-лы, -лі: айдай таза, күндей нұрлы, алпыс екі айлалы, бүйені
майлы, дембелше денелі, жер жаһанға белгілі, хиуадай базарлы;
-сыз, -сіз: айырып алғысыз, адам көргісіз, іске алғысыз, ішіне
кірсе шыққысыз, халыққа сыйымсыз;
-ша, -ше: жамбасы жерге тигенше, жан ұясынан шыққанша,
өле-өлгенше.
-ғы, -гі: тастай қараңғы;
Жалқы есімдердің қатысы арқылы: ақылы Аплатон, Жүсіп
пенен Зылихадай, қас Қарынбай, Шық бермес Шығайбай, көл иесі
Қамбар, т.б.
Тұрақты тіркестердің, əсіресе, етістік тұлғасында келуінің
формалары өте мол. Бірақ біз бұл жерде есімше, көсемше, шартты
тұлғасында келулерін ғана сөз етеміз.
Есімше: айбынды туған, ақылға келмеген, ақыл тоқтатқан,
бұла өскен, елден безген, есік көрген, етпен қайнап, сүйекке сіңген,
жатырынан қағынған, жүген-құрық тимеген, жібектей есілген,
барып тұрған, қылдан қиқым іздеген.
Көсемше: өзім өз болғалы, көзін ала бере, тебінгі жерге
шірімей, айрандап аптап, күбідей күптеп, алдын ала, ал кеп, алты
малта ас болмай.
417
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Шартты рай: айта берсең, ақыл құсың адаспай аспандаса,
болмаса, жаны ұяда болса, болса да, ең болмаса да, дəу де болса
жолың түссе, жыны келсе, зұлпықарын қолға алып.
Қимыл есімі: жел болып тию, т.б.
Тұрақты тіркестердің соңғы сөздері етістікті болып келген-
дегі тұлғалық формасы да өте мол: Бала-шағаңның игілігін көр,
жеңіл барып, ауыр қайт, жемтігіңді же, көр жыла, жер бола,
көшке берген тайлағыңды қайтып ал, ай жүр, жыл жүр, аман
жүр сияқты түрлері. Жүз аудара алмады, көз салып кетті,
көз тұтып отыр, қол тартып алды, көріп алайын, көре тұра
күлтеленіп жүрді сияқты дара, күрделі етістікті де болып жұм-
сала береді. Əсіресе, тұрақты тіркестердің соңғы сөздері көп, аз,
бар, жоқ сөздерінде мол кездеседі: Жеңілген елде желке жоқ,
күдігі бар, қаперінде жоқ, өкпесі жоқ, шыры жоқ, бірлік бар
жерде, тірлік бар, діті бар, жүрегінің оты бар, адырында арқар
көп, адамында дархан көп, ақылы аздың азабы көп.
Үйірлі анықтауыш: Есебі жоқ дəулетті, Тойға келген
елдердің ортасына салынды (Н. Байғанин). Жықпасаң да күресіп
талаптансаң, еті тірі жay жүрек жан деп айтаp (С. Торайғыров).
Иі қатты Олжабектің бабын табатын бір ғана Жамал еді (Ғ. Мұс-
тафин).
Оқшау сөздер: Іске сəт, жолың болсын, қарындасым, Тал-
қандай төңкеріп жер құйқасын (Ғ.Малдыбаев). Ой, желкең қиыл-
ғыр, тамыр-таныстық-ай, сопаң еткізіп суырасың да шығарасың-
ау (С. Төлешов). Ə-ə, жер жастанғыр, жер жастан! («Ленин-
шіл жас»).
Міне, келтірілген мысалдар арқылы тұрақты тіркестердің нөл-
дік форма, тəуелдік, көптік жəне септік жалғауларында жұмса-
латындығы көрініп тұр. Сондай-ақ біз олардың қай сөз табы-
на қатыстылығы, қандай тұлғада, яғни жалғау, жұрнақ арқылы
жұмсалатындығын көрсеттік.
Тұрақты тіркестердің ең негізгі қасиеті – оларды құрастыра-
тын барлық сөз таптарының орын тəртібінің мықтылығы мен
оны құрайтын əрбір сөздің қосымшасының да тұрақтылығы. Бұл
қасиет – олардың жеке тұрғандағы басты белгісі. Тұрақты тір-
кестердің сөйлемде қолданылуы, сөйлемде жұмсалуы, ойымыз-
ды білдірудің тиімді белгісі іспетті. Олардың қолдану процесін
418
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізінен сөйлемнің өн бойына қатысты десек, басқа сөздермен
байланысында ең соңғы сөздердің рөлі ерекше. Соңғы сөздің
тұлғасына қарай сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі айқындалады.
Сондықтан біз, ең алдымен, олардың соңғы сөздерінің тұлға-
сына баса назар аударуды дұрыс көрдік.
І. Кеңесбаевтың сөздігінде 90 мыңдай тұрақты тіркестер
бар екендігі айқын. Тұрақты тіркестер – қазақтың байырғы тіл
байлығы. Қорыта келгенде, тұрақты тіркестердің морфологиялық
өзгерісі туралы мынаны айтуға болады. Тұрақты тіркестер а) бар-
лық жалғауларда табиғи түрінде жұмсалады; ə) əдеттегі сөздер
тəрізді əрі көптеледі, тəуелденеді, септеледі жəне жіктік жал-
ғауында да жұмсала береді; б) олар нөлдік формада жəне кө-
мекші сөздер арқылы келе береді; в) түрлі қосымшалар арқылы
(жұрнақтар арқылы да) келе береді; г) сөйлемнің ішінде де,
соңында да орын таңдамай жұмсала береді; д) жұрнақ, жалғаулар
арқылы келуі олардың басқа сөздермен байланыста келуінің
ең негізгі шарты болып табылады; е) морфологиялық өзгеріс
арқылы олар сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында қолданылып,
анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста
жұмсалады. Мұның өзі – тұрақты тіркестер сөйлемнің барлық
мүшесі ретінде жұмсалады де ген сөз.
6. - Нікі, - дікі, - тікі жұрнақты сөйлем мүшелері
Жалпы алғанда, əрбір сөз табының белгілі бір жұрнақтары
барлығы айқын. Ол жұрнақтар сол сөз таптарын жасауға негіз бола-
ды. Бірақ кейбір жұрнақтар, соның ішінде -нікі, -дікі жұрнақтары,
қай сөз табына тəн, қай сөздерге жалғанады, ол сөз бен сөзді байла-
ныстыра ма, жоқ, сөз тудырушы қасиеті бар ма, сондай-ақ сөйлем
мүшесін жасаудағы қызметі сияқты мəселелер арнайы қарауды
қажет етеді. Осы күнгі оқулықтарда -нікі, -дікі жұрнақты сөздер
тек сөйлем мүшелерінде, яғни баяндауыштың жасалуында ғана
болмаса, морфологияда қысқаша ғана айтылады.
-нікі, -дікі формасы жайлы тілші ғалымдарымыз Ə. Нұрмаха-
нова, М. Балақаев, А. Ысқақов не жұрнақ, не жалғау екенін ажы-
ратпай-ақ, қосымшалар деп атайды, ал Н. Сауранбаев, Ш. Бектұров
мұндай формалы сөздерді жұрнақ деп береді. Шынына келгенде,
419
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
-нікі, -дікі формаларында таза жұрнақ немесе таза жалғау қасие-
тінің қайсысы басым деген мəселе ойлануды қажет етеді. -нікі,
-дікі өзі жалғанған сөзге жаңа үстеме мағына тудырады ма, жоқ
па? Мысалы, баланікі, менікі, Ораздікі дегенде жаңа сөз пайда бол-
ды деп айту мəселесі онша басы ашылмаған немесе ол сөздердегі
ондай формалардан таза жалғаулық та қасиет таба алмаймыз.
-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының қай сөз таптарына жалғанып ба-
рып жұмсалуы туралы да бірізділік жоқ. М. Балақаев, М. Томанов,
Ш. Бектұров ол жұрнақтардың қай сөз таптарына қатысты екеніне
тоқталмайды, тек сол жұрнақтар жалғанған сөздерді мысалға
келтірумен шектеледі [33,41].
Жалпы түркологияда жəне қазақ тіл білімінде -нікі, -дікі, жұр-
нақтарының қай сөз таптарына қатысы туралы да əртүрлі пікірлер
бар. А. Ысқақов бұл жұрнақтар ілік жалғауының негізінде қа-
лыптасқандығын дұрыс көрсетеді. Зерттеуші бұл жұрнақты сөз-
дердің қай сөз таптарына тəндігін ашып айтпағанымен, келтірген
мысалдарынан (сіздікі, біздікі, кімдікі, əкемдікі, кітапхананікі,
Əсеттікі) олардың əрі есімдікте, əрі зат есімге жалғанатындығын
көруге болады. Автор, егер осы жұрнақтар жалғанған сөздің тə-
уелдік жалғауының I, II, III жағының біріне тəндігін көрсетсе, бұл
қосымшалардың жақ категориясына қатысы жоқ деп көрсетеді.
Сонымен бірге бұл жұрнақты сөздердің баяндауыш қызметінде
жұмсалатындығын айта келіп, Біз Əсеттікінде болдық сияқты
сөйлемде осы қосымшалы сөздер сөйлемнің басқа да мүшелері
болатындығын ескертіп кетеді [34,49]. Н. Сауранбаев -нікі, -дікі,
-тікі жұрнақтары көбіне есімдік жəне есімдерге тəн деп біледі
[35,161]. М. Балақаев -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы жалғанған сөздер
сөйлемде предикаттық қатынас құрайтынын айтады [36,95]. Осы
күнгі зерттеулерге қарағанда -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтағы сөз-
дер морфологиялық жағынан өзгермейтін тəрізді. Ал зерттей
келгенімізде ондай жұрнақты сөздер жіктеліп те, көптеліп те, сеп-
теліп те жəне тəуелденіп те жұмсалатынын байқадық. Мысалы: –
Е, есептесейік, менікі бес жүзге айналып барады. Сенікі қанша?
(Ғ. Мұстафин). Менікін сандалған адамның сөлекет сөзі деп біл
(Ө. Қанахин). Өзімдікі болса игі еді. Біздікі əншейін еріккеннен
істей салған бір шығасы емес пе? (М. Əуезов). Түн ішінде хан
иемді мазаламай-ақ, біздікіне сəл тыныстап, таң ата жетерміз!
420
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
(X. Əдібаев). Міне, -нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөздердің осы
сияқты өзгерістері олардың сөйлемнің тек баяндауышы ғана
емес, басқа да сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалатынын көр-
сетсе керек.
7. Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы
Сөйлем мүшелерінсіз сөйлем құралмаған болар еді. Сөйлем
мүшелері де сөйлемнің ішкі ерекшеліктері, бөлшектері болып
табылады. Сондықтан сөйлем мүшелері сөйлем бар жерде ғана
өмір сүре алады. Солар арқылы ғана сөйлемнің ішкі ерекшеліктері
айқындалады. Бірақ сөйлем қаншалықты көптеген синтаксистік
категорияларды өз бойына қамти алады дегенімізбен, кейде сөй-
лемдердің өздері де сөйлем мүшелерінің аясында қаралатыны
айқындалып отыр. «Болды ғой, енді қойсаңдаршы» деген белгі
беріп, алаңға қарай ол қол сілтейді (Б. Момышұлы). «Тірі бол-
сам, журналист болуым керек» деген ой менің басыма сонда ғана
ұялаған еді (Ə. Нұршайықов). «Білімнің құдіретін, тілдің құпия-
сын тұңғыш рет сонда түсіндім» деуіне əбден жарар (О. Бөкеев).
Бірінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар: 1. а) болды
ғой, енді қойсаңдаршы; ə) белгі; б) беріп; 2. а) алаңға қарай; ə) ол;
б) қол; в) сілтейді. Екінші сөйлемде мынадай сөйлем мүшелері бар:
а) тірі болсам журналист болуым керек; ə) ой; б) менің басыма;
в) сонда ғана; г) ұялаған еді. Үшінші сөйлемде мынадай сөйлем
мүшелері бар: а) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш рет
сонда түсіндім; ə) əбден; б) жарар.
Осы əрбір сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің əрқайсысы бел-
гілі бір сөз таптарынан жасалған. Ал осы үш сөйлемдегі:
а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; б) тірі болсам журналист
болуым керек; в) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш
рет сонда түсіндім – дегендер де əрбір сөйлемді құрауға қа-
тысып отыр. Жеке алған кезде бұл үш топтың əрқайсысы –
өз алдына сөйлем. Əрқайсысы жеке алғанда біршама тиянақты
ойды білдіреді. Əрі іштей жеке-жеке сөйлем мүшелеріне талдауға
əбден болады.
Сөйтіп, осы үш сөйлем өзара құрмалас та, жай сөйлем түрін-
де де өзі қатысты сөйлемдердің ішінде қолданылып отыр. Біз
421
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бұл арада жоғарыда көрсетілген үш сөйлемнің ішінен тағы да
үшеуін шығарып, əдеттегідей бұларды да іштей талдауға бола-
тынын көріп отырмыз. Бұл соңғы үш сөйлемнің де баяндауыш-
тары қаншалықты тиянақты түрде (болды ғой, қойсаңдаршы,
болуым керек, түсіндім) болғанымен, сол сөйлемдердің ішінде
не салалас, не сабақтас сөйлемнің бір сыңары ретінде жұмсала
алмайды. Оларды құрмалас сөйлемнің бір сыңары ретінде тели
алмаудың басты себебі ол сөйлемдер баяндауыштың тұлғалық
қасиетіне ие бола алмайды. Оның үстіне, ол сөйлемдердің баян-
дауыштары қаншалықты тиянақты болғанымен, өздері қатысты
сөйлемде басқа сөйлем мүшелерімен түрлі дəнекер сөздер
арқылы ғана байланыса алады. Объектіге алынған сөйлемдер
өзі қатысты негізгі сөйлемдердің ішінде əдеттегі сөйлем мүшесі
қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен тұрақты тіркесті топтар
сияқты сөйлемнің аясын кеңейтіп тұр. Ол сөйлем өзінен кейін
жұмсалған түрлі көмекші сөздер (көбіне көмекші етістік) арқылы
сол сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметінде жұмсала алатын дəреже-
ге ие болып отыр. Мұның өзі сөйлем ішінде сөйлемдер де ретіне
қарай сөйлем мүшесі болып жұмсалатындығын көрсетеді. Мұндай
процесс – тілдегі бар синтаксистік категориялардың бірінің ор-
нына екінші бір синтаксистік категориялардың ауысу процесі
болатындығының бір көрінісі.
Сонда, а) болды ғой, енді қойсаңдаршы; ə) тірі болсам жур-
налист болуым керек; б) білімнің құдіретін, тілдің құпиясын
тұңғыш рет сонда түсіндім сөйлемдері көмекші етістігі арқылы,
сол көмекші сөздердің тұлғасына қарай олардың да синтаксистік
қызметі айқындалса керек. Мəселен, болды ғой, енді қойсаңдар-
шы, тірі болсам журналист болуым керек сөйлемдері есімше
тұлғалы де етістігі арқылы белгі, ой сөздеріне анықтауыш, ал
білдіретін, тілдің құпиясын тұңғыш peт сонда түсіндім сөйлемі
барыс септікті де көмекші етістігі арқылы жарар етістігімен
тіркесіп, толықтауыш қызметінде жұмсалған. Сөйлемде тек сөз
таптары ғана сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалмай, кейде өзара
бастауыштың, баяндауыштың құрамындағы сөйлемдер де таза
немесе түрлі көмекші сөздердің дəнекері арқылы сол тобымен
сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала алады
екен. Сонымен, жоғарыдағы негізгі үш сөйлемнен бөліп, арнайы
422
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қарап отырған үш қосалқы сөйлеміміз де сөйлем ретінде қаралуға
тиіс болғанымен, оларға дəнекер қызметтегі көмекші сөздердің
əсерінен олар сол тобымен сөйлемнің бір-ақ мүшесі ретінде
жұмсалады. Бұл факт тілімізде бұрыннан бар болса да, əзірше
қазақ тіл білімінде ешбір сөз болып қозғалған емес.
Дегенмен бұл туралы алғашқы мағлұматты А.Байтұрсынов-
тың еңбектерінен кездестіріп те отырмыз. Автор: Сенікі, менікі
деген көңіл тарлығы. Əрі жат, бері жат деген төсек тарлығы
деген сөйлемді талдай келіп, осындағы сенікі, менікі, əрі жат,
бері жат дегендер өзара сөйлем болып табылады, олар да етіс-
тігі арқылы енді бастауыш қызметінде жұмсалған дей келіп, автор
сөйлемдер де сөйлем мүшесі болатынын тұңғыш рет көрсетеді.
Жəне де ондай сөйлемдердің басқа да, яғни баяндауышы бо луы
туралы да арнайы сөз қозғайды [37, 8]. Сөйлемнің де бастауыш
қызметінде жұмсалуы туралы орыс тілінің академиялық грамма-
тикасында аздап сөз болды [38, 8]. Ал түркологияда бастауыш
туралы диссертациялық жұмыс жазған Ш.Ш. Шаазизов: Бесі
барлар қол көтерсін деген сөйлемді талдай келіп, бесі барлар
бастауыш пен баяндауыштан құралған бастауыш деп береді. Сол
сияқты: звонок чалиниб, до рога кешикканлар, илтимое, бү дарс-
дан кейин қайтарилмасин дегендегі бірінші сөйлемдегі бастау-
ыштар жай сөйлем де, екінші сөйлемдегі бастауыштар құрмалас
сөйлемнен жасалған дейді [39, 30]. Ш.Ш. Шаазизовтың сөйлем-
нің де сөйлем мүшесі болады деуі – дұрыс идея, бірақ оның не-
гізгі мəнін ашып бере алмайды. Оның көрсеткен тұлғалық
ерекшеліктерінің барлығы да қазақ тіл білімінде бұрыннан айты-
лып келе жатқан бастауыштар. Қазақ тілінде ондай бастауыштар-
ды күрделі бас тауыш немесе үйірлі бастауыш дейтін топта қарап
келе жатқанымыз айқын. М.З. Закиев «Білегі жуан бірді жығады,
білімі мол мыңды жығады» сөйлемін талдай келіп, сөйлемнің де
сөйлем мүшесі болуын осы тұрғыда қарайды
[40, 27].
8. Көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы
Жай сөйлем синтаксисінің басты бір саласы – сөйлем мүше-
лері. Осы уақытқа дейінгі жоғары оқу орындарына арналған ең-
бектерде олардың жасалуы дербес мағынасы бар сөздердің төңі-
423
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
регінде арнайы қарастырылды. Сонымен бірге сөйлем мүше-
лерінің жасалуына байланысты көмекші сөзді сөйлем мүшелері
туралы пікірлерді де кездестіреміз. Мысалы: Ауылдың маңы –
терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп (Абай). Бəрінен бұрын өзің ту-
ралы бірінші хатшымыздың пікірі жақсы екен (З. Шүкіров). Анна
есікке беттеді (Л. Толстой). Бүгін бұл сөздерде дағдылы арман
жалын сезім тəрізді жарық сəуле елесі бар (М. Əуезов).
Осы сөйлемдерде: ауылдың маңы – бастауыш; өзің тура-
лы – толықтауыш; есікке қарай – пысықтауыш; сезім тəрізді –
анықтауыш тəрізді сөйлем мүшелері бар. Олар негізгі сөздер
мен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалып отыр.
Осы уақытқа дейінгі еңбектерді шолу барысында əрбір сөйлем
мүшесінің жасалуында көмекші сөздердің қатысы туралы мы-
наны білуге болады. Бастауыштың жасалуында профессор
М. Балақаев, Ж. Болатов көмекші есім, көмекші етістік тура-
лы сөз етсе, С. Аманжолов, М. Бектұров, М. Серғалиев мектеп
грамматикасында оған тоқталмайды. Толықтауыштың жаса-
луында М. Балақаев, М. Томанов туралы, жайында, жөнінде
демеулерін атаса, С. Аманжолов ол демеулермен бірге көмекші
есім, көмекші етістіктерді де көрсетеді. Анықтауыштардың жа-
салуында профессор М. Томанов модаль сөздер мен есімше фор-
малы де етістігінің тіркесі арқылы жасалады десе, М. Балақаев,
С. Аманжолов көмекші сөзді анықтауышқа тоқталмайды. Түр-
кологияда А. Жапаров бастауыштың жасалуында болса части-
цасы мен де көмекші етістігі арқылы қолданылатындығын анық-
тады [41, 9].
Бұл пікірлерге қарағанда, сөйлем мүшелерінің жасалуын-
да қалай да көмекші сөздердің орны ерекше. Жалпы, көмекші
сөзді сөйлем мүшелері туралы айтқанда, қандай сөз таптарына
қандай көмекші сөздер сай келіп, олар қандай сөйлем мүшесін
құрайтындығы жан-жақты талқылау объектісіне айналған емес.
Орыс тіл біліміне көз жүгіртсек, сөйлем мүшелерінің жасалуын-
да толық мағыналы сөздермен бірге көмекші сөздердің сөйлем
мүшесін жасаудағы қызметі соңғы кезде арнайы сөз бола баста-
ды [42, 85]. Сол тəрізді көмекші сөздердің рөлі туралы орыс
тілінің маманы В.В. Бабайцева
[43,56], Д.С. Маслов та орынды
пікір айтқаны мəлім [44, 219].
424
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Лингвистикалық əдебиеттерде негізгі сөздер лексикалық ма-
ғынаға, морфологиялық өзгеріске жəне синтаксистік қызметке
ие, ал көмекші сөздерде ондай қасиеттер жоқ деп беріледі.
Көмекші сөздер тобы негізінде морфологияда қаралып келеді.
Негізгі сөздерге бұл салада арнайы тоқталып, жан-жақты тал-
дайды да, көмекші сөздерді тек көмекші деумен ғана шектеледі.
Яғни көмекші сөздердің өзіндік ерекшелігі морфоло гияда ег-
жей-тегжейлі ашылмайды. Оның түрлі қырлары еленбейді, сон-
дықтан да олар біржақты талданумен ғана шектеледі. Оның бұ-
лай болу себебі морфологиялық талдауда əрбір сөзді, бірінші-
ден, бір-біріне қатыссыз, жеке-жеке талдаса, екіншіден, онда
əрбір сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне ғана басты назар ау-
дарылады. Толық мағыналы сөздер өз бетінше жұмсала ала-
тын болса, көмекші сөздер өз алдына жұмсала алмайды. Соған
орай көмекші сөздердің сөйлемнің соңында келуі оның əртүрлі
реңктік ерекшелігін ашпаса, оның мағыналық, синтаксистік
ерекшеліктеріне əсер етпейді. Сонымен, негізгі сөз таптарымен
түйдекті түрде жұмсалып, сөйлемнің синтаксистік қызметіне əсер
ететіндері – сөйлем ішінде қолданылған көмекші етістік, көмекші
есім, шылау, модаль сөздер. Енді сол көмекші сөздердің сөйлем
мүшесін жасаудағы қызметін жеке-жеке көрсетелік.
1) Шылаулар. Тілімізде шылаулар деп аталатын топқа мына-
лар жатады: дейін, шейін, қарай, əрі, бері, таман, шамалы, мен,
гөрі, басқа, үшін, туралы, арқылы, сайын, себепті, қарай, да, не-
месе, я болмаса, бірақ, өйткені, себебі, сондықтан, əлде, мейлі,
біресе, кейде, ғана, сол жайында, бекер, егер, онда, т.б . Оларды
сөйлемде атқаратын қызметіне қарай жалғаулықтар, демеуліктер,
септеуліктер деп бөледі. М. Балақаев шылауларға көмекші есім-
дерді де жатқызады [33, 52]. Шылаулардың осы түрлерінің сөй-
лемде өзіндік орны бар. Демеуліктер мен жалғаулықтар сөйлем
ішінде мол қолданылғанымен, сөздердің сөйлем мүшелік қызметіне
əсер етпейді. Бірақ сөйлемде мұндай қызметі болмағанымен,
олардың да өзіндік стильдік қызметтерінің барлығы айқын.
Шылаулардың ішінде есім сөздермен түйдектесіп, олардың син-
таксистік қызметіне өзіндік əсер ететін тобы – септеулік шылау-
лар. Септеулік шылаулардың өздеріне қатысты сөздердің мағы-
насын айқындаудағы рөлі көбіне біркелкі, яғни өзіне қатысты
сөздің мағынасын толықтырушы деп көрсету орынды.
425
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Атау септікті меңгеретін септеуліктер: сайын, үшін, арқы-
лы, бойы, туралы, жөнінде, жайында, т.б. Мысалы: Саймасай
жайында əңгіме осымен тынды (Б. Дəулетбаев). Мен үшін тап-
сырып жіберші деген Тоқабайдың қыңқылы да Сəкеннің мазасын
алды (Т. Кəкішев).
Достарыңызбен бөлісу: |