§18. Сын есімді тіркестер
Сын есімді – заттың əртүрлі сындық сапасын білдіретін
сөздер. Солай болатындықтан, олар зат есімдерге қатысты бо-
лып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте
көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына жəне
синтаксистік қызметіне қарағанда, олар – есімді сөз тіркестерінің
арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қа-
быса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай син-
таксистік тіркестердің құрамы əр алуан болатындықтан, олар
əртүрлі а н ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұмсалады. Мысалы, анық-
тауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттың т ү с і н (ақ
қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың к ө л е м д і к сапасын
579
Қазіргі қазақ тілі
(тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл,
үлкен қайрақ), заттың т а б и ғ и к ү й і н ( қалың қарағай, салқын
жел), адамның, басқа заттың і ш к і с ы р ы н ( жақсы кісі, жаман
жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң əйел), тамақтың д ə м і н
(тəтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың с а л м а қ т ы қ
мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т.б. білдіреді.
Осындай əртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез кел-
ген зат есіммен тіркесе бермейді жəне барлық сын есімдердің зат
есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес.
Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді.
Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал
сияқты құрамда айтуға болады да, тілемсек ат, тілемсек бие
деп айтуға болмайды. Сол сияқты асау ат, асау бие, асау тайлақ
сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал
деп айту ерсі болады. Оның себебі əрбір сын есімнің білдіретін
лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тəн сапа болады.
Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың,
асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға
болады. Көркем əдебиетте ондай, белгілі ғана заттың сапасын
кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз
тіркесінің мазмұнын көрікті етіп əсірелеуге болады (10-параграф-
ты қараңыз).
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі
бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре бе-
руге болады. Мысалы, ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк
шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін
білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар:
біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал ат-
тарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше бо-
лып ұғынылады, екіншіден, ондай түстердің бəрін бірдей барлық
малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі
деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды, қара ат, қара сиыр,
қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой
деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ешкі деп айтылмайды.
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында
айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір
қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айты-
580
Қазіргі қазақ тілі
ла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне
ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің
кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында
айтылуы мүмкін. Мысалы: Үлкен үйдің ортасында ... тас шам
бар (М.Əуезов). Оның үшкір тұмсық жаңа қара етігі қардан
тайғанай берді (С.Мұқанов). Секретарь кең қабырғада жаю-
лы тұрған ақ жібек шымылдықтың қасына келді (С.Мұқанов).
Ербол мініп келген семіз көк атқа шана жегіп, екі жігіт қатар
отырып, желдіріп келеді (М.Əуезов).
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға
басқа сын есімдер қатысты болып, олар күрделі сөз тіркесінің
құрамына енеді: тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай, удай
ащы дəрі.
Қатыстық сындар мен зат есімдерден жасалған сөз тіркестері
де əртүрлі мағыналық қатынасты білдіреді. Мұнда туынды сын
есімдер қандай сөздерден жасалған болса, сол сөз анықтауыштық
сапаның негізі болады:
Таусыз, ормансыз дала (С.Мұқанов). Терістіктен ескен бо-
лымсыз ғана жел лебі (М.Əуезов). Тоқсандағы Жамбылға
толқындатып сөз келді (Жамбыл).
Қатыстық сандар зат есімдерден жасалғанда, олармен басқа зат
есімдер не сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім
сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін:
а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бас-
тады (С.Көбеев). Бидай өңді, үріп ауызға салғандай келін-
шек есік алдына шықты (Б.Майлин).
ə) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр
(Ғ.Сланов). Ұзын бойлы, талдырмаш денелі жігіт – Асқардың
замандасы (С.Мұқанов). Ақ жаулықты келіншектер, үкілі
Камшат бөрікті қыздар көрінеді (М.Əуезов). Ақ басты Ала-
таудың Жамбылымын (Жамбыл).
§19. Сан есімді тіркестер
Сан есімдер – зат есімдерге тəн, оларды сан жағынан анықтап
тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық
дербестігі жоқ сөздер. Олардың зат есімдермен тіркесуі арқылы
581
Қазіргі қазақ тілі
қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер
мен зат есімдердің өзара тіркесу қабілеті ерекше болатындықтан,
ондай сөз тіркестері жиі кездеседі жəне олардың құрамы əртүрлі
болады.
Бірқатар зат есімдер талдап саналатын конкретті заттардың
аты болады да, бірқатары абстракт ұғымының аты болады. Осыған
орай, сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар
санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе
алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат
есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады:
а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық, мырзалық,
сезімділік сияқты сапалық зат есімдер;
ə) гүрсіл, тарсыл, қарау, жүдеу, жасқану, мінез, қытық сияқты
құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;
б) логика, психология, химия, биология, педагогика сияқты
ілім жəне ғылым аттарын білдіретін зат есімдер.
Сан есім қатысқан сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірінің
тұлғалануына əсер етпейді. Сан есімдер заттың көптігін біл-
діргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда ай-
тылмайды. Мысалы, он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы
мектеп, алтыншы бригада.
Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бəрі де анық-
тауыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын
білдіретін сөздермен тіркесе береді: есептік сандар заттардың
қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін, нешінші
екенін білдіреді:
Класта жиырма төрт оқушы сабаққа қатысуға тиіс
(М.Иманжанов). Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді (С.Мұқанов).
Бірінші тəжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Ғ.Мү-
сірепов).
Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың
сандық сапасының шама мөлшері ретінде көрсетеді.
Олжабек үш жүздей жылқыны айдап келеді (Ғ.Мұстафин).
Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз
(Ғ.Мүсірепов). (Біз) Мына екі-үш қараны бағып-қағып отыр-
мыз (Ғ.Мұстафин). Фабрика-завод мектебінде төрт жүзге жуық
қазақ баласы оқып жүр (Ғ. Мұстафин). Ол жаққа екі жүзге тар-
та жігіт кетіп еді (С. Мұқанов).
582
Қазіргі қазақ тілі
Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі.
Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер
тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады: екі шекті
домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана. Мысалы: (Олар)
12-13 үйлі Балтабай ауылының ық жағына қонды (С.Мұқанов).
Шеген маған үш түрлі өсиет айтты (Ғ. Мүсірепов). Үш бөлмелі
үйдің ортасында, диванда, Шығанақ ... жатыр (Ғ.Мұстафин).
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге
жəне жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі
есімді сөз тіркесін құрайды: үш күндік жол, алты айлық азық, бес
тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала,
он алты жастағы қыз. Мысалы:
Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсірді. Кейде
ұзындығы жарты шақырым, көлденеңі жиырма, тереңдігі бес-
алты метрлік шағын көлдер кездеседі (Ғ. Мүсірепов).
§20. Есімшелі тіркестер
Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы –
есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы а н ы қ -
т а у ы ш т ы қ қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: мыса-
лы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, ай-
тар сөз, түсінетін бала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамындағы жиі кездесетін
есімшелер -ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, атын/етін,
ар/ер/р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін
шақтық мағынасында: өткен шақ пен осы шақта жұмсалатын
-ған тұлғалы анықтауыштар қимыл процесінің нəтижесін, оның
зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы:
маңыраған қой, боздаған бота, айтқан сөз, құжынаған мал,
ұшқан құс, көрген кісі, үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ,
ауылда жүрген үгітші.
Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде, көбінесе оның
болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мыса-
лы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылған сиыр), жазатын кісі
(салыстыр: жазған кісі), орақ оратын жігіт (салыстыр: орақ
орған жігіт).
583
Қазіргі қазақ тілі
Есімшенің сөз тіркесі құрамындағы анықтауыштық мағына-
сын басқа анықтауыштармен салыстырғанда, олардың елеулі
айырмашылығы бар екенін көреміз. Мысалы, сын есімнен болған
анықтауыштар заттың əр алуан сындық сапасын бір қалыпты
күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын про-
цесс күйінде білдіреді. Бұл айырмашылықты байқау үшін сын
есімдерден жасалған есімшелері бар мысалдар алайық:
ақ шаш – ағарған шаш
семіз қой – семірген қой
Əр жерде қағылған қадалар көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Анау
көрініп тұрған төскейдің сай-саласы соншалық таныс, жақын
(М.Əуезов). Айтатын арызымыз бар. Сөйлейтін жерім жаңа
табылды (Ғ.Мұстафин).
Əдетте, есімшелердің жетегінде оларға меңгерілетін есімдер
болатыны белгілі. Олар көбінесе сол тобымен зат есімге қатысты
болып, онымен бірігіп, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтыла-
ды. Мысалы: Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. От
жағылған екі темір пеш түксиіп тұр (Ғ.Мүсірепов). Шығыс
жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп... Абай отыр
(М.Əуезов). Қолдан келер жəрдемді көрсеттік (Ғ.Мүсірепов).
Есімшелер зат есімдермен ғана емес, олардың орнына жұм-
салатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген
біреу, оқыған жас, кербезденген сұлу, тайсалмайтын батыр, ба-
тылы бармайтын қорқақ.
Үйде сəлде киген біреу отыр (С.Көбеев). Оқуға ынталанбай-
тын жас бар ма қазір? (С.Мұқанов).
Көреген, сүзеген, қашаған, береген, жатаған тəрізді ертедегі
біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын
есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын
есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады: көреген кісі, сүзеген
сиыр, қашаған ат, береген қол, жатаған түйе.
§21. Есімдікті тіркестер
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркес-
терінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – с і л т е у ,
с ұ р а у жəне ж и н а қ т а у есімдіктері. Олар зат есімдермен тірке-
584
Қазіргі қазақ тілі
сіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап,
ана тау, осы қала, қай аудан, қандай мəселе?
Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық
мағыналары бірдей емес.
С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға а л ы с - ж а қ ы н д ы қ
б а ғ д а р ы н нұсқап, көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап, Кремль жақтағы сонау көк мүйіске
қарай серуендемекші еді-ау! (Ə.Əбішев). Бұл сонау Ұлытаудың
қазағы Олжай дейтін (Ə.Əбішев). Бұл сөзді Сырбай қашан да
кеудесін кере алған деммен айтып келеді (С.Мұқанов).
С ұ р а у есімдіктері ол құрамда заттың с ұ р а у л ы қ с а п а
қатысын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп? қандай адам?
қанша саулық?
Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері – қабыса бай-
ланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше
жəне сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын
сұрақтар.
Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың орнын
баспайтындықтан, мұндай құрамда айтылмайды.
Жалпылау есімдіктері есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
қызметінде заттың ж и н а қ т а л ғ а н м ө л ш е р л і к сапасын біл-
діреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.
§22. Үстеулер қатысқан есімді тіркестер
Үстеулер – өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың
қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан,
олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің
құрамында жиі қолданылады (§26). Үстеулердің есім сөздермен
тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына
қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан
есім жəне бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса
байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді,
қазір жас, биыл жетіде, бүгін бар, ертең жоқ.
Бірақ бұлар – мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі
негізінде жасалған бүгін келеді, енді айтады, қазір барамын
сияқты сөз тіркестері емес, арқауы бос тіркестер. Олай дейтін
585
Қазіргі қазақ тілі
себебіміз – мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың
тіркесу қабілеті айқын болғандықтан жəне мағыналық байланы-
сы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны
керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім
баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.
Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік
қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар:
Қасен қазір колхозшы (С.Көбеев). Біз де бүгін вахтадамыз
(Х.Ерғалиев). Ұлпа биыл жетіде (Б.Майлин). Бозбаламын мен
де енді (Жамбыл). Елсіздегі қарақшылар түнде бейқам, күндіз
сақ (Ғ.Мұстафин). Шыңғыстың осы қара желі өзге уақыттың
бəрінде жақсы болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ (М.Əуезов).
Қазір жалғызбын ғой, көріп отырсыз (Ғ.Мұстафин).
Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана
қатысты болғандықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен
жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі
(Ғ.Мұстафин). Сəрсеннің қазір екі немересі бар (С.Көбеев). Бүгін
онда біртүрлі сергектік, сезімділік бар (М.Əуезов). Жомартта
əлі үн жоқ (Ғ.Мұстафин).
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
§23. Жалпы түсінік
Матасу – қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс
формаларының бір түрі. Ол изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің
байланыс формасы: Омарбектің інісі, ағаштың бұтағы, біздің
табысымыз. Бұл сөз тіркестерінің бірінші сыңарлары ілік жалғау-
да, екінші сыңарлары тəуелдік жалғауда айтылған.
Сөйлемдегі сөздердің осылай байланысуы – қазақ тілінің (бас-
қа түркі тілдерінің де) грамматикалық құрылысындағы ерек-
шелігінің бірі. Ондай сөз тіркестерінің байланысын бірқатар ав-
торлар қиысу (согласование) деп қарайды
[11]. Енді бірқатар ав-
торлар басқа тілдерде бар байланыс формасының, əйтеуір, біріне
жатқызу үшін оны меңгеру (управление) деп таниды
[12].
Дұрысында, біздің матасу дегеніміз бен қиысудың кейбір
сыртқы ұқсастығы бары рас. Бірақ екеуі бір емес, екеуінің маз-
мұны да, сөз тіркесін құраудағы қызметі де екі басқа. Оның
586
Қазіргі қазақ тілі
соңғыдан негізгі айырмашылығы мынау: егер меңгеруде өзара
байланысқан сөздердің бірі екіншісіне бағынып тұлғаланса, мата-
суда бағыныңқы сөз бағынатын сөзге қарай айқас байланысады.
Басқаша айтқанда, бір сөздің белгілі жалғауда тұруын керек ететін
сөз оның жетегінде айтылып, оған бағынып тұрады. Егер қиысуда
бағыныңқы сөз басыңқы сөзге иек артып, соның жақтық, көптік
мағынасына лайық белгілі грамматикалық тұлғада айтылса, ма-
тасуда, керісінше, басыңқы сөз өзіне бағыныңқы сөздің жақтық
мағынасымен үйлесіп, тиісті грамматикалық тұлғада (тəуелді
жалғауда) жұмсалады. Сөйте тұрып, бағыныңқы сөздің тиісті
жалғауда (ілік септікте) айтылуын керек етеді:
Менің қарындасым келді,
Сенің қарындасың келді,
Оның қарындасы келді.
Мұнда тəуелдік жалғаулардағы бастауыштарға баяндауыш-
тар бағындырылып, ілік септіктегі сөздер олардың анықтауыш-
тары болып тұр. Ортадағы сөздің бірде І жақтық, бірде ІІ жақтық
тұлғада айтылуы оның бағыныңқысының ерекшелігіне қарай
түрленеді де, олардың қай жақта болуымен байланысты бола-
ды. Сонда тəуелдеулі сөздердің өзіне бағыныңқы сөздермен
мағыналық байланысы айқасқан байланыс болады. Оны қиысумен
салыстыра көрсетсек, былай болар еді.
Қиысу
Матасу
Бастауыш
Баяндауыш Анықтауыш
Анықталушы
Матаса байланысуды қиысудан бөліп қарау қазақ тілінің, со-
нымен қатар басқа түркі тілдерінің де сөйлем құрылысында бар
синтаксистік ерекшелікті дұрыс тануға себепкер болады. Олай
етпей, ағаштың жапырағы, менің жолдасым дегендерді тек жақ-
тық, сандық қиысу тұрғысынан қарағанда, ондай топтағы ба-
сыңқының тұлғалануы ескеріледі де, ілік жалғауындағы сөздердің
тəуелдеулі сөздерге бағыныңқылық ыңғайда жұмсалатыны
ескерілмеген болады. Шынында, олардың екі жағын бірдей ескеру
керек.
Матасу деген терминді қолдануда изафеттік құрылыстағы
(Темірбектің інісі тəрізді) тіркестің басқа сөз тіркестерімен де
тізбектеліп, жалғаса беретінін ескеру қажет. Мысалы:
587
Қазіргі қазақ тілі
Темірбектің інісі;
Темірбектің інісінің пальтосы;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесі;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің жібі;
Сенің жолдасың;
Сенің жолдасыңның сөзі;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысы;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысының жалғасы.
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің (Темірбектің
інісі, інісінің пальтосы...) соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен
матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік
байланысқа еніп, 3-4 сатылы топ жасалған. Ол топтың бірінші
жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы əрі анықтауыш бо-
лып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан синтаксистік шумақ
құрып тұрады.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін өзара матастырып
тұратын грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары.
Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында ай-
тылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда болады. Тек біз, сіз
деген екі сын есім ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін
сөзі жалғаусыз да айтылады: біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала,
сіздің ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: |