Талғат сайрамбаев


Шартты райлы сөйлем мүшелері



Pdf көрінісі
бет29/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58

Шартты райлы сөйлем мүшелері:

1. -са, -се тұлғалы бастауыштар

а)  Есімдік – шартты  райлы  бол  етістігі  арқылы:  Біз  болсақ 

барымызды  бөле  жерміз  (М.  Əуезов).  Олар  болса  қыстан  бері 


316

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Бөжейдің асына əзірленеміз деп, күш-қайраттың, сөз бен қамның 

бəрін соған салып жүр екен (М. Əуезов).

ə) Зат есім – шылау – шартты рай етістік арқылы: Орман дейін 



десең бір-бірімен ұйыспай бөлек-бөлек шаншылып тұр. Адамдар 

дейін  десең  бір-бірімен  көз  қағысқаны,  сөз  қатысқаны  сезілмей 

мелшие-мелшие қалған (Ə. Кекілбаев).

б)  Зат  есім – шартты  райлы  бол  етістігі  арқылы:  Бірен-саран 

оқшау  шыққан  тайынша,  құнажын  болса  Сəйгелдің  қуғынына 

ұшырап, құтырғандай жосып жүр (М. Əуезов).

2. -са, -се тұлғалы толықтауыштар:

а)  Келісім  мағынасында:  Қара  жұмыс  болса  да  істей  берем 

əзірше (А. Байтанаев). Қандай қыстан болса да тебіндеп шығуға 

мүмкіндік толық (А. Нысаналин).

ə) Датың болса айт, – дейді хан ақырып (Ертегілер).

б) Тек не бұйырсаң да тергеп алып бұйырғайсың (М. Əуезов).

в) «Алаш» баласына не болса да бірдей ортақ (С. Сейфуллин).

г) Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса 

да ұялмайды екен (Абай).

д)  Жау  десе  сауытын  киюді  ұмытып,  жалаңаш  шабатын,  дау 



десе  ішкен  асын  жерге  қоятын,  оның  үстіне  аузынан  абайсыз 

шығып  кеткен  сөзінің  өзін  орындатпай  қоймайтын  қасарыспа 

Баймұрат  хан  маңындағыларды  елшілердің  қасына  аттатқызбай 

қойды (Ə. Кекілбаев).

е) Жылқы айтты: мен адам үстіме мінсе, алысын жақын етемін, 

күшім  болса  көреді,  сүтім  болса  ішеді,  қылыма  шейін  арқан 

істейді, – адамға  менен  пайдалы  жан  жоқ,  жыл  ағасы  мен  бола-

мын, – дейді (Ы. Алтынсарин).

3. -Са, -се тұлғалы анықтауыштар:

а)  Теңеу  мағынасында:  құдай  Бараққа  біраз  нəрсені  беру-

дей-ақ  берген.  Ер  десе  ер,  шешен  десе  шешен,  айлакер  десе 

айлакер. Жолбарыс – Жолбарыс десе жолбарыс (Ə. Кекілбаев).

ə)  Келісім  мағынасында:  «Шықсам  шығайын»  деген  ой  түсті 

оған (С. Мұқанов).

б)  Салыстыру  мағынасында:  Аяқта  кебіс  байпақ,  үсте  сұр 

дырап  шекпен,  оның  ішінде  жұқалау  болса  да  бешпент  шалбар 

(С. Сейфуллин).

в)  Сапа  дəрежесін  білдіру  мағынасында:  Сен  жас  болсаң  да 

ақылды  адамсың  (М.  Əуезов).  Арықтан  мықты  болсаң  атта,  тө-

рем, – деген (С. Жүнісов).


317

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

г)  Арнау  мағынасында:  Менің  болса  бүгін  де  уақытым  жоқ 

(Газеттен).

ғ)  Бейтарап  мағынасында:  Арық  дейін  десең  арбаның  құнда-

ғына  əзер  сыйыпты.  Толық  екен  дейін  десең  шеке  тамыры  бат-

тыйып-баттыйып шығып тұрған сопақ беті боп-боз. Бойшаң екен 



дейін  десең  мойны  жатаған,  арбаның  арқалығынан  асып  жары-

майды (Ə. Кекілбаев).



4. -са, -се тұлғалы пысықтауыштар:

-са, -се  тұлғалы  пысықтауыштар  сөйлемде  баяндауыштармен 

қабыса  байланысып,  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалады.  Ал 

басқа  етістіктер  тобы  əдетте  етістіктермен  қабыса  байланыса-

ды  деп  айтылмайды.  Зерттей  келгенде  жоғарыдағы  шартты  рай-

лы сөздерден кейін үнемі үтір қоюға келмейтін жайттар қалай да 

олардың етістікпен тіркесіне əкеліп соғады.

Əсіресе  -са, -се  тұлғалы  сөздердің  етістіктермен  қабыса  бай-

ланысуы туралы сөз болған емес. Ал қазіргі тілдік  фактілер он-

дай  тұлғалы  сөздердің  қалай  да  етістіктермен  қабыса  байланыса 

келіп,  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалатындығын  дəлелдей-

ді.  Ондай  кезде  шартты  рай  тұлғалы  етістіктер  етістіктермен 

мағыналық  жағынан  үйлесімді  келе  отырып,  олармен  іргелес 

тұруы  арқылы  байланысады.  Оны  мына  көрсеткіш  арқылы  да 

көрсетуге болады.



Шартты райлы 

етістік

Тіркесе алатын етістіктер

Тіркесе алмайтын 

етістіктер

1

2

3

Айтпаса да

Айтпаса

болмайды 



болады 

түсінікті 

түсінбейді ғой

келмейтін шығар

болмайды

жазды 


оқыды 

күлді


Айтса

айтар, айтпаса қояр

айтқандай-ақ 

келеді


түсінеді

болады


318

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

1

2

3

Білсе


білсін

келеді


дайындалады

айтады


жылайды

күледі


ренжиді

Сөйлессе


түсінеді

күледі


жылайды

болады


тыңдайды

Барса


келеді

сөйлеседі

айтады

көреді


болады

табады


жазып алады

келмейді


Отырса

ауырады


жылайды

күледі


болады

болмайды


Келсе

барамын


көремін

шығарып саламын

айтамын

ұрсамын


түсіндіремін

күтемін


келсін

болады


Күтсе

шығамын


күтсін

келеді


Жазса

түсінікті

жазсын

оқысын


болады

барсын


жазады

319

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

1

2

3

Алса


алсын

барсын


келсін

алады


болады

Ойласа


ойласын

ойланғандай-ақ

Тұрса

тұрсын


тұра береді

тұра алады

болады

Оқымаса


Оқыса

қойсын


оқысын

оқи алады

болады

айта алады



түсінеді

1. Мезгіл пысықтауыш

а)  Сұрақ  мағынасында:  Соңыра  əркім  орыстың  əр  партиясы-

мен кетсе қайтесіңдер? (С. Сейфуллин).

ə)  Рұқсат,  келісім,  дəлелдеу  мағынасында:  Еңбек  Қызыл  Ту 

орденінің  иегері  Əмзебек  Майлыбаев  «Еңбектегі  ерлігі  үшін» 

медалімен наградталған. Молшылық Түзербаев, Аманбек Айдар-

бековтардың өздері керек десеңіз жеке-жеке көшбасшы бола ала-

ды (А. Нысаналин).

б) Іс-əрекеттің себебін білдіру мағынасында: Су түбінде жат-

қан  тас  жел  толқытса  шығады,  ой  түбінде  жатқан  сөз  шер 



толқытса шығады (Асан қайғы).

в) Бұйрық мағынасында: «Барма, барсаң қауіп», – дейді (Ə. Ке-

кілбаев).

г)  Қарсылықты  мағынада:  Оны  сен  сұрамасаң  да,  айтамын 

(С. Жүнісов).

д)  Қимыл-əрекеттің  іс  жүзіне  асуы:  Содан  бері  ауруханада 

жатқан Амантайға қолы босаса-ақ барып, көп-көп əңгіме айтатын 

(С.  Жүнісов).  Естісе-ақ  Амантай  жанын  салады  (С.  Мұқанов). 



320

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Əлжан бейшара жауыр құла шолақтың желқомын алмай, жаз бол-

са артына қап бөктеріп, қыс болса астына қол шана басып поселка 

қыдыратын еді (Ғ. Мұстафин).



2. Себеп пысықтауыштар

а)  Себеп мағынасында: Мас болса-ақ өзі өлең айтады, жылай-

ды (С. Жүнісов).

ə) Қарсылықты мағынада: Шалдықсаң да қабақ шытпа (М. Əуе-

зов).  Шолпан  ата  дəстүрін  сақтап,  оны  заң  қолдаса  да  ешқайда 

бармады (Ғ. Мұстафин).



3. Мақсат пысықтауыштар

а)  Ақылдасу  мағынасында:  Ойланса  ойланғандай-ақ  нəрсе 

ғой (Ə. Кекілбаев).

ə)  Ақылдасу,  ойласу,  бірлесу  мағынасында:  Кел,  билесек  би-

лейік (С.Мұратбеков).

б)  Мақсат  қою  мағынасында:  Бағы  ашылып,  қосылып  кетсе 

жарар  еді  (А.Жүнісов). – Ах,  егер  композитор  болсам,  –  деп  ар 

жағын айта алмай тоқтады Алма (Ғ. Мұстафин). Бірақ көпті айт-



сам қорқытамын деп, сіз əуре, ұқтырам деп ел əуре (М. Əуезов). 

Барсақ барайық (А. Макаренко).

в) Бейтарапты мағынада: Есітсе есітсін деп айтты. Өкпелесе 

өкпелей  берсін  (М.Əуезов).  Ойласа  ойласын  (Ə.  Кекілбаев). 

Үндемесең  үндемей-ақ  қой  (Қ.Найманбаев).  Табаласа  табала-

сын  (Ə.  Кекілбаев).  Жесе  жей  берсін,  менің  нем  кетіп  барады 

(С.  Мұратбеков).  Егер  де  орталарында  ондай  кісі  жоқ  болса, 

яки  бар  болса  да  сайламаса,  уезный  начальник  бірлəн  военный 

губернатордың назначениесі бірлəн болады десе, бұл халыққа бек 

пайдалы болар еді (Абай).

4. Амал пысықтауыштар

а)  Мөлшер  мағынасында:  Біз  аз  да  болса  оқыған  адамдар-

мыз (С. Жүнісов).

ə)  Келісім  мағынасында:  Шаруашылық  жоспарын  орындаса 



да артығын қоса тапсырады (Ғ. Мұстафин).

321

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

б)  Сұрақ  мағынасында: – Барса  нетер  еді? – деп,  əлдеқандай 

белгісіз  бір  қызумен  ойы  тұманданды  (М.  Əуезов).  Қиналсаң  да 

сол ұяластығыңды қиям ба? Қорықса бүйтер ме еді? (М. Əуезов).

в)  Өтініш мағынасында: – Тым құрмаса соңғы рет тиіспесең, 

қудаламасаң не етеді? (С. Жүнісов).

ғ) Қимыл-əрекеттің өту процесі: Бір қора қойды жалғыз қой-

шы – «айт» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болсын (М. Əуе-

зов).

г)  Армандау  мағынасында:  Көшпенді  ел,  көне  дүниенің  киіз 



кітабынан  оқыған,  кəрі  құлақтан  талмаурап  жеткен  аңыздай, 

бұлдыр  əңгімені  атақты  білімпазға  қалай  айтсам  деп  қысылып 

қалдым (Е. Тұрысов).

д)  Көлемін  білдіру  мағынасында:  Ондайлар  некен-саяқ  болса 



да, кездеседі (А.Нысаналин).

е)  Қарсылықты мағынада: Əйтеуір көзден көмескі тартса да 

өмір сабағы ұмытылмайды екен (Ғ. Мұстафин).

ж)  Бұйрық  мағынасында:  Кетсе  барсын.  Əркім  өз  ісі  үшін 

жауап береді емес пе? («Күншуақ»).

з)  Күшейту мағынасында: Өз мүлкін өзі не қылса қыла береді 

(Абай). Айтса айтқандай-ақ, патша Келдейді босатып, ат-шапан 

айыбын төлеп, еліне риза қып аттандыруға əмір етті (Ə. Кекілбаев). 

Батыр  сұлтанның  қимылдаса  қимылдап  қалатын  тұсы  осы  екені 

даусыз (Ə. Кекілбаев).

Үлесім бар ұйысқан орман ойда,

Адассам да адасам сол маңайда.

Тек əйтеуір жүрегім бұл өмірде,

Қайғы-мұңсыз адамдай болмағай да («Қазақ əдебиеті»).

12. Тілдік эмоцияның сөз тіркесі мен 

сөйлем мүшесіне қатысы

Синтаксис  саласында  көптеген  ізденістер,  тіпті  орыс  тілінің 

нормасы  туралы  да  бірнеше  жеке  зерттеулер,  монографиялық 

еңбектер бар [124].

Тілдің  синтаксис  саласындағы  өзгерістер  түркологиялық  ең-

бектер мен қазақ тіл білімінде де, кейбір жеке зерттеу еңбектерде 



322

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

де  айтылуда.  Əсіресе  тілдегі  жаңалықтардың  бірі  ретінде  тілдегі 

экономия  мəселесіне  баса  назар  аударылуда [125]. Ал  қазақ  ті-

лінде  бұл  мəселеге  байланысты  арнайы  жұмыс  жоқтығы  айқын. 

Бірақ  соңғы  мəселе  туралы  Қ.Б.  Балтағұлованың  кейбір  мақала-

лары жарық көре бастады [126].

Эллипсис, оның көріністері алдыңғы екі кандидаттық диссерта-

цияның бірінде көбіне морфологиялық аспектіде қаралса, екінші 

кандидаттық  диссертацияда  морфологиялық  та,  синтаксистік  те 

аспектіде бірдей сөз болады.

Зерттей  келгенімізде,  тілдегі  экономия  мəселесі  əрі  морфо-

логиялық та, əрі синтаксис саласында да мол орын алған деуге бо-

лады. Əрине, экономия процесінің морфологиялық көрінісін мына 

мысалдарды талдау арқылы көрсетуге болады.

1. Атамның орағындай үшкір мүйіздерін теріс қадап жіберіп, 

топырақты  бұрқ-бұрқ  шашып,  сосын  қара  жолды  шаңдата 

шапқылай жөнелетін кезі де көп (Қазақ əдебиеті) – деген сөйлемде 

сосын сөзі негізінде екі сөзден, яғни сонан соң о баста есімдік пен 

шылаудың тіркесі арқылы құралған түйдекті тіркес еді. Енді, ол екі 

сөз табы, біріншіден, өзара кірігіп бір сөз табы ретінде, екіншіден, 

екі сөз бірге жазылатын дəрежеге жетіп отыр.

2. Сыбанның баласын  нағып білмей отырсың. Апырым-ау, бір 

жат сөз айтып қалмаса қайтсын? (Ғ. Мүсірепов). Сөйлемдердегі 



нағып,  қайтсын  сөздері  о  баста  есімдік  пен  көмекші  етістіктер-

ден құралған түйдекті тіркестер. Енді сол екі сөз бірігіп келіп бір-

ақ  сөз  табы  ретінде  жұмсалған.  Оны  қайтем?  Бəрібір  күреспей 

жүре алмаймын» («Қазақ əдебиеті») сөйлемдерінен де көруге бо-

лады.

Кеш  бата  өз  үйінің  сыртына  кеп,  пар  ат  жеккен  жеңіл  арба-



дан түскенде, Абай мен Ербол тыста тұр еді (М. Əуезов) – деген 

сөйлемдегі кеп етістігі келіп болып айтылуы керек еді. Сол сияқты 



со да сөз бе екен? – деді Шолама, – онда мектеп салынбайды деп 

отырсың  ба?  Бұ  не  істегеніңіз?  Со  күні  біз  жүріп  кеттік  (С.  Мұ-

қанов) – сөйлемдеріндегі сол, бұл есімдіктеріндегі мұндай құбы-

лыс бір сөз табының өз ішінде болатын жағдай.

Сол сияқты мұндай тілдік экономия сөздердің түбір саласын-

да ғана емес, кейде жалғауларға байланысты да байқалады.

1. Мен – президент, сен – премьер (Қ. Аманжолов). Сіз – жалын 

шоқ, біз – бір май (Абай).



323

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

2.  Ботакөз  үйге  от  жақты  (С.  Мұқанов).  Маусымбай  əңгімесі 

Мейрамды қызықтырып барады (Ғ. Мұстафин).

3. Тау текедей мүйізді,

     Мəскеуден барып ашылған.

     Көрікті біздің көрме бай (Жамбыл).

Бірінші  топ  мысалдарда  президент,  премьер,  шоқ,  май  сөз-

дерінде жіктік жалғауы, екінші топта от, Маусымбай сөздерінен 

септік жалғаулары, үшінші топта көрме сөзінен тəуелдік жалғауы 

түсіріліп айтылуы да тілдік экономияның бір көрінісі болуға тиіс. 

Жалпы  алғанда,  тілдегі  морфологиялық  экономияның  түрі  көп, 

бірақ  ондай  экономияның  негізгі  принципін  екі  бағытта  қарау 

орынды демекпіз. Біріншіден, өзара сөз тіркесін құрай алмайтын 

негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздердің  өзара  кірігіп  келіп,  бір-ақ  сөз 

аясында  жұмсалуы.  Екіншіден,  бір  сөздің  ішіндегі  қосымшалар-

дың  сол  сөз  ішінде  қысқарып  ықшамдалуы  арқылы  жасалуы. 

Міне, қалай да тілдегі экономияның морфологиялық тəсілі, оның 

жан-жақты көріністері арнайы зерттелуді қажет ететін мəселе.

Ал  тілдік  экономияның  синтаксистегі  көріністері  туралы 

мынаны айтуға болады:

– Сіз қашаннан бері майданда едіңіз? – дедім.

– Осы соғыс қашан басталса, сонан бері (Ə. Əбішев). Жеңілдің 



астымен,  ауырдың  үстімен  (Мақал).  Олай  дейтініміз  сағатқа 

қарасам,  таңертеңгі  төрт  (С.  Мұқанов).  Білегі  жуан  бірді 

жығар, білімі жуан мыңды жығар (Мақал) – деген сөйлемдердегі 

курсивпен  жазылған  сөздердің  əрқайсысы  да  белгілі  дəрежеде 

толық  сөйлемнің  аздап  болса  да  қысқарған  түрі  болып  табыла-

ды.  Синтаксистік  экономияның  морфологиялық  экономиядан 

өзіндік ерекшелігі бар. Морфологиялық экономиялық көрсеткіш, 

біріншіден,  сөздің  өз  ішінде  болса,  екіншіден,  екі  сөз  бірігіп 

бір-ақ  сөздің  орнына  жұмсалып,  бір-ақ  сөз  табы,  бір-ақ  сөйлем 

мүшесі  қызметінде  жұмсалады,  үшіншіден,  ондай  кезде  оларда 

мағыналық жағынан да тарылу процесі болады.

Ал синтаксистік экономияда да негізінде, біріншіден, толым-

ды  сөйлемнің  толымсыз  сөйлемге  ауысу  процесі  пайда  болады, 

екіншіден,  белгілі  бір  сөйлем  мүшесі  қызметіндегі  сөздер  түсіп 

қалуы  басты  фактор,  үшіншіден,  түсіп  қалған  сөздің  қызметін 

басқа  сөздер  уақытша  атқаруға  тиіс  болады,  төртіншіден,  соңғы 



324

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

қызметті  атқарушы  сөздердің  семантикасы  бұрынғыға  қарағанда 

қалайда  молая  түседі,  бесіншіден,  түсіп  қалған  сөз  көбіне 

сөйлемнің  мағынасынан  белгілі  болып  тұрады,  алтыншыдан, 

ондай  экономияға  түсетін  сөз  таптары  көбіне  зат  есімдер,  ал  зат 

есімнің  орнына  жұмсалатын  сөз  таптары  көбіне  бұрын  анықта-

уыш қызметінде жұмсалуға тиісті сын есім, сан есім, есімше жəне 

кейде  кейбір  көмекші  сөздер  түйдекті  тіркестер  құрамында  да 

жұмсала береді.

Тілдік  экономияны  фонетика,  морфология,  синтаксис  сала-

сында да айтқанмен, олардың синтаксистегі өзіндік ерекшеліктері 

осы  уақытқа  дейін  сөз  болып  қозғалған  емес.  Жалпы  алғанда 

тілдік  экономия  деп  айту  бар  да,  екіншіден,  ол  да  лексикадағы 

бір  өзгеріс  тəрізді  болмағанымен,  сөйлемнің  ішіндегі  сөздердің 

қарым-қатынасына  белгілі  дəрежеде  əсері  барлығы  белгілі  бо-

лып  отырады.  Əсіресе  тілдегі  экономияның  бір  көрінісі  сөздер-

дің  субстантивтену  мəселесіне  көп  қатысты.  Қазақ  тілінің 

материалдарының  негізінде  субстантивтенуге  бейім  сөздер  сын 

есім,  сан  есім  жəне  есімше.  Бұл  сөз  таптарының  негізгі  қасиеті 

затты  анықтау,  сондықтан  да  олар  тек  затқа  қатысты  жұмсалуы 

тиіс.  Бірақ  солар  қаншалықты  затқа  қатысты  жұмсалады  делін-

генмен,  тілдік  экономия  құбылысының  əсері  десек,  екіншіден, 

өзі  анықтайтын  затының  орнына  жұмсалуын  тілде  ондай  құ-

былыстарды  заттану  деп  атайды.  Сонда  тек  сын  есім,  сан  есім, 

есімше сөз таптарындағы заттану процесі əсіресе мақал-мəтелде, 

сол сияқты қазіргі көркем əдебиетте басым орын алған. Осы сөз 

таптарының  заттануы  қандай  грамматикалық  тұлғалар  арқылы 

деген  жағдайда  əртүрлі  пікірлер  бар.  Негізінде  олардың  зат-

тануының негізгі грамматикалық тұлғалары: атау тұлғасы, көптік, 

тəуелдік  жəне  септік  жалғауларында  көрінеді.  Əрине,  олардың 

заттануында көптік, атау тұлғасында келу туралы талас тудырма-

са керек. Ал олардың септік жалғауларының ішінде ілік жалғауы 

арқылы  да  заттану  процесі  болады  дейтін  пікір  ойлануды  қажет 

етеді.


Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері туралы жазылған еңбек-

терде сөздердің тіркесу қабілетіндегі кейбір өзгерістер, жаңарған 

сөз  тіркестері,  олардың  құрылымдық  түрлері  сияқты  мəселелер 

сөз болуда. Негізінде əрбір жаңа сөз өзімен бірге жаңа тіркесетін 



325

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

сөзін  айқындайды.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  əрбір  сөз  табының  өзі 

қатысты  сөз  таптарымен  арнайы  түрде  сөз  тіркесін  құрауы  бар 

да, сол сияқты кейде ауытқушылық та кездеседі.

Бір  сөз  табының  екінші  сөз  табымен  тіркесу  қабілеті  тілдегі 

калька  арқылы  басқа-басқа  сөз  таптарының  тіркесімен  берілу 

процесі  де  болып  отырады.  Қазақта  күз  мезгілін  сипаттағанда 

өзіндік  ерекшелігіне  орай  күз  сөзіне  байланысты  қоңыр  күз  деп 

айтылу орнықты қалыптасқан. Ол тіркес – бүкіл қазақ даласының 

көрінісін  дəл,  айқын  дəлелдейтіні  ақиқат.  Оған  жерінің, 

табиғатының  көрінісі  айқын  дəлел.  Дегенмен  осыншалықты 

қалыптасқан  сын  есім  мен  зат  есімнен  құралған  сөз  тіркестерін 



алтын  күз  деп  алуда  екі  түрлі  өзгеріске  ұшырағандығын  айқын 

байқауға  болады.  Біріншіден,  алтын  сөзі  қазақтың  күз  сөзімен 

тек  калька  арқылы  ғана  алынып  отыр.  Бірақ  алтын  күз  қазақ 

даласының  өн  бойының  қасиетін  бере  ала  ма?  Қазіргі  баспасөз 

оның ол қасиетінің жалпылығына қарамай, тек кейбір аймақтағы 

жер  көріністерімен  ғана  шектелетін  сияқты.  Сөйтіп,  тілдегі 

əдемі табиғи қалыптасқан сөз тіркестері енді орыс тілінің аудар-

ма  баламасымен  беріліп,  оның  баспасөз  беттерінде  орын  алуы 

көңілге қонымсыз. Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, бұрын күз 

сөзіне  қатысты  ондай  тіркес  сын  есім  мен  зат  есімнен  құралған 

сөз  тіркесі  болса,  енді  калька  арқылы  ол  тіркес  зат  есім  мен  зат 

есімнен  құралған  сөз  тіркесіне  ауысып  отыр.  Міне,  осы  сияқты 

құбылыстар тілде көптеп саналады.

Г.И.  Акимова  сөз  тіркесі  мен  сөйлем  типтеріне  байланысты 

өзгерістер туралы: «выпускать продукцию в счет одиннадцатой 

пятилетки етістікті сөз тіркестері қазіргі кезде тілдік экономия-

ның  белгісіне  байланысты  енді  таза  есімді  сөз  тіркесі  қалпында, 

яғни  продукция  в  счет 11-ой  пятилетки»

 

[127, 20] болып  айты-



луының қалыптасқанын көрсетеді.

Немесе  бұрын  Невский  проспект,  кинотеатр  «Молодеж-



ный»

 

[127, 21]



 

осындағы  Невский,  молодежный  сөздері  прос-

пект,  кинотеатр  зат  есімдерінің  анықтауышы  қызметінде 

жұмсалып,  арнайы  сөз  тіркесі  қалпында  берілетін  болса,  қазіргі 

кезде  олардың  субстантивтеніп  барып  жəне  «Молодежный», 

«Невский»  деп  қана  дара  сөз,  яғни  бұрын  сөз  тіркестері  арқылы 

ғана берілетін екі, үш сөзді ондай номинативті тіркестер тек жеке 



326

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

сөздермен  бір-ақ  сыңар  ретінде  берілуінде  онша  нұқсан  келе 

қоймағандығын көруге болады.

Сол  сияқты  автор  сөйлем  көлеміндегі  өзгерістерге,  олардың 

типтерінде болып жүрген өзгерістерге тоқталған.

Орыс  тілінің  ғылыми  жəне  публицистикалық  тілінде  мына 

сияқты космонавт – четыре, гимнаст №1 сияқты фактілер көп-ақ.

Осы  сияқты  факт  қазақ  тіл  білімінде  орын  алып  отырғаны 

белгілі.  Əдетте  мұндай  формалар  қазақ  тіліне  тек  орыс  тілі  ар-

қылы  енеді.  Бірақ  мұндай  факт  орыс  тілінің  негізгі  ерекшелігі 

болғанымен, қазақ тілінде де  орын алып отыр.

Негізінде  əрбір  сөз  тіркесі  кемінде  екі  сөздің  тіркесі  арқылы 

жүзеге  асуы  керек.  Сонда  сөз  тіркесі  болуда  бағыныңқы  жəне 

басыңқы  сыңары  болуға  міндетті.  Ондай  жағдай  болмағанда  сөз 

тіркесінің заңдылығы, біріншіден, бұзылады, екіншіден, өзара сөз 

тіркесі болудан қалады. Сол толық мағыналы екі сөздің негізінде 

сөз тіркесінің байланысу формаларының айқындалатыны белгілі. 

Сөз  тіркесінің  қабысу,  меңгеру,  матасу  жəне  қиысу  байланысу 

формалары тек толық мағыналы сөздердің тіркесінің бағыныңқы 

не  басыңқы  сыңарларымен  айқындалса  керек.  Сонымен,  əрбір 

тілдің байланысу формаларын сөз еткенде, екі сөздің өзара тіркесі 

негізінде қалыптасатындығы еске алынуы шарт.

Тілдегі  байланысу  формалары  сөз  табы  мен  сөз  табының 

тіркесінің негізінде жүзеге асады. Тілдегі сөз таптарының өзіндік 

табиғи  ерекшеліктері  əрбір  байланысу  формаларының  қалыпта-

суына арнайы себеп те болады. Оның өзі əрбір сөз табының ішкі 

табиғи ерекшеліктеріне тікелей қатысты. Зат есім мен есімдіктер 

(жіктеу есімдігі) септелуге, тəуелденуге, көптелуге бейім болуына 

байланысты көбіне қиыса, меңгеріле жəне матаса байланысқан сөз 

тіркестерін, ал сын есім, сан есім, кейбір есімдіктер мен есімшелер, 

үстеулер қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрауда басты фак-

тор болады.

Міне,  осы  сияқты  сөз  таптарындағы  ерекшеліктерге  сəйкес 

байланысу  формаларының  ішкі  түрлері  айқындалса  керек.  Бірақ 

тілдегі мұндай заңдылық үнемі сақтала бермейтіні де айқын. Бұл 

сияқты  сөз  табындағы  ерекшеліктер  үнемі  сол  қалпында  ғана 

жұмсалып қоймай, сөйлеу, жазу мəдениетіміздің артуына сəйкес 

олар кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге де ұшырап отыра-



327

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

тындары белгілі. Əсіресе мұндай құбылыс көбіне нөлдік формада 

жұмсалатын сөз таптарында көп кездессе керек. Сын есім, сан есім, 

есімше, үстеу, есімдіктер көбіне қабыса байланысқанымен, кейде 

тілде  табиғи  қалыптасқан  сөз  тіркестерінің  байланысу  формала-

ры  өзіндік  өзгерістерге  ұшырап  та  отырады.  Сөйлемдегі  өзіндік 

ықшамдалу процесінің өзі сөз тіркестерінің ішкі ерекшеліктеріне 

де  тікелей  əсері  айқын  байқалады.  Сонда  сөйлемде,  кейде  айты-

лу  мен  жазылуда  «басы  артық»  сыңарлардың  түсірілуіне  бай-

ланысты  жаңа  синтаксистік  конструкциялардың  қалыптасуына 

əкеп соғады.

1.  Ол  менің  сол  жақ  бетімнен  сүйді.  Мен  оң  жақ  бетінен. 

Содан  соң  «осы  жетпей  ме?»  дегендей,  сəл  ойланып  алып,  оң 

бетімнен  сүйді.  Мен  сол  бетінен («Жұлдыз»). 2. Əр  нəрсені  өз 

кезінде  ойлану  керек.  Қысты – қыстыгүні,  жазды – жаздыгүні 

(Ғ.  Мүсірепов).  Бірінші  сөйлемдегі  сүйді  баяндауышы  өз  баста-

уышымен  қиыса  байланысқан  сөз  тіркесін  құрауы  сөйлемдегі 

негізгі  заңдылық.  Барлық  сөйлемде  тұрлаулы  мүшелердің  бірі 

болып, екіншісі болмағанымен, баяндауышының жақтық, сандық 

тұлғасынан  бəрібір  бастауышты  тауып  алуға  болады.  Ал  енді 

сол сөйлемдердің «мен оң жақ бетінен», «мен сол жақ бетінен» 

дейтін  екінші  бөліктері  де  сөйлем.  Бірақ  олар  өзара  сөйлемдік 

дəрежеде болғанымен, алдыңғы сөйлемдердегі сияқты сүйді баян-

дауыштары  айтылмай  да  қолданылып  жүр.  Осы  сөйлемдердегі 

баяндауыштар  түсіріліп  айтылғанымен,  алдыңғы  сөйлемдегі 

баяндауыштардың  дəл  осы  жерде  қатысты  екендігі  жалпы 

сөйлемнің  мазмұнынан  белгілі  болып  отыр.  Əрине,  бұлайша 

баяндауыштардың  түсірілуі  арқылы  жасалған  сөйлемдер  көбіне 

сол сөйлемді аяқтайтын формаларға да байланысты болуы керек. 

Негізінде  септік  жалғаулы  сөздердің  ішінде  сөйлемнің  соңында 

шығыс  жалғауы  динамикалық  процесті  білдіретіндер  ғана  қа-

бысса керек. Сонда бірінші сөйлемде сөйлемді етістік баяндауы-

шы ғана аяқтап тұрса, екінші сөйлемде сөйлемді шығыс жалғаулы 

сөздер аяқтап тұрғандығы айқын.

Əрине,  етістік  баяндауыш  пен  жатыс  жалғаулы  сөздердің 

баяндауыш болуында немесе сөйлемді тиянақтауында кейбір ма-

ғыналық  та  ерешелік  жоқ  емес.  Бұл  екі  сөйлем  де  сөйлем. 

Бірақ  біріншісі  етістікті  де,  екіншісі  есімді.  Сонда  сөйлемнің 



328

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

баяндауышының  түсіріліп,  оның  орнына  сол  сөйлемде  не 

пысықтауыш, не толықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер енді 

сол  қызметінен  алшақтап,  сөйлемнің  соңына  ауысуына  сəйкес 

сөйлемдерде өзіндік ықшамдалу процесі пайда болып отыр. Мұ-

ның өзі етістікті сөйлемдерді есімді сөйлемдерге əкеліп соқтырса 

ауыстырады жəне сол сөйлемдегі сөз тіркестеріне де өзіндік əсері 

барлығы айқын. Егер бірінші сөйлемді мынадай сөз тіркестеріне:



ол сүйді –

бетінен сүйді –

сол жақ бет –

менің бетім – деп талдасақ, ал екінші сөйлемде мен оң беті-

нен – сияқты  қиыса  байланысқан  сөз  тіркесі  ғана  бар.  Соны-

мен,  кейінгі  сөйлем  мен  алдыңғы  сөйлем  арасында,  біріншіден, 

ықшамдалу процесі жағынан, екіншіден, бірінші жай сөйлемдегі 

бетімнен  сүйді  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесі,  екінші  сөй-

лемде сүйді сөзінің түсіп қалуына байланысты бұрынғы байланы-

су формасының басқа байланысу формасына ауысу процесі болып 

отыр. Екінші сөзбен айтқанда, арнайы бір сөз тіркесін құрайтын 

сөздердің  бір  сыңарының  түсіп  қалуынан  екінші  бір  байланысу 

формасы пайда болып отыр.

Міне,  осы  сияқты  құбылыстардың  сөз  тіркесі,  сөйлем  мүше-

лері  синтаксисіне  əртүрлі  əсерлері  бары  айқын.  Бірақ  синтак-

систегі мұндай өзгерістер қазақ тілі ғалымдарының арнайы зерт-

теу объектілері болмай отыр.

Синтаксистегі тілдік экономияның өзін үлкен екі топқа бөліп 

қарастырып отырмыз.

1.  Бір  байланысу  формасының  екінші  байланысу  формасына 

ауысуы.


2. Бір сөйлем мүшесінің екінші сөйлем мүшесіне ауысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет