§38 Шығыс жалғаулы сөз тіркестері
Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі –
шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жал-
ғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан
толықтауыштық жəне пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері
жасалады. Шығыс жалғаулы есімдерді (көбінесе зат есімдер мен
есімдіктерді) меңгеретін етістіктер, негізінде, мыналар: шығу,
шығару, қайту, қайтару, келу, келтіру, түсу, түсіру, жүру, қозғау,
қарау, қарату, тастау, алу, алдыру, көріну, көрсету, оқу, үйрену,
619
Қазіргі қазақ тілі
өту, өткізу, қорқу, озу, оздыру, таю, тайдыру, туу, тану, секіру,
асу, (таудан асу), тарау, ұшу, тоқу, істеу, тігу (барқыттан тігу ),
салу (тастан салу ), қалу, пісіру, орнату (тастан орнату ), соғу, қарғу,
сұрану, т.б. Бұлардың көбі қ и м ы л (мысалы: тастау, шығару,
тарау, тоқу) жəне қ а б ы л д а у (мысалы : көру, қорқу, қарау,
үйрену) мəнді етістіктер.
Меңгеретін етістіктер осылардай əртүрлі мағынада жұмса-
латындықтан, олармен шығыс жалғауда тұрып сөз тіркесін құ-
райтын сөздер де əр алуан болады. Олардың тіркесінен түрлі-
түрлі мағыналық қатынастағы сөз тіркестері жасалады: Мысалы,
шығу етістігімен тіркесетін зат есімдер үйден (шығу), тоғайдан
(шығу), көліктен (шығу) сияқтылар. Көрсету етістігімен тіркесе
алатын зат есімдер – алыстан (көрсету), терезеден (көрсету)
сияқтылар. Бұлар – пысықтауыштық қатынаста тұрып, мекендік
мағынада жұмсалған сөз тіркестері. Ал жіптен тоқу, барқыттан
тігу, (қораны) қамыстан салу тəрізді тіркестер толықтауыштық
қатынаста тұрып, іске қатысты заттың материалдық тегін біл-
діреді.
Т о л ы қ т а у ы ш т ы қ қызметте жұмсалатын шығыс жалғау-
лы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, мынандай болады:
1. Заттың басқа заттан і с т е л у т е г і н білдіреді.
Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым (Ғ.Мүсірепов).
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды (Ы.Алтынсарин).
Болаттан сұңқар ұшырып,
Мұхиттан əрі асамыз.
Қуаттан дария ағызып,
Ерліктен ерлік туғызып
Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл).
Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің
жетегінде тура толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы
жанама толықтауыш тура толықтауышпен де мағыналық байла-
ныста тұрады.
2. Мағлұматтың, əрекеттің ш ы ғ у к ө з і н білдіреді. Ондай
сөз тіркестерін құрайтын етістіктер – кісінің қабылдау əрекетін
білдіретін сабақты етістіктер: алу, алдыру, білу, есту, оқу, үйрену,
620
Қазіргі қазақ тілі
сұрау. Кісіден есту, (білімді) кітаптан алу, үлкеннен үйрену,
сөзінен білу, жолдасынан сұрап алу:
Жүсіп оның жайын Күншеден сұрап білді (Ғ.Мүсірепов).
Жұмыскерлер Ереминнен естігенін айтты (М.Əуезов). Білімдіден
ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар (Мақал).
3. Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жа-
зылу, қашу, тазару, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп,
бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: ау-
рудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу:
Қайғыдан халқым арылып,
Бақыт құсын ұстадым (Жамбыл).
Тиынды қызғанып, теңгеден айрылу осындайдан туады
(Ғ.Мүсірепов).
Көзден кетсе, көңілден кетеді (Мақал).
4. Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім
шығыс жалғауда тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың
сандық бөлшегін не дараланған мөлшерін білдіреді.
Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен. Əрбір қонақ-
тың сыртында екіден, үштен жастықтар жатыр (М.Əуезов).
Ваннаға олар алты кісіден кірді (А.Гайдар). – Маған күніне елу
тиыннан неге беріп отыр? – Əлі бір сомнан беретін болады!
(Ғ.Мүсірепов).
П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастағы етістікті сөз тіркесінің
бағыныңқы сыңары шығыс жалғау арқылы тікелей етістікке не
демеулер арқылы етістікке бағынады, мысалы: таудан асты, бір
жылдан асты, таудан əрі асты, бір жылдан əрі асты. Пысық-
тауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынандай мағыналарда ай-
тылады.
1. К ө л е м д і к . Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағынала-
ры істелетін істің, əйтеуір, бір басталу орнын көрсетуге негізде-
леді. Көбінесе олар қимыл процесінің орнын көрсетеді, мысалы:
арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өту.
Самойлов Жабайды арбадан түсіріп алып, тар бөлмеге
əкетті. Үйдің кішкене-кішкене терезелерінен жарығы көрінеді
(Ғ.Мүсірепов). Жылқы айдаған жігіттер шоқыдан асып, Ой-
құдықтан өтіп, Ералыға жеткен (М.Əуезов). Қой əлі өрістен
келген жоқ (М.Жұмабаев).
621
Қазіргі қазақ тілі
Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқатары қимыл-
дың б а с т а л у , б о л у о р н ы н ( м е к е н і н ) білдіреді, мысалы:
қаладан аттану, базардан қайту, университеттен келу, ауданнан
кету, осы арадан тарау.
Бұл – Нілдіден осы кесек күйінде табылған самородок еді
(Ғ.Мүсірепов). Жан-жақтан келген бозбалалар екі үйді лық тол-
тырды (С.Көбеев). Қар астынан, он шақты жерден құлдырап
шыққан қою қара түтіндер көрінеді (Ғ.Мүсірепов).
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп
Шымырлап бойға жайылған (Абай).
2. М е з г і л д і к . Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді
жəне кісінің жас мөлшерін білдіретін есімдер болады да, басыңқы
сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады, мысалы: былтыр-
дан білемін, жастайымнан түсінгенмін.
Жастайымнан таңдағаным, жаттағаным – Москва (Х.Ерға-
лиев). Мен Есенді кішкентайымнан білемін. Былтырдан қалған
жұмыс жоқ.
3. С е б е п - с а л д а р . Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің
шығыс жалғаулы сыңары есімше не қимыл есімі болады, мыса-
лы, ұялғаннан қызарды, түсінбегендіктен қателесті, ұйықтап
қалғандықтан кешікті. Жақып қуанғаннан күліп жіберді
(Ғ.Мүсірепов). Жабай өзінің білместігінен үялыңқырап қалды.
Мүмкін, саны бесеу болғандықтан «бестік» деп аталатын
шығар (Ə.Сəрсенбаев ). Көптен көрмегендіктен Ботакөз апасын
сағынған (С.Мұқанов).
4. Амал. Шығыс жалғаулы есімдер етістіктермен тіркескенде
қимылдық амалын (қалай болғанын) білдіреді, мысалы: етпетінен
құлау, даусынан тану, мұртынан күлу.
Бұл үйдің адамдары... бірін-бірі қабағынан, ернінің емеуріні-
нен танып əдеттенген. Қызын қабағынан танитын анасы оның
ойын бөлген жоқ (Ғ.Мұстафин). Қолынан келген қонышынан
басады (Мақал).
§39. Жатыс жалғаулы сөз тіркестері
Басқаларына қарағанда, жатыс жалғаулы есімдерді меңгере
алатын етістіктердің саны онша көп емес. Олардың көпшілігі
622
Қазіргі қазақ тілі
заттың күйін білдіретін салт етістіктер: отыру, тұру, жүру, жату,
кездесу, ойнау, қону, көру, көрсету, ұйықтау, қалғу, сүйену, жы-
лау, ескеру, үйрену, ұнау, құру, т.б.
Мұндай етістіктермен тіркесетін жатыс жалғаулы есімдер мы-
нандай қатынастарда жұмсалады:
а) О б ъ е к т і л і к (толықтауыштық). Объектілік қатынастағы
ондай сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай
з а т т ы ң ү с т і н д е не қандай затпен б а й л а н ы с т а болатынын,
бірдеңенің кімде екенін білдіреді, мысалы: өмірде кездесу, заңда
көрсетілу, ойда сақтау, күресте озу, сөзде тұру.
Бүгінгі күресте көрсеткен күшіңді өлеңге шығар (С.Мұқа-
нов). Олар мал шаруашылығын өрге бастыруда зор рөл атқаруға
тиіс (Газеттен). Заңда басқаша тəртіп көрсетілмеген болса,
істер ашық түрде қаралады.
Он сегіз мың бұл ғаламның
Бар тынысы күнде тұр,
Мен сықылды сорлы адамның
Ықтияры с енде тұр (Абай).
ə) П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ . Пысықтауыштық қатынастағы жа-
тыс жалғаулы сөз тіркестері м е к е н д і к жəне м е з г і л д і к ма-
ғынада жұмсалады:
1. М е к е н д і к мағынадағы сөз тіркестері зат есімдер мен
отыру, тұру, жүру, қаралу сияқты заттың күйін білдіретін
етістіктерден не солар қатысты күрделі етістіктерден құралады.
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы (Абай).
Аппақ кең далада ауыл көсіле ұйықтап жатыр (Ғ.Мұстафин).
Жаңа жоспар облыстық су шаруашылық мекемелерінде қаралып
бекітіледі (С.Мұқанов). Жүк шаналары жолда қалып жатыр
дейді (Ғ.Мүсірепов).
2. М е з г і л д і к мағынадағы сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңары шақ, мезгіл мəнді есімдер не есімдер тіркесі болады да,
басыңқылар жоғарғыдай етістіктің бірі болады:
Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім (Абай).
V
ҚОСЫМША
624
Қосымша
ПРОФЕССОР Т. САЙРАМБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ
ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШІ
1965
1. Сан есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері: аспиранттар
мен ізденушілердің мақалалар жинағы // Тіл жəне əдебиет мəселелері. –
Алматы, 1965. – 52-58-бб.
2. Сан есім мен етістіктің тіркесі // Тіл жəне əдебиет мəселелері. –
Алматы, 1965. – 80-91-бб.
3. Сын есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері: аспиранттар мен
ізденушілердің мақалалар жинағы // Қазақ тілі жəне əдебиет мəселеле-
рі. – Алматы, 1965. – 80-91-бб.
4. Глагольные словосочетания с прилагательными и числительными
в современном казахском языке: автореф. канд. филол. наук. – 1965. – 18 с.
1966
5. Есім сөздердің етістіктермен тіркесу қабілеті // Қазақстан мектебі. –
1966. – №1. – 77-79-бб.
6. Қазақ тіліндегі «көп», «аз» сөздері туралы // ҚазССР Ғылым ака-
демиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сер. – 1966. – 2-шығуы. –
67-71-бб.
7. Новый шаг в определении содержания обучения русскому языку
в казахской школе // Русский язык в казахской школе. – 1966. – №8. –
С.56-58.
1967
8. Жас ғалымдар қамқоршысы // Ленин жолы. – 1967. – 3 қазан (Р. Сəр-
сенбаевпен бірге).
1971
9. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мəселелері. – Алматы: Мектеп,
1971. – 71-б.
1972
10. Қажетті құрал // Қазақстан мұғалімі. – 1972. – 1 мамыр. – Кітапқа
сын: Əмірəлиев Ш. Адамды жан-жақты тəрбиелеу – коммунистік тəр-
биенің негізі. – Алматы: Мектеп, 1971.
11. Қосарлы сан есімдердің етістікпен тіркесі // Қазақ тілі мен əде-
биеті. – Алматы, 1972. – 1-шығуы. – 26-31-бб.
1973
12. Қабыса байланысқан есім пысықтауыштар // Қазақ тілі мен
əдебиеті. – Алматы, 1973. – 3-шығуы. – 102-110-бб.
13. Қазіргі қазақ тілі: сөз тіркестері синтаксисі. Университеттердің
сырттай білім беретін филол. фак. күндізгі бөлім студенттеріне арналған
625
Қосымша
бақылау-пысықтау жаттығулары. – 1-бөлім. – Алматы, 1973. – 58 -б.
(М. Серғалиевпен бірге).
14. Үстеулі сөз тіркестері туралы // Қазақ тілі мен əдебиеті. – Алма-
ты, 1973. – 2-шығуы. – 54-57-бб.
1974
15. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы: программа / Арнаулы
курстар мен арнаулы семинарлардың программалары. – Алматы, 1974. –
57-65-бб. (Қ.Ы.Жолымбетовпен бірге).
16. Сөз тіркесінің құрылымы туралы// Материалы итоговой науч-
ной конференции профессорско-преподавательского состава. – Алматы,
1974. – 409 б.
1976
17. Есім пысықтауыш: пед. институттар мен университеттердің сту-
денттеріне арналған. – Алматы: Қаз. мем. ун-ті, 1976. – 46-б.
18. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мəселелері: филол. фак.
студенттері мен мұғалімдерге арналған көмекші құрал. – Алматы: Мек-
теп, 1976. – 70 б.
19. Қазіргі қазақ тілі программасы: журналистика факультеті үшін.
– Алматы, 1976. – 12 б. (Р.С. Сəрсенбаев, Р.С. Əміровпен бірге).
20. Құнды зерттеу // Қазақстан мұғалімі. – 1976. – 23 қаңтар. – Кітапқа
сын: Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктердің аналитикалық
форманттары. – Алматы: Мектеп, 1975.
1978
21. Синтаксисті талдауға байланысты кейбір ойлар // Қазақстан мек-
тебі. – №7. – 54-56-бб.
1979
22. Дайындық бөліміне келіңіздер // Лениншіл жас. – 1979. – 1 тамыз.
1980
23. Етістіктің сөз тіркесін құраудағы рөлі: аспиранттар мен ізде-
нушілер мақалаларының жинағы // Қазақ тілінің мəселелері. – Алматы,
1980. – 3-13-бб.
24. Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар: методикалық оқу құралы. –
Алматы: Қаз.мем.ун-ті, 1980. – 50 б. (М. Томановпен бірге).
25. О роли служебных слов в образовании сложных словосочетаний
// Языкознание: тез. докл. и сообщ. III Всесоюз. тюркологической конф.,
10-12 сентября. – Ташкент, 1980. – С.109-110.
26. Роль периодической печати в развитии казахской терминологии //
Проблемы функционального и внутриструктурного развития литератур-
ных связей с применением в сферах массовой коммуникации: программа
симпозиума. – 1980.
626
Қосымша
1981
27. Білімнің жаңа қыры // Лениншіл жас. – 1981. – 1 сəуір. – Кітапқа
сын: Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі: пед. институттар мен уни-
верситеттердің дайындық бөлімдеріне арналған. – Алматы: Мектеп,
1979 (Ə. Жақыповпен бірге).
28. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері: жоғары оқу орын-
дарының студенттері мен мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Мектеп,
1981. – 197 б.
29. Тіл білімі саласындағы зерттеулер // Лениншіл жас. – 1981. – 23 қыр-
күйек. – Кітапқа сын: Қазақ совет тіл білімінің дамуы. – Алматы: Наука,
1980 (М. Серғалиевпен бірге).
30. Синтаксическая синонимия в современном казахском литератур-
ном языке: информация о защите докт. дис. М.С. Сергалиева // Совет-
ская тюркология. – 1981. – №6. – С.103.
1982
31. Роль вспомогательных слов в образовании сложных словосоче-
таний // Советская тюркология. – 1982. – №6. – С.77-79.
32. Структурно-семантические типы сложных словосочетаний в сов-
ременном казахском языке: автореф. дисс... д-ра филол. наук. – Алма-
Ата, 1982. – 47 с.
1983
33. Қазіргі қазақ тіліндегі қыстырмалар: метод. талдау. – Алматы,
1983. – 46 б. (М.Т. Томановпен бірге).
34. Практикалық мəні мол // Қазақстан мұғалімі. – 1983. – 23 қыр-
күйек. – Кітапқа сын: Оралбаева Н. Қазақ тілі: практикалық курс. – Ал-
маты: Мектеп, 1982. – 225 б. (А.Тасымовпен бірге).
35. Сөз тіркестерінің тарихы туралы // Қазіргі қазақ əдеби тілінің
грамматикалық құрылымы. – Алматы, 1983. – 12-28 бб.
1984
36. Білімнің жаңа қыры // Лениншіл жас. – 1984. – 1 маусым.
37. Ізденген жетер мұратқа // Социалистік Қазақстан. – 1984. – 13 жел-
тоқсан (Т.Жанұзақовпен бірге).
1985
38. Қазақ тілі сөз тіркесі спецкурсының программасы: университет-
тер мен пед. институттардың филол. фак. арналған. – Алматы, 1985. – 10 б.
39. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі тарауына байланысты методикалық
нұсқау. – Алматы, 1985. – 49 б.
40. Сөз тіркесі спецкурсының программасы. – Алматы, 1985. – 12 б.
41. Сочетаемость слов и некоторые их проявления // Тезисы науч-
но-теоретической конференции, посвященной 50-летию КазГУ им.
С.М. Кирова. – Алма-Ата, 1985. – С.97.
627
Қосымша
1986
42. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис: бақылау-пысықтау жаттығулары. –
Алматы, 1986. – 47 б.
43.Терминдердің сөз тіркесіндегі құрылымдық ерекшеліктері тура-
лы // Қазақ терминологиясының мəселелері//Проблемы казахской тер-
минологии. – Алма-Ата, 1986. – 45-54-бб.
1987
44. Қазіргі қазақ тілі программасы: журналистика фак. үшін. – Алма-
ты: Қазақ ун-ті, 1987. – 14 б. (Р.С. Сəрсенбаевпен бірге).
45. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімдерінің етістікпен тіркесі: метод.
талдаулар. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1987. – 32 б.
46. Парцелляция жəне оны аудару / Лексико-стилистические во-
просы перевода: опыт, размышления, обобщения. – Алма-Ата, 1987. –
С.90-98 (М.Б. Балақаевпен бірге).
1988
47. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары ту-
ралы //ҚазССР Ғылым академиясының Хабарлары: Тіл, əдебиет сер. –
1988. – №2. – 11-17-бб.
48. [Рецензия] // Советская тюркология. – 1988. – №2. – С.131. – Рец.
на кн.: Ағманова Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. – Алматы, 1986.
49. Тіліміздің де, діліміздің де энциклопедиясы: Респ. Мем. сыйлы-
ғына ұсынылған қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі жайлы //
Алматы ақшамы. – 1988. – 22 қараша (Ф. Оразбаевамен бірге).
50. Классификация словосочетаний по главному компоненту в сов-
ременном казахском языке // Тюркология-88: тез. докл. и сообщ. V
Всесоюз. тюркологический конф., 7-9 сент. 1988 г. – Фрунзе, 1988. –
С.214-215.
1989
51. А. Байтұрсыновтың қазақ тілі саласындағы еңбектері туралы //
Қазақстан мұғалімі. – 1989. –3 наурыз (О.Төлегеновпен бірге).
52. А. Байтұрсыновтың морфологиялық еңбегі // Өркен. – 1989. –
29 сəуір. – 7 б. (О. Төлегеновпен бірге).
53. Тіл байлығының бір көрінісі // Қазақстан мұғалімі. – 1989. –
28 маусым. Кітапқа сын: Оразбаева Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім
синонимдері. – Алматы: Мектеп, 1988. – 126 б. (Т. Қоңыровпен бірге).
54. Тіл келешегі туралы // Лениншіл жас. – 1989. – 16 қыркүйек
(Ф. Оразбаевамен бірге).
55. Тіл мəдениеті мəселелері // Қазақстан мұғалімі. – 1989. – 6 қазан. –
Кітапқа сын: Балақаев М. Тіл мəдениеті жəне қазақ тілін оқыту. – Алма-
ты: Мектеп, 1989. – 96 б. (Ф. Оразбаевамен бірге).
628
Қосымша
1990
56. Екі институт керек // Халық кеңесі. – 1990. – 25 сəуір.
57. Ғалымдарды кемсітуге жол берілмесе керек // Социалистік
Қазақстан. – 1990. – 23 ақпан.
58. Жанасу байланысу формасы // Қазақ тілі мен əдебиеті. – Алматы,
1990. – №5. – 46-47 бб.
59. Сөйлем мүшелерінің теориялық мəселелері спецкурсының про-
граммасы. – Алматы, 1990. – 10 б.
60. Сүбелі сөздік // Қазақстан мұғалімі. – 1990. – 11 мамыр. – Кітапқа
сын: Рүстемов Л.З. Араб-иран кірме сөздерінің қазақша-орысша түсін-
дерме сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1989. – 320 б. (М. Серғалиевпен бірге).
61. Шығыстану туралы құнды еңбек // Қазақстан мұғалімі. – 1990,
27 қазан.
62. Интонация, ее место в языке // Тюркская фонетика-90: тез. докл. I
Всесоюз. конф., 26-28 окт. 1990 г. – Алма-Ата, 1990.
63.Лингвистический словарь и вопросы статистики // Статистичес-
кая оптимизация преподавания языков и компьютеризация обучения: тез.
докл. – Чимкент, 1990.
64. Новая форма парцелляции // Язык и словестность: материалы
науч. конф., посвящ. 100-летию В.И. Поливанова. 23-26 окт. 1990 г. –
Ташкент, 1990. – Ч.1. – С.187-188.
1991
65. Лингвистикалық сөздік, оның көлемі // Қазақстан мұғалімі. –
1991.–19 шілде.
66. «Лингвистикалық терминдерден жетилистиру мəселелері» //
Тиллердің өзара қатынаслары жағдаиында кəзирги Қарақалпақ тили-
ниң терминологиясын тəртиплестиру мəселелери бойынша илимиэме-
лин конферениясының программасы. – Нокис, 1991.
67. Оқулықтағы олқылықтар // Қазақстан мұғалімі. – 1991.
68. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. –
174 б.
69. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ ун-ті,
1991. – 167 б.
70. Тағы бір жаңа оқулық // Қазақстан мұғалімі. – 1991. – 21 қараша. –
Кітапқа сын: Серғалиев М., Айғабылов А., Құлкенова О. Қазіргі қазақ
əдеби тілі: морфология жəне синтаксис: жоғары оқу орындарының сту-
денттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 214 б. (Қ. Қа-
дашевамен бірге).
71. Вопросы истории изучения казахского языка в русскоязычной
аудитории // Учебно-методическая конференция слушателей ФПК и пре-
подавателей университета по обмену опытом работы в вузе. 23-25 дек.
1991 г. – Алматы, 1991.
629
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |