Талғат сайрамбаев


  Сөз  тіркесінің  бір  байланысу  формасының  екінші  бір



Pdf көрінісі
бет30/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58

1.  Сөз  тіркесінің  бір  байланысу  формасының  екінші  бір 

байланысу формаларына ауысуы. Сөз тіркесі синтаксисінің ең 

негізгі бір қасиеті – оның байланысу формалары.

Сөз  тіркесінің  байланысу  формаларының  орыс  тілінде  неме-

се  түркологиялық  еңбектерде  саны,  оның  əрқайсысының  ішкі 

ерекшеліктері жан-жақты айтылып келеді.

Қазақ  тіліндегі  қиысу,  меңгеріле  байланысу  формаларының 

берілуі,  əрқайсысының  ішкі  ерекшеліктері  Қазан  төңкерісіне  де-

йін, онан кейін де арнайы түрде айтылып келеді. Алайда олардың 



329

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

өзіне қатысты мəселелері осы күнге дейін əлі де болса толықты-

рылып, өзіндік жаңа бағыттар алуда. Мысалы: Бұрынғы ғылыми 

əдебиеттерде  меңгеру,  оның  бағыныңқы  сыңарлары  ілік,  барыс, 

табыс,  жатыс,  шығыс  жəне  көмектес  жалғаулы  сөздер  деумен 

ғана  шектелсе,  ал  қазіргі  кезде  олардың  бағыныңқы  сыңарлары-

нан  ілік  септігі  алынып  отыр.  Бағыныңқы  сыңарлары  септік 

жалғаулы  сөздер  жəне  негізгі  сөздер  мен  шылаулардың  түйдек-

телуі  арқылы  берілсе,  енді  оған  қоса  сөздерге  көмекші  есім, 

көмекші  етістік,  модаль  сөздердің  қатысуы  да  арнайы  айты-

лып  жүр.  Оның  үстіне,  бұрын  негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздердің 

түйдектелуі  арқылы  құралған  бағыныңқы  сыңарлар  тек  етістікті 

сөз  тіркестерінде  ғана  жұмсалады  делінсе,  енді    көмекші  сөзді 

есімді меңгеру деп аталатын түрі қосылып отыр.

Сөз  тіркестері  соңғы  кезде  жан-жақты  зерттеудің  объектісі 

болып  отыр,  бола  бермек  те.  Бірақ  сөз  тіркестері  жан-жақты 

зерттеліне бастады делінгенмен, оларға байланысты ерекше еске-

ретін  мəселе  тілдегі  экономия,  олардың  байланысу  формалары-

ның  бірінің-біріне  ауысуы  туралы.  Енді  оларға  жеке-жеке  тоқ-

таламыз.


1.  Қабысудың  қиысуға  ауысуы.  Сын  есім,  сан  есім,  есімше 

есімдермен  қабыса  байланысуға  тиіс.  Мысалы: 1. Оның  үшкір 

тұмсық  жаңа  қара  етігі  қардан  тайғанай  береді  (С.  Мұқанов). 

Тоқсандағы Жамбылға толқындатып сөз келді (Жамбыл).

2.  Бірінші  тəжірибе  пеші  қақ  жартыдан  артық  мыс  берді 

(Ғ.  Мүсірепов).  Ол  жаққа  екі-үш  жүзге  тарта  жігіт  кетті  (С.  Мұ-

қанов).

3.  Айтатын  арызымыз  бар.  Сөйлейтін  жерім  жаңа  табылды 



(Ғ.  Мұстафин).  Міне,  осы  мысалдардағы  үшкір  тұмсық  жаңа 

қара  етік,  тоқсандағы  Жамбылға,  екі-үш  жүзге  тарта  жігіт, 

айтатын  арызымыз,  сөйлейтін  жерім  тіркестері  қабыса  байла-

нысып тұр.

Сын есім, сан есім мен есімшелер заттанып барып сөйлемнің 

бастауышы,  толықтауышы  қызметінде  жұмсала  береді.  Олар 

бастауыш қызметінде нөлдік тұлғада, көптік жəне тəуелдік тұлға-

да жұмсалады.

1.  Нөлдік  тұлғада:  Сын  есім: – ...Алдыңғы  жақсы  артқы 

жасқа  тəлім  айтпаса,  ел  болғаның  қайсы? (М.  Əуезов).  Білекті 

бірді жығар, білімді мыңды жығар (Мақал).


330

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Сан есім: Алтыншы өзінің барлық күшін ең соңғы айналым-

ға қалдырып отыр («Лениншіл жас»).



Есімше: Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаман-

ды  жортқан  білер    (Мақал).  Міне,  осы  сөйлемдердегі  жақсы, 



білекті,  алтыншы  сөздері  нөлдік  тұлғада  затталып  жұмсалуына 

байланысты айтылса, жығар, қалдырып отыр сөздерімен қиыса 

байланысқан сөз тіркестерін құрауда.

2.  Тəуелдік  тұлғада:  Сын  есім:  Солардың  ең  көрнектісі 

жəне  бар  жиынға  қадірлі,  сүйіктісі – мынау  қос  ішекті  домбы-

раны  безілдетіп  отырған  орта  бойлы,  қызғылт  жүзді,  кең  ақ 

маңдайлы, нұрлы жігіт (М. Əуезов).

Сан есім: Сауын сиырдың жүзден жиырма бесі асыл тұқым-

ды болса, жүздің бергенін береді (Ғ. Мұстафин).



Есімше: – Көргеніміз көп біздің (Т. Ахтанов). Бұл сөйлемдер-

де жүзден жиырма бесі, көргеніміз, ең көрнектісі, қадірлі, сүйік-



тісі  өз  баяндауыштарымен  қиыса  байланысқан  сөз  тіркестерін 

құрап тұр.

3.  Көптік  тұлғада:  Сын  есім:  Осыдан  соң  барлық  үлкендер 

көтеріліп шығып кетті (М. Əуезов). Желе жортып аттылар кетті 

жөніне (Ғ. Мұстафин).

Есімше:  Қарғитын  бала  ұстатпай  жылдам  өтуге  тырысады, 

отырғандар ұстап алуға тырысады (С. Мұқанов).

Тілде кейде кез келген ойды беруде əртүрлі əсірелеу процесі, 

соған  сəйкес  түрлі  эпитет,  т.б.  элементтерді  қосып,  жан-жақты 

көрсету  процесі  де  барлығы  белгілі.  Тілде  ондай  құбылысты 

плеоназм  дейді.  Оның  өзінің  де  бірнеше  түрі  бар.  Бұл  плео-

назм принципінің тілде өзіндік орны барлығы белгілі.

Керісінше,  кейде  тілде  плеоназм  құбылысында  антонимдерді 

үнемдеп  қолдану  да  кездеседі.  Егер  алдыңғы  тілдік  заңдылық-

тарда  əртүрлі  сөздерді  көп  мөлшерде  пайдалану  болса,  ал  тілдік 

экономияда, керісінше, сөйлегенде не жазғанда сол сөйлемді тү-

сінуге  нұқсан  келтірмейтін  сөздер  сөйлемнен  түсіп  қалып  оты-

рады  да,  бірақ  ол  түсіп  қалған  сөздер  сөйлемнің  жалпы  мəнінен 

белгілі болып отырады. Ал біз бұл жұмыста сол тілдік экономия-

ның  бір  көрінісі  субстантивтену  процесі,  оның  əсерінен  бір  бай-

ланысу формасының екінші байланысу формасына ауысуы   тура-

лы мəселені арнайы қарадық. Өйткені бұл мəселе орыс тілі жəне 

түркологиялық əдебиеттерде сөз болып қозғалған емес.


331

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

2.  Қабысудың  матасуға  ауысуы.  Сын  есім,  сан  есім,  есім-

шелердің септеліп келіп жұмсалуы тілімізде мол кездеседі. Оның 

өзі  ең  алдымен  ілік  септігінде  қолданылуы  арқылы  бірінші  кө-

рінуі тиіс.



Сын  есім.  Сын  есімнің  септелуінің  өзін  іштей  бірнеше  под-

группалар  арқылы  көрсетуге  болады.  Сапалық  сын  есімнің  сеп-

телуі. Мысалы: Жақсының ісі де жақсы (Мақал). Осы бар үлкен-

нің мұндай жердегі салты бойынша, əкесі де тұспалдап, орағытып 

ұқтырмай сөйлейді (М. Əуезов). Қара көктің жал құйрығы қара 

ғой (М. Əуезов).

Қатыстық  сын  есімдері  дара  жəне  күрделі  түрінде  септеле 

береді.

Аттының несібесі – алтау.

Жаудың  несібесі  –  жалқы  (Мақал).  Мен  фашиске  сатылып 

кеткен  опасыздардың  қатарын  алшаңдатып  отырғыза  алмай-

мын  (Т.  Ахтанов).  Қазіргі  қалпы  жол  күткен  екі  салт  аттының 

да  көңілдерін  қатты  қобалжытты  (Р.  Райымқұлов).  Міне,  осы 

сөйлемдердегі  сын  есімдердің  əртүрлі  түрлерінің  ілік  септікте 

жұмсалуы берілген. Əрине сол септелген сөздердің негізгі сөздері 

жақсы, үлкен, қара көк сияқты сапалық сын есімдер мен атты, 

опасыз, екі салт атты сияқты қатыстық сын есімдері екені бел-

гілі. Алайда ол сын есімдері септелмей тұрған кезінде

жақсы бала 

атты кісі

үлкен үй 

опасыз адам

қара көк ат, 

екі салт атты кісі сияқты

мықты ағаш,

сөздерінің  анықталатын  заттарымен  қабыса  байланысуға  тиіс. 

Бірақ  олардың  септеліп  келуіне  сай  табиғи  қалыптасқан  қабыса 

байланысқан  сөз  тіркестері  матаса  байланысқан  сөз  тіркестеріне 

ауысып  отыр.  Енді  олардың  басыңқы  сыңарлары  тəуелдік 

жалғаулы  зат  есім  сөздері  болып  келеді.  Мұндай  кезде  қабыса 

байланысуға қабілетті сын есімдері енді ілік жалғаулы қалпында 

тіпті  басқа-басқа  зат  есімдерге  бағыныңқы  қызметте  жұмсала 

алатын  дəрежеге  ие  болады.  Мысалы:  қара  көк  ат,  атты  кісі, 

опасыз адам дегендер, қара көктің жалқұйрығы, аттының несі-

бесі, опасыздың ісі тіркесінің мағыналық жағы өзгеріп тұр.


332

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Сөйтіп,  сын  есімдердің  ілік  жалғауда  келіп  жұмсалуы  ар-

қылы қалыпты қабыса байланысқан сөз тіркестері тілдік эконом-

дықтың нəтижесінде матаса байланысқан сөз тіркестеріне ауыса-

ды екен.

Міне,  осы  сияқты  құбылыстар  сан  есім  мен  есімшелердің  де 

ілік септігінде жұмсалуына тəн.

Сан  есім:  «Достық»  жайлауында  көршілес  отыратын  екі 

совхоздың  бірінің  аты  «Украина»  екенін,  екіншісінің  аты  «Ара-

рат» екенін Шайкөз бен Жанас документтерден білетін еді, бірақ 

директорлары кім екендігі белгісіз еді (С. Мұқанов). Биыл жет-



пістің  бел  ортасынан  асыпты  (Б.  Тілегенов).  Егістің  жүзден  елу 

гектарына  агрономияны  толық  қолдансаң,  бұл  да  жүздің  бер-

генін береді (Ғ. Мұстафин).

Есімше:  Бұл  жатқандардың  көбі  азап,  шермен  өткендер 

(Ғ. Мұстафин). Бірақ оның ойлағанының бəрі бола бермес (М. Əуе-

зов).  Үйде  отырғандардың  үшеуін  де  таныдым  (Ғ.  Мүсірепов). 

Уығын  ат  үстінен  шаншатын  он  екі  қанат  үлкен  үй  бұл  отыр-



ғандардың да көрмеген үйі (Ғ. Мүсірепов).

3. Қабысудың меңгеруге ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше-

лер  септеліп  те  жұмсала  береді.  Ондай  кезде  олар  сол  анықтай-

тын  затының  орнына  жұмсалатынын  да  көруге  болады.  Əрине, 

олардың септелу дəрежесі бірдей емес. Дегенмен қалай да оларда 

заттану процесі үнемі болып тұратын құбылыс. Сол сөз таптары-

ның  ішінен  сын  есімнің  септелуі  туралы  аздап  тоқталуды  жөн 

көрдік.  Сын  есімдердің  септелуі  туралы  түрліше  пікір  бар.  Кей-

бір ғалымдар

 

[128, 64]



 

сын есімдер септелмейтін, олар тек өзінің 

анықтайтын  затымен  қабыса  байланысуға  тиісті  десе,  ал  кейбір 

ғалымдар сын есімдер септік жалғауын жалғап жұмсала беретінін 

дұрыс  көрсетеді.  Н.К.  Дмитриев: «Егер  орыс  тілінде  сын  есім 

зат  есімнің  қызметін  атқарса,  кейде  тіпті  осы  категорияға  ауыс-

са  (салыстырыңыз),  мысалы: «больные» (аурулар) «молодые» 

(жастар),  передовые  (озаттар), «старшие» (үлкендер)  жəне,  т.б. 

құмық жəне барлық түркі тілдерінде сын есімнің зат есімге ауы-

суы  жəне  оның  керісінше  процесі  ерекше  дамыған»

 

[129, 69] 



деп  дұрыс  көрсетті.  Осы  пікірді  А.Н.  Кононов,  А.  Боровков, 

И.П.  Дыренкова,  И.А.  Батманов,  Х.  Қарабаев,  Г.А.  Абдурахма-

нов, сол сияқты қазақ тілі мамандары: І. Кеңесбаев, М. Балақаев, 


333

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ғ.Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Ш.Ш. Са-

рыбаев,  т.б.  ғалымдардың

 

[130]  да  қолдайтынын  көреміз.  Зерт-



тей  келгенде,  сын  есімнің  субстантивтенуі  қазіргі  уақыттың 

ғана  жемісі  емес,  ол  тарихи  процесс.  Сондықтан  да  И.А.  Батма-

нов: «Если  в  памятниках  субстантированные  прилагательные 

встретились  лишь  в  единичных  случаях  (врода  урунум  карам  –

мое светлое и черное) то с течением времени их число сильно воз-

росло»


 

[131] – деп көрсетеді. Осы пікірді Ə. Құрышжанов, М. То-

мановтар да

 

[132, 63] ескі ескерткіштердің тілін талдау барысын-



да қолдайтынын көреміз. Жалпы сын есімнің субстантивтенуі зат 

пен  сынның  тығыз  байланыстылығын  көрсете  отырып,  сынның 

затқа жəне керісінше қарым-қатынасын көрсетеді. Олардың үнемі 

біріне-бірі  ауысып  отыратыны  анық.  Бірақ  олар  субстантивтен-

генде  тек  сол  мағынасына  сай  сөздерге  (яғни  заттарға)  ауыса 

алады. Сол өзінің анықтайтын затының орнына ғана жұмсалады. 

Бірақ  субстантивтенген  сын  есімдердің  барлық  қасиеттері  таза 

заттың  қасиеттеріне  сай  келмейді.  Онда  сындық  қасиет  айқын 

байқалып отырады. Яғни сын есімдер субстантивтеніп затқа ауы-

сып  кетпейді.  Сол  сияқты  зат  есімдер  де  сын  есім  қызметінде 

ғана  жұмсалады.  Мысалы:  алтын  сағат,  жел  диірмен  дегендегі 

алтын,  жел  зат  есімдері  қандай?  сұрауына  жауап  беріп  қабыса 

байланысқан есімді сөз тіркестерін құрап, сын есімнің қызметін-

де ғана жұмсалады.

Осыған сəйкес И.И. Мещанинов «Сөздің бір бөлігіне тəн грам-

матикалық категориялардың сақталуы сөздің осы бөлігіндегі сөзді 

сақтайды»

 

[133, 204] десе,  тағы  бір  жерде «...сын  есімдер  кейбір 



жағдайда  бастауыш  пен  толықтауыш  қызметін  атқарғанымен 

үнемі  зат  есім  бола  бермейді»

 

[133, 204] – дейді.  Сол  сияқты 



Ғ.Ғ.  Мұсабаев  сын  есімнің  септелуін  айта  келіп,  олар  септелген 

кезде  «олардың  заттық  мағынаға  жақындап  тұрғаны  анық.  Бірақ 

негізгі  сын  есімдік  мағынасының  ізі  жоқ  емес»

 

[134, 12] – деп 



көрсетеді.  Олай  болса,  сын  есімдердің  субстантивтену  процесі 

сөздердің,  біріншіден,  үнемі  өзгеріп  отырғандығын  көрсетсе, 

екіншіден, олардың бір-бірінен ажырап кетпейтіндігін көрсетеді. 

Қалайда  сын  есімдердің  септеліп  келуі  өзінің  байырғы  қалып-

тасқан  байланысу  формасына  күрделі  өзгеріс  енгізетіні  айқын. 

Міне, осы сияқты құбылыс сан есім мен есімшеге де тəн деп айта 



334

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

аламыз. Сонымен, сын есім, сан есім, есімшелер септеліп келген-

де  өздерінің  анықтайтын  заттарының  түсіне  байланысты  қабыса 

байланысқан  сөз  тіркестерінен    енді  меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркестеріне ауысады.

1. Барыс септігінде:

Сын  есім:  Жаманға  жалынғанша,  жат  та  жаныңды  қарман 

(Мақал). Əлсізге тимекші емес (М. Əуезов). Өзі де ұшқалақ екен, 

сөйлесіп  отырған  Қоспанды  қаңтарып  қойып,  тұсынан  өтіп  бара 

жатқан қоңқақ мұрын қараға жармасты (Т. Ахтанов).



Сан  есім:  Кішкентайында  еркелетіп  Қаламұш  атап  еді,  биыл 

он тоғызға шықса да сол атымен келе жатыр (Т. Ахтанов). Қазірде 

əуелгі отыз үй жүз елуге, отыз мал он мыңға, отыз гектар екі мың-



ға жетті (Ғ. Мүсірепов).

Есімше: Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар бақра ала 

алмас  (Абай).  Асқар  сырғанақ  тепкендерге  қарай  тайғанақтай 

беттеді (С. Мұқанов).

2. Табыс септігінде:

Сын  есім:  Бүйірін  соққан  буданкөкті  мойынға  қағып,  қар-

ғып мініп алды (Ғ. Мұстафин).



Сан  есім:  Кампанияның  жүз  жиырма  пайының  алпысын  ма-

ған бересіздер (Ғ. Мүсірепов).



Есімше:  Ақтарылып  айтып,  өткенді  аршып  алмай  дүдəмал 

қалдырды (Т. Ахтанов).



3. Жатыс септігі.

Сын есім: Жақсыда жаттық жоқ (Мақал).

Сан есім: Екіншіде Тыныбай мен бəйбішесі (М. Əуезов).

Есімше: Бірақ осындай көрнекті іске қадам басқан бір-екі кісі 

қазақ оқығандарында болған екен (М. Əуезов).



4. Шығыс септігі.

Сын есім: Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол (Мақал).

Сан есім: Оныншы төртіншіден озып кетті (Ғ. Мұстафин).

5. Көмектес септігі.

Үлкендермен де, кішімен де, жақсымен де, жаманмен де дос 

(Т. Ахтанов).



4. Қабысудың қиысуға ауысуы. Сын есім, сан есім, есімше-

лер  сөйлем  ішінде  қабыса,  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесте-

рінің бағыныңқы сыңары сияқты олар сөйлемнің соңында келіп, 


335

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

басыңқы сыңарда да қолданылады. Ол сөз таптарының сөйлемді 

тиянақтау  процесі – бұрыннан  бар  құбылыс.  Бірақ  олардың  енді 

сөйлемнің  соңында  жұмсалуы  арқылы  олар  толық  баяндауыш-

тың  қызметін  атқара  келіп,  сөз  тіркесінде  басыңқы  сыңарда 

жұмсалуы  қалай  да  бастауышты  қажет  етеді.  Сонда  қабыса 

байланысқан  сөз  тіркестерін  қиыса  байланысқан  сөз  тіркестерін 

құрауға  тиісті  сын  есім,  сан  есім  мен  есімшелер  енді  қиыса 

байланысқан  сөз  тіркестерінің  басыңқы  сыңары  ретінде  қолда-

нылу дəрежесіне ие болып отыр.



Сын есім: Ақыры үлкен боранға айналып кетсе – колхоздар-

дың  арасы  алшақ,  алды  қараңғы... (Т.  Ахтанов).  Ал  енді  пен-

сияға  көшемін:  Совет  өкіметі  тұсында  жатып  ішерлерге,  кəрі-

құртаңдарға жақсы-ақ (А. Макаренко). Иілген сүп-сүйір екі қасы, 

көк өрімдей солқылдаған, қиылған жіп-жіңішке беліне түскен қа-

лың қара шашы шумақтаған жібектей (С. Сейфуллин).



Сан есім: Үйіріңмен үш тоғыз (М. Əуезов). Білетін адамдар-

дың айтуынша, аталған екі оязда қазақ болыстарының саны жиыр-



ма екі (С. Мұқанов).

Есімше:  Малы  биыл  Қоянды  жəрмеңкесінен  кейін  тіпті  кө-

бейген (С. Мұқанов). Одан бері де Құсбектей төре Алшынбайды 

өкпелетіп алған соң, аға сұлтандықтан айырылған (М. Əуезов).



5.  Меңгерудің  қиысуға  ауысуы.  Меңгере  байланысу  фор-

масы  мен  қиысу  байланысу  формасының  əрқайсысының  өзіндік 

жасалу  жолы  бар  екендігі  белгілі.  Егер  меңгеруде  бағыныңқы 

сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы 

сөздер  болатын  болса,  ал  қиысу  бастауыш  пен  баяндауыштың 

арасындағы  жақтық,  сандық  жағынан  байланысы  болып  табы-

лады.  Сондықтан  да  қиыса  байланысқан  сөз  тіркестерінің  бір 

сыңары  бастауыш,  екінші  сыңары  баяндауыш  болып  келетіндігі 

белгілі.  Ал  енді  меңгере  байланысу  формасындағы  септік  жал-

ғаулы сөздер қалай да сөйлем ішінде не етістік, не есім сөздерге 

бағыныңқы  қызметте  жұмсалуға  тиіс.  Мысалы,  Баян  бəйбіше 

бір жапырақ қағазды жүрегіне қысып келе жатыр (Ə. Əбішев) – 

дегендегі  қағазды  табыс  жалғаулы  зат  есім  қысып  келе  жатыр 

етістігімен  меңгеріле  байланысып,  септік  жалғаулы  сөз  сөйлем 

ішінде  қолданылған.  Сол  сияқты  барыс,  жатыс,  шығыс  жəне  кө-

мектес жалғаулы сөздер де бағыныңқы сыңарда сөйлемнің ішінде 



336

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

қолданылады. Кейде ондай тұлғалы сөздер ретіне қарай сөйлем-

нің соңында да келе береді.

Түркі  тілдерінде  баяндауыштардың  жасалуында  көбіне  жа-

тыс  жалғаулы  сөздер  туралы  көбірек  сөз  болады  да,  ал  басқа 

септіктердің  ондай  кездегі  қызметі  онша  елене  бермейді.  Ал 

қазіргі  əдеби  тіл  материалы  баяндауыш  қызметінде  барыс,  шы-

ғыс  кейде  көмектес  жалғаулы  сөздердің  де  жұмсалатындығын 

көрсетеді.  Əрине  баяндауыштардың  жасалуындағы  бұл  мəселе – 

өзіндік бір күрделі мəселе. Дегенмен барыс, жатыс, шығыс жəне 

көмектес жалғаулы сөздер сөйлем ішінде қолданылып, меңгеріле 

байланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  ретінде  қол-

данылуға бейім болғанмен, енді ондай сөздердің өздері, бірінші-

ден,  сөйлемнің  соңында  қолданылып,  екіншіден,  сөйлемді  тия-

нақтау  дəрежесіне,  яғни  предикаттық  қасиетке  ие  болғандығын 

көруге болады. Жатыс септігінде ондай процесс бұрыннан бар құ-

былыс  болса,  ал  басқа  септіктердің  де  ондай  қызметте  жұм-

салуы – соңғы  кездің  жемісі.  Сонымен,  ондай  септік  жалғаулы 

сөздердің өздері енді сөз тіркесінің басыңқы сыңарына ауысуы да 

тілдік экономия процесінің, яғни ондай септік жалғаулы сөздердің 

əдеттегі  не  есім,  не  етістік,  тіпті  ортақ  басыңқы  сыңарларының 

түсіп қалуы арқылы пайда болған көрініс деп білуіміз керек.

Əрине,  септік  жалғаулы  сөздердің  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалуы қалай да қазіргі кезде мол. Бірақ бұрын меңгеріле бай-

ланысқан  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  ретінде  қолда-

нылатын  осындай  сөздердің  енді  сөйлемнің  соңында  жұмсалуы 

тілдегі  қалыпты  түрдегі  байланысу  формаларына  өзіндік  əсерін 

байқатады. Мысалы:



Барыс  жалғаулы  баяндауыш:  Ең  жақсы  кітап – балаларға 

(«Қазақ  əдебиеті»).  Бүкіл  билік – советтерге  (С.  Сейфуллин). 

КПСС  ХХVІІ  съезінің  қарарлары – өмірге  («Социалистік  Қазақ-

стан»).  Осы  сөйлемдердегі  балаларға,  советтерге,  өмірге  барыс 

жалғаулы сөздер:

балаларға арналған

советтерге берілсін

өмірге  бейім  сияқты  қалыппен  айтылуы  керек  еді.  Бұл  арада 

тілдік  экономияның  əсері  арқылы  арналу,  берілу,  бейім  əрі  есім, 

əрі  етістік  сыңарларының  түсірілулері  арқылы  оларға  бағының-


337

Сөз тіркесі мен жай сөйлем

қы  сыңардағы  балаларға,  советтерге,  өмірге  толықтауыш  сөз-

дері  енді  баяндауышқа  ауысуынан  меңгеріле  байланысқан  сөз 

тіркесіне  ауысып  отыр.  Осы  сияқты  құбылыс  жатыс  жалғаулы 

сөздерде  де  орын  алған.  Жатыс  жалғаулы  сөздердің  баяндауыш 

қызметінде  де  жұмсалуы  негізгі  сөз  бен  көмекші  сөздер  арқылы 

да  қалыптасқан.  Міне,  осы  сияқты  құбылыс  шығыс  жалғаулы 

сөздерге де тəн.

Ал  советтерге,  балаларға,  өмірге  барыс  жалғаулы  зат  есім-

дері сөйлемнің соңында келуі арқылы 

кітап – балаларға,

бүкіл билік – советтерге,

ХХVІІ  съездің  қарарлары – өмірге  сияқты  сөз  тіркестерін 

құрауда.  Мұндай  сөз  тіркестерінде  олар  қалайда  өзара  баста-

уыштық-баяндауыштық қатынаста жұмсалып, қиыса байланысқан 

сөз  тіркестерін  құрап  тұр.  Бұндай  құбылыс  басқа  септіктегі  сөз-

дерге де тəн.

Жалпы  алғанда  септік  жалғаулы  сөздердің  сөйлемді  тиянақ-

тау  процесі  (меңгерудің  бағыныңқы  сыңарының)  енді  меңгеру-

ден алшақтап, тіпті басқа да байланысу формасына ауысуына се-

беп болып отыр.

Жатыс жалғаулы баяндауыш:

Зат есім: Жас кезінде болған бір əңгіме əлі күнге дейін есінде 

(І.  Есенберлин).  Бірақ  бала  əлі  күнге  балалар  үйінде («Қазақ-

стан  əйелдері»).  Ел  адамы  аттылы-жаяу,  үлкенді-кішілі  тегіс  да-

лада  (Ғ.  Мұстафин).  Екі  көзі  осы  ауылдың  ақылшысы  есепті  са-

қалы аппақ қудай Сансызбайда (С. Мұқанов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет