Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  бөлшектеп салып, ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Сақтау мен өткізудің жалпы мерзімі – 48 сағат. Голубцы (жартылай фабрикат)



бет164/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

180 
бөлшектеп салып, ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді. Сақтау мен өткізудің
жалпы мерзімі – 48 сағат.
Голубцы (жартылай фабрикат). Өзексіз қауданды суы бар табаға
алынып тасталған қауданын жоғары қаратып салады. Саңылауға ыстық су
(80-
90°С) құйып, 1 кг қырыққабатқа 0,3 л су, 250-280°С-қа дейін қызды-
рылған қуыру шкафына 15-20 минутқа қояды. Шығарып, 55-50°С
температураға дейін салқындатып, жапырақтарын реттеп, оларды тұз және
сірке суы (сәйкесінше 1 л суға 10-5 г) қосылған суда 7-8 минут ішінде
пісіреді. Одан кейін жапырақтарды шығарып, 40°С-қа дейін суытып, қалың
жерлерін жаншылайды. Турамалардың бірімен (көкөністі, күрішті етпен,
күрішті сүзбемен, бидайлы шпикпен) толтырады.
Көкөністі домалатпалар (котлеттер). Бұл жартылай фабрикаттың
сұрыпталымына картоп, сәбіз, қырыққабат және қызылша домалатпалары
кіреді.
Картоп домалатпаларын әзірлеу үшін тазартылған картопты шүмегі
және араластырғышы бар электрқазанда қайнаған су құйып, тұз қосып
пісіреді. Қатты қыздыруда қайнатуды қалпына келтіреді, қыздыруды
бәсеңдетіп, картопты жәй қайнатуда дайын болғанша пісіреді.
Қазанды өшіріп, шүмегі арқылы қайнатпаны құйып алады.
Араластырғыштың көмегімен картопты езбеге айналдырып, 50-40°С-қа дейін
салқындатады. Шикі жұмыртқаларды шайқап, араластырып, котлет
қалыптағыш машинаға салады. Кепкен нанға аунатып, май жағылған
атқарымдық сыйымдылықта (жайпақ таба) домалатпа пішінінде қалыптайды.
Табаларды ҚСШ-да салқындатып, жөнелтеді.
Дәл осы сыйымдылықта домалатпаларды толық даярлау кәсіпорын-
дарына тасымалдап, осы сыймдылықта қуырады.
Аспаздық дүкендерге жартылай фабрикаттарды бір қатарға қырымен
түбіне кепкен нан себілген сыйымдылыққа орналастырады.
Сәбізді немесе қырыққабатты домалатпалар үшін тазартылған
көкөністерді көкөніс кескіште сабандап турап, май және тұзбен суда 15-20
минут бөктіреді. Артынша жіңішке ағыспен ұнтақ жармасын сеуіп, мұқият
араластыра отырып, дайын болғанша 10-15 минут пісіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет