Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  14.1  кестесінің соңы



Pdf көрінісі
бет124/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

139 
14.1 
кестесінің соңы 
Диетелар № 
Тағамдық заттектер құрамы, г 
Калориялығы, 
ккал 
Ақуыздар 
Майлар 
Көмірсулар 
11 
120...140 
100 
400...500 
3 000...3 500 
15 
100 
100 
400...450 
2900...3 100 
Өнімдердің сипаттамасы мен тағамдарды әзірлеу тәсілдері. Нан және 
ұн өнімдері: кешегі пісірілген өнімнен (немесе кептірілген) жоғары, 1 немесе 
2-
сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны; құрғақ бисквит, құрғақ піспенан, 
пісірілген бәліштер, сүзбе қосылған ватрушка.
Салқын тағамдар: асылған көкөністерден, еттен, балықтан жасалған 
салаттар; еттен жасалған паштет; асылған тіл; докторлық, диеталық, сүтті 
майда туралған шұжықтар; тұщы үгілген ірімшік.
Сорпалар: сүтті үгілген немесе әбден пісірілген жармалардан, көкөніс 
езбесінен (қырыққабат езбесінен басқа), үгілген көкөністер қосылған 
вермишельдер; көкөніс қайнатпасындағы (сәбіз, картоп) сорпалар
қайнатылған тауық немесе еттен, ұнтақ жармасы қосылған үгілген тәтті 
жидектерден дайындалған езбе сорпалар. Сорпаларды сары маймен
жұмыртқа-сүт қоспасымен, қаймақпен, кілегеймен дәмдейді; майдалап 
туралған ақжелкен не аскөк көгін себуге рұқсат етіледі. 
Картоп және басқа көкөністер: картоп, сәбіз, қызылша, гүлді 
қырыққабат, асқабақ, салат, ерте піскен кәділер және үгілген күйде суда 
немесе буда піскен басқа да көкөністер; езбе, буланған пудингтер, суфле, 
жасыл бұршақ және піскен қызанақтар шектеліп қолданылады.
Жармалар және макарон өнімдері: сүттегі немесе судағы ұнтақ 
жармасынан, күріш, қарақұмық және сұлы жармасынан әбден піскен немесе 
үгілген жабысқақ немесе сұйық ботқалар; суфле, пудингтер, жармадан 
буланған котлеттер; макарондар және майдалап ұсақталған, қайнатылған үй 
кеспесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет