Жармалар, макарон өнімдері: сүт қосылған судағы, сүйекті немесе етті
сорпалардағы ботқа, буда әбден пісірілген сұйық немесе жабысқақ ботқалар
немесе пісірілген пудингтер, буландырылған немесе қуырылған қатқыл
қабықсыз котлеттер; кеспе, жеміс не жидекті палау, ірімшік, жұмыртқа
қосылған қарақұмық ботқасы.
Жұмыртқалар: шала пісірілген, қайнатылған не қуырылған
(қабықшасыз); бітеу етіп пісірілген, майдалап туралған; буланған омлеттер,
жұмыртқа ақуызынан жасалған омлеттер.
Сүт және сүт өнімдері: табиғи, құрғақ, қойылтылған, сұйылтылған сүт
(қаймағы алынбаған сүтті пайдаланбайды). Сүт пен кілегейді тағам мен
сусындарға қосады. Қышқыл сүтті суындар, тұщы сүзбе және одан
жасалатын өнімдерге (суфле, пудингтер, варениктер) рұқсат етіледі; тұщы
ірімшік (үгітілген және тілімдермен); қаймақ (әсіресе, тағамдарға).
Майлар: тура № 1 диетадағылар.
Балық: үлесті бөлік түріндегі майсыз асылған, котлет массасынан
жасалған пісірілген немесе қуырылған қатқыл қабықшасыз өнімдер;
ұсақталған күйде малшынған майшабақ.
Ет және құс еті: еттің өрескел жалғанбалы ұлпасынсыз майсыз
сұрыптары, терісіз қайнатылған, пісірілген, қуырылған аунатылмаған түрдегі
құс еті; котлет массаларынан жасалған өнімдер; сүтті шұжықшалар.
Тұздықтар:
сүйекті,
етті,
балықты
сорпалардағы,
көкөніс
қайнатпасындағы қаймақты, ақ, қызыл тұздықтар.
Дәмдеуіштер: лавр жапырағы, аскөк, ақжелкен, балдыркөк көгі, даршын,
ванилин.
Жемістер, жидектер, тәтті тағамдар:өте жұмсақ немесе езбе
түріндегі піскен жемістер мен жидектер; майдалап туралған жемістерден,
кисельден, желеден, мусстан, аюбадамнан жасалған шәрбаттар; пісірілген
алмалалар; жемісті және жидекті шырындар, балғын жидектер, апельсиндер,
лимондар (шайға).