Талғат сайрамбаев


§8. Болымды жəне болымсыз сөйлемдер



Pdf көрінісі
бет51/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
§8. Болымды жəне болымсыз сөйлемдер

Адам  объективті  болмысты,  ойлаған  ойын  хабарлауда  ойын 

болымды  не  болымсыз  етіп  құрайды.  Мысалы,  Бүгін  қар  жау-

ады  деген  де,  бүгін  қар  жаумайды  деген  де  өз  кезінде  шындық 

хабар  болуы  мүмкін.  Бірақ  сол  хабардың  бірінде  ауа  райының 

бізге  таныс  құбылысы  болымды  түрде  айтылса,  екіншісінде  ол 

құбылыстың бүгін болмайтыны болымсыз түрде хабарланады. Ха-

барлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің қай-қайсысы болса 

да осындай екі түрлі синтаксистік құрылыстың бірінде айтылады. 

Болымсыз  сөйлем  болымды  сөйлем  арқылы  жасалады  жəне 

болымдының  қарама-қарсы  мағынасын  білдіреді.  Сөйлемнің  бо-

лымды  түрі – ойды  айтудың  негізгі  формасы  да,  болымсыз  түрі 

одан гөрі сирек қолданылатын қосымша формасы. Сонда болым-

сыз  сөйлем  арқылы  объективті  болмысты,  ойлаған  ойымызды 

жоққа  шығарып  қоймаймыз,  айтылған  ойға  ерекше  стильдік  өң 

беріп, сөйлемді түрлендіріп, эмоциялы, экспрессивті етіп айтудың 

да тəсілі етеміз.

Алдымен  болымсыз  сөйлемдердің  тұлғалық  ерекшеліктерін 

санап өтейік:

1.  Болымсыз  сөйлемдер  -ма/-ме ... тұлғалы  болымсыз 

етістіктердің  баяндауыш  қызметінде  не  баяндауыш  құрамында 

жұмсалу арқылы жасалады:

– Жамандатқыр, мынау бір ит екен, тіпті жүрмейді (Б.Май-

лин).  Ол  дəл  осы  жолы  Ақмоншаққа  тура  қарай  да  алмады 

(М.Иманжанов).  Өмірде  жоқшылық,  торығушылық  бар  дейтін, 



бірақ  біз  оны  көрмеген  едік  (С.Ерубаев).  Айбар  Зəурені  сүйеді, 

бірақ Зəуре оны ұқпайды (З.Қабдолов). ... біз қыздың несі əдемі 

екенін біле алмадық (С.Ерубаев).

Қас сұлуда мін болмас,

Қас жүйрікте  сын болмас (Мақал).

556

Қазіргі қазақ тілі

2. Есім жəне есімшелі баяндауыштардың құрамында емес де-

ген көмекші етістік жұмсалады:

-  Сен  енді  жас  бала  емессің.  Поэзия – ажарлап  құрған  сөз 



тізбегі емес ... (Т.Нұртазин). Екеуі де мылтыққа жүгіргісі келеді

бірақ бірін-бірі жіберетін емес (С.Сейфуллин). Ол ... ділгерліктен 

құтылған да емес (Б.Майлин).

3.  Жоқ  сөзі  баяндауыш  қызметінде  не  күрделі  баяндауыш 

құрамында айтылу арқылы да болымсыз сөйлем жасалады:

Тура биде туған жоқтуғанды биде иман жоқ (Мақал). Аспан-

да  алақандай  бұлт  жоқ.  Біздің  атай ... қабағы  түксиіп  үндеген 

жоқ  (Т.Нұртазин).  Əлі  ала  көлеңке  айыққан  жоқ... (М.Əуезов). 

Осы уақытқа шейін ата дəулеті кеміген жоқ ... (Б.Майлин).

4.  -сыз, -сіз  тұлғалы  сын  есімдер  баяндауыш  қызметінде 

жұмсалғанда  да  сөйлемнің  мазмұны  болымсыз  болады,  мысалы: 

сөзі түсініксіз, баласы ақылсызтауы қарсыз.

Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз.

Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз (Халық өлеңі).

5.  Болымсыз  сөйлем  құрауға  болымсыз  етістіктердің  қатысы 

ерекше  болады.  Саны  көп  болмағанмен  (ешкім,  ештеңе,  ешбір, 

ешқандай, ешқайдан, ешқашан, ешқайсысы, дəнеме, түк), олардың 

қатысымен  жасалатын  болымсыз  сөйлемдер  жиі  ұшырайды. 

Əдетте, болымсыз есімдіктер сөйлемнің белгілі мүшесі қызметінде 

жұмсалады да, сол сөйлемнің баяндауышы қалай да болымсыздық 

тұлғаның бірінде жұмсалады. Сөйтіп, бір сөйлемде болымсыздық 

мағына  екі  дүркін  айтылып,  сөйлемнің  сол  мағынасы  бекемде-

ле  түседі.  Болымсыздық  мағынаны  одан  да  күшейте  түсу  керек 

болғанда, бір сөйлем ішінде екі (кейде одан да көп) есімдік айты-

лады. Мысалы:

Қане, кімнің сұрауы бар? – деп мəжіліс ағасы екі-үш қайырып 



сұраса даешкім үн шығармады. – Өзіміздің балалар ғой, бұлар 

ешкімге  айтпас. – Біз  ешкімді  ешқайда  зорлап  сайламаймыз 

(Б.Майлин).

-  Біз  көргендерден  жөнді  ештеңе  қалмапты  ғой.  Ешкімге 

ұрысқан  жоқ  па?  (Ғ.Мұстафин).  Біз  өзімізді  атамақ  тұрсын

ешқашан да ерлік жасаймыз деп ойлаған жоқпыз (А.Макаренко).

Сені ауру жеңбесеешкім жеңбес, – деп жантая кетті Щер-



баков  (Ғ.Мұстафин). – Өзі  ештеңе  айтқан  жоқ,  енді  отырма! – 

деді (С.Сейфуллин). 



557

Қазіргі қазақ тілі

Кейбір сөйлемдердің т ұ л ғ а с ы   б о л ы м д ы ,   м а з м ұ н ы   б о -

л ы м с ы з   ыңғайда  да  айтылады,  мысалы:  оның  үні  өшті,  оның 

жағы қарысты (ол үндемеді деген мағынада)неге көндім (көнбеу 

керек еді д.м.)

1

.



Зылиқа ... көрмеген-білмеген біреудің соңына ерген. Неге ерді? 

... Жылатып тастап кеткендей Қарымсақтың не жазығы бар? 



(жазығы жоқ д.м.) (Б.Майлин).

Осындағы  сұраулы  сөйлемдерді  болымсыз  мағынада  айтуға 

болады: Неге ерді? – Ермеу керек еді... Қарымсақтың не жазығы 

бар? – Қарымсақтың жазығы жоқ. Кейбір сөйлемдердің баянда-

уыштары  болымсыз,  мағынасы  болымды  қалпында  жұмсалады, 

мысалы: Ол түсінбейді емес – ол түсінеді; шындықты айтпасқа 

болмайды – шындықты айтамын; бұл сөзге құлақ қоймай болмай-

ды – бұл сөзге құлақ қою керек; бастаған істі ақырына жеткізбей 

болмайды – бастаған істі аяқтау керек.

Осындай мағынасы болымды сөйлемдерді болымсыз тұлғалар 

арқылы айтудың стильдік қызметі ерекше; ондай сөйлемдер жай 

«салқын  қанды»  хабар  болмай,  эмоциялы,  экспрессивті  болады. 

Əдетте,  мұндай  қызмет  атқаратын  сөйлемдердің  күрделі  баян-

дауыштарында көбінесе болымсыздық тұлға екі рет айтылады.

Тұлғасы болымсыз, мазмұны болымды сөйлемдерге мысалдар:

Жұрттың  айтуынша,  біздің  ауылдағы  Нұртазадан  шешен 

адам жоқ (С.Мұқанов). (Нұртаза өте шешен д. м.). Сол Алшаң кісі 

болғанда, алты алашта одан асар кісі жоқ (Б.Майлин). (Алшаң 

жұрттан  асқан  д.м)..  Заңды  дұрыс  орындауда,  атқа  мінерлердің, 



жуандардың  алдауына  ермеуде  Құрымбай  бəйге  алып  жүрген 

жоқ  па?  (Құрымбай  бəйге  алып  жүр  д.  м.).  Милиция  бастығы 

мұның қызметін жақсы деп мақтап отырған жоқ па? (Б.Майлин). 

(Милиция бастығы мұның қызметін жақсы деп мақтап отыр д. м.).

Болымсыз тұлғалы сөйлемдер реті келгенде қорқу, күмəндану 

сияқты сезімдерді білдірудің де амалы болады:



Келіні шоқаң етіп сəлем етіп болып, аузын сылп еткізді:

Бəтір-ай, сұмдық болмаса игі еді!... – деді. Қарымсақ ... бір 



шарасын  осы  таппас  па  екен  дегендей,  жүгіріп  Сараның  үйіне 

барды (Б.Майлин).

1

 



Д

.

М



. – деген мағынада.

 


558

Қазіргі қазақ тілі

ІІ. СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ СИНТАКСИСІ

§9. Сөз тіркесінің синтаксисі туралы кіріспе

Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері 

бар  топтарын – грамматикалық  единицалар – тұтастықтар 

дейміз. Солардың басты топтары – сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың 

əрқайсысы  əр  алуан  бөлшек,  бөлімдерден  құралғанымен,  бəріне 

тəн,  бəріне  ортақ  белгілеріне  қарап,  оларды  тұтасқан,  тұтасып 

ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз.  Мысалы, сөздің дыбыстық 

құрылысы,  лексикалық,  грамматикалық  мағыналары  болады,  сөз 

тіркесінің құрамына еніп, адамның ойын, сана-сезімін білдірудің 

бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынын-

дай,  сөздің  өмірі  сөз  тіркесінің,  сөйлемнің  құрамында  болады. 

Əлемдегі  жан-жануарлардың  күнелтуі  табиғи  айналасы  болаты-

нындай  сөздің,  сөз  тіркесінің  де  «табиғи»  жұмсалу  «айналасы», 

өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы 

да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады. 

Осындай қарым-қатынастың нəтижесінде əрбір грамматикалық 

единицалар  тілдің  қарым-қатынас  жасау  қызметіне  ортақтасады. 

Сол  үшін  жеке  сөздер  сөз  тіркестің  құрамына,  сөз  тіркестері 

сөйлемнің  құрамына  еніп,  ой,  пікір  тұтастығын  құрастыруға 

қатысады.

Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан 

шығатын  басты  синтаксистік  единицаның  бірі  деп  есептеледі, 

оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік 

басқа единицалардан өзіндік ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары 

болады.

Ұласқан  бөлшектері  қаншама  өзара  тығыз  байланыста 



болатындықтан,  ол  бөлшектер  бірінің  қызметін  басқа  біреуі 

де  (кейде,  орайы  келгенде)  атқаруы  мүмкін  емес  пе?  Көркем 

əдебиетте – Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді –

сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. 



559

Қазіргі қазақ тілі

Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудың керегі 

жоқ деуге бола ма?

Соны дəл солай айтпаса да, тіл білімінің көрнекті ғалымдары 

олардың  арасына  «сына  қағып»,  екі  айырып  тастау  керек  екенін 

уағыздады.

Жоғарыда (§2) айтқанымыздай, сөз тіркесінің сыр-сипаты жа-

йында ғалымдардың көзқарастары əр алуан. Дұрысына көз жеткізу 

үшін сөз тіркесінің сөйлемнен (§3), сөзден (§9) айырмашылықтары 

неде екенін білу керек.

Егер  сөйлем  қарым-қатынас  жасаудың,  адам  ойын  білдірудің 

негізгі формасы болса, с ө з  жəне с ө з  т і р к е с і  – сөйлем құраудың 

материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық 

категорияның  əрқайсысына  тəн  өзіндік  айырмашылықтары  бо-

лумен  қатар  олардың  бастары  түйісетін  де  орындары  болатыны 

белгілі. Қалайда күрделі сөздерді жəне басқа түйдекті тіркестерді 

сөз тіркесі деп шатастырмау керек, жеке сөз тіркестері де сөйлем 

қызметінде  жұмсалса,  олар – сөз  тіркестеріне  тəн  қасиеттерінен 

айырылып қалады деп түсінбеу керек.

§10. Сөз, сөйлем жəне сөз тіркесі

Сөз  тіркесі  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөзден  сөйлем 

құрамында  жасалатындықтан,  бұлардың  ерекшеліктерін  білу  ке-

рек.


Сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек пе? деген проблема 

көп ғалымдарға түрліше ой салған болатын. Көптеген ғалымдар, 

В.Виноградов бас болып, сөз тіркесін н о м и н а т и в т і, сөйлемді – 

п р е д и к а т и в т і   деп  танитын  болды.  Осылай  сөз  тіркесін 

«номинатив»  деп  тану  оны  «сөз»  дегенмен  бірдей  деп  санауға 

саятындықтан, оған басқаша анықтама, сипаттама берушілер бол-

ды.  Мысалы,  Н.А.Баскаков  екі  синтаксистік  единицаны  (сөйлем 

мен  сөз  тіркесі)  қарама-қарсы  екі  түрлі  ойлау  процесінің  тілдегі 

көрінісі  деп  табады:  абстракциялау,  конкреттеу

 

[9].  Солардың 



бəрі – өзара  тығыз  байланыста,  бірінсіз-бірі  бола  бермейтін  екі 

түрлі синтаксистік тұтастықты екі бөліп оқшаулауға лайықтанған 

сипаттамалар. 

Алдымен сөз тіркестерін түгелдей номинативті деп қарау дұ-

рыс  емес.  Ондай  сөз  тіркестері  тек  олардың  жұмсалу  орайында 


560

Қазіргі қазақ тілі

атқаратын қызметі тұрғысынан номинативті (атауыш) деп тануға 

болатындары  бар.  Мысалы,  сөз  тіркестері  құрылымында  пай-

да  болған  терминдік  тұрақты  атаулар  (қант  қызылшасы,  қызыл 



бұрыш, теміржол, мал дəрігері, су қоймасы, қол басы, су диірмен, 

т.б.). Осындай ауыс мағыналы сөз тіркестерінен біріккен, кіріккен 

күрделі  сөздердің  жасалуы  олардың  екінші  рет  атауыш  (вторич-

ная номинация) дəрежесіне көтерілуі болмақ. Мысалы: атқұлақ, 



қараторғай,  тасбақа,  балықкөз,  өнеркəсіп,  қолөнер,  кəсіподақ, 

қайнаға, ашудас, белбеу, бүгін, бүрсігүні.

Сөз  тіркесіне,  сөйлемге  материалдық  негіз  болатын – сөз. 

Сөз  тіл  білімінде  лексикология  мен  семасиологияның  зертте-

лу  объектісі  болуымен  қатар,  грамматикада  да  əртүрлі  ыңғайда 

қарастырылады.  Сөздердің  құрамы,  тұлғасы,  жасалу  жолдары, 

олардың  грамматикалық  мағыналы  топтары  морфологияды,  ал 

сөздің сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі, кейде сөйлем 

қызметтерінде  жұмсалуы  синтаксисте  қаралады.  Сондай-ақ 

тіркескен сөз топтары да əртүрлі ыңғайда қарастырылады.

Сөз,  негізінде,  дараланған  ұғымды,  лексика-грамматикалық 

мағынаны  білдіреді.  Олар  мағыналық  үйлесімділігіне  қарай 

тілдің  синтаксистік  ережелері  негізінде  əр  алуан  лексикалық 

жəне  синтаксистік  топ  құрау  арқылы  сөйлем  ішінде  айтыла-

ды.  Қарым-қатынас  жасау  үшін  ойды  айтудың  негізгі  фор-

масы  сөйлем  болса,  сөзді  сөйлем  құрауды  материалы  деп 

білеміз.  Сондықтан  «Ас – адамның  арқауы»  дегендей,  сөз  –

ой құраудың арқауы. Сөздер қажеттіктен өзара тіркеседі, тіркесу 

арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу 

қабілеттілігі олардың ең басты г р а м м а т и к а л ы қ  қасиеттерінің 

бірі болып есептеледі. 

Сөздердің  өзара  тіркесу  қабілеттілігі  əрбір  грамматикалық 

топтағы сөздердің мағыналық жəне грамматикалық ерекшелікте-

ріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының сапасы əр 

уақытта бір түрлі болмайды, əр алуан болады. Мысалы, екі, кейде 

одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады (ақ 

қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр), кейде екі не одан да көп сөз 

тіркесіп,  с и н т а к с и с т і к   т і з б е к   жасалады  (қарлы  тау,  желсіз 

түн, жыл сайын көріну, соған бола келу).

Лексикалық  жəне  басқа  түйдекті  тіркестер  «сөз  тіркесі»  де-

ген  категорияға  жатпайды.  Лексика-грамматикалық  мағыналары 



561

Қазіргі қазақ тілі

айқын  сөздердің  біріне-бірі  с а б а қ т а с а   б а ғ ы н ы п   барып 

жасалған  синтаксистік  тобы  ғана  с ө з   т і р к е с і   деп  есептеледі.

Өзара  тіркескен  сөздердің  синтаксистік  тобын  сөз  тіркесі  деп 

тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек:

1) сөз тіркесінің құрамында кемінде т о л ы қ   м а ғ ы н а л ы  екі 

сөз болады;

2)  ол  сөздердің  бірі  екіншісімен  сабақтаса,  мағыналық  жəне 

синтаксистік  байланыста  айтылады,  олар  салаласа  байланыспай-

ды, тек сабақтаса байланысады;

3)  тіркескен  сөздер  анықтауыштық,  толықтауыштық,  пысық-

тауыштық қатынаста жұмсалады.

Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің 

сабақтаса  байланысуы  нəтижесінде  пайда  болады.  Басқаша  айт-

қанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы 

бағыныңқылы  сөз  тіркесі  жасалғанда,  ол  сөздердің  бұрынғы 

мағыналары өзгеріліп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды, 

мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша г р а м м а т и к а л ы қ 

(мысалы,  анықтауыштық,  пысықтауыштық  не  болмаса  шақтық, 

мекендік, меншіктілік, т.б.) мағына пайда болады. 

Мысалы, кең өріс деген сөз тіркесіндегі кең сөзінің кеңістік са-

паны білдіруі – оның лексикалық мағынасы, оның сын есім екен-

дігі – грамматикалық  мағынасы.  Өріс  сөзінің  лексикалық  мағы-

насы – мал жайылымын білдіруі, грамматикалық мағынасы – зат 

есім екендігі. Осы сын есім мен зат есімнің тіркесуі нəтижесінде 

жаңа грамматикалық мағына пайда болған. Ол – анықтауыштық.

С ө й т і п ,   с и н т а к с и с т і к   қ а р ы м - қ а т ы н а с т ы   б і л д і р у 

ү ш і н   к е м і н д е   т о л ы қ   м а ғ ы н а л ы   е к і   с ө з д і ң   с а б а қ т а с а 

б а й л а н ы с қ а н   т о б ы н   с ө з   т і р к е с і  дейміз.

Сөз  тіркесі – сөйлем  құраудың  шоғырланған  материалды 

бөлшегі. Олар сөйлемнен тыс тұрғанда жалаң сөздің ж а й ы л м а ғ а 

айналуы  сияқты  да,  сөйлем  ішінде  сөздер  тізбегінің  ұласқан  бір 

бунағы тəрізді. Соңғы жағдайда сөздің жайылмаға айналу қасиеті 

күңгірттеніп, сөз тіркестерінің қосақталу жігі білінбей, тұтасып та 

кетеді. Өйткені бір сөз тіркесінің бір сыңары, екінші сөз тіркесінің 

басқа бір сыңарымен тіркесіп, кейде кірігіп, ұласып, ұштасып жа-

тады.  Мысалы,  кең  үй,  екі  терезе,  үлкен  терезе,  үйдің  терезесі 

дегендер – жалаң сөздердің жайылмаға айналу ыңғайындағы сөз 



562

Қазіргі қазақ тілі

тіркестері.  Осыларды  сөйлем  ішінде  айтсақ,  сөз  тіркестерінің  ол 

жігі  онша  айқын  байқалмайды.  Кең  үйдің  үлкен  терезесі  ашық 

тұр.  Бұл  сөйлемдегі  жоғарыда  көрсетілген  сөз  тіркестері  өзара 

былай ұласқан: кең үйдің терезесі, үлкен екі терезесі.



§11. Сөз тіркесінің құрамы

Сөздер синтаксистік топ құрап, сөз тіркесі болғанда, олардың 

құрамына  əр  алуан  сөздер  енеді.  Ол  сөздер  түрлі-түрлі  морфо-

логиялық  тұлғаларда  айтылады.  Сөздердің  тұлғалары,  лексика-

грамматикалық  мағыналары  тіркескен  сөздердің  қарым-қатына-

сына үйлесімді айтылады.

Кез  келген  сөзді  бірімен-бірін  тіркестіре  салуға  болмайды. 

Өзара  м а ғ ы н а л ы қ   б а й л а н ы с т а   айтыла  алатын  сөздер  ғана 

синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамында айты-

лады. Мысалы, үркек сөзі жанды заттың сынын білдіреді. Онда да 

оны үркек ат, үркек бие, үркек тайлақ дегендей сөз тіркестерінің 

құрамында  айтуға болады, ал үркек ешкі, үркек бала, үркек тауық 

деу ерсі болады. Сол сияқты жуас сөзін ат, түйе, бала сөздерімен 

тіркестіруге  болады, ал оны тауық, ағаш сөздерімен тіркестіруге 

болмайды.  Болмайтын  себебі – бұлар  өзара  мағыналық  байла-

ныста  айтылмайды,  сондықтан  олар  тіркесу  қабілеті  жоқ  сөздер 

деп есептеледі.

Сөйтіп  сөз  тіркесінің  құрамына  өзара  тіркесу  қабілеті  бар 

сөздер  енеді.  Əдебиетте  «терең  бұрғы», «аналық  қой», «жеңіліс 

тапты»  сияқты  тіркестер  кездеседі.  Мұндайлар  теңін  таппай 

тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.

Көркем  əдебиетте  бір  затқа  тəн  қасиетті  басқа  затқа  телу 

арқылы сөз кестелерін əшекейлеуге болады. Ондайда əдеттегіден 

өзгеше  ойнақы  тіркестер  жасалады.  Мысалы,  Асау  Терек  долда-



нып, буырқанып ... дегенде, Асау сөзін Терек (өзеннің аты) сөзімен 

тіркестіріп  айту  арқылы  ол  өзеннің  көркем  бейнесін  көз  алдыңа 

елестете  қояды.  Сондай-ақ  асау  сөзі  əдетте,  асау  ат,  асау  тай, 

асау  бие  сияқты  құрамда  кездесетін  болса,  көркем  əдебиетте 

асау  жел  (Иса)  асау  қиял  (Жамбыл),  асау  жүрек  (Абай),  тəтті 

қылықтарын,  есалаң  тілек  (М.Жұмабаев)  тəрізді  тіркестер  де 

кездеседі. Мұндайды м е т а ф о р а л ы қ   т і р к е с  дейміз.



563

Қазіргі қазақ тілі

Енді  бірқатар  тіркестер  құрамы  мызғымайтын  берік  бола-

ды,  мысалы:  жүрек  шайылу,  қаһарын  төгу,  үмітін  үзу,  жүрек 

жұту, тілін тигізу, көз қырын салу. Бұлардың құрамын өзгертіп 

айтуға  болмайды.  Мұндай  тіркестерді  т ұ р а қ т ы   т і р к е с т е р 

дейміз. Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі болмайды, тек сөз 

тіркесінің бір сыңары бола алады. Мысалы; Балаларға көз қырын 



сала жүр, əкеңе тілің тимесінЕркін бала атаулы дегенге, ішкен 

асын жерге қойғанда, Сəрсенбай неге бала деп аузын ашпайды

(М.Жұмабаев).

Сөз тіркесінің құрамы көбінесе еркін болады. Мысалы, жақсы, 

биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге 

болады: жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, 



жақсы  ниет,  биік  тау,  биік  жер,  биік  ағаш,  биік  там,  ақылды 

бала, ақылды оқушы, ақылды қыз

Осылардай  құрамын  өзгертіп  айтуға  болатын  тіркестерді 

е р к і н   т і р к е с  дейміз.

Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. 

Сондықтан  сөз  тіркестері  сабақтаса  байланысқан  екі  сыңардан 

құралады:  бірі – сөз  тіркесінің  ұйытқы  бөлігі,  сөз  тіркесінің 

грамматикалық  діңгегі – оның  б а с ы ң қ ы   с ы ң а р ы ,  екіншісі  –

оның б а ғ ы н ы ң қ ы   с ы ң а р ы . Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл 



құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар:

1) Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы);

2) Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы).

Сөз тіркесі толық мағыналы екі сөзден құралған жай болады 

немесе оның бір сыңары, кейде екеуі де сөз тіркесінің құрамында 

күрделі сөздер жəне басқа түйдекті тіркестер (§12) болады. Мыса-

лы:

Жай сөз тіркестері 

 

Күрделі сөз тіркестері

көлге қонады 

 

 

көл жағалай қонады



тез енеді   

 

            жыл құсымен енеді



асықпай сөйле 

 

            асықпай сөйлеп ала жөнелді



жаңа домбыра 

 

 



қос шекті домбыра

564

Қазіргі қазақ тілі

§12. Сөз тіркестерінің құрылысы

Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздердің  морфологиялық  құры-

лысы əртүрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің мағынасына 

кейде  үйлесе  тұлғаланады,  кейде  грамматикалық  формасына 

сəйкес  тұлғаланады.  Мысалы,  кітап  оқып,  хат  жаздық  деген 

екі  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сөздері  (кітап,  хат)  жалғаусыз 

табыс  септігінде  айтылған.  Солай  болуға  басыңқы  сөздердің 

қосымшалары  -п  (оқып),  -дық  (жаздық)  себепкер  болып  тұр. 

Сондай-ақ  кітапханадан  шықтым,  трамвайға  міндік  деген  сөз 

тіркестеріндегі  бағыныңқы  сөздер  барыс,  шығыс  жалғауларында 

айтылған. Сол жалғауларды керек етіп тұрған – басыңқы сөздердің 

қосымшалары  -тым, -дік  (міндік)  емес,  шық,  мін  етістіктерінің 

лексикалық  мағыналары.  Сонымен  қатар  жоғарғы  етістіктердің 

түрлі  тұлғада  айтылуына  бағыныңқы  сөздердің  өзара  əсері 

жоқ.  Сондықтан  кітап  оқы,  кітап  оқып,  кітап  оқыған,  кітап 

оқыдық  дегендей  басыңқы  сөздерді  түрлендіргенімен,  олардың 

бағыныңқылары бұрынғы қалпын өзгертпейді. Солар сияқты: ал-



тын  білезік,  алтын  білезіктің,  алтын  білезікке,  алтын  білезігім 

деп есім сөз тіркесінің де басыңқы сыңарын түрлендіріп айтуға бо-

лады, бірақ оған қарап бағыныңқы сөз (алтын), орыс тіліндегідей 

(золотой  браслет,  золотого  браслета,  золотому  браслету ...) 

грамматикалық тұлғасын өзгертпейді.

Қазақ  тілінде  енді  бірқатар  сөз  тіркестерінің  екі  сыңары  да 

белгілі морфологиялық тұлғаларда айтылғанда, олар бірімен-бірі 

байланыста болады. Мысалы, күннің сəулесі, менің түсінгенім де-

гендерде сөз тіркестерінің алдыңғы сыңарларының (күннің, менің

ілік  септікте  айтылуы  басыңқы  сөздердің  тəуелдік  жалғауларда 

(сəулесі,  түсінгенім)  айтылуымен  байланысты  жəне  керісінше. 

Сөйлем ішінде сөз тіркестері екі түрлі ыңғайда құралады.

1. Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатыла-

на байланысады. Мысалы, Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде 



жатыр екен дегенде, үлкен сөзі ағаш сөзіне бағынып, бір тіркес – 

ағаштың  сөзі  көлеңкесі  дегенмен  байланысып,  екінші  тіркес 

жасаған,  ал  көлеңкесінде  сөзі  жатыр  екен  етістігімен  тіркескен. 

Олардың сол сатылана байланысу жігі былай болады:

Үлкен ағаш –

 

– «  



– тың көлеңкесі –

 

 



 

– «  


  –нде жатыр екен.

565

Қазіргі қазақ тілі

2.  Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар 

бір  басыңқыға  о р т а қ т а с ы п   тұрады.  Мысалы,  Кеше  театрға 

апаммен бардық деген сөйлемде мынадай сөз тіркестері бар.

кеше


театрға  

бардық


апаммен

Сөз  тіркестерін  құрауда  зат  есім  мен  етістіктердің  қызметі 

ерекше. Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, 

сапалық  есімдер  (сын  есім,  сан  есім,  есімше,  сілтеу  есімдіктері) 

мен  үстеулер,  еліктеуіш  сөздер  мен  көсемшелер  көбінесе  сөз 

тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  қызметінде  жұмсалады.  Сөз 

тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  қара  сөзден  құралған  сөйлем-

дерде  басыңқыдан  бұрын  тұрады,  өлеңді  сөйлемдерде  керісінше 

орналасуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет