Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет37/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58

Сөйлемдік  ФБ:  Ай  арасы  талас  болады,  айды  аспанға  бір 

шығарды,  ай  десе  аузы  бар,  күн  десе  көзі  бар,  əзілі  жарасты, 

көзі  қарауытты,  кірпігі  зорға  қимылдайды,  сабыр  түбі –   сары 

алтын,  соқыр  тауыққа  бəрі  бидай.  Жалқаудың  жанына  барсаң, 

сылтаудың  астында  қаласың  деген  фразеологиялық  бірліктер 

де  сөйлемдік  мағынаға  ие.  Өйткені  олар  қаншалықты  сөйлемдік 

дəрежеге  ие  болғанымен,  орындары  сол  тұрған  қалпынан  өз-

гермейтін  тұрақты  сөздер  тізбегі.  Сондықтан  ондай  сөйлемдерді 

не сөз тіркестеріне, не сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды деп 

білеміз. ФБ сөз тіркестері формасында келеді. Ондай дəрежедегі 

ФБ жеке өз алдына қолданылмайды да, сөйлемнің ішіндегі басқа 

сөздермен  грамматикалық  байланыста  жұмсалады.  Мысалы: 

Алайда  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  мəпелеп  өсірген  сол  мейірбан 

ата-анаңның  арқасында  сəбилік  кезден  өтіп,  балалық  шаққа  да 

жетіппін  (С.  Қирабаев).  Екі  жетімегін  арқа  еті  арша,  борбай  еті 

борша  боп  жүріп  өсіріп  еді-ау  байғұс,  енді  міне  (Е.  Тұрсынов). 

Осындағы түн ұйқысын төрт бөліп, арқа еті арша, борбай еті 

борша тұрақты тіркестері өз алдына жеке қолданылмай, сөйлем-

нің  ішінде  өзара  бір  топ  болып,  сол  тобымен  немесе  түйдегімен 

бір мүше ретінде ғана жұмсалған.

Есімді ФБ: айбар мүйізді, жел ауыз, жел аяқ, жылы сөз, жіті 

көз, зар жақ, зəрлі тіл, зəңгір тау, зіңгіттей жігіт, игі мұрат, исі 

қазақ, ит мінез.

Етістікті  ФБ:  абайлап  сөйледі,  абиырын  жапты,  айдауға 

кетті,  əжетке  жарады,  есін  жиды,  əліңе  қара,  жауырынынан 

қақты, жау жарағын сайлады, жатып атар, жатып ішер, жылы 

сөйлесті, кенедей қадалды. 

Матаса  байланысқан  фразалық  тіркестер:  ай-айдың  аты 

басқа, желдің өті, көздің жасындай, көздің жауын алды, сөзінің 

жаны бар.


409

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Түйдекті тіркесті ФБ: азық қылды, аза тартты, аяқ болды, 

жауап берді, жауыр болды, жел берді, жəбір қылды, жер болды, 

жылтың етті, зақым қылды.

ФБ сөйлемнің ішінде кейде өзі сөйлемдік дəрежеде болғаны-

мен,  сол  тобымен  сөйлемнің  бір  мүшесі  ретінде,  кейде  тырнақ-

шаға  алынып,  кейде  төл  сөз  қалпында  да  көбіне  көмекші  етіс-

тіктердің  көмегімен  сөйлемдегі  басқа  сөздермен  грамматикалық 

байланысқа  еніп  те  жұмсалады.  Жалпы,  сөз  тіркесін  құрайтын 

элемент  сөз. Сөз сөйлемде жеке-дара қызметімен бірге, енді сол 

сөздер өзара бір-бірімен тіркесіп,  сөйлемді құрауға негіз болады. 

Бірнеше сөзден құралатын тұрақты тіркестер де сол сөздің қызметі 

іспеттес.  2-3-топтағы  фразеологиялық  бірліктер  сөйлем  ішінде 

қолданылып, сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түсіп, сөй-

лем мүшелік қызмет атқарады. 

Фразеологиялық бірліктер сонымен сөз тіркесінің белгілі сы-

ңары  қызметінде  жұмсала  алады  десек,  оның  өзінің  іштей 

ерекшеліктерін айқындау қажет сияқты. Мысалы, бір ұрты май, 

бір  ұрты  қан  сияқты  тұрақты  тіркестер  де  сөйлем  кұрауға 

қажет  элемент  дедік.  Əрине,  жеке  сөздердің  элемент  болуына 

қарағанда  тұрақты  тіркесті  сөздердің  элемент  болуының  өзіндік 

ерекшеліктері  де  бaр.  Егер  жеке  сөздер  бір  сөзден  ғана  келіп, 

сөйлем  мүшесі  болса,  тұрақты  тіркестер  сөйлемге  кемінде  екі 

немесе  одан  да  көп  сөздер  арқылы  келіп  барып  жұмсалады.  Бұл 

жағынан  келгенде,  əдеттегі  сөздерге  қарағанда  тұрақты  тіркесті 

сөздердің  көлемі  олардан  қала  қоймаса  керек.  Жеке  сөздердің 

мағынасы  дара  бір  ұғымды  беру  жағынан  келгенде  тұрақты 

тіркестің  білдіретін  мағынасына  қарағанда  тар.  Тұ рақты  тіркесті 

топ  əдетте  жеке  сөздерге  қарағанда  күрделі.  Негізгі  мəселе  сол 

тұрақты  тіркестердің  сөйлемге  элемент  болудағы  морфология-

лық ерекшеліктері сөз болған емес.

I.  Кеңесбаев  фразеологияны  тіліміздің  бөлінбес  бір  бөлшегі 

екенін  айта  келіп: «Қазақ  тіліндегі  тұрақты  тіркестер  (фразеоло-

гизмдер)  тіл  ішінде  өз  заңдылықтарына  сəйкес  өмір  сүретін  ай-

рықша категория жəне олардың əр алуан ірілі-ұсақты ерекшелік-

тері мен айырым белгілерін саралай зерттейтін дербес пəн – фра-

зеология» – дейді.  Əрине,  бұл  жерде  автордың  фразеологияны 

«тіл ішінде өз заңдылықтарына сəйкес өмір сүретін айрықша ка-



410

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

тегория»  деуі  өте  орынды [32]. Бірақ  осы  арада  мына  мəселені 

айқындау  орынды  сияқты.  Егер  бала  зат  есімі  сөйлемде  балаға 

болып  септеліп,  баласы  болып  тəуелденіп,  баласымын  болып 

жіктеліп  барып  жұмсалатын  болса,  тұрақты  тіркестер  сөйлемде 

қандай  ерекшеліктерімен  қатынасқа  түсетіндігі  ашылмаған.  Осы 

күнге  дейінгі  еңбектерде  тұрақты  тіркестер    сөйлем  мүшесінде   

жұмсалады (Т. Қордабаев, X. Қожахметова) делінеді де, бірер мы-

салмен  көрсете  салады.  Немесе  тұрақты  тіркестер  сөз  тіркесінің 

бір  сыңары  болады  деп  айтушылар  да  олардың  ішкі  ерекшелік-

терін жан-жақты ескермейді.

Қай  сөз  болсын  немесе  тұрақты  тіркес  болсын  сөйлемге  эле-

мент  болуда  өзіндік  заңдылықтарына  сүйенуі  тиіс.  Бізде  осы 

күнге  дейін  дербес  мағынасы  бар  сөздердің  өздерінің  табиғи 

қасиетіне  сай  септеліп,  көптеліп,  тəуелденіп,  жіктеліп  барып 

жұмсалатындығы,  енді  бір  сөздер  тек  орын  тəртібі  арқылы  ғана 

сөйлемнің  бір  элементі  болатындығы  айтылуда.  Ал  тұрақты 

тіркестердің  сөйлем  ішінде  қолданылуындағы  морфологиясына 

назар  аударсақ,  мынаны  көруге  болады.  Академик I. Кеңесбаев:  

«Фразеологизм  сөйлеу  процесінде,  демек,  белгілі  бір  сөйлем 

ішінде  құлпыра  кететіні  белгілі, – дей  келіп,  одан  əрі – ФБ-ның 

мəн-мəнісі,  қызметі,  тұлғалық  белгісі  түгел  контекст  аумағында 

тұрып айқындалады»,  – дейді. Міне, бұл пікірге сүйенсек, тұрақ-

ты тіркестер қалайда сөйлемнің ішінде ең негізгі бір элемент бо-

лып жұмсалатын категория деп қарауымыз керек. 

Бірақ  сөйлемге  элемент  болып  табылатын  сөз  де,  сөз  бен 

көмекші сөздің тіркесі жəне тұрақты тіркестер де сөйлемге енген-

де қалай да белгілі заңдылықтар негізінде жүзеге асады. Яғни сөз 

сөйлем  ішінде  əрі  септеліп,  көптеліп,  тəуелденіп  жəне  жіктеліп 

немесе  түрлі  жұрнақтар  жəне  орын  тəртібі,  болмаса  көмекші 

сөздер  арқылы  сөйлемдегі  екінші  бір  сөздермен  тіркесуге  себеп 

болса,  сөйлемдегі  тұрақты  тіркестер  туралы  да  соны  айтуға  бо-

лады.  Біздегі  осы  уақытқа  дейінгі  еңбектерде  сөйлемге  қатысты 

сөздер,  олардың  морфологиялық  элементтері  айтылады  да,  тұ-

рақты  тіркестердің  морфологиялық  құрамы  тіпті  сөз  болып 

қозғалған емес.

І.  Кеңесбаев  тұрақты  тіркестердің  ішкі  синтаксистік  ерек-

шеліктеріне, əсіресе, оларды іштей бастауыш, баяндауыш, анық-



411

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

тауыш-анықталғыш,  пысықтауыш-пысықталғыш  жəне  тура  то-

лықтауыш  пен  толықталатын  құрамда  келетініне  баса  назар  ау-

дарады.  Бұл  жағынан  келгенде,  автордың  тұрақты  тіркестерді 

сол  қалпында  ғана  біржақты  талдауы  басым.  Бұл  талдау  бойын-

ша,  осы  ереже  тұрақты  тіркестердің  өз  ішіндегі  синтаксистік 

ерекшелігі  болып  табылады.  Дегенмен  тұрақты  тіркестердің 

контексте  ғана  барлық  қызметі  айқындалуы  тиіс.  Сондықтан  да 

олардың  сөйлемдегі  қолдану,  жұмсалу  ерекшеліктеріне  де  на-

зар  аудару  қажет  болады.  Осы  күнгі  əдебиеттерде  көбіне  оның 

ерекшелігін  ашу – басты  мақсат  болса,  негізгі  мəселенің  бірі  –

тұрақты тіркестердің сөйлемнің ішіндегі қолдану ерекшеліктерін 

айқындау  болып  табылады.  Ондай  кезде  тұрақты  тіркестердің 

ішкі ерекшелігінен гөрі, енді олар екі, үш, тіпті бірнеше сөздерден 

болғанымен,  олардың  соңғы  сыңарының  ғана  морфологиялық 

құрамын  айқындау  керек.  І.Кеңесбаев  бұл  мəселе  жөнінде  тек 

екі-үш  мысалдың  төңірегінде,  олардың  соңғы  сыңарының  басқа 

сөздермен тіркесуі кезінде өзіндік өзгеріске ұшырайтынын айтып 

өтті. 

Сөйлемге  қатысты  сөздер  сөйлемде  қандай  морфологиялық 



өзгерістерге  ұшыраса,  тұрақты  тіркестер  де  морфологиялық  жа-

ғынан  өзгеріп  отырады.  Тұрақты  тіркестер  мұндай  өзгерістерге, 

түптеп  келгенде,  бұдан  басқа  да  түрлі  өзгеріске  түрлене  алады. 

Тұрақты тіркестерде тұлғалық жағынан ең көп кездесетін – нөл-

дік форма. Нөлдік форма дегенде біздің негізге алып  отырғаны-

мыз екі, үш, тіпті одан да көп сөзді тұрақты тіркестердің ең соңғы 

сөзінің  тұлғасына  баса  назар  аудару.  Əрине,  ондай  құрамды  сөз 

тіркесінің соңғы сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімше де бола 

береді.  Нөлдік  тұлғадағы  тұрақты  тіркестердің  соңғы  сөздері 

көбіне  өзі  қатысты  сөздің  алдында  тұрып,  қабыса  байланысқан 

анықтауыштық  қатынаста  жұмсалады:  кəнігі  жау,  кəрі  құлақ, 

кебеже  қарын,  шұбар  төс,  көлденең  қонақ,  көлденең  кісі,  қанды 

балақ, қан базар, құлан таза, айқабақ алтын кірпік, айқай дүние, 

ай  дүние,  айшылық  алыс  жер,  дудар  шаш,  жүрісі  суық,  көнтек 

ауыз, көл иесі Қамбар, соқыр тауыққа бəрі бидай, шала оқу, шала 

байлық.  Мысалы:  Бұлар  өз  қолымен  талай  жанды  өлтіріп,  өзі  де 

талай  өлімнен  қалған,  қанқұйлы  кəнігі  жау  (Ə.  Нұрпейісов). 

Барақтың  қанды  балақ  жендеттері,  Төндіріп  даламызға  өртін, 


412

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

зілін  (Қ.  Бекхожин).  Жұрт  арасындағы  лақап  сөз  кімнің  керегін 

өтер еді (А. Тоқмағанбетов).

Көптік  жалғаулы  тұрақты  тіркестер  де  біршама  баршылық: 



жауыр  сөздер,  зəр  ішкірлер,  күндес  қатындар,  сары  тіс  сақа 

айғырлар, шиеттей балалар, жылау күндер, бұлау күндер, көңіл 

жұбатарлар,  иттен  де  сүйек  қарыздар.  Мысалы:  Жаттан-

ды,  қолдан  қолға  өткен,  бедері  кеткен  ескі  тиын  секілді  жа-



уыр  сөздер  оқушыны  селт  еткізбейтіні  заңды («Лениншіл  жас»). 

Емініп  артыңнан  қалмайды,  асыңды  ішкізбейді,  зəр  ішкірлер 

(М. Əуезов). Күндес қатындар сотқар етіп асыраған балалар жетім 

балаға жекіп, жер тезектей тепкілеп, əрқайсысы бір сабай берген 

(Қ. Əбдіқадыров). Тек мына биелер мен сары тіс сақа айғырлар 

күн  райының  бұзылғанын  басқа  жылқылардан  бұрын  сезді 

(Ə.  Нұрпейісов.)  Көптік  жалғаулы  тұрақты  тіркестер  сөйлемде 

көбіне баяндауышты керек етіп, субъектілік предикаттық мағына-

да  жұмсалады.  Көптік  жалғаулы  тұрақты  тіркестердің  соңғы 

сөздері көбіне есімдер болып келеді.

Тəуелдік  жалғаулы  тұрақты  тіркестер  де  мол  кездеседі.  Ол 

кезде олар екі-үш сөзді де бола береді. Ондай тұрақты тіркестер-

дің  бағыныңқы,  басыңқы  сыңары  да  көбіне  есімдер  болып  ке-

леді.  Тұрақты  тіркестер  тəуелдік  жалғаулы  болғанда  əр  жақта 

жұмсалады  да,  олар  ілік  жалғауының  ашық  жəне  жасырын 

түріндегі сөздермен де тіркесе береді: соқырдың тілегені екі көзі, 



төрт арыстың баласы, əзірет əлінің күші, байғұс басым, бақсы 

ойнағы, бақыт құсы, мал басы, басының садағасы, бел атасы, бел 

немересі,  бетке  ұстары,  бетіндегі  шіркеуі,  бір  асым,  бір  атым, 

біреудің  қаңсығы  –  біреудің  таңсығы,  бір  жұтым,  дене  бітімі, 

өз  үйім    өлең  төсегім.  Мысалы:  Қамауда  отырған  Бақытжан – 

Қаратайдың  бел  немересі  (X.  Есенжанов).  Баяғы  əруақты  ие-

лерге  қонатын  бақыт  құсы  енді  бір  қара  шыбынға  айналып, 

таздың  басына,  соқырдың  көзіне  қонатын  бол ды  деп  барамын 

(Ш.  Смаханұлы).  Үшеуінің  бетке  ұстағаны  бір  ғана  Зейнұр 

(Ə.  Əбішев). He үшін  десең,  дүниеде  жүргенде  туысың,  өсуің, 

тоюың,  ашығуың,  қайғың,  қазаң,  дене  бітімің,  шыққан  жерің – 

бəрі  бірдей  (Абай.)  Бұл  жердегі  тəуелдік  жалғаулы  тұрақты 

тіркестер  əдеби  тілде  де  сол  қалпында  кездесетін  болca,  ал  енді 

тəуелдік жалғауда жұмсалатын тұрақты тіркестердің екінші тобы 



413

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

нөлдік  формада  тұрып  та  сөйлемде  ыңғайына  қарай  тəуелденіп 

жұмсалады:  Оның  ұзын  құлақтан  естіген  бұралқы  сөзі  Тəтиев 

жолдасты алты ай əуреледі (С. Төлешев). Сары ағаш сазға біткен 

секілденіп, Қай жерде отыр екен бұраң белім (Халық əні).

Тұрақты тіркестердің тəуелденіп келуі тек нөлдік формадағы 

топтар емес, кейде етістік тұлғадағы егіліп жылады, емініп алды 

сияқтылар  да  қимыл  есімді  тұлғада  тəуелденіп  келе  береді: 

Абайдың егіліп жылауы қандайлық терең сырлы, қандайлық жан 

азабы  десеңізші  (Е.  Ысмаилов).  Емініп  алғаның    арыңды  айыр-

бастап  алғаның.  Арсыз  қалғаның – жалаң  бұт  қалғаның  (Ғ.  Мұс-

тафин).


Тұрақты  тіркестер  табиғи  түрде  септеліп,  көнеленген  септік 

жалғаулары  арқылы  жұмсалады.  Ондай  кезде  тұрақты  тіркестер 

көбіне  барыс,  жатыс,  шығыс,  кейде  көмектес  жалғауында  ғана 

көріне  алады.  Мұндай  көнеленген  септік  жалғаулы  тұрақты  тір-

кестер екі бағытта, яғни таза түрдегі септік жалғауда жəне негізгі 

сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы келеді. Соңғысы-

на көбіне шылау, көмекші есім жəне көмекші етістіктер қатысты 

жұмсалады, ондай кезде модаль сөздер кездеспейді десе де болады. 

Олардың əрбір септік жалғаулары арқылы келуі мына дəрежеде. 

Бірінші тобы: тұрақты тіркестер үнемі көнеленген септік жал-

ғауларында  (əдеттегі  көнеленген  үстеулер  сияқты  барыс,  жатыс, 

шығыс жəне көмектес жалғауларында) келеді.

Барыс септігінде: бітер істің басына, жақсы келер қасына, ер-

теден қара кешке дейін, өз алдына, бірдің кесірі мыңға, мыңның 

кесірі түменге, жоқтан өзгеге, қазаны басқа; 

Жатыс  септігінде:  бас  аманда,  басы  айдауда,  малы  талауда, 



баяғы бір заманда, дін мұсылман аманда, бел ортасында, бұрын-

бұрын бұрында, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде, бір қайнауы 

ішінде, бір қалыпта, бір қоян екеу болып көрінгенде, демнің ара-

сында, ел аман, жұрт тынышта, бақыты алдында дегенде, əйт 

дегенде;

Шығыс  септігінде:  берсе  қолынан,  бермесе  жолынан,  бет-



аузы шімірікпестен, бірауыздан, бір есептен, бір кіндіктен, жеті 

түптен бері қарай, əрі-беріден соң, басқа бəле – тілден;

Көмектес  септігінде:  көз  мөлшерімен,  өз  бетімен,  бесіктен 



белі  шықпастан,  бүйен  боғымен.  Мысалы:  Əзірет  əлінің  көлең-

414

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

кесінде аман-сау жүріп жатырмыз  (А. Тоқмағамбетов). Екпініне 

шаң  ілеспей,  əйт  дегенде  алты  қырдан  бір-ақ  асып,  керқұла  ат 

зымырап келеді (Қазақ ертегісі). Көлденең салынған бастырықты 

сырғытып,  ентігіп,  демігіп  əзер  дегенде  қақпаны  ашты  (Ж.  Жұ-

маханов).  Əлдене  уақытта  бала  есін  жиып: – Маған  осы  қызды 

алып  бермесеңіз,  мен  сізден  безем, – деді  (Қазақ  ертегісі).  Əрі-



беріден  соң  майдан  қайсы,  оны  да  шатастырып  отырып  алды 

(Т. Ахтанов). Баяғы заманда тау етегіндегі жазықта сабан төбелі 

ескі, ескі болғанда өте ескі үй тұрды (М. Тиесов). Бұрын, бұрын 

бұрында қаңбақшал деген шал бопты (Халық ертегісі). Бір есеп-

тен бұл ойыңыз іс болып қалуы да қисынды (С. Шаймерденов). 

Бір  көрмеге  тəп-тəуір,  қазаны  мен  қалбаңы  (Абай).  Еламан  бір 

кіндіктен жалғыз, əке-шешесінен айырылды (Ə. Нұрпейісов). Ел 

аман, жұрт тынышта күйінесің де отырасың, не көрінді сонша 

(Ғ. Мұстафин).

Екінші тобы: тұрақты тіркестер сөйлемде арнайы септеліп те 

жұмсала береді. Ондай кезде олар барлық септік жалғауларында 

да келе береді. 

Ілік  жалғауы:  Сонар  қардың  үстінде  жортқан  тышқан  құрлы 

із қалдырған жоқ еді (Ғ. Мұстафин). Қызыл сөзді желге шашқан, 

дуасыз  ауыздың  нағыз  өзі  еді  ғой, – деп  қарт  Софы  кеңкілдеп 

күлді  (Ə.  Нұршайықов).  Қазір  екінің  бірінің  аузындағы  сөзі  осы 

қыс боп тұр, Абай аға! (М.Əуезов). 

Барыс септігі: Бұның бəрін бере алмай, албырт жасты айбал-

талы  əккі  жауға  құр  қол  жібердік  (Ғ.  Мұстафин).  Мөңкежан-ау, 

менің  де  амалым  құрып,  ішіме  тікен  қадалғандай  боп  жүрмін 

ғой, – деп бұл білмейтін бүйір əңгімеге басып бара жатты. 

Табыс септігі: Жоқтан-барды сөйлесіп, сауқым салып, Алыс-

ты  пияланы  оңды-солды  (Абай).  Əр  жерде  төрт-бестен  оңаша 

сөйлесіп  отырған  ылғи  кебеже  қарын,  бұқа  мойын,  шұбар  төс-



терді  көргеннен-ақ  Мүсəпірдің  жүрегі  мұздап  сала  жөнелді 

(Ə. Əбішев). 

Жатыс  септігі:  Шешем  осы  баланы  ойланбай  бере  салғаны 

үшін  Құдай  тағаланың  өзін  де  ет  қызуында  біраз  шықпыртып 

алды (Б. Соқпақбаев). Барлы-жоқты киініп алған туристер жоғары 

палубаға шығып, жел өтінде тұрып, теңіз құшағында бұлдырлап 

көрінген  қалаға  қарайды («Қазақ  əдебиеті»).  Қазір  де  анасының 

жылы құшағында отырып, сол кездегідей əсер қалды (Т. Ахтанов). 


415

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

Шығыс септігі: Шауып келген Баймұхамбеттің керуен басты-

ғы жаралы мосқал адамнан білгені – бұларға тиген Ағыбай тобы 

екен (I. Есенберлин). Раушан мына қалпын қоймаса, екі аяғымды 



бір  етікке  тығудан  тайынбас, – деді  Қоңырбай  (Б.  Майлин). 

Теріс  тəрбиеде  өскен  баланы  ес  кіргеннен  кейін  түзеп  аламын 

деп  үміттену  екіталай  нəрсе  (С.  Көбеев).  Бөкенші  ет  ашуымен 

Оралтайдың  тентектігіне  орай  бір  оғаш  іс  істепті  (М.  Əуезов). 

Қанат  оны  құмай  деп  жүгіріп  келсе,  қасқыр  қып-қызыл  ала  қан, 

өлім халінде жан далбасамен тұрып жығылады (А. Хангелдин).

Міне,  бұл  сөйлемдерден  тұрақты  тіркестердің  барлық  сеп-

тіктерде  де  келе  беретінін  көруге  болады.  Мұнда  таза  күйінде 

жəне  көмекші  сөздердің  тіркесі  арқылы  да  келе  береді.  Тұрақты 

тіркестердің негізгі сөздері септік жалғауында келеді де, оған сол 

септіктерге  тəн  шылаулар  тіркеліп  жұмсалады.  Екінші  жағынан 

тұрақты  тіркестердің  негізгі  сөздері  нөлдік  тұлғада  келеді  де,  ал 

оған  түйдектелген  көмекші  сөздер  белгілі  септік  жалғауларда 

келуі арқылы жұмсалады. Тұрақты тіркестердің септік жалғаулар 

арқылы  келуінде  соңғы  сөздердің  қай  сөз  табы  болуының  да 

үлкен маңызы бар. Оны мына мысалдардан көруге болады: 



Зат есім: ит жеміндей олжа, жайма базар, жаманатты сөз, 

жиен табақ, түйінді мəселе, тұрлаусыз өскен құлан. 

Сын есім: арық атқа қамшы ауыр, əйел жолы жіңішке, əлпеті 

жаман,  баданадай  қоңыр,  басы  байлаулы,  жер  жаһанға  белгілі, 

күріштей  аппақ,  кіршіксіз  ақ,  қолы  жеңіл,  қыздың  жолы  үлкен, 

мұнтаздай  тап-таза,  ой  желке,  қамыс  құлақ,  қара  көк,  ішіне  к

ірсе шыққысыз, тік сөзді. 

Сан есім: жер құлағы жетеу, ілуде біреу, үш тоғыз, үйірімен 

үш тоғыз, тұяғынан тік басқан сегіз. 

Есімдік:  əперген  ұшпағы  қайсы,  ақ  жолтайы  қайсы,  аяқты 

жанның бəрі, жоқтан өзгеге, қазаның басқа, мүйізің қайсы, өлген 

жері осы, өз билігі өзінде, өз білгені өзіне, өз айғағы өзінде.

Егер  тұрақты  тіркестердің  соңғы  сөздері  зат  есім,  есімдіктен 

болып,  септік  жалғауларында  мол  жұмсалса,  сан  есім,  сын  есім 

заттанып барып қана жұмсалатындығын көруге болады. 

Үшінші тобы: Тұрақты тіркестердің өздері үнемі септеліп кел-

ген  көмекші  сөздермен  бірлікте  дайын  күйінде  де  жұмсалады. 

Əсіресе  тұрақты  тіркестер  есімше  тұлғалы  етістік  бола  тұрып, 


416

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

əдеттегі  есімшелер  сияқты  септеліп  келуі  мол  кездеседі.  Тіпті, 

кейде етістікті тұрақты тіркестердің өздері де ретіне қарай септе-

ліп  жұмсала  береді.  Мысалы:  Жан  біткенге  жалынбай,  Жақсы 

өліпсің,  япырмай!  Мың  түрлі  күйге  салып  толқытады,  Маңайда 

жан біткенді таңырқатып (Абай).

Жатақ  жөнінде: – Тым  құрыса  олардың  жас  буынына  азды-

көпті  саңылау  болсын,  – деп  ойлады  (М.  Əуезов).  Олай  болса 

жас  буындарды  еңбек  сүюге  баули  алмай  жүрген  жоқсың  ба, – 

деді (М. Иманжанов). Мұнда жан біткен, жас буын ретіне қарай 

əртүрлі септіктерде келіп тұр. 

Тұрақты  тіркестер  тек  септеліп,  көптеліп,  тəуелденіп  қана 

жұмсалуымен  бірге  олар  түрлі  жұрнақты  тұлғаларда  да  келе 

береді. Ондай кезде көбіне -дай, -дей, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ша, -ше, 



-ғы, -гі, -шы, -ші  жұрнақтар  арқылы  тұрақты  тіркес  есімді  сөз 

таптарының ыңғайында жұмсала береді.



-дай, -дей: азу тісі балғадай, ай балтаның сабындай, ай мен 

күндей,  əмбеге  бірдей,  айырмасы  жер  мен  көктей,  ақ    бөкеннің 

тауындай;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет