Талғат сайрамбаев


§24. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары



Pdf көрінісі
бет54/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
§24. Матаса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары

Матаса  байланысатын  сөздер – негізінде,  зат  есімдер.  Солай 

болған соң, зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын 

сөздердің  бəрі  сол  тіркестің  бірінші  не  екінші  сыңары  бола  ала-

ды.  Досболдың  табысы,  сенің  уəдең,  қойдың  жүні,  екінің  бірі, 

жақсының шарапаты, жалқаудың кесірі, т.б. 

Мұндай  сөз  тіркестері  а н ы қ т а у ы ш т ы қ   қатынаста  жұм-

салады.  Ілік  жалғаулы  сөздердің  əртүрлі  құрамда  айтылуына 

қарай  матаса  байланысқан  сөз  тіркестері  əртүрлі  анықтауыштық 

қатынаста жұмсалады. Олардың негізгі мағыналары мыналар:

1.  Ілік  жалғаулы  меншік  иесі  бола  алатын  сөзге  жалғанып, 

м е н ш і к т і л і к   қатынасты  білдіреді.  Олар  жеке  жəне  қоғамдық 

меншіктілік болуы мүмкін.



588

Қазіргі қазақ тілі

Менің киімім.     Колхоздың жері.

Оқушының кітабы,   Мемлекеттің мүлкі.

2.  Ілік  жалғаулы  сөздер  туған-туысқандық,  дос-жарандық 

ұғымдағы  сөздермен  тіркесіп,  отбасылық,  туысқандық,  т.б. 

қатынасты білдіреді.



Менің қарындасым.   Асқардың баласы.

Ажардың атасы.  

 

Төлеудің қызы.

3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат 

есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді.

Ағаштың бұтағы.  Ешкінің сүті.

Қойдың жүні.  

 

Түйенің терісі.

4.  Ілік  жалғаулы  сөз  тəуелдеулі  сан  есім,  есептік  ұғымы  бар 

зат  есім  жəне  сын  есімдермен  тіркесіп,  б ө л ш е к т е у ,   т а л ғ а у 

мағыналарында да жұмсалады:

а)  бөлшектеу:  оқушылардың  бірі,  егіздің  сыңары,  жиналыс-

тағылардың көпшілігі;

ə)  талғау:  адамның  ақылдысы,  аттың  жүйрігі,  қызылдың 



қызылы.

Изафеттік  құрылыстағы  сөз  тіркесінің  бірінші  сыңары 

жалғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өзара əрі қабыса, 

əрі тəуелдене байланысады. Ондайда ілік жалғауы зат пен заттың 

жоғарғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, 

тек заттың заттық сапасы ретінде, тəуелділік қатынаста жұмсалады: 



колхоздың  малы,  колхоз  малы  сияқты  екі  түрлі  формада  айтыла-

тын  анықтауыштардың  мағынасы  бірдей  емес,  сондықтан  мал 



шаруашылығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жал-

ғаусыз  айтылған  бірқатар  анықтауыштарды  малдың  шаруашы-



лығы, колхоздың аулы деп жалғаулы айтуға болмайды. Болмайтын 

себебі – ілік  септікті  сөз  жалғаулы  болса,  меншіктік  қатынасты 

білдіреді,  жалғаусыз  болса,  заттық  сапа  ретінде  жұмсалады. 

Оны  мына  мысалдан  да  анық  байқаймыз:  Абайдың  кітапханасы 

(Абайдың өзінің кітаханасы), Абай кітапханасы (Абай атындағы 

кітапхана),  Абайдың  мектебі  (Абайдың  өзіне  тəн  мектеп),  Абай 



мектебі (Абай атындағы мектеп).

Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тəрізді құрылыста жəне кен 



байлығы,  мал  шаруашылығы,  радио  хабары  сияқты  құрылыста 

келетін  түрлері  де – синтаксистік  байланыстағы  сөз  тіркестері. 



589

Қазіргі қазақ тілі

Екеуі  де  қабыса  байланысқан  зат  есімдер  тобын  (қыл  арқан, 



ағаш  үй)  жалғаулы  есімдер  тобымен  (студенттердің  оқуы, 

кеңес  өкіметі,  кен  байлығы)  салыстырғанда,  алдыңғыдан  соңғы 

топтағы  сөз  тіркестерінің  синтаксистік  байланысының  берік, 

біртұтас екенін көреміз. Оның себебі тіркескен сөздердің соңғысы 

алдыңғысымен тəуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. 

Солай  болғандықтан:  Темір  пештің  оты  лаулап  жана  баста-

ды  деген  сөйлемдегі  темір  сөзін  алып  тастап  айтуға  болады, 

ал  Қазақстанда  кен  байлығы  үлкен  орын  алады.  Игілік  жолы 



халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі 

кен  байлығы,  игілік  жолы  деген  сөз  тіркестерін  ыдыратып,  екі 

сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.

Изафеттік  құрылыстың  ілік  жалғаулы  (Қазақстанның  бай-

лығы),  ілік  жалғаусыз  (кен  байлығы)  болып  келетін  екі  түрінің 

айырмашылығы  да  жоғарғыдай.  Ол  айырмашылықты  байқау 

үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып 

сөйлем  құрайық:  Қазақстанның  кен  байлығы  мол.  Мұнда  кен 

дегеннің тіркесті сыңары – байлығыҚазақстанның деген сөздің 

тіркесті  сыңары  тек  байлығы  емес,  кен  байлығы.  Сол  сияқты, 



колхоздың  мал  шаруашылығы  дегенде  де,  ілік  жалғаулы  сөздің 

(колхоздың)  тіркесті  тобына  енетін  сөздер  тек  шаруашылығы 

емес – мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі 

соңғы  сөздердің  мағыналық  жəне  синтаксистік  берік  байланы-

ста екендігінде. Ол байланысын жəне сөйлемдегі сөздердің өзара 

мағыналық  қатынасын  елемей,  əрқайсысына  бөлек-бөлек  сұрақ 

қойып,  əрқайсысын  сөйлемнің  тең  дəрежелі  жеке  мүшелері  деп 

те  тануға  болады: – Қазақстанның  несі? – байлығы – қандай 



байлығы? – кен байлығы – ненің байлығы? – Қазақстанның бай-

лығы.  Бірақ  бұлай  ету  дұрыс  болмайды.  Дұрысы  Қазақстанның 

несі? деген сұраққа кен байлығы деп жауап беру. Өйткені əңгіме 

жалпы байлық жайында емес, кен байлығы жайында болып тұр. 

Бірақ бұл құрылысты матаса байланысқан сөз тіркесінің орта-

сында басқа анықтауышы бар құраммен (Кавказдың биік таулары 

деген  сияқты)  бірдей  деп  қарауға  болмайды:  соңғыда  үш  сөзден 

құралған екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары

Түркологиялық əдебиетте изафеттік құрылыстағы анықтауыш-

тық  топтың  бірінші  сыңары  белгілі  (определенный)  зат  болса, 



590

Қазіргі қазақ тілі

жалғаулы болады, белгісіз (неопределенный) зат болса, жалғаусыз 

болады  деп  түсіндіреді

 

[13].  Біздіңше,  септіктің  жалғаулы, 



жалғаусыз  болуы  жалғанатын  сөзінің  айтушыға  белгілі,  белгісіз 

болуымен байланысты емес, меншіктілік (тəндік) қатынасты ерек-

ше  білдіру,  білдірмеуімен  байланысты.  Егер  тəуелдеулі  заттың 

қай  затқа  (не  кімге)  меншікті,  қатысты  екенін  əдейілеп,  арнап 

көрсету  керек  болғанда,  ілік  септігіндегі  сөз  жалғаулы  болады. 

Ал  мұндай  құрамдағы  сөздердің  бірі  екіншісіне  тек  заттық  сапа 

ретінде жұмсалса немесе ондай топтың атауыштық қызметі болса, 

ілік септігіндегі сөздер жалғаусыз болады. Мысалы:

         1 

 

       2   



 

     3


Институттың 

Институт 

 

Қант


директоры  

директоры 

 

қызылшасы



Мемлекеттің 

Мемлекет 

 

Мал


мүлкі 

 

мүлкі   



 

шаруашылығы

Колхоздың  

Колхоз малы   

Сиыр малы

малы 


 

 

Пушкиннің 



Пушкин 

 

Жер бөлісі



кітапханасы 

кітапханасы 

Бірінші  бағанадағы  сөз  тіркестерінің  бірінші  сөздерін  кей-

де  жалғаулы,  кейде  жалғаусыз (2-дегідей)  айтуға  болса,  үшінші 

бағанадағы  сөз  тіркесінің  бірінші  сөзін  жалғаулы  етіп  айтуға 

болмайды.  Оның  себебі – ол  сөздердің  белгісіз  зат  екендігінде 

емес,  бұларда  ілік  жалғаулы  сөзі  бар  тіркестерге  тəн  мағыналық 

қатынастың жоқтығында.



§25. Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары

Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншік-

теп  айтқысы  келгенде,  меншіктелген  сөзге  -нікі, -дікі, -тікі 

жұрнағын жалғап, Мына ат менікі. Мына сағат сенікі. Мына жер 



мемлекеттікі  деген  сияқты  сөйлемдер  құрайды.  Сонда  жоғарғы 

жұрнақтар  жалғанған  сөздерге  одан  бұрын  айтылған  заттар 

меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасында меншіктілік қатынас 

туады.


Сондай-ақ, зат пен заттың меншіктілік басқа табиғи қатынасын 

білдіру  үшін  меншіктеуші  сөздерге  ілік,  меншіктелуші  сөздерге 



591

Қазіргі қазақ тілі

тəуелдік  жалғаулары  жалғанып  та  айтылады:  менің  атым,  сенің 



атың, оның аты. Əрине, бұл екі тіркестің меншіктілік мағынасы 

біріне-бірі жақын болғанмен, грамматикалық қызметі бір емес, ат 



колхоздікі – предикаттық меншік те, колхоздың аты – атрибуттық 

меншік. Оның үстіне ілік, тəуелдік жалғаулары арқылы айтылатын 

меншіктілік  қатынас  тəуелдеулі  бір  сөзбен  де  айтылады:  атым, 

атың, аты, көйлегім, көйлегің, көйлегі.

Матаса  байланысатын  изафеттік  тіркестің  екінші  сыңары  зат 

есім,  заттанған  сын  есім,  сан  есім,  есімше,  есімдіктер  болады: 

теңіздің  толқыны,  аттың  жүйрігі,  оқушылардың  бесеуі,  менің 

айтқаным, сенің өзің.

Бұлар – анықтауыштық  қатынастағы  есімдер  тобы.  Жалпы 

алғанда,  есім  сөздердің  бəрі  де  мұндай  тіркестің  екінші  сыңары 

бола  береді.  Тіпті  грамматикалық  тұлғада  «өзгерілмейтін» 

сөздер деп аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матаса 

байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары бола береді: еріншектің 



ертеңі бітпес.

Грамматикаларда  жіктеу  есімдіктері  мұндай  тіркестің  екінші 

сыңары  болмайды  деген  ереже  айтылады.  Негізінде,  ол  дұрыс 

болғанымен, олардың да кейде тəуелденіп айтылуын кездестіреміз: 



Үйде отырған біреу сырттағы тықырды естіп:

- Бұл кім? – дегенде, оған:

- Мен – деген жауап болса, үйдегі кісі:

- Менің кім? – деп сұрауы мүмкін. Осындайда мен, сен, біз, сіз 

деген  жіктеу  есімдіктері  тəуелденіп  айтылатыны  болмаса,  басқа 

жағдайда изафеттік тіркестің екінші сыңары ретінде жұмсалмайды. 

Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші 

тəуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі. Соның өзінде олардың 

анықтайтын сөздерімен мағыналық қатынасы əртүрлі болады:

З а т   е с і м   тəуелденіп,  ілік  жалғаулы  сөзбен  матаса  байла-

нысқанда, меншіктілік (тəндік) жəне табиғи қатынасты білдіреді: 



менің  жолдасым,  үйдің  есігі,  қазанның  қақпағы,  ағаштың  жа-

пырағы.

С ы н   е с і м  изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мы-

надай мағынада айтылады:

а)  субстантивтенген  зат  есім  орнында  тəндік  мағынада  жұм-

салады:  менің  тентегім  (менің  балам  д.м.),  колхоздың  шұбары 

(колхоздың шұбар аты д.м.);



592

Қазіргі қазақ тілі

ə)  сын  есімнің  таңдаулы  шырай  мағынасында:  Бұл – таудың 



биігі, Ақмоншақ– аттың жүйрігі.

С а н   е с і м   изафеттік  тіркестің  екінші  сыңары  болып,  ілік 

жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда, бүтіннің 

бөлшегі  ретінде  жұмсалады:  балалардың  бесеуі,  оқушылардың 



екеуі, мамырдың он бесі, төрттің бірі, онның жартыcы

1

.



Е с і м ш е л е р  жоғарғыдай тіркесте тəндік қатынаста əрі заттық, 

қимылдық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің 



жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтар-айт-

пасы.

Меншіктілік  (тəндік) ұғымның мендік, сендік не бөгделік болу-

ына сəйкестеніп, тəуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады.

1-жақ (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз.

2-жақ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз.

3-жақ (оның) сағаты.

Тəуелдік  жалғаудағы  сөздер  кейде  жекеше,  кейде  көпше 

тұлғада  жұмсалады.  Оның  негізгі  ережелері  мынаған  тіреледі: 

меншіктелуші зат бір затқа меншіктелгенде, тəуелдік жалғауы же-

кеше түрдегі зат есімге жалғанып, ілік жалғауындағы сөз де жеке-

ше қалыпта тұрады:

Менің атым. Кітаптың мұқабасы.

Сенің атың. Үйдің есігі.

Оның аты. Бригадирдің жұмысы.

Ал  бір  зат  көп  затқа  меншіктелгенде,  меншіктеулі  зат  көптік 

жəне ілік жалғауда болады:

Студенттердің жиналысы.

Жапырақтардың сыбдыры.

Тракторлардың дүрілі.

Кейде  көп  зат  көп  затқа  меншіктелуі  мүмкін.  Ондайда  ілік 

жалғауындағы  сөздер  де,  тəуелдеулі  сөздер  де  көптік  жалғауда 

тұрады:


Біздің жұмыстарымыз.

Сендердің жұмыстарың.

1

 Сан есімнен құралған изафеттік тіркес кісінің жас мөлшерін білдіруде бір санды 



үстемелеу  мағынасында  жұмсалады.  Раушан  отыздың  бесіне  келді.  Ол  биыл 

жетпістің үшіне шықты.

593

Қазіргі қазақ тілі

Сіздердің жұмыстарыңыз.

Олардың жұмыстары.

Кейде  көп  зат  бір  затқа  меншіктелуі  мүмкін.  Ондайда  ілік 

жалғауындағы сөз жекеше, тəуелдік жалғауы жалғанған сөз көпше 

түрде болады:

Менің жолдастарым.

Сенің жолдастарың.

Оның жолдастары.

Əрі  көптік,  əрі  тəуелдік  жалғауларда  айтылатын  зат  есімдер 

кейде жеке зат есебінде жұмсалуы мүмкін. Ондайда көптік жалғау 

меншіктелген  сөздің  көптігін  білдіреді.  Мысалы,  Бір  дүкенде 

кітап сатып тұрған екі не одан да көп кісіге қарап: Дүкендеріңізде 

есеп  кітабы  бар  ма?  дегенде,  көптік  жалғау  дүкеннің  көптігін 

көрсетпейді,  өзінен  бұрын  айтылуға  тиісті  ілік  жалғауындағы 

сөздің көптігін білдіреді. Не болмаса бір баласы бар ерлі-зайыпты 

кісілерге:  Балаларыңыз  аман  ба?  десек,  онда  да  -лар  жалғауы 

балалардың  көптігін  көрсетпей,  оның  тəуелденіп  тұрған  сөзінің 

(əке-шешенің) көп (екеу) екенін білдіреді. Оны мына мысалдардан 

анық  көруге  болады:  Балтабек  жиырма  алтыда.  Балғабай  жи-

ырма төртте. Кенжетай жиырма екіде. Əкелері Тұяқбай ерте 

өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы 45-тегі кісі 

(С.Мұқанов).

Əшейінде  алдар,  арттар,  соңдар,  естер  болып  көптік  жал-

ғауда  айтылмайтын  сөздердің  алдарыңдағы,  арттарыңдағы, 



соңдарыңдағы,  естеріңнен  дегендей  көптік  тұлғада  айтылуы  да 

олардың, жоғарғыдай, көпке тəн екенімен байланысты.



Біз,  сіз  деген  есімдіктерге  меншіктелетін  заттардың  тəуелдік 

жалғаулары  бұл  есімдіктердің  мағыналарына  сəйкестене  І  жақта 

о р т а қ , ІІ жақта с ы п а й ы  тұлғада болады.

Біздің табысымыз.

Сіздің табысыңыз.

Сонымен,  матаса  байланысқан  сөз  тіркесіндегі  екінші  сөз-

дің  тəуелдік  жалғауының  қайсысында  тұруы  оның  жақтық 

мағынасымен  байланысты.  Солай  болғандықтан,  тəуелдеулі  сөз-

дің  анықтауышын  өзгертіп,  оның  орнына  жақтық  мағынасы 

өзгеше басқа сөз қойсақ, анықталатын сөздің тəуелдік жалғауы да 

өзгереді:


594

Қазіргі қазақ тілі

Менің табысым, біздің табысымыз.

Сенің табысың, сіздің табысыңыз.

Оның табысы.

Бірақ  тəуелдік  жалғауларынан  ілік  септіктегі  анықтауыштар-

дың  қай  сөз  екені  белгілі  болатындықтан,  соңғылар  кейде  сөй-

лемде  ерекше  айтылмайды.  Бұл  жағынан  жіктік  жалғаудағы 

баяндауыштың бастауышын түсіріп айтудың орайы қалай болса, 

тəуелдеулі  сөздердің  анықтауышының  түсіріліп  айтылуы  да  со-

лай: егер ілік жалғауындағы сөзге ой екпіні түспесе, оның қай сөз 

екені  тəуелдік  жалғауынан  белгілі  болатындықтан,  ол  сөз  ерек-

ше  айтылмайды.  Мысалы:  менің  жолдасым – жолдасым;  сенің 



сұрағыңа жауап – сұрағыңа жауап.

Бұдан  мынандай  қорытынды  шығаруға  болады:  матаса  бай-

ланысқан  сөз  тіркесінің  мағыналық  та,  грамматикалық  та  орта-

лығы – оның екінші сыңары. Оның синтаксистік қызметі бірінші 

сыңардан басым: ол тіркестегі сөздердің бірінші сыңары ерекше 

айтылмаған  күнде,  тіркескен  сөздер  тобының  да  орнына  жұм-

салады.

Негізгі  ереже  бойынша,  бір  сөйлемде  ілік  жалғаулы  сөз  бол-



са,  сол  сөйлемде  онымен  тіркескен  тəуелдеулі  сөз  болады  (жəне 

керісінше)

1

, бірақ ілік жалғаулы сөз айтылмауы мүмкін. 



Біздің еліміз – еліміз; сенің жолдасың – жолдасың.

Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі бар сөйлемдер:



Абай  ең  əуелі  əкесіне  бармай,  Күңкенің  үйіне  кірді.  Оның 

тамаша күлкісі əрдайым сыңғырлап шығып, ... жұрттың бəрін 

еліктіріп отыр (М.Əуезов). Көзімнің қарасы, көңілімнің сана-

сы,  бітпейді  іштегі  ғашықтық  жарасы  (Абай).  Сағындықтың 

қорылы... машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры 

солғын  естіліп  тұр.  Үш  көрпенің  екеуі  қонақ  астында,  үш 

жастықтың  екеуі  қонақ  шынтағында  (Ғ.Мұстафин).  Бюроға 

қатысқан  мамандардың  көпшілігі  Байжанның  ұсынысын 

қолдады (С.Мұқанов).

1

  Тəуелдік  жалғауда  айтылатын  бірқатар  сөздердің  ілік  жалғаулы  анықтауышы 



болмайды: 1952 жылы; Парқат екеуміз; Омарбек, Тайыр үшеуіміз; ол шалқасынан 

түсті; бала етпетінен құлады.



595

Қазіргі қазақ тілі

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ 

СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

§26. Жалпы түсінік

Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті болып, 

бағыныңқы  сөздердің  байланысу  формасына,  тұлғасына  қарай 

бірнеше  топқа  бөлінеді.  Соның  бірі – меңгеріле  байланысқан 

есімді сөз тіркестері. 

Меңгеріле  байланысатын  сөз  тіркестерінің  ерекшелігін  олар-

дың  құралу  тұлғасына  қарап  айырамыз.  Олар  б а р ы с ,   т а б ы с , 

ж а т ы с ,   ш ы ғ ы с ,   к ө м е к т е с   жалғауларының  бірінде  бола-

ды да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не 

есім  болады.  Осыдан  меңгеріле  байланысқан  сөз  тіркесі  жасала-

ды.  Меңгеруші  сөз  жетектеуші  де,  меңгерілуші  оның  жетегіне 

еруші  сөз  болады.  Септік  жалғаулары  сөзбен  сөзді  байланы-

стырумен  қатар,  түрлі-түрлі  синтаксистік  қатынасты  білдіреді. 

Мысалы,  барыс  септігіндегі  сөз  беталысты,  бағытты,  мақсатты, 

мезгілді, т.б. білдіреді. Сондай мағыналық қатынастар тек жалғау 

жалғанған  сөздердің  əртүрлі  болуынан  ғана  тумайды,  тұтас  сөз 

тіркестерінің қарым-қатынасынан туады. Жоғарыда аталған септік 

жалғауларын  меңгеріп,  түрлі-түрлі  мағыналық  қатынастағы  сөз 

тіркестерін құрайтын сөздер, негізінде, етістіктер болады. Солай 

болатындықтан  меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері 

кең түрде жұмсалып, түрлі құрамды болып келеді. Оған қарағанда 

меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері сирек қолданылады.

Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы 

сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының 

бірінде  жұмсалады  да,  басыңқылары  көбінесе  баяндауыш 

қызметіндегі  есімдер  болады.  Мысалы:  (жерім)  малға  бай. (Ол) 



сөзге  шорқақ. (Досан)  комиссияға  мүше. (Мен)  саған  кіммін? 

(Оның) сөзі маған түсініксіз. (Бұл ат) мінуге жақсы. (Бұл қылы-

ғың) өзіңе жаман.

Бұл  тіркестердің  байланысу  формасы – меңгеру.  Есімдердің 

есімдерді меңгеруі, етістікті тіркестердегідей, əрі мағыналық, əрі 

синтаксистік  тығыз  байланыс  негізінде  емес,  ə л с і з   байланыс 

ыңғайында пайда болады. Оны түсіну үшін бір-екі мысал алайық: 


596

Қазіргі қазақ тілі

кетті, келді сияқты етістіктерді  бөлек алғанда, олардың лексика-

лық  мағыналары  қаншама  түсінікті  болғанмен,  мүшелік  мазмұ-

нында  бір  күңгірттік  бар  сияқты  болады  да  тұрады.  Ол  күң-

гірттікті  жойып,  мүшелік  мазмұнын  толық  ашу  үшін  кетті, 



келді  етістіктерінің  алдына  кім  кеткенін,  кім  келгенін,  оның 

қайда  кеткенін,  қайдан  келгенін  көрсету  керек,  мысалы:  Асқар 

қалаға  кетті.  Темір  қаладан  келді.  Осындағы  сөздер  бірін-бірі 

керек  етіп,  өзара  жымдаса  байланысқан.  Соның  негізінде  қалаға 



кетті,  қаладан  келді  деген  меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз 

тіркестері  жасалған.  Ал  кіммін,  түсініксіз  деген  есімдерді  ба-

яндауыш  қызметінде  бөлек  алғанда,  олармен  байланыса  айты-

латын  бастауыштың  орны  жоқталады,  ал  барыс  жалғауындағы 

толықтауыштың  орны  жоқталмайды.  Өйткені  кіммін,  түсініксіз 

сөздерінің мазмұны саған, маған сияқты сөздердің тіркесуін тікелей 

керек  етпейді.  Сонда  да  (Мен)  саған  кіммін? (Айтқаның)  маған 

түсініксіз  сияқты  меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестерін 

құрауға  болады.  Есімдердің  бұлай  тіркесуі  жеке  сөздің  тікелей 

лексикалық мағынасынан тумайды, жалпы сөйлемнің мазмұнынан, 

айтайын деген ойға, баяндауышқа жалғаулы есімдердің керек бо-

луынан туады. 

§27. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің түрлері

Меңгеріле  байланысқан  есімді  сөз  тіркестері  онша  көп  кез-

деспейді  жəне  барлық  есімдер  бірдей  ондай  сөз  тіркесінің  мең-

геруші  сыңары  бола  алмайды.  Есімдердің  ішінде  көбінесе  бас-

тауыштың к ү й і н   білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы 

сыңары болып жиі жұмсалады. Олар мынандай есімдер:

1. С ы н   е с і м д е р . Негізінде, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңа-

ры  болатын  сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде  жұмсалғанда, 

есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып та айтылады. Бірақ 

олардың бəрі бірдей сөз тіркесін құрай алмайды: мысалы, з а т т ы ң 

т ү с і н  білдіретін сын есімдер тек қардан ақ, қаннан қызыл, күйеден 

қара сияқты тіркес құрамында келеді, ал заттың і ш к і - с ы р т қ ы 

с а п а с ы н   білдіретін  сын  есімдер  ондай  құрамда  əлдеқайда  көп 

кездеседі,  мысалы:  өзіңе  жақсы,  маған  түсінікті,  тазалыққа 

жақсы, ақшаға сараң, жусаннан биік


597

Қазіргі қазақ тілі

Барыс,  шығыс,  көмектес,  кейде  жатыс  септіктерінде  айты-

лып,  сын  есіммен  тіркесетін  сөздер  толықтауыштық  қатынаста 

жұмсалады:  Жуас  түйе  жүндеуге  жақсы.  Қаршыға,  бүркіт 



тазалыққа  үйір,  қарақұс,  күшеген  өлексеге  үйір  (Мақал). 

Өнімсіз іске шеп-шебер (Абай). Көңілсіз құлақ ойға олақ (Абай). 

Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жақсы – ісімен 

жақсы (Мақал).

2.  З а т   е с і м д е р .  Зат  есімдердің  ішінде  ағаш,  тас,  көмір 

сияқты атаулардан гөрі күш, бай, сын сияқты абстракт зат есімдер 

баяндауыш  қызметінде  сөз  тіркесінің  меңгеруші  (басыңқы) 

бөлшегі болып көп жұмсалады.

Елім менің жерге бай. Айдынды шалқар көлге бай (Жамбыл). 

Қашпақ, қумақ – ерге сынкөшпек, қонбақ – жерге сын (Мақал). 

Сендер  бір-біріңе  қонақсыңдар  (Ғ.Мұстафин).  Білгенге  маржан

білмеске арзан, надандар баһра ала алмас (Абай).

3.   З а т т ы ң   к ү й і н   б і л д і р е т і н   е с і м д е р .  Бар,  жоқ,  көп, 



аз, мəлім, бəрібір, мүмкін тəрізді заттың əр алуан күйін білдіретін 

есімдер  сөз  тіркесінің  құрамында  басыңқы  болып  көбірек  айты-

лады:

Астында  семіз  сары  жорға  аты  бар  (М.Əуезов).  Аспан-

да  алақандай  да  бұлт  жоқ  (С.Мұқанов).  Сақтықта  қорлық  жоқ 

(Мақал).  Əуелден  сұлу  жайы  бізге  мəлім  (Абай).  Əйелдердің 



сайлауға дасайлануға да правосы еркектермен бірдей (Консти-

туциядан). Біткен іске сыншы көп (Мақал). 

Сан  есімдер  мен  есімдіктер  жоғарғыдай  есімді  сөз  тіркесінің 

меңгерушісі болып өте аз кездеседі:



Басқада құлақ екеу болсахатшыда төртеуЕсжан, ол жақта 

егіске дайындық қалай? (Ғ.Мүсірепов).

ЕТІСТІКТІ ТІРКЕСТЕР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет