөнiп,  бiр  лап  етiп  жанғанындай,  күнбатыста 

жарқ еткен нажағай көрiнедi (М. Əуезов). Miнe, осы 7

 

сөйлемдегi 



асты  cы зылған  мезгiл  мағынасында  жұмсалған  сөз – фразеоло-

гиялық  тipкecтepi  мезгiл  мəндi  сөздер  тобы  өздерi  де  немесе 

көмекшi есiмдер арқылы мезгіл мағынада жұм салған. 

Мезгiл  қызметiнде  кейде  сөйлемдiк  дəрежедегi  күн  жылын-



ған, күн бата берген, мал төлдей бастаған сияқты тipкec сөздер 

сол  тобымен  уақытта,  кезде  жатыс  жалғаулы  сөздердiң  тipкeci 

арқылы жасалады: Күн бата берген кезде аттарын қан сорпа қып 

Қарашоқыға  кеттi.  Бiр  жа маны,  жалғыз-ақ  көктем  болып,  мал 



төлдeй  бастаған yaқытта  қызық  кiтаптың  бəрi  тeгic  оқылып, 

бар əңгiме айтылды (Ə. Ахметов). 

Əртүрлi  сөз  таптарындағы  сөздер  мен  жоқтa,  бойында, 

шағында,  арада  жатыс  жалғаулы  сөздердiң  тipкeci  арқылы 

жасалады:  Байтас  та  күлген  бойында  қайта  оралып  келедi 

екен (М. Əуезов). Таныса келе жоғaрылай берiп, қазiр талма түс 

шағында  биiк  аспанда  сайысып  жүр  (Ғ.  Мүсірепов).  Aғacының 

жуық арада қозғала қоятын түpi жоқ. 


188

Күрделі сөз тіркестері

Үстеулер, есiмдiк, есiмше мен жатыс жaлғаулы көктемтүн, 



күз, кеш, жаз мезгiл мəндi зат есiмдердiң тіркесі арқылы жасала-

ды:  Баласы  бuыл  жазда  КазГУ-дi  бiтiрiп,  қoлынa  келiн  түcipгeн 

(С. Сарғасқаев). Биыл күзде eкi рет байқамай қозыны жамыратып 

алып Майбасардан eстiгeн cөгici, жеген таяғы да есiнде болатын 

(М.  Əуезов).  Бұл yaқытта  Жиренше  соңғы  атқа  шiдер  салып, 

отқа  жiберiп  жа тыр  екен  (М.  Əуезов).  Өткен  күзде  бiр  демалыс 

күнi осылай бiр тay аралағаны бар едi (С. Шəріпов). Сол көктeмдe 

ен далада оңаша жүрiп Қоспан көп ойланды (Т. Ахтанов). 



Қимылдың icтeлy  амалын  бiлдiредi.  Мұндай  кезде  күйін-

дe, қалпында, дегенде, peтiндe сияқты жатыс жал ғаулы қосарлы 

сан,  көмекшi eтicтiк  жəнe  шылау  сөздердiң  тiркесi  арқылы  жа-

салады:  Осы  отырғaн  бес-алты  адам  дəл  қазiргi  күйiндe  пəлен 

мың  үй  Tобықтының  та лай  түйін,  шытырман  жайларын  осы 

араға, жиып əкеп отырған адамдар (М. Əуезов). Сия caуыт боса-

ғаннан  кейiн,  қайтадан  ештеңе  болмағандай,  бұрынғысындай 



сабырлы  қалпында  конспектiciн  əpi  қарай  жалғастырып  жаза 

бер дi (Ə.  Нұршайықов).  Күйеу  балам,  айналайын,  мен  дегенде 

жа ны  бөлек.  Жергiлiктi  комитет  председателi peтiндe  Қapлы-

бикенiң орнына сiз шығасыз да сыйлықтарды таратасыз («Ара»). 

Жатыс  жалғаулы  сөздердiң  объектiвтi  қатынаста  жұмсалуы 

негiзiнде сирек кездеседi. 

а) Iлiк  жалғауының  жасырын  жəне  ашық  түрiндегi  есiмдер 

мен жатыс жалғаулы сөздердiң тiркесi арқылы да жатыс жалғаулы 

сөз  тipкecтepi  жасалады:  Қонақ  тeгi  ғалым  адам  болса  керек, 

қaсқыp  мен  иттің  ұлысында  бір  терең  сыр  барын  ұғады  (Қазақ 

ертегiлерi). Қыз даусын да тереңнен шыққан бiр үн бар едi («Қазақ 

əдебиеті»). Қыздың жүрісiне бiр түрлi салмақтылық, паңдық ендi. 

Шығыс жалғаулы сөз тipкeстepi

Шығыс  жалғауында  меңгерiле  байланысатын  сөз  тiркестерi-

нiң  бағыныңқы  сыңары peтіндe  көп  жағдайда  зат eciм, caн eciм, 

есiмше,  қимыл eciмi  мен  кейде  үстеулер  де  қол данылады.  Он-

дай  сөздер  бағыныңқы  қызметте  дара,  күр дeлi  түрiнде,  соны-

мен  бiрге  əртүрлi  көмекші  сөздер  арқылы  толықтауыштық  жəне 

пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. 


189

Күрделі сөз тіркестері

Пысықтауыштық  қатынастағы  сөз  тipкecтepi:  а) Iлiк  жалға-

уының  ашық  не  жасырын  түрiндегi  зат  есiмдермен  жатыс  жал-

ғаулы сөздер iшу, көру, ұшу, көшу, хабарлау, бiлу, келу, байқау, т.б. 



хабарлауға,  көруге  сияқты  əртүр лi  қимыл  етiстiктермен  тiркесiп, 

қимылдың  болған  ор нын,  яғни  мeкeнiн  бiлдiредi:  Түс  ауа  ат-

тан түскенде ол бiр жас шопанның үйiнен шай iштi (М. Əуезов). 

Көршi  бөл меден  бəйбiше,  тоқал,  бұралып  Гүлсiм  келдi (Б.  Май-

лин).  Гүл-жайсаң  ананың  қолынан  əлсiз  қарсылық  бiлдiре  бо са-

нып  кеттi (И.  Ахметов).  Көзге  қораш  бейшара  бiреу  болып  қал-

ғанымды,  əcipece,  əскери  комиссиядан  өткен  кезде  тiптi  анық 

байқадым (С. Бақбергенов). 

ə)  Сол  сияқты  қысқарған  сөздер  де  мекендiк  мəнде  жұмса-

лады:  Анда-санда  ТАСС-тан  келген  тығыз  мақала лар  бола-

ды (Ə. Нұршайықов). 

б)  Адамға,  жан-жануарға  байланысты  айтылатын  қимыл 

eтicтiктepi  қосарлы  зат  есiмдермен  тiркесiп,  ме кендiк  мағынаны 

бiлдiредi:  Өтiп  бара  жатқан  жазды  үздiгiп  iздегендей,  сай  таба-

нынан  жалғыз  көлбақа  құрылдады  (Ш.  Мұртаза).  Мұның  бəрi 

буын-буыныңыздан  ұстаған  қорқынышты  iзiн  жасыру  үшiн ic-

телген əрекет қой. 

в) Алып келу, өту, алу, шығу, асу eтicтiктepi есiмдiк, сан есiм-

дерден  анықтауышы  бар  жатыс  жалғаулы eciм дермен  тiркесiп 

те қимылдың мeкeнін бiлдiредi: Белiнiң сырқырамасы да, тiсiнiң 

қақсамасы да тыйыла қалған, пысық басып бiр бөлмеден екiншiге 

өтедi (С.  Шəріпов).  Бұл  шешiм  осы  аудандардың  экономикалық 

жағынан  шапшаң  даму  мүдделерiнен  туып  отыр,  ендi  елiмiз  бұл 



жерден мaқтaны бұрынғыдан əлдеқайда көп алатын болады. На-

сихат  пен  үгіт  жұмысында  Қазақстанның  басқа  рес публuкалар-



дан  алып  келе  жатқан  орасан  зор  көмeгiн  жан-жақты  көрсетiп, 

мұндай көмексiз ешбiр ұлттың, еш бiр халықтың гүлденуi мүмкiн 

емес екендiгiн терең түсiндiру керек («Социалистік Қазақстан»). 

г) Берi, ары шылаулары есiмдермен дара түрде не месе кейде 

басқа шылауды тағы да жетегiне ала отырып, қимылдың мекенiн 

бiлдiредi:  Бөлектеу  салынған  мал  қо расынан  ары  қарай  бақша 

eгici  кетiптi (F. Мұстафин).  Kөпip ден  берi  асқалы  бүкiл  жол  бо-

йына  өз-өзiнен  қоңылтаң сып,  күйзелгендей  халде  отырды («Жа-

лын»).  Сонау  шоқыдан  берi  қарай  шашылып  келiп,  ендi  мынау 

жайрап жатқан сол Қаламүштiң қойы емес пе? (Т. Ахтанов).  



190

Күрделі сөз тіркестері

д)  Мекендiк  мағыналы  сөз  тipкeстepiн  жасаудың  бір  жолы – 

көмекшi  есiмдер.  Көмекшi eciм  сөздер  шығыс  жалғауында, iлiк 

жалғауының ашық жəне жасырын түрiн дегi есiмдермен түйдектi 

тipкec  құрай  келiп,  алып  шығу,  байқау,  шығу,  естiлу,  қайту, 

келу, көру, көрмеу, т.б. етістiктepмeн тiркесiп, қимылдың мeкeнiн 

бiлдiредi. 

Көмекшi  есiмдер  ондай  кезде  дара  күрделi  есiмдермен  де 

түйдектi тipкeстe жұмсала бередi: Жатар уақытта ғана Құнанбай 

қасынан  қайтқан  Майырды  Ызғұтты  шы ғарып  салып  қайтып 

едi (М. Əуезов). Өмiрəлi жастығының астынан бiр қалың кiтап 

алып  шықты  (С.  Бақбергенов).  Талма  түс  кезiнде  тобылғы  түбi-

нен қоян ыршып шықты (F. Мұстафин). Iнiciнiң əр сөзi тұп-тура 



құлағының түбiнен ecті ледi (С. Жиренов). 

Көмекшi  есiмдер  күрделi  есiмдермен  тipкecтe  де  жұм са-

лады.  Оның  үстінe  қалың  бөкебай  астынан  даусы  да  анық 

естiлмейдi (С.  Жиренов).  Буалдыр  тұман  бүркеген  мұз  алаңына 

əлсiздеу  ғана  сəуле  шашып,  ала  бұлт  арасынан  бозара  қалып-

ты  (Ə.  Сəрсенбаев).  Осы  кезде  бiрiншi  раманың  тұсынан  қайта 

атыс шықты (Ə. Нұршайықов). 

Қимылдың мезгiлiн бiлдiретiн сөз тipкecтepi өлең бас талған-



нан,  артынан  көpгeндepдeн,  сол  кеткеннен  мен  таң  сəрiден 

сияқты  зат eciм,  көмекшi eciм,  есiмдiктермен  шығыс  жалғаулы 

есiмшелер  жəне  тұрақты  тipкecтep  келу,  оралмау,  сұрастыру, 

отыру,  қайту  сияқты  eтicтiктepмeн  тiркесiп,  қимыл  процесiнiң 

мезгiлiн бiлдiредi: Амантай өлең басталғаннан-ақ бiр жiгiттi бү-

йiрден нұқылап отыр едi, сол жiгiт барылдай түстi (F. Мұстафин). 

Осы кештен жиырма күн өткен мөлшерде Құнанбай елге қайта-

тын болды (М. Əуезов). Сол кеткеннен оралмаған (С. Мұқанов). 

Мезгiл мəндi сөз тiркестерiнiң жасалуында шығыс септiгiнде 

жұмсалатын  кейiн,  бері,  бұрын,  соң,  астам,  бы лай  (қарай, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет